Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нары мні рылымы МАБ 2014-00.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
484 Кб
Скачать
☆

1.3 Нарықтың қызмет ету принциптерi мен түрлерi

Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды.

Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі – өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады – біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсысының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді.

Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.

Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі – баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. Екінші – осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.

Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны – екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.

Ендi осы рынок элементтерiмен сұраныс арасындағы байланысты қарастырайық. Оны келесi 1-шi суреттен көруге болады: /1, 38 б/

Баға

Ұсыныс (S)

P0 Е

Сұраныс (D)

Q0Өнiм көлемi

Сурет-1 – Рыноктың тепе-теңдiгi және сұраныстың басқа элементтермен байланысы

Суреттен көрiп отырғанымыздай рыноктық қатынаста сұраныс ең бiрiншi сұраныс заңы бойынша бағаға және ұсынысқа байланысты болады. Яғни, рынокта сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысқан нүктесiнде тепе-теңдiк рыноктық баға қалыптасады. Ал рынокты жалпы түрде қарастырсақ сұранысты тұтынушылардың талғамы, ал ұсынысты өндiрушiлер тудырады. Бұлардың арасындағы байланыста сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланысқа негiзделген. Мысалы, сұранысты тудыратын тұтынушылардың мақсаты өздерiнiң қажеттiлiктерiн бюджеттiк мүмкiншiлiгiне байланысты ең жоғары деңгейде максималдау болып табылады. Ал ұсынысты қалыптастырушы өндiрушiлер өздерiнiң шығындарын минималдай отырып, пайдаларын максималдауға ұмтылады. Сондай-ақ рынокта көптеген фирмалар рыноктағы сұраныстың басым көпшiлiгiне ие болу үшiн бәсекеге түсiп отырады.

Сұраныс деп тұтынушылардың белгiлi бiр өнiмдi таңдау және сатып алу қабiлетiн айтады. Экономика деген ғылым шектеулi ресурстарды таңдау және оларды пайдалану тәсiлдерiмен шұғылданады. Осы мәселенi шешкенде әрбiр рынок субъектiсi, яғни өндiрушi мен тұтынушы максималды пайдалылыққа жетуге тырысады. Ол кез келген рынок субъектiсi оңтайлы мiнез-құлығымен әрекет жасауы керек. Яғни ол мынадай түрде белгiленедi: /1, 39 б/

Q = QD (p)

Мұндағы, р – тауар бағасы;

Q – сұраныс шамасы;

QD (p) – сұраныс функциясы.

Кез келген сұранысты қалыптастырушы тұтынушы ұнатымдылығы мен артық көруiне сүйену және өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы тұтыну жоспарын жасады делiк. Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде қанағаттандыратын едi. Тұтынушылық мiнез-құлығы мен сұраныс теориясы осы параметрлердiң белгiленгенiң басшылыққа алып талдау жасайды.

Сұраныс заңы - тауар бағасы неғұрлым жоғары болса, сұраныс шамасы соғұрлым төмен болатынын айтады, яғни Q = QD (p) тәуелдiлiгi керi болып келедi. Бұл сұраныс функциясының кестесiнде керi ылдиы бар деген сөз. Ол (D) сұраныс қисығы деп аталады. Оны келесi 2-шi суреттен көре аламыз.

Баға

Р2

Р1 Сұраныс (D)

Q2 Q1 Өнiм көлемi