- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды қабылдау және жөнелту
- •§ 3. Автобұғаттаудың ақаулықтары кезіндегі темір жол көлігі қызметкерлерінің іс-қимылы
- •§ 4. Автобұғаттаудың жұмысын тоқтату
- •§ 5. Автобұғаттау бойынша қозғалысты қалпына келтіру
- •§ 6. Сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотивтік сигнал беру кезіндегі поездардың қозғалысы
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды қабылдау және жөнелту
- •§ 4. Диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларының ақаулығы кезіндегі іс-қимылдары
- •§ 3. Маневрлер жүргізу
- •§ 1. Поездарды қабылдау және жөнелту
- •§ 2. Поездардың жол постылары (бұғатпостылары) бар аралықтар бойынша жүруі
- •§ 3. Жартылай автоматты автобұғаттаудың ақаулығы кезіндегі поездар қозғалысы
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды қабылдау және өткізу
- •§ 3. Аралықта түйісулер болған кездегі поездар қозғалысы
- •§ 4. Электр жезлдық жүйесінің ақаулығы кезінде поездардың қозғалысы және жезлдық аппараттарда жезлдардың санын реттеу
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Ду-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналын жүргізу
- •§ 3. Дара жолды учаскелердегі поездар қозғалысы кезіндегі телефонограммалар нысандары
- •§ 4. Қос жолды учаскелердегі поездар қозғалысы кезіндегі телефонограммалар нысандары
- •§ 2. Дара жолды аралықтардағы поездар қозғалысы
- •§ 3. Қос жолды аралықтардағы поездар қозғалысы
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездың аралықтан жөнелту станциясына қайтуы
- •§ 3. Аралықта тоқтап тұрған поезға арттан келе жатқан поезд локомотивінің көмек көрсетуі
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 1. Жалпы талаптар
- •§ 2. Поездарды қабылдау
- •§ 3. Поездарды жөнелту
- •§ 4. Поездарды кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсетуі кезінде станцияға қабылдау
- •10. Поездық диспетчердің жұмысы
- •11. Станциялардағы маневрлік жұмыс § 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Маневрлік жұмысты басқару
- •§ 3. Маневрлер жүргізу кезінде қызметкерлерге қойылатын талаптар
- •§ 4. Вагондарды бекіту
- •§ 5. Маневрлер кезіндегі жылдамдықтар
- •§ 6. Сұрыптау дөңестері мен тартымдық жолдардағы маневрлер
- •§ 7. Бас және қабылдау-жөнелту жолдарындағы маневрлер
- •§ 8. Бағыттау посттарының кезекшілері қызмет көрсетпейтін станциялардың аудандарындағы маневрлік жұмыс
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Ескертулер бланкілерін толтыруға түсіндірмелер
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды құрастыру
- •§ 3. Жарылғыш материалдар бар поездардың жүруі
- •§ 4. Апаттық жағдайлардағы іс-қимылдар
- •Ду - 52 бланкі
- •Поезды жөнелтуге және жүруге рұқсат беру туралы бұйрық
- •Дара жолды телімдерде поездарды қабылдау және жөнелту туралы телефонограмма
- •Поездың аралықтан кері қайтуы кезіндегі телефонограмма
- •Ду-55 бланкі
- •Поездардың әрі қарай қозғалысы туралы телефонограмма
- •Барлық поездардың қозғалысы үшін аралықты жабу туралы телефонограмма
- •Шаруашылық поезын жөнелту туралы телефонограмма
- •Поездардың қозғалысын телефондық байланыс бойынша орнату туралы телефонограмма
§ 7. Бас және қабылдау-жөнелту жолдарындағы маневрлер
440. Бас жолдарда немесе олардың қиылысында, сондай-ақ шығу бағыттамаларынан тыс шығумен маневрлерге әрбір жағдайда оларда маневрлер жүргізілетін жолдар мен бағыттамаларға кіруді қоршауға тиісті кіру бағдаршамдары жабық кезде тек станция бойынша кезекшінің рұқсаты бойынша ғана жол берілуі мүмкін. Станцияның қабылдау-жөнелту парктерінде маневрлер станция бойынша кезекші құрастырушыға (бас кондукторға) маневрлік жұмысқа арналған тапсырма беруі кезінде көрсеткен жолдарда (бағыттамаларда) ғана жүргізілуі мүмкін. 441. Дара жолды және қос жолды учаскелердің дұрыс емес жолы бойынша поездық диспетчердің және көрші станция бойынша кезекшінің келісімінсіз және машинистке берілетін белгіленген рұқсатсыз құрамның станция шекарасынан аралыққа шығуымен маневрлерге тыйым салынады. Құрамның қос жолды учаскелердің дұрыс жолы бойынша станция шекарасынан тыс шығуымен маневрлерге поездық диспетчердің келісімімен станция бойынша кезекшінің ауызша рұқсаты бойынша жол беріледі. 442. Маневр жасаушы құрамның дара жолды аралықта станция шекарасынан тысқары шығуына рұқсат болып: 1) автоматты бұғаттау кезінде – маневрлік локомотивтің машинисіне тиісті шығу бағдаршамы ашылған соң берілетін кілт-жезл қызмет етеді. Маневрлік құрамның ашық шығу бағдаршамы және кілт-жезл бойынша станция шекарасынан тыс шығуынан кейін машинисте кілт-жезл болған кезде аралыққа қайта кіру шығу бағдаршамын ашусыз жүзеге асырылады. Жол бағдаршамдарымен байланыстырылған арнайы маневрлік бағдаршамдары бар автоматты бұғаттаумен жабдықталған станцияларда маневр жасаушы құрамның станцияның шекарасынан тыс шығуы осы маневрлік бағдаршамның рұқсат етуші көрсеткіші кезінде жүргізіледі. 443. Станция шекарасынан тыс шығумен маневрлер үшін кілт-жезл немесе арнайы маневрлік бағдаршам болмаған кезде маневрлік локомотивтің машинисіне жол жазбасы беріледі; 1) жартылай автоматты бұғаттау кезінде – осы аралықтың кілт-жезлы, ал ол болмаған кезде – жол жазбасы; 2) электр жезлды жүйе кезінде - осы аралықтың жезлы немесе кілт-жезлы; 3) телефон байланысы кезінде - жол жазбасы. 444. Барлық жағдайларда машиниске жол жазбасын берумен маневрлік құрамның станция шекарасынан тыс дара жолды аралыққа шығуы поездар қозғалысы кезінде сигнал беру мен байланыстың негізгі құралдарын жабусыз аралықты шектеуші екі станцияға да бір мезгілде берілетін поездық диспетчердің рұқсаты бойынша ғана жүзеге асырыла алады. Мұндай рұқсаттарды алған соң станциялар бойынша кезекшілер осы Нұсқаулықтың 83-қосымшасына сәйкес нысан бойынша телефонограммалар алмасады. 445. Соңғы телефонограмманың келуі машиниске осы Нұсқаулықтың 8-қосымшада ескерілген ДУ-50 нысанындағы бланкідегі жол жазбасын беруге негіз болып табылады, оның жоғарғы жағында қолмен станция «шекарасынан шығумен орындалатын маневрлер» деген белгі жасалды. Аталған нысандар бойынша телефонограммалармен алмасу поездық диспетчердің бақылауымен поездық диспетчерлік байланысы бойынша жүзеге асырылады. 446. Аралықты қарсы бағыттағы поезд иеленген кезде маневрлік құрамның станция шекарасынан тыс шығуы туралы сауал жасауға және рұқсат беруге тыйым салынады. Маневрлер жүргізу станциясынан жөнелтілген поездың аралық бойынша жүруі сәтінде келісім берілген кезде аралық келесі станциядан поездың келуі туралы хабарлама алынған және осы станцияға осы Нұсқаулықтың 84-қосымшасына сәйкес нысан бойынша маневрлердің аяқталғаны туралы хабарлама бергенге дейін бос емес болып саналады. Маневрлік құрамның станция шекарасынан тыс шығуы туралы барлық сөйлесулер поездық телефонограммалардың журналындағы ДУ-47 нысанындағы жазбалармен ресімделеді. 447. Маневрлік құрамның станция шекарасынан тыс қос жолды аралықтың екі жақты жол бұғаттауымен жабдықталмаған дұрыс емес жолы бойынша шығуының қажеттілігі кезінде аралықтың осы жолы бойынша бұғаттаудың жұмысы белгіленген тәртіппен жабылады. Бұғаттау жабылған соң маневрлік құрамның станция шекарасынан тыс шығуы локомотив машинисіне жол жазбасын берумен жүзеге асырылады, ол осы Нұсқаулықтың 444-тармағымен көзделген тәртіппен ресімделеді, бұл ретте жол жазбасының жоғары жағында жасалатын белгіге «дұрыс емес жол бойынша» сөздері қосылады. Екі жақты автоматты бұғаттау кезінде бұғат-жүйені қозғалыстың тиісті бағытына ауыстырып қосқаннан кейін маневрлік құрамның дұрыс емес жол бойынша станция шекарасынан тыс шығуы дара жолды аралықтар үшін көзделген ережелер бойынша жүргізілуі мүмкін. 448. Негізінен қабылдау-жөнелту жолдарын жеке вагондардың немесе вагондар топтарының иеленуіне тыйым салынады. Қабылдау-жөнелту жолдарын жылжымалы құрамның уақытша иеленуіне тек станция бойынша кезекшінің рұқсаты бойынша ғана жол берілуі мүмкін. Аралық станцияларда қабылдау-жөнелту жолдарын жеке вагондардың немесе вагондар топтарының уақытша иеленуіне станция бойынша кезекші тек поездық диспетчердің рұқсаты бойынша ғана жол бере алады. Ұстаушы тұйықтарды кез-келген жылжымалы құрамның, ал сақтандырушы тұйықтарды - адамдары бар жолаушылар және жүк поездарының, қауіпті жүктері бар жүк поездарының иеленуіне тыйым салынады.
