Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нары мні рылымы МАБ 2014-00.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
484 Кб
Скачать
☆

Сурет-2 – Сұраныс қисығы ылдиы

Суреттен көрiп отырғанымыздай, сұраныс функциясының керi тәуелдiлiгi, егер баға Р1 ден Р2-ге дейiн өссе, сұраныс шамасы Q1-ден Q2-ге дейiн төмендейтiн түрiн бiлдiредi.

Бұған келесi түрде түсiнiктеме беруге болады. Бiрiншiден адамдар қымбаттаған тауарды басқа тауарға ауыстыра бастайды, екiншiден бағаның көтерiлуiне байланысты өздерiн кедей сезiнiп олар осы тауарды тұтынуын қысқарта бастайды.

Тауардың пайдалылығы барма немесе жоқпа, белгiлi бiр адам үшiн егер пайдалылығы болған жағдайда ол пайдалылықтың деңгейi қандай, демек ол игiлiк қандай деңгейде қажетiн тұтынушының қажетiн орындайды. Осыны әрбiр тұтынушы өзiнше субъективтi анықтайды. Осыған сәйкес рынокта рыноктық баға деңгейiн белгiлейдi.

Өндiрушi мен тұтынушы арасындағы бәсеке және мәмiлелер бағаға әсер етiп, рыноктық бағаны қалыптастырады. Ал бағаға сүйене отырып, тұтынушылар көптеген экономикалық шешiмдер қабылдайды. Мiне бұл жағдай тұтнушылар мiнез-құлығын және нарықта сұранысты қалыптастырады.

Ұсыныс қисығы баға (Р) мен тауардың ұсынылатын көлемiнiң арасындағы тура пропорционалды қатынасты көрсетедi. Ендi осы айтылған байланысты функция түрiнде бейнелесек, онда келесiдей формула жазуға болады:

QS= f (p),

Мұндағы: QS – ұсыныс көлемi, (тонна, килограм);

Р – тауардың бағасы, теңге. /5, 45 б/

Ұсыныс концепциясы тауардың бағасы мен сатушылардың сатуға ұсынған осы тауардың көлемi арасындағы қатынасты қарастырады. Әрине, бағадан басқа ұсыныс көлемiне әсер ететiн сыртық факторлар бар. Оларға жататындар:

  • еңбектiң бағасы немесе жалақы;

  • тауарды өндiруге қажеттi материалдар мен шикiзаттардың бағасы;

  • қолданылатын технология түрi мен құрылымы;

  • осы тауарға ұқсас тауарлардың бағасы мен сапасы;

  • рыноктағы осы тауарларды сатушылардың саны немесе бәсекелестiк орта.

Нарық механизмінің бесінші элементі – бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектілерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А. Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің – бағаның, пайда нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.

Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. /7, 51 б/

Роноктық экономика қызмет етуiнiң механизмi үш басты принципке негiзделедi:

  • маржиналдық (шектi) талдау;

  • балама талдау шығындары;

  • экономикалық рационалдылық;

Маржиналдық талдау принципi негiзiнде нарықтық субъектiлер мiнез-құлқы құрылады, оған орташа емес, шектi шамалар шешушi әсер етедi. Нарықтың тауарларға толуы, нарықтық бағалардың өзгеруi нәтижесiнде нарықтық экономиканың бiр қалыптан екiншiсiне өтуi бiр деңгейде жүредi. Бұл жаңа, шектi субъектiнiң сұраныс немесе ұсыныс түрiнде нарықтық экономикаға әсер етпеуiнен болады. Жетiлген нарық жағдайында үлкен немесе сұраныс пен шаруашылықты жүргiзушi субъектiлердiң шексiз саны болған кезде, осылардың әрқайсысы шексiз шағын үлес салмағына ие болады. Маржиналды жол нарықтық кеңiстiктiң үздiксiз қызмет етуiн қамтамасыз еткендей болып, сұраныс пен ұсыныстың кенеттен ауытқуы пайда болуы мүмкiндiгiн болдырмайды, тауар өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы нарық ылғи да ұстап отырады.

Балама талдау шығындардың принципi. Балама талдау шығындары ресурстарды пайдаланбаудың басқа тәсiлдерiнен немесе кәсiпкерлер қызметiне байланысты туындаған тiкелей шығындар мен алынбаған пайдалардың сомасы түрiнде болады. Нарықтық экономиканы құру жiберiп алынған мүмкiндiктер iшiнен аз, бiрақ кепiлдi табыс беретiн ең нашар нұсқа таңдап алуына негiзделедi. Балама талдау шығындары принципi өндiрушiлердi қолда бар ресурстарды тиiмдiрек пайдаланудың жолын iздеуге итермелейдi.

Экономикалық рационалдылық принципi пайда мен шығындарды салыстыруға негiзделедi. Рационалды таңдау кепiлдi табысты пайданың ең төменгi бөлiгi көлемiнде қамтамасыз ететiнi шектi болып табылатын өзгермелi нұсқалардың бiрiнде iске асырылады. Рационалдылық критерий табысқа деген құқықпен анықталады. Капиталды шектеулi пайдалану кезiнде фирмалар пайданы жоғарылатуға тырысады, ал тұтынушылар өз игiлiгiн барынша жақсартуға, яғни бюджеттiк шектеулiгiне байланысты қажеттiлiктерiн максималды деңгейде қанағаттандыруға ұмтылады.

Көрсетiлген принциптер негiзiнде нарықтық экономиканы құру бiр жағынан сұраныс пен ұсыныс сияқты қарама-қарсы күштердi, екiншi жағынан, нарықтық бағаларды пайдалануға негiзделетiн нарықтық механизмнiң орталық проблемасы болып табылатын тепе-теңдiк жағдайға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.

Нарықтар жүйесі – әртүрлі критерийлер мен белгілермен сипатталатын барлық нарық түрлерінің жиынтығы.

Нарық әртүрлі деңгейде, қызметтің барлық сфераларында, елдің әртүрлі аймақтарында қызмет етеді. Сондықтан да нарықтар жүйесі күрделі және алуан түрлі. Заңдылыққа сәйкес нарықтың келесі түрлерін атап өтуге болады:

  • Жария (официальный);

  • Заңсыз (көлеңкелі).

Заңсыз нарық – көлеңкелі экономиканың заңға қайшы, тіркелмеген қызмет көрсету түрінде түсіндірілетін бөлінбейтін элементі.

Әрбір нарықтың ерекшелігіне қарамастан олардың барлығы өзара байланысты ғана емес, сонымен қатар өзара шарттасылған.

Әрбір өнім өндіруші өзінің өндірісін кеңейту үшін сәйкес нарық мүмкіндік беретіндей өндіріс құрал-жабдықтар санына, капиталға және жұмысшыларға сенім арта алады. Оның әрқайсысында, өз кезегінше, көрші нарықтарда орын алған ұсыныс пен сұраныс есепке алынады. Қоғамдағы экономикалық өмір екі деңгейде дамиды:

  • микроэкономикалық, ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің айырбас кезіндегі іс-әрекетін сипаттайды;

  • макроэкономикалық, бүкіл ұлттық шарушылық (ұлттық экономика) масштабында өндірістің жүргізілуімен сипатталады (нарықтық жағдайда).

Нарық жүйесі меншіктің әртүрлі формалар, шаруашылық субъектілердің еркін іс-әрекеті және олардың өз қызметтерінің нәтижелеріне жауапкершілігі, өнім өндірушілердің еркін баға белгілеуі, бәсекесі, нарықтық процестерді сәйкес экономикалық тұтқалар арқылы реттеудегі мемлекеттің оңтайлы араласуы жағдайында тиімді жұмыс істейді. /6, 102 б/

Ұлттық экономиканың интеграция жағдайында ішкі нарыққа гипермакроэкономиканың мазмұнын анықтайтын әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесі әсер етеді.

Нарық құрылымына түрлі критерийлерге байланысты нарық түрлері кіреді. Әрбір нарықтың түрі өзара байланысқан және өзара шарттасылған:

  1. Нарықтық қатынастар объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі бойынша:

  • тауарлар мен қызметтер;

  • өндіріс құралдар;

  • жұмыс күші;

  • несиелік капитал;

  • қаржы;

  • құнды қағаздар;

  • ғылыми-техникалық жұмыстар нарығы.

  1. Географиялық орналасуы бойынша мынандай нарықтар болады:

  • аймақтар ішіндегі;

  • аймақ аралық;

  • республикалық;

  • республикааралық;

  • әлемдік.

  1. Бәсекенің шектелу дәрежесі бойынша:

  • еркін;

  • олигополиялық;

  • монополиялық (монопсондық);

  • салааралық.

  1. Нарық қатынастарының субъектілер бойынша:

  • бөлшек сауда;

  • көтерме сауда;

  • ауылшаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтары.

  1. Реттелу механизмі бойынша:

  • жетілген бәсеке;

  • жетілмеген бәсеке;

  • реттелетін (мемлекеттің бақылауымен). /2, 39 б/