Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КТЖ1.docx
Скачиваний:
107
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
302 Кб
Скачать
☆

Барлық поездардың қозғалысы үшін аралықты жабу туралы телефонограмма

      «........аралығы (немесе аралықтың жолы) барлық поездардың қозғалысы үшін жабық. №....поезын кіру сигналына дейін (немесе «Станция шекарасы сигналдық белгісіне дейін) шегіндіруге рұқсат етіледі).       ДСП...(станцияның атауы мен қолы)».

Қазақстан Республикасының темір жол  көлігіндегі поездар қозғалысы және  маневрлік жұмыс жөніндегі      нұсқаулыққа 55-қосымша      

Нысан

Поезды кіру сигналына дейін шегіндіру туралы телефонограмма

      «№....поезының машинисіне поезды кіру сигналына дейін («Станция шекарасы» сигналдық белгісіне дейін) шегіндіруге рұқсат етемін.       ДСП..... (станцияның атауы мен қолы)».

Қазақстан Республикасының темір жол  көлігіндегі поездар қозғалысы және  маневрлік жұмыс жөніндегі      нұсқаулыққа 56-қосымша      

Нысан

Поезды шегіндіруге рұқсат беру туралы телефонограмма

      «және...... жолына кіру бағдаршамының тыйым салу көрсетуі кезінде жүруге рұқсат етемін. Қабылдау маршруты дайын»       «және...... жолына жүруге рұқсат етемін. Қабылдау маршруты дайын».

Қазақстан Республикасының темір жол  көлігіндегі поездар қозғалысы және  маневрлік жұмыс жөніндегі      нұсқаулыққа 57-қосымша      

Нысан

Жеке локомотивке көмек көрсетудің телефонограммасы

      «№....поезы локомотивінің машинисіне. Алдыңызды тоқтап тұрған №....поезына көмек көрсетіңіз.       Поезд диспетчері (ДНЦ)..........».

Қазақстан Республикасының темір жол  көлігіндегі поездар қозғалысы және  маневрлік жұмыс жөніндегі      нұсқаулыққа 58-қосымша      

Нысан

Жеке локомотивке көмек көрсетудің телефонограммасы

      «№......поездың машинисіне. Поездың құрамын бекітіңіз, одан ағытылыңыз және алдыңызда тоқтап тұрып қалған №...поезына көмек көрсетіңіз. Поезд диспетчері (ДНЦ)...............».

Қазақстан Республикасының темір жол  көлігіндегі поездар қозғалысы және  маневрлік жұмыс жөніндегі      нұсқаулыққа 59-қосымша      

Нысан

Құрамның бөліктерін жалғау үшін көмек көрсету туралы телефонограмма

      «№....поезы локомотивының машинисіне. Алдыңызда тоқтап тұрған №....поезынан ағытылып кеткен соңғы вагондармен қосылыңыз және осы вагондарды құрамның басты бөлігімен жалғауға көмек көрсетіңіз. Поезд диспетчері (ДНЦ).......».

Қазақстан Республикасының темір жол  көлігіндегі поездар қозғалысы және  маневрлік жұмыс жөніндегі      нұсқаулыққа 60-қосымша      

Нысан

Поезды жеңілірек бейініне шегіндіру туралы телефонограмма

      «№..... поезының машинисіне құрамды жеңілірек пішінге шегіндіруге рұқсат етемін, жолдың.......станциясының кіру сигналына дейінгі («Станция шекарасы» сигналдық белгісіне дейінгі) телімі поездардан бос....аралығы қозғалыс үшін жабық. ДНЦ...........».

Қазақстан Республикасының темір жол  көлігіндегі поездар қозғалысы және  маневрлік жұмыс жөніндегі      нұсқаулыққа 61-қосымша      

Нысан

Құрамды біріктіру туралы телефонограмма

      «№.... мен № .....поездарының машинистері поездарды біріктіріп қосарланған құраммен...... станциясына дейін жүріңіздер. ДНЦ....».

Қазақстан Республикасының темір жол  көлігіндегі поездар қозғалысы және  маневрлік жұмыс жөніндегі      нұсқаулыққа 62-қосымша      

Нысан

Алынып-салынбалы үлгідегі дрезиналардың қозғалыс тәртібі туралы негізгі ережелер

      1. Алынып-салынбалы дрезиналардың қозғалысы жабық аралықта поездық диспетчердің бұйрығымен жүзеге асырылады. Бұл ретте автоматты (жартылай автоматты) бұғаттаудың жұмысы тоқтатылады және байланыстың телефондық тәсілі орнатылады. Тоннельдері немесе үлкен көпірлері, сондай-ақ жолының жолдың тегістігі мен бейінінің жағдайлары күрделі аралықтарда дрезиналардың қозғалыс тәртібін Ұлттық темір жол компаниясы белгілейді.       Дрезиналардың қозғалысы поездардың кесте бойынша жүруін бұзуды тудырмауы тиіс.       Өтпе бойынша кезекшілерді дрезиналар аралыққа жөнелтілген жағдайда олардың қозғалысы туралы хабардар ету тәртібін Ұлттық темір жол компаниясымен белгіленеді.       2. Дрезинаның аралықты иеленіп жүруіне Ұлттық темір жол компаниясы филиалының «Магистральдық желі дирекциясының» Жол Департаментінің жауапты қызметкерінің (жол бригадирінен төмен емес) немесе Департаменттің басқа салалары қызметкерлерінің (түйіспе желісі ауданының электр механигі немесе шебері) өтінімі бойынша дрезина иелігінде болатын поездық диспетчер рұқсат етеді. Дрезинаның жүргізушісіне аралықты иелену құқығына диагоналі бойынша қызыл жолағы бар ақ түсті рұқсат беріледі.       3. Тәуліктің қараңғы уақытында, сондай-ақ тұман, қар жауу, боран және -5оС-дан төмен температура, нөсер жаңбыр кезінде дрезинаның аралыққа шығуына тыйым салынады.       4. Дрезиналардың қозғалыс кезінде Сигнал беру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес сигналдары болуы тиіс.       Дрезинаны жолға сигналсыз қоюға тыйым салынады.       5. Диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелер бойынша дрезиналардың қозғалысын «Ұлттық темір жол компаниясы белгілейді.       6. Дрезинаға ілесуші адамдардың саны: ТД-5 дрезинасы үшін – 4 адамнан, ИД және СМ-4 дрезиналары үшін - 2 адамнан кем болмауы тиіс.       Дрезинаға ілесушілердің үлкені лауазымы бойынша жол бригадирінен, түйіспе желісі ауданының электр механигі немесе шеберінен төмен емес қызметкер болуы мүмкін, ал олар болмаған кезде дрезинаның жүргізушісі үлкені болып табылады.       Жолдан шығарылған дрезина құрылыстың жақындау габариті бұзылмайтындай орнатылуы тиіс.       7. Егер станциядан жөнелтілетін дрезина қандай да бір жұмыстарды орындау үшін аралықта тоқтауы тиіс болса, станция бойынша кезекші аралықты иелену құқығына арналған рұқсаттан басқа осы Нұсқаулықтың 275-тармағына сәйкес ескерту береді. Аралықты ескертудегі уақыттан артық иеленуге тыйым салынады.       8. Дрезинаның жүргізушісі Техникалық пайдалану қағидасын, Сигнал беру жөніндегі нұсқаулықты, осы Нұсқаулықты жол жұмыстарын жүргізу кезінде поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты, техникалық қауіпсіздік қағидасын білуге сыналады және дрезинаны басқаруға арналған құқықты әрдайым өзімен алып жүруі тиіс.       Жүргізушінің дрезинаны басқаруды басқару құқығы жоқ адамдарға беруіне беруіне тыйым салынады.       9. Дрезинаға ілесуші аға қызметкер дрезина қозғалысының және ондағы адамдардың қауіпсіздігі үшін жауапты болып табылады. Онда өзімен поездар қозғалысының кестесі болуы және станциядан аралыққа жөнелтер алдында сағатын станция бойынша кезекшінің сағатымен салыстырып тексеруге, сондай-ақ жол жүрер алдында дрезинаның толық ақаусыздығына көз жеткізуі, сигналдардың бар екендігін және жанар маймен қамтамасыз етілуін тексеруі тиіс.       Дрезинаға ілесуші аға қызметкердің станция шектерінде станция бойынша кезекшінің рұқсатынсыз дрезинамен бірге орын ауыстыруға, сондай-ақ поездық диспетчердің бұйрығынсыз немесе тиісті рұқсатсыз аралыққа шығуға құқығы жоқ.       Станцияға кіру кезінде аға қызметкер ерекше қырағылық танытуы тиіс.       10. Дрезинаның жүргізушісі өтпелер, әсіресе кезекші қызметкерлер қызмет көрсетпейтіндерден және жол жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелер бойынша өту кезінде ерекше сақтық сақтауы тиіс.       11. Аралықтан станцияға келуі бойынша дрезинаға ілесуші аға қызметкер жеке немесе телефон бойынша бұл туралы станция бойынша кезекшіге хабарлайды, сонан соң оның нұсқаулықтарын басшылыққа алады.       Станция бойынша кезекші ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотив қозғалысы журналында дрезинаның келу уақытын белгілейді және бұл туралы станция бойынша кезекшіге және поездық диспетчерге кейіннен аралықты ашу және поездар қозғалысын байланыстың негізгі құралдары бойынша ашу үшін хабарлайды.       Егер дрезина қозғалысының соңғы пункті аралықта орналасса, онда оны жолдан алған және габарит қашықтығына орналастырған соң жауапты басшы жұмыстардың аяқталғаны туралы поездық диспетчерге немесе аралықты шектеуші станциялардың біреуі бойынша кезекшіге хабарлама береді, соның негізінде поездардың қозғалысын қалпына келтіру жүзеге асырылады.       12. Дрезинаның негізгі жүрісі болып алдыңғы (фарасымен алдыға) жүріс табылады. Артпен жүруге станциядағы маневрлер кезінде ерекше ретінде рұқсат етіледі.       13. ТД-5 дрезиналарының аралықтағы қозғалыс жылдамдығы 50 км/сағаттан, станциялық жолдар бойынша - 25 км/сағаттан, ал бағыттамалар бойынша - 15 км/сағаттан аспауы тиіс. Көріну нашар кезде дрезиналардың қозғалыс жылдамдығы 25 км/сағаттан аспауы, жарық (фара және артқы қызыл сигналдық шам) қосылуы тиіс.       14. Дрезинаның тіркемемен және тіркемелердің өзара ілінісуіне тек үлгілік аспаптармен жол беріледі және дрезиналардың құрылғысы, күту және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізілуі тиіс. Дрезиналардың қозғалысы кезінде өздігінен ағытылу мүмкіндігі жойылуы тиіс.       Дрезиналарды платформалармен және вагондармен іліністіруге тыйым салынады.       15. Қозғалыс кезінде: дрезинада немесе тіркемеде тұруға, ернеулерінде отыруға, тіркемеден тіркемеге өтуге, дрезинадан немесе тіркемеден түсуге және толық тоқтағанға дейін оларға отыруға, қозғалыс кезінде, сондай-ақ дрезинаға жанар май құю кезіндегі аялдамаларда темекі тартуға тыйым салынады.       16. Бір мезгілде жүруге арналған адамдар саны: ТД-5 дрезинасында - 6 адамнан, жүк тиелмеген тіркемеде - 10 адамнан, жүк тиелген тіркемеде тек 1 адамнан аспауы тиіс. Жүктерді тікелей дрезинада тасымалдауға жол берілмейді.       17. Тіркемесі бар дрезинамен жұмысшыларды немесе жүктерді тасымалдау үшін шығу кезінде оның жұмысына жалпы басшылықта лауазымы бойынша жол бригадирінен, түйіспе желісі ауданының электр механигінен немесе шеберінен төмен емес қызметкер жүзеге асыруы тиіс.       Тіркемелерде жұмысшылар топтарын тасымалдау кезінде әрбір тіркемеде жауапты тұлға – тәжірибелі жұмысшы (топтың үлкені) бөлінуі тиіс, ол осы тіркемеде болуы және онда тасымалданатын адамдардың тәртібі мен қауіпсіздігін қадағалауы тиіс.       Тіркемелерде тежеушілер болмаған кезде дрезинаның тіркемелермен жүруіне тыйым салынады. Жүкті тиеген соң тежегіш тұтқасының еркін қозғалысына көз жеткізу қажет. Тежегіш тұтқасын тасымалданатын жүктермен жабуға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының темір жол  көлігіндегі поездар қозғалысы және  маневрлік жұмыс жөніндегі      нұсқаулыққа 63-қосымша      

Нысан

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]