- •А.І. Ғазизова, г.С. Ибраева
- •050802 – «Зоотехния» мамандығына арналған
- •Мазмұны
- •1. Оқытушылар туралы мағлұмат:
- •2. Пән туралы мәлімет
- •Болжамалы оқу уақытын бөлу
- •6. Курстың мазмұны
- •6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі
- •6.2 Практикалық – зертханалық сабақтарының тізбесі
- •7.1 Физиология бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •8. Әдебиет тізімі
- •8.1. Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •8.2. Қосымша әдебиеттер:
- •9. Курстың саясаты
- •10. Білімді бағалау жөнінде ақпарат
- •3 Глоссарий (атаулардың түсіндірме сөздігі)
- •Агглютинация – агглютиноген және агглютининдердің желімдену процесі;
- •Адреналин – бүйрекүсті безі бөлетін, стресс гормоны;
- •Аорта – қантамырлар жүйесіндегі ең ірі тамыр;
- •Артериолалар – аздап бұлшықет талшықтармен жабдықталған ұсақ тамырлар;
- •Ацинус – тыныс алу мүшесінің морфо-қызметтік бірлігі;
- •Гемопоэз – қанның ұю процесі;
- •Гемофилия – «патша ауруы» немесе қаны ұйымайтын тұқымқуалайтын ауру;
- •Глюкозурия – несептегі қанның мөлшері;
- •Гомеокинез – ішкі мүше тұрақтылығы;
- •Иммунитет – бөгде заттарға қарсы тұратын ағзаның реакциясы;
- •Капиллярлар – қантамырлар мен лимфа жүйесіндегі ұсқа тамырлар;
- •Лактогенез – буаздықтың соңғы кезеңінде және төлдегеннен кейін сүттің бөлінуі;
- •4 Дәрістердің қысқаша мазмұны
- •Диссимиляция мен ассимиляция кезеңдерiнiң сызбанұсқасы
- •III. Биологиялық қызметiне сәйкес:
- •VI. Нысана-жасушаға сигналдарды жеткiзу механизмi бойынша:
- •2. Жасанды: наркоздық және гипноздық.
- •5 Зертханалық-тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •6 Сөж тапсырмаларының тақырыптық мысалдары
- •050802- «Зоотехния» мамандығына арналған
- •7 Студенттердің білімін бақылауға арналған материалдар
- •8 Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Айгүл Ідірісқызы Ғазизова,
Лактогенез – буаздықтың соңғы кезеңінде және төлдегеннен кейін сүттің бөлінуі;
Лактопоэз – лактация кезінде сүттің түзілу процесі;
Ламинарлық ағыс – тамырдағы сұйық қабаттарының бір-бірімен араласпай ағуы, бірсыдырғы ағыс;
Летаргия - ұзақ ұйқы;
Лизис – ферменттердің немесе химиялық агенттердің әсерімен жасушалардың еруі;
Либеркюн бездері – ішектердің барлық қабырғаларында орналасып, құрамында майлар мен көмірсутекті ыдырататын ферменттері бар шырышты зат шығарады;
Лимфа – лимфа капиллярлары мен тамырлар қуысында болатын, түссіз сары сұйқытық;
Лимфобласттар – лимфа жүйесіндегі жасушалар;
Липолиз – майлардың ыдырауы;
Липогенез – майлардың түзілуі;
Локальды – шектелген, таралмайтын, орнықты;
Макрофагтар – фагосомалық және лизосомалық белсенділігі бар моноциттердің көпқызметті жасушалары;
Маммогенез – сүт бездерінің дамуы мен өсуі;
Мегакариобласттар – сүйек кемігінің ірі жасушалары;
Медиатор – қозу процесін таратуды қамтамасыз ететін химиялық зат;
Метаболизм – зат алмасу, ағза тіршілігін қамтамасыз ететін химиялық өзгерістердің жиынтығы;
Медуллин - бүйректің жұмсақ қабатынан шығатын зат. Ол липидке, қантамырын кеңейтетін заттарына жатады;
Микрофагтар – фагоциттік белсенділігі бар нейтрофилдердің қозғалғыш жасушалары;
Монобласттар – моноциттерден түзілетін жасушалар;
Мотивация – ағза қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған әрекеттерді тудыру;
Нейроглия – нейрон арасындағы кеңістікті толтыратын, қосымша қызмет атқаратын жүйке ұлпасының негізгі бөлігі;
Нейрон – жүйке жасушалары мен өсінділерінің жиынтығы;
Нейропептидтер – мидың интегративтік қызметін (ес, ұйқы, түйсік, т.б.) реттейтін ОЖЖ-ің эндогенді биологиялық белсенді заттар;
Нефрон – бөлу жүйесінің морфо-қызметтік бірлігі;
Никтурия – несеп бөлінуінің күндізгіге қарағанда түнде көп бөлінуі;
Окклюзия – бітеліп қалу;
Олигоурия – несептің көп бөлінуі;
Пальпация – бір қолды денеге қойып, екінші қолдың саусағымен ұрып көргенде пайда болатын сезімталдыққа негізделген тәсіл;
Парабиоз – әртүрлі тітіркендіргіштер әсерінен қозғыш ұлпалардың өзгерісін тудыратын, өлім мен өмір арасындағы аралық жағдай;
Парентеральдық жол – заттарды ағзаға ас қорыту жолынан тыс (тамыр, тері арқылы) енгізу;
Перистальтика – ас қорыту жолының толқын сипатта таралатын жиырылуы, қимылы;
Перфузия – қанды немесе ерітінділерді оқшауланған, қан айналым жүйесінен бөлінген органдар тамырлары арқылы өткізу әдісі;
Плетизмограф – дененің жеке мүшелері көлемінің қанмен жабдықталу деңгейіне қарай өзгерістерін тіркейтін аспап;
Пневмограф – тыныс алу қозғалыстарын жазып алу;
Реабсорбция – су мен онда еріген заттардың кері сіңірілуі, сорылуы;
Реобаза - қозуды тудыратын ток немесе кернеуліктің ең төменгі күші;
Реутилизация – алдын-ала алмасуда болған метаболиттерді ағзаның қайта пайдалануы;
Рефрактерлік – қозу үстіндегі жүрек еттерінің тітіркендіргішке жауап бермейтін қасиеті;
Сары дақ – көздегі торлы қабықтың ең сезімтал жері;
Секреция – без өндірген заттардың бөліну процесі, түзінділеу;
Синапс (түйіспе) - өзара жүйке жасушалары не жүйкемен шеттегі қызмет атқарушы жасушасы (эффектор) түйіскен жерінде серпіністерді өткізетін арнайыұласу;
Сомалық – денелік, тәндік, денеге қатысты;
Спирометрия – бірінші реттік өкпелік көлемдердің тіркелуі;
Спирограмма - өкпелік көлемдері мен сыйымдылықтардың графиктік тіркелуі;
Спонтанды - өздігінен, ырықсыз;
Сурфактант - өкпе сурфактанты (ағылш. surfactand – беткі, активті зат), өкпедегі альвеолалардың ішкі бетін тыстап жататын, суда ерімейтін және бір-біріне жабыспайтын жұқа 10-20 мкм қабық;
Тахипноэ – тыныс алу жиілігінің жиілеуі;
Тахикардия – жүректің жиырылу жилігінің жоғарылауы;
Транскапиллярлық алмасу – қан мен ұлпалық сұйық арасындағы алмасу;
Трансплантация – ұлпалар мен органдарды алмастырып отырғызу;
Трансформация – айналдыру, түрлендіру;
Турбуленттік ағыс – тамырдағы сұйық қабаттарының бір-бірімен араласа ағуы, иірімді ағыс;
Тыныс алу – ағзаның сыртқы ортадан оттегін қабылдап, көмір қышқыл газды бөлуін қамтамасыз ететін процесс;
Тыныс коэффициенті – ағза бөлген көмір қышқыл газбен қабылдаған оттегінің көлемдік қатынасы;
Хронаксия – жүйке талшығының қоздыруға қажетті белгілі электр күшінің ең кіші, аз уақыты;
Фибриноген – қан плазма құрамындағы ірі молекулалы ерігіш белок;
Эвритемиялы жануарлар – сыртқы орта температурасының ауытқуларына төзімді жануарлар;
Экзогенді зат – ағзадан тыс пайда болған зат;
Экскреттер – бөлінді заттар, ағзадан шығарылатын ақырғы алмасу өнімдері;
Электрокардиография - жүрек еттеріндегі биоэлектрлік құбылысты зерттейтін әдіс;
Эмоция – жануарлардың ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге қайтаратын сезімдік сипаттағы реакциясы (қуаныш, үрей, рахаттану т.с.с.);
Эндогенді зат – ағзаның өзінде түзілген зат;
Эритропоэз – эритроциттердің түзілуі;
Эукариоттар – жасушаларында жақсы қалыптасқан ядролары бар жануарлар.
