Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нары мні рылымы МАБ 2014-00.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
484 Кб
Скачать
☆

Жетiлген бiсекелес нарығы дегенiмiз - төмендегi шарттар орындалатын нарық:

1.Нарықта өнiм ұсынатын тәуелсiз сатушылар саны көп және өнiмдерi бiртектi болып келетiн;

  1. Iр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесi елеусiз. Сондықтан, оның өнiм көлемi туралы өндiрiстiк шешiмдерi жалпы ұсынысқа ықпал етпейдi, соған орай фирмалар нарықтар бағасына да әсер ете алмайды;

  2. Баға, техология, ықтимал пайда жөнiндегi ақпараттар белгiлi болады;

  3. Жаңа фирмалардың салаға кiруiне немесе одан шығуына тосқауылдар.

Бәсекелес фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайды, сондықтан ол бағаны сырттан белгiленген баға ретiнде қабылдайды. Яғни, өндiрушi өндiрiлген өнiмнiң кез келген мөлшерiн нарықтық бағамен сатады. Олардың сұраныс абсалюттi икемдi болып келедi.

Жетiлген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетiлген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және өздерiнiң бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнiм өндiрушiлердiң басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткiзу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнiм көлемiн анықтауға ынталанады.

Жетiлген бәсекелi нарыққа қарама-қарсы бәсекелi нарық құрылымынң бiрi монополия болып табылады. Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бiр ғана iрi өндiрушi тұрады. Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистiң өнiмiн пайдаланып, оның тағайындалған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистiң үлкен билiкке ие болуына оның тауарының ерекшеленуiмен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да әсерiн тигiзедi. /5, 89 б/

Бұл жағдайа қоғам жалпы белгiлi шығындарға ұшырайды, себебi тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемiн азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейдi. Сондықтан да көптеген елдерде нарықты монополиялауды шектейтiн монополияға қарсы заңдар қабылданып, iске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнiң барлық елдерiнде өндiрушi-монополистер бар.

Бұл шектеулер төмендегiдей:

  1. Iрi өндiрiстiң басымдылығы;

  2. Легальды тосқауылдар ( шикiзат қорын, жердi ғылым мен техниканың жетiстiктерiн монополиялық түрде иелену, тауарды жеке өндiру үшiн үкiметтен алынған ерекше құқықтар);

  3. Бәсекелесудiң әдiлетсiз жүргiзiлуi.

Iрi өндiрушiлердiң ұсақ өндiрушiлермен салыстырғанда өте көп артықшылықтары бар. Монополиялық және олигополиялық өндiрсте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi тиiмдi, себебi iрi өндiрiстiң шығындары ұсақ өндiрiстiң шығындарынан қарағанда төмен болатыны практика жүзiнде дәлелденген.

Монополияны тек қана экономикалық шектеулер ғана емес, сонымен қатар құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердiң көп тараған түрлерi – жеке меншiк құқығы. Егер бiр фирманың меншiгiнде өте сирек кездесетiн шикiзат болса, онда ол фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса, онда ол өзiне берiлген ерекше жеңiлдiлiктерге ие бола алмайды. Бұл жағдайдың бiздiң мемлекетiмiз үшiн маңызы зор

Бәсекенi әдiлетсiз түрде жүргiзудiң негiзгi түрi – демпинг – бәсекелесiн ығыстыру мақсатында өнiмдi өзiдiк құнынан төмен бағамен сату. Iрi фирмалар – мүмкiндiгi мол монополистер. Олардың қаржы мүмкiндiктерi де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздерiне тиiмсiз бағамен ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады.

Жетiлмеген бәсеке жағдайындағы монополиялық фирма өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгiлейдi де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Мұнда сатушы өз тауарының шығару көлемiн өзгерту арқылы нарықтық қалыптасқан бағаға әсерiн тигiзе алады, онда ол монополиялық билiкке ие болады деп атаймыз.

Нарық құрылымындағы жетiлген бәсеке мен таза монополия нарықтың қызмет етуiнiң қарама-қарсы түрлерi болса, ал ендiгi бiр нарық құрылымы монополиялық бәсеке нарығы осы екi нарықтың арасындағы нарық болып табылады, яғни, не толық бәсекелiк емес немесе таза монополиялы нарық емес.

Нарықтың осы құрылымы нақты өмiрде жиi кездеседi. Мысалы, аяқ киiм нарығы, жеңiл және тамақ өнеркәсiбi, жиһаз жасау, кино және көркем әдебиет нарығында көрiнiс табады.

Сонымен, сатушылар өз тауарының бағасына әсер ететiн, бiрақ басқа сатушылардың әрекетiн есепке алмайтын, нарыққа кiрiп шыға еркiн, ал сатып алушылар тауар бағасын берiлген деп есептейтiн нарықтық жүйенi монополиялық бәсеке деп атайды. /2, 44 б/

Бұл нарықта өндiрушiлер бәсекеге төтеп беру үшiн жарнама және қосымша шығындарға кезiгедi. Яғни, өз тауарына сұранысты көбейту үшiн шығарған өнiмдерiне ерекше қасиеттер енгiзуге тырысады.

Монополиялық бәсеке қалыптасуы үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап, олардың өзара келiсiм жасауға мүмкiншiлiгi болмауы керек. Осындай монополист бәсеке жағдайында әр фирма өз тәуекелдiлiгiмен әрекет жасайды және баға саясатын өзi анықтайды. Бұл нарық жағдайында басқа фирмалардың iс-әрекетiн болжау мүмкiн емес, өйткенi әрбiр фирманың өнiмi сараланған. Аларманның ұнатымына қарай монополистiк бәсеке жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнде дамыған.

Жетiлген бәсекелi және монополиялық нарықта өндiрушi фирма өз тауарының бағасын және тиiмдi өнiм көлемiн анықтаған кезде тек қана тұтынушының реакциясымен өзiнiң жеке өндiрiстiк мүмкiндiктерiн ғана ескерiп отырады. Сондықтан бұл нарықтардағы пайданың жоғары деңгейге жеткiзу, тек қана, орташа шығын, шектi шығын қисықтарын және сұраныс қисығын шектеу арқылы iске асырылады.

Ал олигополиялы нарық дегенiмiз тауардың көпшiлiгi бiрнеше iрi фирма арқылы өндiрiледi. Ол фирмалардың нарыққа әр қайсысының әсерi айтарлықтай болып табылады. Кейбiр олигополия монополист сияқты бағаға әсер етуi мүмкiн. Мысалы, бiр класты автокөлiк нарығы.

Олигополия кезiнде баға қалыптасу жетiлген бәсекеге ұқсайды. Мұндайда баға туралы олигополистердiң шешiмдерiн қабылдау жұмысы күрделене түседi.

Олигополия нарығы төмендегiдей ерекшелiктерiмен сипатталады:

  • Нарықтағы көлемдi сату үлесi бар және бiр – бiрiмен бәсекелес бiрнеше фирмалар болады;

  • Жоғарыда айтылған фирмаларды, көбiнесе басым (лидер) фирмалар деп атайды және олар нарықтағы тауарлардың бағасы мен сату көлемiнiң өзгеруiне едәуiр ықпал етедi;

  • Олигополиялық фирманың өндiрiс шешiмдерi тек қана тұтынушы iс- әрекетiне ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес фирмалардың стратегиялық шешiмдерiне де байланысты болады. /4, 58 б/

Олигополиялық фирмалар тауардың бағасы мен өнiм шығару көлемi туралы шешiм қабылдағанда өзiмен бәсекелес фирмалардың барлық мүмкiндiктерiн ескерiп, талдап отырады.

Олигополияның бiрнеше моделi бар. Оларға:

  • Курно дуаполиясы;

  • Қарама – қарсы мақсаттары бар екi жақтың ойыны;

  • Нарықта үстемдiк жүргiзiп тұрған фирманың моделi және “картель”.