Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нары мні рылымы МАБ 2014-00.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
484 Кб
Скачать
☆

Сурет 6 – 2007-2011 жылдардағы жiө көлемiнiң көрiнiсi

Жоғарыдағы суреттен көретініміз еліміздің экономикалық өсуінде 2007 жылдан бастап ЖІӨ көлемінің өсу динамикасы жоғарғы 8,7% деңгейінен 2009 жылы 3% өсу шамасына дейін азайғандығын көре аламыз. Бұл дегеніміз 10% шамамен қарқынды өсіп келе жатқан Қазақстан экономикасының өсуіне әлемдік қаржы дағдарысының әсер еткендігін, осының салдарынан экономикалық өсудің біршама бәсеңдегенің көре аламыз. Еліміздегі статистикалық агенттіктердің болжауынша 2010 жылы экономикалық өсу көрсеткіші 7-8%шамасына дейін көтерілетіндігін айтып отыр. Бұл дегеніміз мемлекетіміз болып жатқан жағдайларға тез икемделіп, елдегі инфляцияның деңгейіне тосқауыл болып, ұлттық экономиканың өсуіне нақты қолдаулар арқылы ұлттық экономиканың өсуін дағдарысқа ұшыратпай керісінше экономикалық дамуға алып шыққандығының көрінісі болып табылады.

Осы аталған көрсеткiштерге қол жеткiзу үшiн ең бiрiншi экономиканың тиiмдi дамуын қамтамасыз ететiн нарықтық қатынастарды ел экономикасында одан әрi дамыту керек болып табылады.

Дегенмен, осы бiзде iстелiп жатқан шаралар баршылық, ал шешуiн күтiп тұрған мәселелер одан көп.

Бiрiншiден, бiз нарық экономикасын насихаттап қана емес, оны жан-жақты дамытып жатқан елмiз. Ал бәсеке нарық экономикасының негiзгi құралы. Екiншiден, ауылды жаңғырту, ауылдық мекендердi жақсарту бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Бұл ауыл экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгiн күшейтедi деген сөз. Үшiншiден, 2003-2015 жылдарға арналған Инновациялық-индустриялық бағдарлама қабылдадық, оны орындай бастадық. Аталмыш бағдарламаның келешек үшiн маңызы зор, себебi бәсекеге қабiлеттiлiктi анықтайтын, инновацияға жетекшi болатын бiрден бiр сала - өндiрiс. Төртiншiден, тас және темiр жолдарды, жалпы байланыс жүйесiн жаңартып немесе күрделi жөндеуден өткiзiп жатырмыз.

Елiмiз болашақта осы мәселелердi шешiп жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. Сондай-ақ Елбасымыз биылғы жылы “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауында, елiмiз үшiн өзектi мәселелердiң бiрi Индустриалды-инновациялық стратегияның негiзгi бағыттарын атап көрсеттi. /9/

Стратегияның негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес бiз экономиканың шикiзаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландыруының тездетуге, машина жасау мен өнеркөсiп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиiспiз. Яғни инновация – негiзгi қозғаушы күш болмақ.

Ендi осы тұрақты экономикалық өсудiң бүгiнгi таңдағы ең негiзгi қозғаушы факторы болып отырған Индустриялы-инновациялы даму стратегиясының мақсаты мен мiндеттерi туралы тоқталып өтсем.

Стратегияның басты мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады. /9/

Өңдеушi өнеркiсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды , жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлкеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.

Осы индустриялы-инновациялы стратегиядан күтiлетiн нәтижелер: Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу экономиканың өсу қарқынын жылына 8,8-9,2% қамтамасыз етедi. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемiн 3,5-3,8% еседей ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4%-ке дейiн жеткiзуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыруға және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкiндiк бередi. ЖIӨ құрылымында ғылыми және ғылыми инновациялық қызметтiң үлестiк салмағын 2000 жылғы 0,9%-тен 2015 жылы 1,5-1,7%-ке арттыруға мүмкiндiк беру. /9/

Елiмiзде стратегия жүзеге аспағандағы және асқандағы ЖIӨ-нiң құрылымының болжамы ( % ), /9/

Көзі: Стратегия “ҚР-сы Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдар стратегиясы” – Алматы. 2003 ж.

4-сурет. Инновациялық қызметке бөлiнетiн ЖIӨ көлемiнiң стратегияны жүзеге асырғанда және оны жүзеге асырмағандағы үлесi. (%)

Осындай маңызды шаралар соңғы үш-төрт жылда елiмiзде қолға алынуда. Оның бiрден-бiр дәлелi соңғы жылдары iшкi ұлттық өнiм жылдан жылға көбейiп келедi. Бiрақ экономикамыз әлi де болса шикiзат бағытында болып отыр. Ал әлем тәжiрибесi көрсеткенiндей дамыған және жаңа индустриялы дамушы елдер экономикалық дамудың шикiзаттық бағытынан сервистiк-технологиялық өндiрiске көшiп кеткен.

Қазақстан бүгiн әлемдiк нарықта бәсекеге тек қана шикiзаттық ресурстар арқылы ғана түсе алады. Бүгiнде елiмiздiң мұнай және метал салаларының құралдары ғана жоғары сапада болып, олардың өндiрген өнiмдерi бәсекеге түсiп отыр. Ал елiмiздегi негiзгi құралдардың 80% моралдық және физикалық жағынан тозған құралдар екенi белгiлi.

Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.

Елбасымыздың 2008 жылғы 5-ші ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты халыққа Жолдауында айтылғандай Қазақстан халқына арналған 2006 және 2007 жылдарындағы Жолдауларымда мен ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орны алу мен 30 корпоративтік көсбасшыларды қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек. Қазақстан 2008 жылы жаңа экономикалық, әлеуметтік және саяси жетістіктерімен жаңарған саяси құрылыммен қарсы алды.