Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Физиология.doc
Скачиваний:
1294
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

3 Глоссарий (атаулардың түсіндірме сөздігі)

Автоматия – кейбір жасушалар мен ұлпалардың сыртқы әсерсіз өздерінде туындайтын импульстердің әсерімен қозатын қасиеті;

Агглютинация – агглютиноген және агглютининдердің желімдену процесі;

Ағза – ағзаның ішкі мүшелеріне байланысты атау;

Адаптация – ағзаның сыртқы орта жағдайына бейімделуі;

Адреналин – бүйрекүсті безі бөлетін, стресс гормоны;

Алкалоз – ағзаның қышқыл-сілтілік теңдестігінің сілтілік жаққа ығысуы;

Аккомодация - ағзадағы ағзалардың түрлі тітіркендіргіштердің күшіне біртіндеп бейімделуі, жаттығуы.

Аксон – нейронның ең ұзын жалғыз тармағы, қозуды жасушадан басқа нейронға немесе шеткі мүшелерге жеткізеді.

Алкалоз - ағзаның қышқыл-сілтілік теңдестігінің сілтілік жаққа ығысуы; Альтерация – ұлпалардың кейбір нәрселерден зақымдануынан оның қызметінің өзгеруін білдіретін термин;

Анаболизм – ұлпа мен жасуша құрылымын түзуге және жаңартуға бағытталған, қуат шығынын қажет ететін биохимиялық процестер жиынтығы;

Анорексия – тағамға тәбеттің жоғалуы, тағамды жегісі келмеу;

Антиген - арнаулы иммундық жауап тудыратын, антиденелер түздіретін ағзаға бөгде зат;

Антикоагулянт – қанды ұйытпайтын органикалық және бейорганикалық заттар;

Анурия – несептің мүлдем болмауы;

Аорта – қантамырлар жүйесіндегі ең ірі тамыр;

Апноэ – тыныс алу жиілігінің тоқтауы;

Артериолалар – аздап бұлшықет талшықтармен жабдықталған ұсақ тамырлар;

Ас қорыту – азық құрамындағы күрделі қоректік заттарды қарапайым қосылыстарға айналдыратын механикалық, физика-химиялық және биологиялық процестердің жиынтығы;

Атрофия – мүшелердің семуі;

Ацидоз - ағзаның қышқыл-сілтілік теңдестігінің қышқылдық жаққа ығысуы;

Ацинус – тыныс алу мүшесінің морфо-қызметтік бірлігі;

Базедов ауруы – қалқанша безінің гормонды шамадан тыс шығарудан пайда болатын, арнайы белгілері бар ауру;

Басытқы (ингибитор) – белгілі бір биохимиялық немесе физиологиялық процесті басатын, бәсеңдететін зат;

Барорецепторлар – қысымды қабылдаушы жасушалар;

Боумен-Шумлянский капсуласы - бүйректің қыртысты қабатында орналасқан майда көпіршік, нефронның алдыңғы бөлігі;

Брадикардия – жүрек соғысының төмендеп, баяулап кетуі;

Брадипноэ – тыныс алу жиілігінің төмендеуі;

Булимия – ашқарақтық, тағамға тоймау;

Ваготония – кезеген жүйке сезімталдығының артуы;

Вазопрессин – гипофиздің артқы бөлігінен шығатын гормон, антидиурездік деп те аталады, қан қысымын арттырады, су-тұздардың алмасуын реттейді;

Венотомия –венотомия, көк тамырды ашу, венаны кесу, қию;

Висцеральды жүйке жүйесі – ішкі ағзаларды жүйкелендіретін жүйке саласы;

Вискозиметр – сұйықтықтағы үйкелісті өлшеу үшін қолданылатын құрал;

Гем – қанның қызыл пигменті;

Гематокрит – қан түйіршіктері мен плазмасының көлемдік ара қатынасы;

Гематология – физиологияның қан жүйесінің құрамы мен қызметін зерттейтін бөлімі;

Гематоэнцефалдық тосқауыл – қан мен орталық жүйке жүйесі құрылымдарының арасындағы зат алмасуды реттейтін морфо-физиологиялық механизм;

Гемодинамика – қан тамырларымен қанның ағу себептерін, заңдылықтарын және механизмін зерттейтін ілім;

Гемолиз – эритроциттер қабығының жарылып, гемоглобиннің сыртқа шығуы;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]