Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КТЖ1.docx
Скачиваний:
107
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
302 Кб
Скачать
☆

§ 4. Қос жолды учаскелердегі поездар қозғалысы кезіндегі телефонограммалар нысандары

      182. Қос жолды аралықта поездарды қабылдау және жөнелту кезінде поездық телефонограммаларды жіберу осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 3 және 4 нысандар бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте қабылдау станциясынан осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 4-нысан бойынша алынған хабарлама сол бағыттағы келесі поезды жөнелту құқығын береді. Итергіш локомотивпен поездардың жүруі кезінде осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 3 және 4-нысандарға осы Нұсқаулықтың 175-тармағында көзделген мәтіні қосылады.       183. Станция арқылы поездарды тоқтаусыз жіберу кезінде поездардың келуі және жөнелтуі туралы хабарлама осы Нұсқаулықтың 39-қосымшасына сәйкес 11-нысан бойынша көрші станцияларға жіберіледі.       184. Қос жолды аралықта жол посттарының болуы кезінде жөнелту станциясы бойынша кезекші осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 3-нысан бойынша поездарды жөнелту туралы посты кезекшісін хабардар етеді.       Посты кезекшісі келесі посты арасындағы аралықтың поездан бос болуы кезінде кіру сигналын ашады және поезды тоқтаусыз өткізеді, машинистке жүріс барысында жол жазбасын береді.       Посты бойынша кезекші поезд жүріп өткен соң кіру сигналын жабады және осы Нұсқаулықтың 39-қосымшасына сәйкес 11-нысан бойынша поездың жүріп өткені туралы екі көрші станция бойынша кезекшілерді хабардар етеді.       185. Егер алдыңғы посты арасындағы аралық бос болмаса, онда келе жатқан поезд аралық босағанға дейін жабық кіру сигналымен постыда кідіріс жасайды. Арттағы орналасқан станцияға постыдан осы поезды жөнелту туралы телефонограмма поезды постыдан жөнелткеннен кейін ғана жіберіледі.       Поездың келуі туралы келу станциясы бойынша кезекші осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 4-нысан бойынша посты бойынша кезекшіні хабардар етеді.       Жол постысындағы кіру сигналының ақаулығы кезінде посты кезекшісі алдыңғы орналасқан аралықтың бос болуы кезінде поезды тікелей кіру сигналының алдында тосып алады және машинистке одан әрі жүру құқығын беретін жол жазбасын тапсырады. Жол жазбасының жоғарғы жағында «Посттағы бағдаршам ақаулы», «Кіру сигналы ақаулы» деген белгі жасалады.       186. Поездарды кері қайтумен дұрыс жол бойынша жөнелту туралы жөнелту станциясы бойынша кезекші көрші станцияға (жол постысына) осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 3-нысан бойынша ".... км дейін кері қайтумен" деген сөздер қосумен телефонограмма және поездың кері қайтуы туралы көрші станция (жол посты) осы Нұсқаулықтың 36-қосымшасына сәйкес 7-нысан бойынша хабардар етіледі.       Жөнелтілетін поезд машинисіне мәтініне ".... км дейін кері қайтумен" деген сөздер қосылған жол жазбасы беріледі.       Жөнелту станциясына қайтып келген поездар жол постыларында аралық болған кезде бұл постыларды тоқтаусыз жүріп өтеді. Қайтып келген поездардың жүрісі туралы посты бойынша кезекші алдыңғы тиісті постыға немесе станцияға осы Нұсқаулықтың 36-қосымшасына сәйкес 7-нысан бойынша хабарлайды.       187. Станция арасындағы аралықтың бөлек пункті болып табылатын постыға түйіспе болған кезде, түйіспедегі станциядан және түйіспеден станцияға дұрыс жол бойынша поезд Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекіткен жергілікті нұсқаулық бойынша жөнелтіледі. Поезды жөнелту туралы станция немесе посты бойынша кезекші осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасынасәйкес 3-нысан бойынша, ал келуі туралы - 4-нысан бойынша телефонограмма жібереді.       Егер түйіспеге қосалқы посты қызмет көрсетсе, онда ол түйіспеде немесе түйіспеден жүретін поездар қозғалысы туралы келіссөздерде қатысады. Түйіспеге поезды жөнелту туралы көрші станция және посты осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 3-нысан бойынша ".... км постқа" деген сөздер қосумен хабарлайды.       Түйіспе бағыттамасы қалыпты жағдайға орнатылған соң поездың келуі туралы посты бойынша кезекші осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 4-нысан бойынша екі станцияның кезекшілерін хабардар етеді. Қосалқы посты қызмет көрсететін түйіспеден поездарды жөнелту көрші станциялардың бірінде осы Нұсқаулықтың 179-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі.       188. Дұрыс емес жол бойынша реттеу тәртібімен поезд жөнелту кезінде (поездық диспетчердің бұйрығын алғаннан кейін) станциялар арасындағы телефонограммалардың алмасуы мына осы Нұсқаулықтың 44-қосымшасына сәйкес 16, 17-нысандар бойынша жүргізіледі.       Поездарды жөнелту туралы хабарлама осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 3-нысан, ал келуі туралы хабарлама – 4-нысан бойынша осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес екі жағдайда да «дұрыс емес жолмен..... бойынша» деген сөздер қосумен жіберіледі.        189. Поезды кері қайтумен дұрыс емес жолмен жөнелту кезінде жөнелту станциясына телефонограммаларға осы Нұсқаулықтың 44-қосымшасына сәйкес 16 және 17-нысандар бойынша ".....км-ге дейін және кері" деген сөздер, ал осы Нұсқаулықтың 44-қосымшасына сәйкес 17-нысан бойынша "күтемін" деген сөз "жібере аласыз" сөзімен ауыстырылып жіберіледі.       Машинистке берілетін жол жазбасы бланкісінің жоғарғы жағына: «Дұрыс емес жол бойынша» белгісі қойылады.       190. Темір жолдың қос жолды учаскесін жабу кезінде жолдардың бірінде жабық емес жол бойынша дара жолды қозғалысты белгілеумен поездарды жөнелту және келу туралы телефонограммалар осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 1, 2, 3, 4-нысандар және дара жолды учаске үшін белгіленген басқа нысандар бойынша жіберіледі. Бұл жағдайда жол жазбасы бланкісінің жоғарғысына «.....жол қозғалыс үшін жабық» деген белгі қойылады.

6. Сигнал беру және байланыстың барлық құралдарының іс-қимылы үзілуі кезіндегі поездар қозғалысы

      191. Сигнал беру және байланыстың барлық құралдары іс-қимылының үзілуі кезінде поездардың қозғалысы дара жолды учаскелерде жазбаша хабарламалардың көмегімен, ал қос жолды учаскеде - станция арасындағы аралықта поездың жүріп өтуіне жұмсалған уақытты шектеумен жүргізіледі.       Поездардың қозғалысы жазбаша хабарламалар арқылы немесе аралықта поездың жүріп өтуіне жұмсалған уақытты шектеумен орнату аралықты шектеуші станциялар бойынша кезекшілер арасында поездардың қозғалысы туралы сөйлесулерді олардың иелігінде бар байланыстың қандай да бір түрі бойынша жүзеге асыру мүмкін емес жағдайларда белгіленеді.       192. Сигнал беру мен байланыстың барлық құралдары әрекетінің үзілуі кезінде аралықта поездардың иемдену құқығы ретінде станция бойынша кезекшінің машинистке беретін осы Нұсқаулықтың 45-қосымшасына сәйкес ДУ-56 нысанындағы бланктегі екі жағынан қызыл жолақты ақ түсті бланктегі рұқсаты қызмет етеді.       Егер бұл ретте көрші станцияға бұрын жөнелтілген поездың келуі туралы мәлімет жоқ болса, машинист аралық бойымен тоқтауға өте мұқият сақтық және әзірлікпен жүріп өтуі тиіс, себебі бұрын жөнелтілген поездың арты қоршалмаған болуы мүмкін.       193. Сигнал беру мен байланыстың барлық құралдары іс-қимылы үзілуі кезінде:       1) 1-класты қауіпті жүктері (жарылғыш материалдар), габаритті емес жүктері бар, қосылған, жоғары салмақты және ұзындықты, сонымен қатар бір машинист қызмет көрсететін;       2) қалпына келтіру, өрт және қосалқы локомотивтерден басқа аралықта жұмыс үшін тоқтаумен;       3) аралықтағы түйісуге баратын поездарды жөнелтуге тыйым салынады.       Итергіш локомотивтер көрші станцияға дейін барлық аралық бойымен жүріп өтуі тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]