- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды қабылдау және жөнелту
- •§ 3. Автобұғаттаудың ақаулықтары кезіндегі темір жол көлігі қызметкерлерінің іс-қимылы
- •§ 4. Автобұғаттаудың жұмысын тоқтату
- •§ 5. Автобұғаттау бойынша қозғалысты қалпына келтіру
- •§ 6. Сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотивтік сигнал беру кезіндегі поездардың қозғалысы
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды қабылдау және жөнелту
- •§ 4. Диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларының ақаулығы кезіндегі іс-қимылдары
- •§ 3. Маневрлер жүргізу
- •§ 1. Поездарды қабылдау және жөнелту
- •§ 2. Поездардың жол постылары (бұғатпостылары) бар аралықтар бойынша жүруі
- •§ 3. Жартылай автоматты автобұғаттаудың ақаулығы кезіндегі поездар қозғалысы
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды қабылдау және өткізу
- •§ 3. Аралықта түйісулер болған кездегі поездар қозғалысы
- •§ 4. Электр жезлдық жүйесінің ақаулығы кезінде поездардың қозғалысы және жезлдық аппараттарда жезлдардың санын реттеу
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Ду-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналын жүргізу
- •§ 3. Дара жолды учаскелердегі поездар қозғалысы кезіндегі телефонограммалар нысандары
- •§ 4. Қос жолды учаскелердегі поездар қозғалысы кезіндегі телефонограммалар нысандары
- •§ 2. Дара жолды аралықтардағы поездар қозғалысы
- •§ 3. Қос жолды аралықтардағы поездар қозғалысы
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездың аралықтан жөнелту станциясына қайтуы
- •§ 3. Аралықта тоқтап тұрған поезға арттан келе жатқан поезд локомотивінің көмек көрсетуі
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 1. Жалпы талаптар
- •§ 2. Поездарды қабылдау
- •§ 3. Поездарды жөнелту
- •§ 4. Поездарды кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсетуі кезінде станцияға қабылдау
- •10. Поездық диспетчердің жұмысы
- •11. Станциялардағы маневрлік жұмыс § 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Маневрлік жұмысты басқару
- •§ 3. Маневрлер жүргізу кезінде қызметкерлерге қойылатын талаптар
- •§ 4. Вагондарды бекіту
- •§ 5. Маневрлер кезіндегі жылдамдықтар
- •§ 6. Сұрыптау дөңестері мен тартымдық жолдардағы маневрлер
- •§ 7. Бас және қабылдау-жөнелту жолдарындағы маневрлер
- •§ 8. Бағыттау посттарының кезекшілері қызмет көрсетпейтін станциялардың аудандарындағы маневрлік жұмыс
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Ескертулер бланкілерін толтыруға түсіндірмелер
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Поездарды құрастыру
- •§ 3. Жарылғыш материалдар бар поездардың жүруі
- •§ 4. Апаттық жағдайлардағы іс-қимылдар
- •Ду - 52 бланкі
- •Поезды жөнелтуге және жүруге рұқсат беру туралы бұйрық
- •Дара жолды телімдерде поездарды қабылдау және жөнелту туралы телефонограмма
- •Поездың аралықтан кері қайтуы кезіндегі телефонограмма
- •Ду-55 бланкі
- •Поездардың әрі қарай қозғалысы туралы телефонограмма
- •Барлық поездардың қозғалысы үшін аралықты жабу туралы телефонограмма
- •Шаруашылық поезын жөнелту туралы телефонограмма
- •Поездардың қозғалысын телефондық байланыс бойынша орнату туралы телефонограмма
11. Станциялардағы маневрлік жұмыс § 1. Жалпы ережелер
365. Маневрлік жұмыс станция жұмысының технологиялық процесіне сәйкес және келесі көздейтін жоспар бойынша жүргізілуі тиіс: 1) поездарды уақтылы құрастыру және жөнелту; 2) вагондарды жүк операцияларына уақтылы беру және оларды жүк операциялары аяқталған соң алу; 3) вагондарды қайта өңдеуге арналған уақыттың ең аз шығынын; 4) барлық маневрлік құралдар мен техникалық құрылғыларды тиімді пайдалану; 5) поездарды станцияға үздіксіз қабылдау; 6) қозғалыс қауіпсіздігін, маневрлермен байланысты қызметкерлердің қауіпсіздігін және жылжымалы құрамның сақталуын. 366. Станцияларда жолдық дамуға, маневрлік жұмыстың сипаты мен көлеміне қарай жолдар маневрлік аудандарға бөлінеді. Маневрлік аудандардың шекаралары және олардың әрқайсысындағы жұмыс тәртібі станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрінеді. Әрбір маневрлік ауданда негізінен бір маневрлік локомотив жұмыс істейді. Жекелеген аудандарда екі және одан артық локомотивтердің жұмыс істеуінің қажеттілігі кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін олардың жұмыс тәртібі станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрсетіледі. Маневрлік жұмысқа бөлінетін локомотивтер ақаусыз болуы, ақаусыз жұмыс істейтін радиостанциялары, орнатылған сигналдары мен мүкәммалдары болуы тиіс. 367. Орталықтандырылмаған бағыттамаларды маневрлік орын ауыстырулар кезінде ауыстыруды бағыттамалық постының кезекшілері маневрлерге басшылық жасаушы адамның өкімі бойынша жүргізеді. Электрлі орталықтандырылуы бар станцияларда маневрлік орын ауыстырулар кезінде бағыттамаларды ауыстыруды станция бойынша кезекші немесе орталықтандыру постысының операторы жүзеге асырады. Бағыттамаларды орталықтан жергілікті басқаруға берген жағдайда, сондай-ақ бағыттамалық постының кезекшісі қызмет көрсетпейтін орталықтандырылмаған бағыттамаларды маневрлер жүргізу кезінде бағыттамаларды құрастыру немесе локомотив бригадалары қызметкерлерінің, кондукторлардың, парктер бойынша кезекшілердің, станциялар бойынша кезекшілердің, станция бастығының, жүк және багажды қабылдаушы-тапсырушылардың, локомотив, вагон деполары қызметкерлерінің ауыстыруына рұқсат етіледі. Аталған қызметкерлердің маневрлер кезінде бағыттамаларды ауыстыруына рұқсат берілетін станциялардың тізбесін, бағыттамалардың нөмірлері мен оларды ауыстыру тәртібін Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекітетін жергілікті нұсқаулықта бекітіледі және станцияның техникалық - өкімдік актісінде көрсетіледі. 368. Орталықтандырылған бағыттаманы ауыстыру алдында оған қызмет көрсетуші қызметкер (жеке немесе басқа қызметкердің баяндауы бойынша) оны жылжымалы құрамның иеленбегендігіне, сондай-ақ аралас жолдар бойынша өткелдердің бар екендігіне көз жеткізеді. Электрлі орталықтандыру кезінде бағыттамалы бұрманың жылжымалы құрамнан бостығы басқару аппаратындағы бақылау аспаптарының көрсеткіштері бойынша белгіленеді. Бұл аспаптар ақаулы немесе уақытша ажыратылған немесе бағыттамаларды маневрлік құдықтардан ауыстырған кезде бағыттамалық бұрманың жылжымалы құрамнан бостығын тексеру тәртібі станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленеді. Орталықтандырылмаған бағыттамалар (онда маневрлік жұмыс үнемі сериялық итерулермен жүзеге асырылатын сұрыптау жолдарында орналасқаннан және топсалы-иінді тұйықтандырғыштармен жабдықталған бағыттамалардан басқа) маневрлер кезінде салмаға құлыпталуы тиіс. 369. Маневрлік жұмыс кезінде нұсқауларды берудің негізгі құралы радиобайланыс, ал қажетті жағдайларда – екі жақты парктік байланыс құрылғысы болуы тиіс. Маневрлік жұмыс кезінде сигналдарды қолдық сигнал аспаптарымен беруге рұқсат етіледі. Поездарды құрастырушы алып жүретін ақаусыз радиостанциямен қамтамасыз етіледі. Станцияларда бар радиобайланыс және екіжақты парктік байланыс құрылғылары маневрлік жұмысты ұйымдастыру және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылуы тиіс. 370. Радиобайланыс және екіжақты парктік байланыс арқылы берілетін нұсқаулар мен хабарламалар қысқа және түсінікті болуы тиіс; нұсқау берген оны маневрлік локомотивтің машинисі мен басқа қызметкерлердің дұрыс түсінгеніне (нұсқауды қысқаша қайталауды тыңдап, тиісті дыбыстық сигнал алып және басқалар) көз жеткізеді. Радиобайланыс және екіжақты парктік байланыс арқылы берілетін неғұрлым типтік нұсқаулар мен хабарламалар үшін қажет жағдайда сөйлесулер жүргізудің үлгілік регламенті белгіленеді. 371. Радиобайланыс қондырғыларын пайдалану және екіжақты парктік байланыс құралдарын пайдалану тәртібі мен осы құрылғыларды пайдалану құқығы берілген қызметкерлерді көрсетумен, оларда әрбір маневрлік ауданда пайдалану тәртібі станцияның техникалық-өкімдік актісімен анықталады. Станцияларда радиобайланысты пайдалану және екіжақты парктік байланысты пайдалану тәртібі Уәкілетті органның арнайы нұсқаулығында белгіленген. 372. Станция бойынша кезекші маневрлік маршруттарды маневрлік жұмыс жоспарына сәйкес дайындайды. Маневрлік маршрут негізінен қозғалыс бағытын өзгертусіз маневрлік құрамның барлық жүру жолына дайындалады. Мұндай маршрутты дайындау мүмкін емес кезде станция бойынша кезекші машинисті (маневрлер басшысын) маршруттың бір бөлігінің қай жолға немесе қай бағдаршамға дейін дайындалғаны туралы ескертеді. Дайын маршрут кезінде тыйым салушы көрсеткіші немесе оты сөнген маневрлік бағдаршамнан өтуге станция (пост) бойынша кезекші маневрлік локомотивтің машинисіне жеке, радиобайланыс, екіжақты парктік байланыс бойынша немесе маневрлер басшысы арқылы беретін оның нұсқауы бойынша рұқсат етіледі. 373. Құрамдарды парктен паркке жалғастырушы жолдар бойынша немесе тартымдық жолдар арқылы орнын ауыстыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі мен шарттар станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленеді, бұл ретте маневрлік құрамдардың вагондарымен алға жүруі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуы тиіс. Жекелеген жағдайларда жергілікті жағдайларға қарай (парктер ретімен орналасқан, маневрлік локомотивтер оларды вагоннан машинистің кабинасынан ағыту үшін құрылғылармен жабдықталғанда және басқада) құрамдарды парктен паркке орнын ауыстыру құрастырушы бригада қызметкерлерінің ілесуінсіз жүргізілуі мүмкін. 374. Жекелеген санаттардың жүктері бар вагондар Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы № 429-I бұйрығымен бекітілген Жүктерді темір жол көлігімен тасымалдау ережесіне (бұдан әрі - Жүктерді тасымалдау ережесі), сондай-ақ Қауіпті жүктерді тасымалдау ережесіне осы Нұсқаулықтың 81 қосымшасына сәйкес маневрлер жүргізу кезінде қатты отынмен жұмыс істеуші паровоздан, қауіпсіз жүктері бар вагондардан немесе бос вагондардан ықтырмалары болуы тиіс. 375. Поездардағы және маневрлер кезіндегі ықтырма нормалары арнайы штемпель салумен тасымалдау құжаттарында көрсетіледі, онда ықтырма вагондарының минималды саны цифрлармен көрсетіледі, мысалы 3/0-0-3-1, мұндағы: 1) бірінші цифр – поездардағы локомотивтен санағандағы паналандыру вагондарының саны (алымы – қатты отынды паровоздан, бөлімі – мұнаймен жылытылатын паровоздан, электровоздан немесе тепловоздан); 2) екінші цифр – поездардағы итергіш локомотивтен; 3) үшінші цифр – поездардағы адамдар бар вагондардан; 4) төртінші цифр – маневрлер кезіндегі қатты отынды паровоздан; 5) "0" (нөл) белгісі паналау талап етілмейтіндігін білдіреді. 376. Адамдары бар вагондар, соның ішінде жолсеріктер, жүктерге ілесіп жүру үшін бөлінген арнайы қызметкерлер, қарауылдар, күзет нарядтары бар вагондар, сондай-ақ жануарлар бар вагондар поезға 1-класты (жарылғыш материалдар) қауіпті жүктері бар вагондардың алдына да, артына да қойылуы, алайда тасымалдау құжаттарында оларға «Улы» және «Паналау» штемпельдері (бір мезгілде екі штемпельде) бар қауіпті жүктер тиелген вагондардың алдына қойылады. 377. Тез тұтанғыш сұйықтары бар вагондар құрастыру станциясында поезға жарылғыш материалдар бар вагондардан кейін (вагон басынан санағанда) қойылуы тиіс. 378. Вагон және локомотив деполарының жөндеу жолдарында маневрлік орын ауыстырулар тиісті қызметтің жауапты қызметкерінің қадағалауымен және жеке нұсқауларымен жүргізілуі тиіс. 379. Олармен техникалық немесе жүк операциялары жүргізілетін вагондар бар жолдарда итергішпен маневрлерге жол берілмейді. Ауа-райының қолайсыз жағдайларында (қатты жел, тұман, боран), сондай-ақ жарықтандырылмаған жолдарда маневрлік жұмыс ерекше қырағылықпен, ал қажетті жағдайларда - төмендетілген жылдамдықпен жүргізілуі тиіс. 380. Станцияның жолдарында шаруашылық поездары мен жол машиналарының жұмысы тиісті қызметтің (жол, сигнал беру және байланыс) жауапты қызметкерінің басшылығымен жүргізіледі. Аталған поездар мен машиналардың бір жолдан екіншісіне немесе станцияның басқа ауданына орын ауыстырулары маневрлерге басшылық етуші адамның немесе станция бойынша кезекшінің рұқсатымен ғана жүргізіледі. Қажетті жағдайларда мұндай поездар мен жол машиналарының орын ауыстыруларына басшылық жасау үшін станция бастығының нұсқауы бойынша станцияның тиісті қызметкерлері тағайындалуы мүмкін. 381. Станцияларда тежегіш жеңдерін ағыту мен жалғауды вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінің қызметкерлері немесе жергілікті жағдайларға қарай технологиялық процеспен немесе станцияның техникалық-өкімдік актісімен белгіленген басқа қызметкерлер жүргізеді. Маневрлер жүргізу кезінде тежегіш жеңдерін ағыту мен жалғауды құрастырушы бригадалар немесе кондукторлар жүргізеді. Поездық локомотивті құрамнан ағыту және құрамға тіркеу кезінде тежегіш жеңдерін ағыту мен жалғауды локомотив бригадасы жүргізеді, ал локомотивке бір машинист қызмет көрсеткіші кезінде бұл операциялардың орындалуын вагондарды қарап тексеруші жүргізеді. 382. Жекелеген вагондардың орнын қолмен ауыстыруға ерекше жағдайларда және көлденең жолдарда ғана жол беріледі. Станцияның бас, қабылдау-жөнелту және сұрыптау жолдарында вагондардың орнын қолмен ауыстыруға тыйым салынады. Вагондардың орнын қолмен ауыстыруға тек тиісті желілік бөлімшенің басшысы бөлген жауапты адамның тікелей басшылығымен және тиелген бір немесе екіден артық емес бос вагон санында ғана болады. 383. Вагондардың орнын қолмен ауыстыру кезінде: 1) олардың орнын 3 км/сағаттан артық жылдамдықпен ауыстыруға, бұл ретте вагондар міндетті түрде тіркелген болуы тиіс; 2) оларды бас және қабылдау-жөнелту жолдары бағытында шекті бағаншадан тыс шығаруға; 3) тежегіш табандықтары болмаса орын ауыстыруды бастауға; 4) тежеу үшін доңғалақтар астына шпалдар, тастар, сүймендер және басқа заттар салуға жол берілмейді. Адамдар және қауіпті жүктері бар вагондарды қолмен жылжытуға тыйым салынады. Вагондардың кабестандармен қозғалуы, электр шпильдермен және басқа да механикалық құралдармен орын ауыстыруының тәртібі жергілікті жағдайларға қарай Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекіткен арнайы нұсқаулықтармен белгіленеді.
