- •А.І. Ғазизова, г.С. Ибраева
- •050802 – «Зоотехния» мамандығына арналған
- •Мазмұны
- •1. Оқытушылар туралы мағлұмат:
- •2. Пән туралы мәлімет
- •Болжамалы оқу уақытын бөлу
- •6. Курстың мазмұны
- •6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі
- •6.2 Практикалық – зертханалық сабақтарының тізбесі
- •7.1 Физиология бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •8. Әдебиет тізімі
- •8.1. Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •8.2. Қосымша әдебиеттер:
- •9. Курстың саясаты
- •10. Білімді бағалау жөнінде ақпарат
- •3 Глоссарий (атаулардың түсіндірме сөздігі)
- •Агглютинация – агглютиноген және агглютининдердің желімдену процесі;
- •Адреналин – бүйрекүсті безі бөлетін, стресс гормоны;
- •Аорта – қантамырлар жүйесіндегі ең ірі тамыр;
- •Артериолалар – аздап бұлшықет талшықтармен жабдықталған ұсақ тамырлар;
- •Ацинус – тыныс алу мүшесінің морфо-қызметтік бірлігі;
- •Гемопоэз – қанның ұю процесі;
- •Гемофилия – «патша ауруы» немесе қаны ұйымайтын тұқымқуалайтын ауру;
- •Глюкозурия – несептегі қанның мөлшері;
- •Гомеокинез – ішкі мүше тұрақтылығы;
- •Иммунитет – бөгде заттарға қарсы тұратын ағзаның реакциясы;
- •Капиллярлар – қантамырлар мен лимфа жүйесіндегі ұсқа тамырлар;
- •Лактогенез – буаздықтың соңғы кезеңінде және төлдегеннен кейін сүттің бөлінуі;
- •4 Дәрістердің қысқаша мазмұны
- •Диссимиляция мен ассимиляция кезеңдерiнiң сызбанұсқасы
- •III. Биологиялық қызметiне сәйкес:
- •VI. Нысана-жасушаға сигналдарды жеткiзу механизмi бойынша:
- •2. Жасанды: наркоздық және гипноздық.
- •5 Зертханалық-тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •6 Сөж тапсырмаларының тақырыптық мысалдары
- •050802- «Зоотехния» мамандығына арналған
- •7 Студенттердің білімін бақылауға арналған материалдар
- •8 Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Айгүл Ідірісқызы Ғазизова,
4 Дәрістердің қысқаша мазмұны
4.1 1-дәріс. Жануарлар физиологиясы курсына кіріспе. Физиология ғылымының қысқаша даму тарихы. Физиологияның жалпы заңдылықтары және негізгі физиологиялық ұғымдар
Мақсаты: Физиология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдардың, физиологияның негізгі даму кезеңдері туралы түсінік қалыптастыру; жүйкелік, бұлшықеттік, бездік және басқа да ағза тінінің қызметтік ерекшеліктері жайында білім беру, ұлпа мен ағза жасушасының механизмдері туралы түсінік қалыптастыру. Жануарлардың жүйелік ұйымдастыру қызметі жайлы білім беру, өзіндік жаңару, реттелу, шығару механизмдерін сипаттайтын түсінік қалыптастыру, физиологиялық қызметтердің жүйелік ұйымдастырылу процесін түсіну.
Негізгі сұрақтар:
Физиология пәнінің мазмұны, мақсаты және салалары.
Физиология пәнінің даму тарихы мен оның басқа ғылымдармен байланысы.
Физиологиялық қызметтер мен процестер
Зерттеу әдістері.
Физиология пәнінің мазмұны, мақсаты және салалары, даму тарихы. Физиология деген сөз грек тілінде тірі ағзаның қызметтері туралы ғылым, немесе тіршілік тану деген мағына береді. Физиология - ағзаның тіршілік әрекетін, жеке мүшелер мен жүйелердің қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды, ағзаның сыртқы ортамен қарым-қатынастарындағы заңдылықтарды айқындайды.
Жануарлар ағзасында өтетін әртүрлі құрылымдық деңгейдегі тіршілік процестерінің (зат алмасу, тыныс алу, қоректену және т.б.) заңдылықтары және жеке мүшелер қызметінің маңызымен; ағза мен сыртқы орта араларындағы өзара әсерлердің механизмдерін түсіндіреді.
«Жануарлар физиологиясы» пәнінің негізгі міндеттері:
Ағзаның әртүрлі жүйесіндегі және олардың жекеленген құрылымдық элементтерінің арнайы ерекшеліктері мен жалпы заңдылықтары туралы түсінікті қамтамасыз ету;
Физиологиялық ғылымның жаңа жетістіктері мен оның дамуындағы қадамдарымен танысу; Біртұтас ағза мүшелерінің өзара байланыстылығын түсіндіру. Қоршаған ортаның ағзаға, мүшелерге әсері туралы түсінікті береді.
Физиология пәнінің басқа ғылымдармен байланысы. Ағзаның тіршілік әрекетін терең және жан-жақты ұғыну үшін анатомия, биохимия, биофизика, гистология, цитология, морфология пәндерін толық меңгеру қажет. Физиологиялық зерттеулер тіршіліктің ең қарапайым түрлерінің оның күрделірек түрлерге ауысуының және ағза қызметтерінің бірте-бірте күрделене дамуының себептерін ашады.
Адам мен жануарлар ағзасының қызметтері жайлы алғашқы деректерді Көне грек дәрігерлері Гиппократ, Аристотель, Көне рим дәрігері Гален жинақтаса, ал Орта Азия мен қазіргі Қазақстан жерінде X-XI ғасырда аттары әлемге белгілі ғұламалар Әбу Насыр Әл-Фараби мен Әбу Әли Ибн Сина еңбектерінде осындай мәліметтер кездеседі. Физиологияны дербес, тәжірибелік (эксперименттік) ғылым ретінде ағылшын дәрігері Вильям Гарвей (1578-1657) таныса, Ресейде XVIII ғасырдың басында орыс ғалымдары И.М.Сеченов, И.П.Павлов, Ф.В.Овсянников, Н.Е.Введенский және басқалар физиологияның дамуына зор үлес қосты.
Жоғарғы жүйке қызметінде болатын үш принципті И.П.Павлов ұсынды. Олар анализ бен синтез, детерминизм және құрылымдық принциптер: 1.Анализ-талдау- дегеніміз біртұтас құбылыстардың жеке қасиеттерін, жеке ерекшеліктерін тексеру. Синтез-түзілу – жеке қасиеттер мен ерекшеліктерді тексеру арқылы, біртұтас құбылыстарды жан-жақты түсіну. 2- Детерменизм - әрбір құбылысты, әрбір процесті болдыратын себеп, сылтау. 3- Құрылымдық принцип - әрбір мүше құрылымының оның қызметімен байланыстыру. Физиология ғылымының дамуына үлес қосқан Қазақстандық ғалымдар да жеткілікті.
3. Физиологиялық қызметтер мен процестер. Физиологиялық процесс - тірі ағзада жаңа сапалы мазмұнға ие болған физикалық және химиялық өзгерістердің күрделі түрлерінің жиынтығы – ас қорыту, тыныс алу, бөлу және т.б. Физиологиялық қызмет – тұтас ағза немесе оның жеке жасушаларының, ұлпаларының, мүшелерінің тіршілік әрекеті, қызметі. Ағзаның басты қызметі зат алмасу болып табылады. Зат алмасумен өсу, даму, көбею, қоректену, қимылдау т.с.с. физиологиялық қызметтер тығыз байланысты.
Гомеостаз - ағзаның сұйық ортасының (қан, сөл, ұлпа-аралық сұйықтықтар) салыстырмалы тұрақтылығы немесе оны қамтамасыз ететін үйлесімді реакциялар жиынтығы. Зат алмасу процесі – тағаммен бірге түскен органикалық заттардың ыдырауынан түзілетін энергиямен ағзаны қамтамасыз ету. Ассимиляция, диссимиляция процестерінен тұрады. Тітіркендіргіштік – тірі ағзаның сыртқы орта әсеріне зат алмасу процесін күшейтумен қайтаратын жауабы. Қозғыштық – тірі жүйенің тітіркендіргіштердің әсерінен өзінің физиологиялық белсенділігін өзгертуі. Рефлекс – ағзаның сыртқы не ішкі ортаның тітіркендіргіштеріне жүйке жүйесінің қатысуымен беретін жауабы.
4. Зерттеу әдістері: 1. жедел тәжірибе, 2. созылмалы тәжірибе және 3. мүшелердің қызметін модельдеу.
Жедел тәжірибеде малға наркоз беріп, хирургиялық операциялар жасайды да, ішкі мүшелерге әсер ету арқылы (тітіркендіру тамырларды қию, дәрі дәрмектер жіберу) олардың тіршілік әрекеттеріндегі өзгерістерді бақылайды.
Созылмалы тәжірибелер алдын-ала операция жасалып, дайындалған жануарларға жүргізіледі. Осы мақсатпен малдың қарнына, ішектеріне фистула (түтік) қойылады, бездердің өзектері сыртқа шығарылады, тітіркендіру немесе биоток тарту мақсатымен мүшелерге электродтар қондырылады.
Функцияларды модельдеу әдісі - ағзаны биокибернетикалық жүйе ретінде қараудың негізінде қалыптасты. Осы түрғыда ағзада жүретін процестерді математикалық формулалар және теңдеулермен болжау (малдың өсу қарқынын, сүттілігін т.б) онда өтетін түрлі процестерді бейнелейтін физикалық аспаптар (жүйке жасушасының моделі, күйіс малының "жасанды қарыны т.б.) жасау принциптері қолданылады
Мүшелерді жекелеу: Экстирпация кезінде зерттелетін мүшені жартылай немесе түгелдей кесіп алып тастайды да, ағзада байқалатын өзгерістерді бақылау арқылы оның денедегі қай қызметке қаншалықты қатысатындығы анықталады. Трансплантация - бір ағзадағы мүшені, ұлпаны орнынан басқа жерге немесе басқа ағзаға көшіріп қондыру. Перфузия - зерттелетін, құрамы алдын-ала белгілі ерітіндіні, не қанды тиісті мүшенің тамырлары арқылы өткізу. Радиотелеметрия арқылы әртүрлі қашықтықтардағы ағзалардағы бірнеше жүйелердің қызметтерінің көрсеткішін бір мезгілде электромагниттік және радиотолқындары тіркеп-жазып, талдау арқылы қажетті физиологиялық ақпарат алынады т.б.
Ағза қызметін реттеу. Ағза айналадағы ортаға бейімделудін қамтамасыз ететін физиологиялық процестерін реттеу деп атайды. Реттеудің екі түрі бар: жүйкелік және гуморальдық бар.
Жүйкелік реттеу, орталық жүйке жүйесі арқылы жүргізіледі. Бүл реттеуге жүйке орталықтары, жүйке талшықтары мен тармақтары қатысады. Жүйке жүйесінің негізгі қызметі рефлекс ретінде болады. Рефлекс дегеніміз - ағзанің тітіркенуге қайтарған жауабы. Рефлекторлық доға бес буыннан құралған: 1- рецепторлар немесе жүйке тармақтары; 2 - афферентік немесе сезімтал жүйке талшықтары; 3 - жүйке орталығы; 4- эфферентік немесе қимыл жүйке талшықтары; 5 - эффектор немесе жұмыс мүшесі.

Гуморальдық реттеу дегеніміз – заттар алмасуынан мүшелерде, жасушаларда пайда болатын заттар қанға түсіп және барлық денеге тарайды. Химиялық заттарға: ішкі секреция бездерінің гормондары, ұлпа гормондары, медиаторлар, қандағы электролиттер жатады. Гуморальдық реттеу жүйкелік реттеуге қарағанда ерте пайда болған процесс.
Өздік бақылау сұрақтары:
1 Физиология пәнінің мақсаты мен міндеттері.
2 Қазақстандық физиолог-ғалымдардың қандай еңбектері бар?
2 И.П.Павловтың физиологиялық принциптері.
3 Физиологиялық зерттеулерде қолданылатын әдістер.
Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 1 (5-24 беттер), 2, 3, 4.
4.2 2-дәріс. Қан жүйесінің физиологиясы
Мақсаты: Қанның негізгі физика-химиялық қасиеттері туралы білім беру, қатты және жұмсақ қан тұрақтылығын айыра білу. Гомеостаз және қан ұю жүйесінің механизмі жайлы білім беру, қан жүйесінің қорғаныштық қызмет механизмін түсіндіру, қанның көрсеткішін талдауды үйрену, эритроциттердің тұну жылдамдығын, қан топтарын, резус-факторды анықтай білу, қандағы гемоглобиннің концентрациясын анықтау, қан түйіршіктерін есептеуді үйрену.
Негізгі сұрақтар:
Қан жүйесі туралы түсінік. Қанның атқаратын қызметтері.
Қанның физикалық- химиялық қасиеттері.
Қан түйіршіктерінің сипаттамасы. Гемоглобин.
Қан топтары. Резус-фактор. Қанның ұюы.
Қан жүйесі туралы түсінік. Қанның атқаратын қызметтері.
Қан - ағзаның сұйық ұлпасы, екі бөліктен құралған: қан сұйықтығы – плазма және қанның жасушалық элементтері: эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттерден тұрады. Плазма қанның жалпы көлемінің 60 пайызын алып жатады. Плазманың құрамында 90-92 пайыз су, 8-10% құрғақ зат. Құрғақ заттың 6-8% белоктардан тұрады. Плазманың белоктары – альбуминдер, глобулиндер және фибриноген. γ – глобулиндерден преципиндер мен агглютининдер пайда болады, олар ағзаның иммунитетіне қатысы бар. Ал, фибриноген қанның ұю процесіне қатысады. Қан сарысуы – құрамында фибриногені жоқ қан плазмасы.
Қанда бактерияларды өлтіріп, вирус белоктарымен байланысып, оларды зиянсыздандыратын пропердин жүйесі бар. Қанда болатын қалдық азоттың құрамы: несеп қышқылдары, мочевина (несепнәр), креатин, аммиак сияқты белок өнімдері жатады. Плазманың ферменттері - липаза, амилаза, сілтілі фосфатаза, трансаминаза. Плазмадағы май мөлшері 0,2-0,3 % сияқты органикалық қосылыстармен қатар, қан плазмасының құрамында 0,9% минералды тұздар болады.
Қанның атқаратын қызметтері: 1 тасымалдау - жасушалар мен ұлпаларға қоректік заттар мен оттегін жеткізіп, ал олардан зат алмасудан пайда болған қосылыстарды, көмір қышқыл газын өкпеге жеткізу. 2 қорғаныстық қызметі - қанда лейкоциттер әрекетінің арқасында антитоксиндер, антиденелер пайда болып, олар фагоцитоз қызметін атқарады. 3- қан тамырлар арқылы үнемі жүріп тұрғандықтан, ағзадағы пайда болған жылуды біркелкі таратады. 4 коррелятивтік - қан арқылы ағзадағы жасушалар, ұлпалар мен мүшелер байланысады.
Ағзадағы қан екі түрде кездеседі: біріншісі – қан тамырларындағы қозғалыста болатын қан (айналымдағы қан), екіншісі – қор ретіндегі депода сақталатын қан. Деполық мүшелер: бауыр (20%), көк бауыр (16%) және тері (10%). Тыныштық жағдайда ағзадағы қанның жартысы қан тамырларында, ал екінші жартысы – деполарда болады. Қанның сұйық бөлігі – плазма 60% болса, 40% - қан түйіршіктерінен (эритроциттерден – қанның қызыл түйіршігі, лейкоциттерден – қанның ақ түйіршігі және тромбоциттерден - қан пластинкасынан) тұрады.
2. Қанның физикалық-химиялық қасиеттері. Қанның тұтқырлығы сумен салыстырғанда 3-6 есе көп. Қанның бұл қасиетін вискозиметр арқылы анықтайды. Жалпы қанның тығыздығы (сыбағалы салмағы) –1,050-1,060 тен. Бұл көрсеткіш плазмадағы белоктар мен эритроциттерге байланысты Эритроциттердің сыбағалы салмағы 1,090, ал плазманың тығыздығы –1,024-1,031 тең болады. Қандағы осмостық қысым - суды қорытылмаған ерітінділерден қорытылған ерітінділерге ауыстыратын күшті айтады. Бұл - тамырларда қанды ұстап тұратын күш. Осмостық қысым ағзадағы зат алмасудағы, әсіресе қан мен тері арасындағы судың алмасуында үлкен роль атқарады. Қанның реакциясы сәл сілтілі. Оның рН 7,35—7,55 тен. Қанның бұл көрсеткіші де басқалар сияқты тұрақты, себебі: буферлік жүйелерге және қанның сілтілі қорына байланысты. Қанда 4 түрлі буферлік жүйе бар: 1- карбонатты жүйеге – көмір қышқылы Н2 СО3 мен оның тұздары жатады. 2- фосфатты жүйе – фосфор қышқылының NaH2PO4 мен Na2HPO4 тұздарынан құралады. 3- белоктық жүйе – қанның плазмасындағы белоктардан құрылған. 4- гемоглобиндік жүйе – гемоглобиннің калийлі тұзына байланысты. Сілтілі қор дегеніміз – 100 мл қандағы бикарбонаттар мөлшері. Бұл қордың биологиялық маңызы зор. Ол ағзада зат алмасу процесінің барысында түзілген әр түрлі қышқылдарды бейтараптап отырады. Сілтілі қор неғұрлым көп болса, соғұрлым мал шыдамды болады. Қанның сутектік көрсеткішінің қышқылдық жаққа ығысуын ацидоз, ал сілтілік жаққа ауытқуын – алкалоз дейді.
3. Қандағы қан түйіршіктерінің сипаттамасы. Эритроциттер – дегеніміз қанның қызыл түйіршіктері. Амфибияларда, рептилийлер мен құстарда эритроциттер ядролы болады. Ал, сүтқоректілердің эритроциттері ядросыз болады. Мұның себебі: олар өздері үшін оттегін аз пайдаланады да, оның көбін басқа жасушаларға береді. Эритроциттердің сыртындағы қабығы жартылай өткізгіш қасиеті бар, майлы заттардан құралған. Бұл мембрана глюкозаны, мочевинаны, газдар мен аниондарды өткізеді, ал белок пен катиондарды өткізбейді. Сол себептен, эритроциттер мембранасының сыртында оң заряды, ал оның ішінде теріс заряды бар. Эритроциттердің атқаратын қызметі: 1- жасушаларға оттегін жеткізеді; 2- көмірқышқыл газды өкпеге жеткізеді; 3- қанның рН мөлшерін реттейді; 4- улы заттарды жинап, ағзада иммунитеттің пайда болуына қатысады; 5- қанның ұюына қатысады.
Эритроциттер өзінің негізгі қызметі – құрамында ерекше белок – гемоглобин болуының арқасында оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдау процесін атқарады. Эритроциттің жалпы массасының 34 пайызы, ал құрғақ затының 90 пайызы гемоглобиннен тұрады.

Құрамында темір атомы болуына байланысты гемоглобин түрлі газдармен қосылыс түзеді. Оттегімен қосылысқан гемоглобинді оксигемоглобин (HbO2), ал көмірқышқыл газымен қосылысқан - карбогемоглобин (HbСO2) деп атайды. Бұл қайтымды қосылыстар қалыпты жағдайда түзіліп, тыныс алу процесін қамтамасыз етеді. Гемоглобиннің ағзаға зиянды қосылыстары: карбооксигемоглобин (HbСO) – көмір тотығымен қосылыс, және метгемоглобин – күшті тотықтырғыштардың үш валентті темірмен қосылысы.
Гемолиз деп эритроцит қабығының жарылып, гемоглобиннің сыртқы ортаға шығуын айтады. Гемолиз тудыратын себептеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді. Осмостық гемолиз - осмостық қысым төмендеген қысым жағдайда болады. Мысалы, қанға гипотониялық ерітінді қоссақ, эритроциттерден тұздар сыртқа шығарылады да, олардың ішіне су енеді. Бұл жағдайда әуелі эритроциттер ісініп, артынан олардың қабығы жарылады, гемогобин бөлініп шығады. Бұдан басқа, гемолиз түрлері: химиялық, биологиялық, электрлік, термиялық, механикалық, сәулелік, физикалық бар.
Лейкоциттер – қандағы құнды жасушалар. Эритроциттерге қарағанда ірі жасушалар, ал саны эритроциттерден 600-800 есе кем, диаметрі 5-20 мкм. Олардын сыртында мембранасы, ішінде цитоплазмасы мен ядросы бар. Қанның бір текше мм-де мыңдап есептелінеді. Лейкоциттер цитоплазмадағы түйіршіктеріне байланысты гранулоциттер және агронулоциттер болып екіге бөлінеді. Гранулоциттерге - базофильдер, эозинофильдер мен нейтрофильдер жатады. Агранулоциттер – лимфоциттер мен моноциттерден құралған. Лейкоциттердің негізгі қызметі - қорғаныштық. Оларда оң хемотаксикалық қасиеті болғандықтан, ағзадағы бөтен заттар жағына қарай жылжиды. Лейкоциттердің саны әр түрлі факторлардың әсерінен ауытқып отырады. Олардың санының көбеюі лейкоцитоз, азаюын – лейкопения деп атайды.
Тромбоциттер – бұлардың диаметрі 2-4 микрон. Тромбоциттердің сыртында қабы бар, ішінде цитоплазмасы мен түйіршіктері бар, ядросы жоқ. Қанның бір текше мм-де 100-600 мың тромбоциттер болады. Олардың қызмет ететін мерзімі 3-5 күн. Тромбоциттер атқаратын қызметтері: 1- адгезия- тромбоциттердің жарақаттанған қан тамырларының коллаген талшықтарына немесе қанның ішіндегі бөтен заттарға жабысуы; 2 - агрегация- тромбоциттердің өзара жабысуы. Сонымен, тромбоциттер қан ұюына қатысады.
Қан топтары. Резус-фактор. Қанның ұюы. Австрия ғылымы К.Ландштейнер 1901 жылы адам эритроциттерінің құрамында екі түрлі антигендер, ал плазмада екі түрлі антиденелер болатынын дәлелдеді. Эритроциттерде орналасатын антигендер агглютиногендер (А және В) деп аталды, ал плазмадағы антиденелер – агглютининдер ( және ). К. Ландштейнер агглютиногендік сипатына қарай адам қанының үш тобын ашты. I –топта (0 тобы) агглютиногендер болмайды, II – топта (А тобы) және III топта (В тобы) агглютиногендер бар. 1907 жылы чех ғалымы Ян Янский адам қанының IV тобының (АВ тобы) болатынын ашты. Бір адамның қанында аттас агглютиноген мен агглютинин болмайды (мысалы, А мен ). Егер бір ағзадан екінші ағзаға қан құйғанда аттас агглютиноген мен агглютинин кездесте, эритроциттердің желімдену процесі жүреді, немесе эритроциттердің бір біріне жабысу – агглютинация. Бір адамның қанында аттас агглютиноген мен агглютинин болмайды (мысалы, А мен a). Егер бір ағзадан екінші ағзаға қан құйғанда аттас агглютиноген мен агглютинин кездессе, эритроциттердің желімдену процесі жүреді, немесе эритроциттердің бір-біріне жабысу – агглютинация деп аталады. Оң резус – агглютиногеннің болуы, теріс резус - агглютиногеннің болмауы.
Жануарларда қан топтары болмайды, себебі эритроциттерінің құрамы өте күрделі амин қышқылдық тізбектен тұрады. Оларда қанды құю тек малдың түрлігіне байланысты жүргізіледі.
Қанның ұюы тізбектелген реакциялардан тұратын күрделі процесс. Оның негізінде қан құрамындағы фибриноген белогының физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруі жатады. Ұю процесіне XV фактор қатысады: олар - фибриноген, протромбин, тромбопластин, кальций ионы, проакцелерин, проконвертин, антигемофильді глобулин А, антигемофильді В, Стюарт-Пауэр, тромбопластиннің өкілі, Хагеман факторы, фибриназа, прекалликреин, XV-фактор.
Өздік бақылау сұрақтары:
Гемоглобин түрлерін атаңыз.
Кальцийдің қатысуымен қанның ұюы қандай стадияда жүреді?
Агглютиногендер қай қан тобында кездеспейді?
Гемолиз, оның түрлері.
Гепарин қандай қасиеттерге ие?
Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 1 (25-64), 2.
4.3 3-дәріс. Жүрек және қан айналым физиологиясы
Мақсаты: жүрек бұлшықетінің негізгі физиологиялық қасиеттері туралы білім беру, жүрек бұлшықетінің автоматия механизмін түсіндіру, қанның қан тамырларында бөліну механизмін түсіндіру, артериялық қысымды тіркеуді үйрену және жүрек әрекетінің сыртқы көрінісін талдау.
Негізгі сұрақтар:
1. Жүрек құрылысы, қызметі, қасиеттері;
2. Қан тамырлары және қанның ағу себептері;
3. Қан айналымының реттелуі;
4. Лимфа және лимфа айналымы.
1. Жүрек құрылысы, қызметі, қасиеттері. Жүрек – қан айналымының орталық мүшесі. Ол кеуде қуысында, ассиметриялық түрде орналасқан. Төменгі сатылы жануарлардың жүрегі 2 камерадан: жүрекше мен қарыншадан тұрса, ал жоғары сатыдағы жануарлар жүрегі төрт камерадан: 2 жүрекше және 2 қарыншадан құралған. Үлкен шеңбер – бүкіл ағза мен сыртқы ортаның қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Сол жақ қарыншадан басталып, оң жақ жүрекшеге құяды. Кіші шеңбер - өкпелік, өйткені газдың алмасуын қамтамасыз етеді. Оң жақ қарыншадан басталып, сол жақ жүрекшеге құяды.

Жүрек үш қабат көлденең жолақ ұлпадан құралған. Оның сыртқы қабатын эпикард, ортаңғы қабатын миокард, ішкі қабатын эндокард дейді. Жүрек сыртында перикард (үлпершек) қабы бар. Жүрек еті қаңқа еттерімен салыстырғанда баяуырақ жиырылады және онда аэробты процестер басымырақ. Миокард талшықтары ерекше тарамдалып, бір-бірімен ендірме табақша – нексус арқылы қосылады да, біртұтас тор, немесе синцитий құрайды. Ендірме табақшалардың электрлік кедергісі өте төмен, сондықтан бір жасушада пайда болған қозу көрші жасушаға оңай өтеді. Жүрек еттеріне қозғыштық, жиырылғыштық, қозу толқынын өткізгіштік, автоматизм және рефрактерлік қасиеттері тән.
Жүрек қызметі: негізгісі ағзадағы қанды қан тамырларына қуалап, кері сору - бұл еттердің жиырылуы (систола) және босаңсуы (диастола) арқылы жүзеге асады. Жүрек жиырылғанда қан жүрекшелерден қарыншаларға, қарыншалардан қан тамырларына айдалады және артерия мен вена жүйелерінде қысым айырмашылығы пайда болады. Бұл қанның тамырларымен жылжуын қамтамасыз етеді.
Жүрек циклі: - оның жиырылу мен босаңсуын және жалпы тынымнан өтуін айтады. Жүрек циклі 4 кезеңнен тұрады: 2 систола, 2 диастола кезеңі. 1 – ширығу кезеңі; 2-қанды қуу кезеңі; 3-босаңсу кезеңі; 4-толу кезеңі. Әр малдын жүрек циклінің ұзақтығы әр түрлі болады. Адамдарда 0,08 секунд, жануарларда әр түлік малда жүрек циклі кезеңдерінің ұзақтығы әртүрлі, ол жүрек жұмысының жиілігіне байланысты.
Жүрек қасиеті: Қозғыштық – жүректегі электрлік, механикалық, температуралық, химиялық тітіркендіргіштердің әсерінен әрекетті, белсенді күйге көше алады. Қозуды өткізгіштік – серпіністерді тасымалдау. Жүрек автоматизмі – жүректің өздігінен жиырылуы. Жиырылғыштық – жүрек талшығының қозуға жауап беруі немесе жүрек бұлшықетінің қысқаруы. Рефрактерлік – жүрек талшығының қозбауы.
Жүректе пайда болған әрекет потенциалы бүкіл денеге тарайды, сондықтан арнайы сезімтал аспаптарды пайдалана отырып, осы потенциалдар толқынын қисық сызық бейнесінде жазып алуға болады. Жүрек еттеріндегі биоэлектрлік құбылысты зерттейтін әдісті электрокардиография, биотоктарды зерттеуде қолданылатын аспапты – электрокардиограф, ал биотоктарды бейнелейтін қисық сызықты – электрокардиограмма деп атайды. Жүректегі биоэлектрлік құбылыс – немесе жүректі зерттеу тәсілдері – электрокардиограмма (ЭКГ), вектрокардиограмма, фонокардиограмма.
Жүректің жиырылу жиілігін ЭКГ-дан білуге болады. Егер R-R тісше аралығы жақын болса, 80 соққыдан жоғары болса, тахикардия болғаны, ал R-R тісше аралығы алыс болса, 60-80 соққыдан төмен болса, брадикардия болғаны.
2. Қан тамырлары және қанның ағу себептері. Қанның жүректен капиллярларға ағатын тамырларды артериялар, ал тамыр арқылы қан жүрекке ағатын тамырларды Вена деп атайды. Артериялар мен веналар капиллярлар арқылы жалғастырады. Бұлардың қабырғалары тек бір қабат эндотелийден құралғандықтан, капилляр қабырғалары арқылы зат алмасуы болады.
Тамырлар арқылы қан бір бағытта және үнемі ағып отырады. Бір бағытта қанның ағу себебі қан тамырларындағы қысым мөлшеріне және веналардағы бір жаққа ашылатын қалталы қақпақтарға байланысты. Қан тамырларға жүрек жиырылған кезде ғана құйылады да, олардың қабырғалары иілгіш болғандықтан кеңейеді. Ал, жүрек босаңсыған кезде ірі артериялар қабырғалары тарылып, қанды артериялар мен капиллярларға қарай жылжытады.
Қан ағысының негізгі себебі тамырлардағы қысым мөлшерінің әр түрлі болуынан. Қан қысымы дегеніміз жүрек жиырылғандағы қанға берілетін потенциальды энергия. Бұл энергияның мөлшері қан тамыры жүректен алыстаған сайын кеми береді. Қысым мөлшерінен басқа қан ағысына қосымша себептер әсер етеді. Солардың ішінде:
1- қанқа бұлшық еттерінің жиырылуы; 2- вена қабырғаларын созылмалы болуы; 3- веналарда қалталы қақпақтардың болуы; 4- кеуде куысының өзіне қарай соруы; 5- капиллярлар қабырғасында жиырылғыш жасушалар – Руже перициттерінің болуы.
Артериялық қысым қ.ж. 120/80мм сынап бағанасында болады. 120 – систолалық қысым немесе жиырылу, 80-диастолалық қысым немесе босаңсу. Орташа қысым 120-80=40 мм сынап бағанасы.
3. Қан айналымының реттелуі. Қан айналуы тамырларды қозғалатын жүйкелер мен гуморальді факторлар арқылы реттеледі. Тамырлардың қалыпты жағдайын реттейтін жүйкелер тамырды тарылтатын және кеңейтетін болып екіге бөлінеді. Симпатикалық жүйкелер қантамырларды тарылтады, ал парасиматикалық жүйкелер кеңейтеді. Тамырларды кеңейтетін заттарға жататындардың бірі – гистамин. Ол қарын мен ішек қабырғасында пайда болады.
Қан қысымы депрессорлық және прессорлық рефлекстер арқылы реттелінеді. Депрессорлық жүйкесі сопақша мидан басталып аорта қабырғасы арқылы жүректің сол қарыншасын эпикард астында орналасқан. Бұл жүйке аортадағы қан қысым мөлшерін реттейді. Жалпы ұйқы артериясының екіге бөлінетін жерінде синускаротид аймағы орналасқан. Бұл аймақ тіл-жұтқыншақ жүйкелерін әр түрлі рецепторларынан құралған. Ұйқы артериясында қан қысымы көтерілген кезде тіл-жұтқыншақ жүйкесінің барорецепторлары тітіркеніп, осы арқылы сопақша миға беріліп, артерияға жауап кезеген жүйке арқылы жеткізіліп, артерия кеңейеді де, қысым мөлшері төмендейді.
4. Лимфа және лимфа айналымы. Лимфа – лимфа тамырлары мен лимфа түйіндеріндегі сұйық зат. Ол ұлпалық сұйықтың лимфа капиллярларына өтуінің нәтижесінде пайда болады. Лимфа ішкі ортаны қанмен байланыстырады. Лимфаның негізгі қызметі – белоктарды ұлпа аралық қуыстан қанға қайтару. Ол ағзада суды таратуда, сүт түзуде, асқорыту, зат алмасу процестерінде маңызды рөл атқарады.
Лимфа жүйесі – лимфа тамырларынан, лимфа түйіндерінен, көкірек және мойын өзектерінен тұрады. Лимфа капиллярлары құрылысы жағынан қан капиллярларына ұқсас. Олардың эндотелий табақшаларынан түзілген жұқа қабырғалары ұлпааралық қуыстарды астарлай орналасады. Лимфа бауырда қарқынды түзіледі. Ағза массасының әрбір килограмына шаққанда бауырда 21-36 мл, жүректе – 5-18 мл, көк бауырда – 3-12, аяқ еттерінде – 2-3 мл лимфа түзіледі. Салмағы 500 кг сиыр қанына тәулігіне 24 л лимфа қосылады.
Лимфа айналымы: Лимфа жүйесінің тамырлары веналармен қатарласа орналасып, бүкіл денеде тармақталып жатады да, ұлпалардан қанға судың онда еріген кристаллоидтардың коллоидты ерітінділердің оралуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе лимфа капиллярлары торынан басталып, ағзалық майда тамырлар шумағын, арнаулы қақпақшалармен жабдықталған ұсақ және ірі лимфа тамырларын, негізгі лимфа бағандарын, лимфа түйіндері мен дененің басты лимфа өзектерін қамтиды. Лимфа өте баяу жылжиды. Баяу жылжуына қарамастан, лимфа тамырлары арқылы тәулігіне өте көп мөлшерде ұлпадан өтеді.
Өздік бақылау сұрақтары:
Артериальды қысымды өлшеу үшін қандай әдістер қолданылады?
Электрокардиограммада PQ интервалының ұзарғаны нені білдіреді?
Жүрек қақпақшалары, олардың қызметі.
Жүректің өткізгіш жүйесі, оның маңызы.
Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 1 (65-124), 2, 4.
4-дәріс. Тыныс алу жүйесінің физиологиясы
Мақсаты: негізгі тыныс алу кезеңдері, тыныс алу рефлексінің механизмі туралы, тыныс алу жүйесінің реттелу принципін түсіндіру, құрастырылу білімін беру және гемоглобин диссоциациясы қисығына талдау жасау.
Негізгі сұрақтар:
Тыныс алу, оның кезеңдері.
Тыныс алу түрлері және тыныс алу бұлшықеттерінің қызметтері.
Тыныс алу циклі.
Сыртқы тыныс алуды зерттеу әдістері.
Газдардың қан арқылы тасымалдануы.
Тыныс алудың реттелуі.
1. Тыныс алу, оның кезеңдері. Тыныс алу дегеніміз қоршаған орта мен ағзаның жасуша арасындағы газ алмасуы. Сүтқоректілердің тыныс алу арнайы мүшелер арқылы жүргізіледі. Тыныс алу мүшелері танау мен жұтқыншақтан, кеңірдектен, бронх тармандарынан және негізгі тыныс алу мүшесі - өкпеден құралған. Ол көптеген альвеолалардан тұрады. Өкпе кеуде қуысында орналасқан. Кеуде қуысы омыртқа жотасының қабырғалардан, төссүйегі мен диафрагмадан құралған. Өкпе көкірек қабырғасымен тікелей жанаспайды. Олардың арасында плевраның беткейлік (париеталдық) және астарлық (висцералдық) жапырақшаларымен көмкерілген плевра-аралық қуыс болады. Бұл қуыстың пайда болу себептері: 1 - туғаннан соң кеуденің дамуы өкпеге қарағанда жылдамырақ болады. 2 - қабырғаның басы омыртқаның жігімен және омыртқаның қанаты қабырғаның бұдырмағымен әуелгі дем алудан кейін бекітіледі.
Тыныс алу 5 негізгі кезеңнен тұрады:
1. Сыртқы тыныс алу - өкпе көпіршіктері мен атмосфералық ауа арасындағы газ алмасуы немесе өкпенің желдетілуі.
2. Кіші қан айналым шеңбері капиллярларындағы газ алмасуы.
3. Үлкен қан айналым шеңбері капиллярларының қан мен ұлпа арасындағы газ алмасуы.
4. Газдардың қан арқылы тасымалдануы – оттегінің өкпеден ұлпаларға және көмірқышқыл газының ұлпадан өкпеге тасымалдануы.
5. Ішкі тыныс алу – жасуша митохондриясындағы заттардың биологиялық тотығуы немесе ұлпалық тыныс алу.
Алғашқы төртеуін физиология, ал бесіншісін биохимия зерттейді.
2. Тыныс алу түрлері және тыныс алу бұлшықеттерінің қызметтері. Тыныс алу дем алу – инспирация мен дем шығару – экспирация процестерінен құралған. Осы екеуінің кезектесіп отырылуының арқасында өкпенің желдетілуі іске асырылады. Дем алу кезінде өкпе көпіршіктеріне оттегі келіп түссе, ал дем шығарғанда сыртқы ортаға көмірқышқыл газына бай, оттегіге кедей ауа бөлінеді. Дем алу және дем шығаруда ауаның жылжуы көкірек жасушасының кеңеюі мен сығылуының кезектесуімен байланысты. Көкрек жасушасының кеңеюін тудыратын 2 жолы бар: а) қабырғалардың көтерілуін тыныс алу бұлшықеттерінің жиырылуы және б) диафрагманың (көкет) жиырылуы мен босаңсуы.
Тыныс алудың түрлері:
а) қабырғалық (косталдық) немесе көкіректік тыныс алу әйелдерде;
б) іштік (абдоминалдық) немесе көкеттік тыныс алу ерлерде;
в) қабырғалық-іштік немесе аралас тыныс алу ересек малда болады.
Төмендегі факторларға байланысты тыныс алу түрлері өзгереді: жасқа, киімге, мамандыққа, жүктілікке.
3. Тыныс алу циклі - дем алу, дем шығару және тыныс кідірісінен тұрады. Дем алу дем шығарудан қысқа болады. Тыныс кідірісі – тыныс алу циклінің тұрақсыз бөлігі. Тыныс алу қозғалысы белгілі бір ырғақпен және жиілікпен өтеді. Оны 1 минуттағы кеуде жасушаларының қозғалу санымен анықтайды.
Тыныс алу жиілігі – егеуқұйрықтарда минутына 70-120 дейін, адамдарда минутына 12-18 болады. Әсер ететін факторлар: эмоциналдық кернеу, жас ерекшелік, қимыл әрекеттері, температураға, физиологиялық және патологиялық күйіне байланысты өзгеріп отырады. Тыныс алудың жиілеуі – тахипноя, ал сиреуі – брадипноя, тоқтауы – апноя деп аталады.
4. Сыртқы тыныс алуды зерттеу әдістері. Өкпе – қуыс ағза. Ол белгілі мөлшерде ғана ауа сыйғыза алады. Максимальді дем алудан кейінгі барынша толық дем шығаруды өкпенін тіршіліктік сыйымдылығы (ӨТС) дейді. Бұл көлем үш бөліктен құралған:
1- тыныс алу бөлігі (тыныстық ауа)- малдың қалыпты жағдайдағы дем алу мен дем шығаруындағы ауаның мөлшері, адамда 0,5 л, жылқыда 5-6 л., қойда –0,3-0,5 л; 2- қосымша бөлік – қалыпты дем алған соң, дем шығармай қосымша тағы да дем алғандағы ауаның көлемі, адамда – 1,5 л; жылқыда –12 л, қойда –0,5-1 л. 3 -резервті бөлік (қордағы ауа)– қалыпты дем шығарған соң, дем алмай, қосымша дем шығарудағы ауа көлемі.
Сонымен, аталған тыныстық, қосымша және қордағы ауалардың қосыңдысын өкпенің тіршіліктік сыйымдылығы (ӨТС) деп атайды. Адамда ол 3,5-4 л, ал жылқыда 26-30 л шамасында. ӨТС малдың жасына, өнімделігіне, тұқым ерекшеліктеріне және басқа факторларға байланысты өзгереді. Ол арнаулы құрал – спирометр көмегімен анықталады.
Спирометрия – бірінші-реттік өкпелік көлемдердің тіркелуі. Құрғақ және сулы спирометр көмегімен тіркеледі.
Өкпенің жалпы көлемі - тіршіліктік көлем мен қалдық бөліктің қосындысынан құралады. Қалдық бөлік - өкпеде үнемі болатын ауа көлемі (адамда 1л, жылқыды 10 л шамасында). Қордағы (резервтік) және қалдық ауа қосындысы альвеолалық ауаны түзеді.
Спирограмма - өкпелік көлемдері мен сыйымдылықтардың графиктік тіркелуі. Қалдық ауа – максималды дем шығарғанда өкпеде белгілі бір көлемде қалған ауа. 1200 мл.
Пневмограф құралы арқылы тыныс алу қозғалыстарын жазып алуға болады. Тыныс сызығын пневмограмма дейді.
5. Газдардың қан арқылы тасымалдануы. Дем алған кезде өкпеге атмосфералық ауа барады. Ол 79,03% азоттан, 20,9% - оттегіне, 0,03% – көмір қышқыл газынан және 1% оқшау газдардан – аргон, неон, гелий құралған. Дем шығарған кездегі ауаның құрамы: азот 79,7%, оттегі-16%, көмірқышқыл газы – 4,4% болады.
1. Газдардың араласуы- өкпедегі газдардың алмасуы – оттегі көпіршікті ауадан қанға және көмірқышқыл газының қаннан көпіршікті ауаға араласу нәтижесінде іске асырылады. 2. Парциалды қысым – газдың көпіршікті мембрана арқылы қанға өтуге бағытталған күш. Атмосфералық ауаның құрамында барлық газдар алмасуға қатыспайды. Мұның себебі, ағза жасушалары өзіне керекті газдарды таңдап алуына және парциалды (үлес) қысымының айырмасына байланысты. Парциалды – латынның parc- бір бөлек деген сөзінен шыққан. 3. Парциалды кернеулік – ерітілген газдың молекуласы, газдық ортадан сұйықтыққа шығуға бағытталған күш. Егер де, газ қысымы парциалды кернеуліктен жоғары болса, онда газ ериді. Егер, газ қысымы, парциалды кернеуліктен төмен болса, онда газ ерітіндіден газдық ортаға шығады. 4. Газдың қан арқылы тасымалдануы – газдардың негізгі мөлшері байланысқан түрінде тасымалданады. Бос күйінде газдардың аз ғана мөлшері тасымалданады.
Оттегінің тасымалдануы – оттегі қанда гемоглобин байланысқан, яғни оксигемоглобин түрінде тасымалданады. Қанда оттегі парциалды қысым кернеулігінің өсуі оксигемоглобин санын арттырады.
Көмірқышқыл газының тасымалдануы – 3 түрде өтеді:
1. СО2 бос түрінде (физиологиялық ерітілген). 2. Көмірқышқылының қышқыл тұздары (бикарбонат НСО3-). 3. Карбгемоглобин
Эритроцитте СО2 газы сумен байланысып, көмірқышқылын түзеді. Көмір қышқыл газының негізгі бөлімі эритроциттердің ішіне өтіп, онда көмір қышқылы түзіледі. Бұл процесс 1932 жылы Мелдрум мен Рафтон ашқан карбоангидраза ферментінің әсерімен жүреді. Эритроцитке өткен СО2-нің Н2СО3-ке тез айналуына байланысты жасуша ішінде НСО3- ионының концентрациясы жоғарылайды да, ол плазмаға өте бастайды. Олардың орнына плазмадан эритроцитке хлор ионы өтеді де, плазмада натрий иондарының мөлшері артып, олар NaHCO3 түзеді. Веналық қан өкпеге орала отырып, СО2 бөледі. Н2СО3↔ СО2 + Н2О айналады.
Сонымен, газ алмасуға оттегі мен көмір қышқыл газы қатысады, ал азот қанша мөлшерде дем алғанда өкпеге барса, сөл мөлшерде қайтадан айналадағы ортаға бөлініп отырады.
6. Тыныс алудың реттелуі. Тыныс орталығы сопақша мида орналасқан. Кезеген жүйке өкпеде екі түрлі механорецепторлар түзеді. Олардың бірі өкпе ұлпасы керілгенде, екінші – ол созылғанда тітіркенеді. Тыныс орталығына автоматизм қасиеті де тән. Ағзада немесе оның жеке ұлпаларында оттегінің жетіспеуін гипоксия деп атайды. Гипоксия көп жағдайда қан құрамында оттегінің жетіспеуінің (гипоксемия) салдарынан туындайды. А) өзін-өзі реттеу - өкпенің өз механорецепторларымен байланысты өкпенің керілуі мен сығылуы. Б) жүйкелік – тыныс алу орталығы сопақша мида орналасқан. В) гуморальдық - қанның газдық құрамындағы оттегі мен СО2 шамасы биологиялық белсенді заттар – гормондармен реттеледі.
Өздік бақылау сұрақтары:
Тыныс алудың негізгі кезеңдерін атаңыз.
Тыныс алу орталығының негізгі құрылымын атаңыз.
Қандағы газдың парциалды қысымы дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 1 (125-153), 2, 5.
4.5 5-6-дәріс. Асқорыту жүйесінің физиологиясы
Мақсаты: Асқазан-ішек жолдарының, асқазан секреция фазаларының әртүрлі бөлімдеріндегі қызметтер туралы түсінік, секреторлы және моторлы қызметтердің әртүрлі бөлімдерінің асқорыту жолдарының негізгі механизм жайлы білім беру, ашығу, тойыну сезімдерінің механизмін, асқазан-ішек жолдары моторикасының реттелу механизмін түсіндіріп, асқазан-ішек жолдарына зерттеу жүргізу.
Негізгі сұрақтар:
1.Асқорытудың мәні мен маңызы, қызметі.
2.Ауыз қуысындағы асқорыту. Сілекей.
3.Қарындағы асқорыту.
4.Ащы ішектегі ас қорыту.
5.Тоқ ішектегі ас қорыту.
6.Қоректік заттарды сіңіру.
1.Ас қорытудың мәні мен маңызы. Ас қорыту – қоректік заттардың ыдырауы мен сіңірілуі. Ас қорыту жолында қоректік заттар физикалық, химиялық және биологиялық өңдеулерге ұшырап, төменгі молекулалық қосылыстарға (т.м.қ) дейін ыдырайды. Тіршілік орта жағдайына, қоректік заттардың сипаты мен табиғатына байланысты ас қорытудың 4 түрі бар:
а) жасушалық ас қорыту - тығыз немесе сұйық заттарды жасуша ішіне сіңіріп, оларды цитоплазма ферментінің әсерімен ыдырату процесі. Мысалы: амеба. Фагоцитоз – тығыз заттарды сіңіру, пиноцитоз - сұйық тамшы сіңіру.
б) жасушадан тыс ас қорыту – қоректік заттарды ыдырату процестері маманданған жасушадан тыс; Қуыстық – қарын мен ішектің қуысына бөлінген сөлдердегі ферменттермен ыдырайды. Мембраналық – жасушаның сыртқы бетінде мембрана ферменттерімен ыдырайды.
в) сыртта ас қорыту – қоректік заттардың ағзадан тыс ыдырайды. Бұл буынаяқтылар - өрмекшілер де кездеседі.
г) ұжымдық ас қорыту – топтасып азықты қорытады. Мысалы: ара, термит, құмырсқа.
Ас қорыту мүшелерінің негізгі қызметі – қоректік заттарды т.м.қ. дейін ыдыратып, ішек қабырғалары арқылы қанға өткізу. Белок → амин қышқылы, көмірсу → глюкоза, май → жоғарғы май қышқылы + глицерин.
Механикалық өңдеу – ауыз қуысында шайнау, сілекеймен шылану.
Химиялық өңдеу – АІЖ ферменттерінің көмегімен қоректік заттардың химиялық өзгерістерін шапшаңдатып СО2, H2O, NH3 –қа дейін ыдырауы.
Биологиялық өңдеу – қарында және бүйенде алуан түрлі микроорганизмдер ірі азықты тездетіп ыдыратуға көмектеседі.
Асқорыту мүшелерінің қызметі: Секрециялық қызметі - ас қорыту жолына түрлі сөлдер бөлетін бездердің жұмысымен байланысты. Қимылдау қызметі – қарын мен ішектің қабырғасындағы етті қабаттың жиырылу-босаңсу арқылы араласып, шайқалып, астың жылжуымен байланысты. Сіңіру қызметі - кілегейлі қабаттың құрылымдық ерекшеліктеріне және арнайы әрекетіне байланысты. Гормон түзу қызметі – ас қорыту жолының кілегейлі қабығындағы арнаулы эндокриндік жасушалар түрлі биологиялық белсенді полипептидтер бөледі. Экскрециялау қызметі – қажетсіз заттарды ағзадан бөліп шығару.
2. Ауыз қуысындағы ас қорыту шайнау арқылы ауыз қуысында 3 жұп сілекей бездері: алқым безі – жақ асты, шықшыт безі - құлақ асты, бұғақ безі – азықтар шыланып, жұту процестерінен өтеді: шайнау процесін сопақша мида орналасқан жүйке орталығы реттейді.
Сілекей бөлу, құрамы мен маңызы. Сілекей – сірнелі, шырышты және аралас бездер болып бөлінеді. Сілекей құрамында 99,4-99% су және 0,6-1,0% құрғақ зат болады. Құрғақ бөлігінде – белоктар, муцин, ферменттер амилаза, глюкозидаза, бейорганикалық тұздар, Na, K, Cl, Ca, P элементтері боларды. Иттерде бактерицидтік қасиеті бар белок - лизоцим болады.
Сілекей түзу кезеңдері: а) алғашқы өнімдерді түзіп, секрет түйіршіктерін жасау; ә) жасушадан секретті бөлу; б) жасушалардың бастапқы құрылымын қалпына келтіру.
Сілекей бөлу – ауыз қуысындағы сезімтал жүйке ұштарының (механо- және хеморецепторларының қабылданған азық әсерімен тітіркенуінен басталады. Механорецепторлар азықтың консистенциясын, дымқылдығын анықтауға мүмкіндік береді). Хеморецепторлар арқылы мал азықтың дәмін анықтайды.
Ауыз қуысынан қозу толқыны үшкіл жүйкенің тілдік тармағы, тіл-жұтқыншақ жүйкесі, кезеген жүйкенің жоғарғы көмейлік тармағы арқылы сопақша мида орналасқан сілекей бөлу орталығына беріледі.
Сілекейдің рефлекторлық доға құрамымен бөлінуі


1) Ауыз қуысындағы хемо- және механорецепторлар тағамның түсуімен тітіркенеді және олар тітіркендіргіш әсерінен жүйкелік импульске айналады.
2) Жүйкелік импульс бет, тіл жүйке құрамымен сілекей бөлу орталығына жетеді.
3) Сопақша мида ақпарат түзіліп, талданады.
4) Талданған ақпарат вегетативтік жүйке жүйенің (ВЖЖ) парасимпатикалық немесе симпатикалық бөлімінің жүйке құрамымен сілекей бөлу таралады.
5) Сілекей бөлу келген жүйкелік импульс әсерімен сілекей бөледі (қоймалжың сілекей немесе сұйық сілекей бөлінеді). Сұйық сілекей парасимпатикалық бөлімде қызмет атқарса (мыс: лектор, әншілер), ал қоймалжың сілекей симпатикалық жүйкеде қызмет атқарады (мыс: емтихан кезінде студент қобалжығанда).
Сілекей бөлінуінің реттелуі: Жүйкелік - сопақша ми ВЖЖ екі бөлімімен реттелінеді. Парасимпатикалық жүйке жүйе – сілекей бөлуді арттырады, ал симпатикалық жүйке жүйе - төмендетеді. Гуморальдық - гормондармен реттеледі.
Қарындағы ас қорыту
Көп бөлімді қарынның тек бір ғана бөлімінде ферменттер бар. Қарын сөлі бөлінеді, оны нағыз қарын деп атайды. Қарын қабырғасы сірлі, етті және кілегейлі қабықтардан құралған. Етті қабық 3-қабаттан – бойлама, сақинаша және қиғаш еттерден түзілген. Жалғыз бөлімді қарынның кілегейлі қабығында қарын аймақтары мен шұңқырлары болады. Қарында ас қорытуда маңызы зор HCI пепсиногенді – пепсинге айналдырып, бактерицидтік қасиет көрсетеді де, белокты амин қышқылына дейін ыдыратады.
|
|
Қарын
|
| ||
|
|
|
| ||
|
Безді-ішек типтес |
|
Өңеш-ішек типтес | ||
|
|
|
| ||
|
Жалғыз бөлімді |
|
Жалғыз бөлімді |
|
Екі немесе көп бөлімді |
|
|
|
|
|
|
|
Ит Тышқан Мысық |
|
Жылқы Қоян Шошқа |
|
Ұсақ мал Түйеқұс |
Қарын бездерінің сөл бөлу қызметінің реттелуі.
1) Күрделі рефлекстік және милық кезең – шартты және шартсыз рефлекторлық әрекетке негізделген. Шартсыз рефлекторлық әрекет – тамақ дайындау, иіс, түрі қарын сөлін бөлдіреді. Шартсыз рефлекторлар – дистантты рецепторлардың қоздырғышы. Шартты рефлекторлар – ауыз қуысына тағам келіп түсуі, рецепторлардың қозуы.
2) Қарындық және жүйкелік - гуморальдық кезең.
3) Ішектік кезең – қарыннан ас ішекке жылжығанда қарын сөлі бөлінеді.
Қарын қимылы – қарын қабырғасының асты араластыруға, ішекке қарай жылжытып, қарыннан ішекке өтуіне мүмкіндік беретін әрекет жиынтығы.
Қарын қимылының реттелуі:
|
Қарын
|
| ||||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
| |||||||||||
|
Өздік реттелу |
|
|
|
Жүйкелік реттелу |
|
Гуморальдық реттелу |
| ||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
| ||||||||||
|
Қабырғалық Интромуральдық |
|
Қабырғадан тыс Экстромуральдық |
| ||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
| |||||||||||
|
Ауэрбах (етті қабық) |
|
Мейснер (кілегей асты) |
|
Парасимпатикалық (күшейту) |
|
Симпатикалық (бәсеңдеу) | |||||||||||
Жиырылу түрлері:
А) Перистальтикалық жиырылу – 5-20 сек, бір фазалы, төменгі амплитудалы, минутына 3-4 рет қайталанатын жиырылу.
Ә) Ширықпа жиырылу – бойлама және қиғаш қабаттарының толқын тәрізді жиырылуы. 15-20сек, 2-4рет
Б) Систолалық жиырылу - қарын кіреберісінен басталып, 60сек дейін созылады, ол қарын қуысындағы қысымның жоғары кезінде туындайды да, жынның белгілі бір бөлігін ішекке өткізеді.
Зерттеу әдістері: баллонография, рентгенография, электромиография
4. Он екі елі ішектегі астың қорытылуы. Он екі елі ішекке түскен тағам ұйқы безі сөлі, өт сонымен қатар, он екі елі ішек бездерімен (бруннер – ішек бүрлері, ішектің кілегей асты қабығында, ал кілегейлі қабығында – либеркюн бездері орналасқан) бөлінген сөлдер әсеріне ұшырайды. Бруннерлі безбен бөлінген сөл – сілтілі реакциялы, түссіз сұйықтық. Сөлде көптеген кілегей және пепсинге ұқсас белоктық фермент бар. Ас қорыту процесі жүрмегенде, он екі елі ішек рН- қышқыл болғандықтан, ішекке түскенде бейтараптанады.
Ұйқы безі сөлінің (панкреатит) құрамы мен қасиеті. Ұйқы безі сөлі – түссіз, мөлдір, сілтілі сұйықтық. рН 7,8-8,4. Сілтілі бикарбонатты буферлі жүйемен байланысты. Ферменттерге өте бай. Белоктарды ыдырататын ферменттер – трипсин, химотрипсин. Майларды – липаза. Көмірсу – мальтаза, лактаза.
Панкреатиттік сөлдің реттелінуі:
1) кезеген жүйке – сөлдің бөлінуін жоғарылатады.
2
Ауыз
қуысындағы, жұтқыншақтағы
)
симпатикалық жүйке жүйесі – талшықтары
ұйқы безі сөлінің бөлінуін тежейді.

Сөл
бөлінеді
3) гуморальді реттелуі – секретин, холецистокинин арттырса, ал глюкагон, вазопрессин, АКТГ, энкефалин, кальцитонин тежейді.
Ұйқы безі сөлінің кезеңдері: бөліну ұзақтығы 6-14 сағат.
1. Милық кезең – шартты және шартсыз тітіркендіргіштерге негізделген.
2. Асқазандық кезең – асқазанның механо- және хеморецепторлармен тітіркенуі және гастрин көмегімен іске асырылады.
3. Ішектік кезең – асқазаннан тағам он екі елі ішекке өткенде басталады.
Өттің бөлінуі мен оның шығарылуы: Өт бауырда түзіледі. Оның қызметтері: А) Өт ұйқы және ішек бездерінен бөлінетін ферменттерді белсендіреді. Ә) Майды ыдыратып, сіңіреді. Б) Ішек қозғалғыштығын қамтамасыз етеді.
Өттің бауыр жасушаларында түзілуі үздіксіз түрде жүреді. Тағам асқазан және ішекке келіп түскенде ғана жалпы өт жолынан өт ішекке келіп түседі. Асқорыту жүрмегенде бауыр жасушаларында түзілген өт – өт қабына жинақталады. Өт жолындағы өт – ашық сары түсті, қою, кілегей салдарынан тығыз заттары өте көп. Өтте органикалық заттар: өт қышқылы мен пигменті болады. Одан басқа лецитин, холестерин, май, сабын, муцин, неорганикалық тұздар бар, ферменттер болмайды.
Өттің реакциясы әлсіз сілтілі. Тәулігіне 500-1000мл өт түзіледі. Өттік пигменттер – билирубин, биливердин. Билирубин гемоглобиннен түзіледі. Өттің түзілуі – халерез деп аталады. Өттің он екі елі ішекке өтуі – холекинез деп аталады. Сондықтан да, өттің 2 түрі бар:
а) Бауырлық (өт жолы арқылы ішекке), ә) Қалталық (өт қабында жиналады).
Өт қышқылдары гепатоциттерде түзіледі.
Өт бөлінуінің реттелуі: 1) жүйкелік – парасимпатикалық жүйке арттырады, симпатикалық жүйке төмендетеді. 2) гуморальдық – өт, глюкагон, гастрин.
Өттің шығарылуының факторлары: 1) он екі елі ішек пен өт шығару аппараты бөліміндегі қысым айырмасына; 2) бауырдан тыс өт жолдары сфинктерінің жағдайына.
Ащы ішектегі ас қорыту: Ішектік сөл – тұнбалы, тұтқыр сұйықтық, тәулігіне 2,5 л бөлінеді. Бруннерлі бездердің жасушаларында муцин және зимоген. Оның сөлі әлсіз реакциялы, май, белок көмірсу аздап ыдырап, либеркюнді бездер он екі елі ішек кілегей қабырғаларында және барлық ішектерде орналасқан.
Ішек сөлінің құрамы мен қасиеті: Сұйық және тығыз бөлімінен тұрады. Сұйық бөлімінде неорганикалық және органикалық заттар ерітіндісімен қаннан тасымалданатын сұйықтықтар болса, тығыз бөлімінде сарғылт масса, фермент белсенділігі жоғары.
Ішек сөлінің реттелуі: 1) жергілікті механизмдер. 2) гуморальдық фактор.
Ащы ішекте қуыстық және қабырғалық асқорыту болады.
1) Қуыстық - ішек қуысына түскен ас қорыту сөлі және оның ферменттерімен іске асырылады. 2) Қабырғалық ас қорытуда пайда болған мономерлер қанмен лимфаға сіңіріледі. 3) Мембраналық ас қорыту гликокаликс қабатында, мембрана бетінде және микробүрлер жасушалары мембранасының өзінде жүреді. Ащы ішек моторлық қызмет атқарады.
Реттелуі:1) Миогенді – ішек бұлшықет автоматиясы, жиырылуы. 2) Жүйкелік – парасимпатикалық жүйке моториканы жоғарылатады, симпатикалық жүйке моториканы бәсеңдетеді. 3) Гуморальдық – гормондармен реттеледі.
5. Тоқ ішектегі ас қорыту. Ащы ішекте өңделген химус біртіндеп тоқ ішекке өтеді. Химус – ащы ішекке өткен жын ішек сөлімен өтпен және ұйқы безінің сөлімен жақсы араласып, біркелкі қоймалжың заттарына айналады. Тоқ ішек бүйеннен, жиек ішектен (күйіс малында - қимадан, жылқыда – қартадан), тік ішектен тұрады. Тоқ ішектің кілегейлі қабығында бүрлер жоқ та, көптеген бокал тәрізді жасуша болады. Мұнда сөл аз бөлінеді, шырыш көп мөлшерде кездеседі. Сөлдің сутектік көрсеткіші 7,6 – 9,0.
Ас қорытудағы тоқ ішектің рөлі: Ащы ішекте тағам толығымен қорытылып, сіңіріледі, химус тоқ ішекте гидролизге ұшырайды. Гидролиз химус ферменттерімен, микроогрганизмнен және тоқ ішек сөлімен іске асырылады. Тоқ ішек сөлінде энтерокиназа, сахараза, сілтілік фосфатаза мөлшері ащы ішекке қарағанда аз. Көмірсу және май ыдырауымен салыстырғанда, белоктың ыдырауы қарқынды түрде жүреді. Тоқ ішекте белоктардың шіру нәтижесінде NH3, СО2, Н2S және уытты аминдер: крезол, фенол, индол, скатол түзіледі. Бұл заттар қанға өтіп, қан арқылы бауырға өтеді де, бауырда залалсызданады.
Тоқ ішектің моторикасының реттелуі: 1) Жүйкелік – парасимпатикалық жүйке үдетсе, симпатикалық жүйке бәсеңдетеді. 2) Гуморальдық – серотонин, глюкагон төмендетеді.
Дефекация (нәжіс бөлу). Ас қорыту жолында қорытылмаған азық қалдығы тоқ ішек бойымен жылжи отырып, қоюланып, тығыздалып, нәжіске айналады да, тік ішекке өтеді. Ол екі кезеңнен тұрады: 1) Афференттік – дефекацияға мұқтаждық тудыру; 2) Эфференттік – нәжіс шығару.
Реттелуі: Дефекацияның жұлындық орталығынан астаулық жүйкесі құрамында а) парасимпатикалық талшық бойымен келген серпіністерге байланысты, сфинктер тонусы төмендетеді, тік ішек моторикасы жоғарылатады; б) симпатикалық сфинктер тонусын жоғарылатса, тік ішек моторикасын төмендетеді.
6. Қоректік заттарды сіңіру. Сіңіру деп әр түрлі заттардың жасушалар қабаты мен жасуша-аралық кеңістіктер арқылы қан мен лимфаға өтуін қамтамасыз ететін физиологиялық процесті айтады. Сіңіру процесі дененің барлық ұлпасында орын алады, дегенмен оған құрылымы мен қызметі жағынан ас қорыту жолының эпителий жақсы бейімделген. Сіңіру процесін қамтамасыз етуде жасуша мембранасы мен жасуша аралық заттар маңызды рөл атқарады.
Казіргі кездегі деректерге қарағанда қоректік заттарды сіңіру процесі үш жолмен жүреді.
1. Кейбір заттар ішек қуысынан қанға не лимфаға ықпалды тасымалдау нәтижесінде өз концентрацияларының айырмасына байланысты (осмос, сүзілу, диффузия негізінде) өтеді.
2. Қоректік заттар молекулаларының біраз бөлігі пиноцитоз нәтижесінде сіңеді. Бұл жағдайда оларды жеке жасушалар сіңіреді де, одан әрі өзімен бірге ішек қабырғасынан алып өтеді. Пиноцитоз құбылысы жаңа туған төлдерде жақсы байқалады. Мысалы, құлын ішегінің кілегей қабығынан алғашқы 36 сағат ішінде уыз құрамындағы жоғары молекулалы глобулиндердің еш өзгеріссіз өтетіні анықталды.
3. Бұл процестегі ең күрделі құбылыс – заттардың мембраналар арқылы тасымалдануы. А.М.Уголев энтероциттің апикальдық мембранасында бір-бірімен жанаса орналасқан ас қорыту ферменті мен тасымалдаушыдан құралған ас қорыту-тасымалдау ансамблі болатыны жайлы болжам жасады. Бұл теория бойынша ыдырау өнімдері кеңістікте шашырамай ферменттерден бірден тасымалдаушыға беріледі де, ырықсыз (белсенді механизм негізінде) тасымалданады.
Өздік бақылау сұрақтары:
1 Ауыз қуысындағы ас қорыту процесі.
2 Қарынның негізгі секрециялы фазаларын атаңыз.
3 Күйіс малы қарнының құрылымдық және қызметтік ерекшеліктері, ас қорытудағы микроағзалардың маңызы.
4 Ащы ішектегі ас қорыту. Мембраналық ас қорыту және оның маңызы.
5 Тоқ ішекте қандай заттар сіңіріледі?
6 Дефекация, оның реттелуі.
Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 1 ( 154-253), 2.
4.6 7-дәріс тақырыбы: Зат және қуат алмасу
Мақсаты: ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералды заттар және ағзадағы судың алмасуының реттелуі және негізгі кезеңдері туралы түсінік беру. Физикалық және химиялық жылу реттеліс механизмдерін; изотермия, қызба және гипертермия ұғымын ұғу, дененің температуралық схемасын анализдей білу.
Негізгі сұрақтар:
Зат алмасу, биологиялық мәні, процестері мен кезеңдері.
Белоктардың алмасуы мен реттелуі.
Көмірсулардың алмасуы мен реттелуі.
Майлардың алмасуы мен реттелуі. Көмірсу, май, белок алмасуларының өзара байланысы.
Су және минералды заттардың алмасуы.
Витаминдер, олардың маңызы.
Энергия алмасуы.
Зат алмасу, биологиялық мәні, процестері мен кезеңдері.
Зат алмасу – тірі ағзадағы химиялық және физикалық өзгерістер жиынтығы, тіршілік процестерінің химиялық қозғалысы. Зат алмасу 2 қарама-қарсы процестен тұрады:
Ассимиляция (анаболизм) - жоғарғы молекулалық заттардың төменгі молекулалық заттарға дейін ыдырауы, осы кезде жылу жұмсалады.
Диссимиляция (катаболизм) - төменгі молекулалық заттардан күрделі органикалық заттардың түзілуі, мұнда керісінше жылу бөлінеді.
Зат алмасу 3 кезеңнен тұрады:
а) Асқорыту процесі – сыртқы ортадан қабылданған қоректік заттарды ағзада механикалық, химиялық, биологиялық өңдеулерден өткізіп, қорытады.
ә) Асқорыту жолындағы ыдыраған өнімдер қан мен лимфаға өтіп, сіңуі.
б) Ыдырау өнімдерін сыртқа шығару.
Жалпы зат алмасу – қалыпты жағдайда ағзада жүретін күрделі биохимиялық процестер жиынтығы. Негізгі зат алмасу – ағзалардың мұқтаждығын салыстырмалы тыныштық пен ашқарын жағдайында қамтамасыз ететін зат алмасу. Аралық зат алмасу – қоректік заттардың асқорыту мүшелерімен сіңгеннен кейінгі күрделі химиялық өзгерістер жиынтығы. Көмірсу, белок және май, су-минералды заттардың алмасуы болып бөлінеді. Өнімдік зат алмасу – белгілі бір өнімдерде өндіру (сүт, ет, жұмыртқа, жүн) немесе жұмыс атқаруды қамтамасыз ететін зат алмасу процесінің деңгейі. Мысалы, сиыр 1кг шөпті қорыту үшін 461кДж энергия жұмсайды,
Зат алмасуға әсер ететін факторлар: малдың жасы, жынысы, салмағы, тұқымы, азықтандыру деңгейі, физиологиялық күйі, өсу, даму процестері, ірілігі, жыл мерзімдері және т.б.
2. Белок алмасуы мен реттелуі. Белоктың атқаратын қызметтері: 1. Ферменттер; 2. Гормондар; 3. Қорғаныштық; 4. Қоректік; 5. Уытты белоктар – токсиндер; 6. Тасымалдаушы; 7. Жиырылғыштық; 8. ДНҚ-ның қызметін реттейтін немесе генетикалық ақпараттарды тасымалдайтын белоктар.
Амин қышқылдарының ағзадағы синтезделуіне қарай: Алмасуға жататын амин қышқылдар – аланин, аспарагин, глутамин, глицин, пролин, серин. Алмасуға жатпайтын амин қышқылдар – триптофан, фенилаланин, изолейцин, треонин, метеонин, аргинин, лизин, лейцин, гистидин, валин. Жартылай алмасатын амин қышқылдар – гистидин, цистеин, тирозин.
Амин қышқылдар құрамына қарай: құнарлы – алмасуға жатпайтын амин қышқылдар болады; құнарсыз – құрамында алмастыруға жатпайтын амин қышқылдарының біреуі болмайды.
Биологиялық құнды белок – құрамындағы амин қышқылдар ара қатынасы ағзадағы синтездік процестерінің қалыпты деңгейін қамтамасыз ететін белокты айтады.
Ұлпа
белогы
Азық белогы сіңіру АҚ АҚ туындылары
Соңғы өнімдер
Ағзадағы белоктар биохимиялық өзгерістерге ұшырайды.
Аминсіздену – амин тобы аммиакқа айналып, кетоқышқыл түзіледі. Амин тобы аммиакқа айналып, аммоний тұздарын түзіп, зәр арқылы сыртқа шығарылады. Қайта аминдену – бір амин қышқылынан басқа амин қышқылы түзіледі. Карбоксилсіздену – амин қышқылдары айырылып, аминдерге айналады – тирозин-тирамин, гистидин-гистаминге, серин-коламинге және т.б. Күрделі белок алмасуы – нуклеин қышқылдары: ДНҚ, РНҚ. Белок алмасуының соңғы өнімдері – несепнәр, креатин, гиппур қышқылы, құстарда несеп қышқылы.
Азоттық баланс – ағзаға азықпен қабылданған азот, зәр және нәжіс құрамында бөлінген азот мөлшерінің арақатынасы. Белок құрамында 16% болады. Оң азоттық баланс – ағзаға түскен азот мөлшері одан шығарылған азот мөлшерінен артық болса, белок синтезі басым төлдер, жас, буаз малда, аурудан сауығу кезінде байқалады. Теріс азоттық баланс – ағзаға түскен азоттан бөлінген азот мөлшері артық болса, ашығу, ауру, кәрі малдарда кездеседі. Тепе-теңдік азоттық баланс – ағзаға түскен азот пен шығарылатын азот мөлшері бірдей. Қалыпты жағдайда өсу процесі тоқтаған сақа малда байқалады.
Белок алмасуының реттелуі – орталық гипоталамуста орталық сопақша ми, ми қыртысы әсер етеді. Оның екі түрі бар. Жүйкелік реттелу – кезеген жүйке арттырады, симпатикалық жүйке төмендетеді. Гуморальды реттелу – тироксин, өсу гормоны арттырады, минераллокортикоид және глюкокортикоид.
3. Көмірсудың алмасуы мен реттелуі. Асқорыту жолында моносахарид-глюкоза фосфорлану процесінен кейін ғана қанға сіңеді. Гликогенез – бауырда гликоген синтезделеді. Ағзаға көмірсу және т.б. тамақтар түспеген жағдайда гликолиз процесі жүреді. Аэробты гликолиз – қалыпты жағдайда көмірсулар СО2 Н2О АТФ түзіп ыдырайды. Анаэробты гликолиз – оттегі жетіспегенде сүт қышқылына дейін ыдырайды. Глюконеогенез – сүт қышқылынан және т.б. табиғаты көмірсу емес заттардан көмірсу, май, белок түзіледі. Гипогликемия – қандағы қант дейгейінің төмендеуі, гипергликемия – қандағы қанттың артуы;
Гликоген
Тамақ көмірсуы Глюкоза аэробты СО2 Н2О АТФ
гликолиз
Анаэрообты гликолиз глюконеогенез
Сүт қышқылы
Ацетон, ацетосірке қышқылы, бета-оксимай қышқылы түзіледі. Кетонемия, кетонурия, кетоацидоз байқалады.
Көмірсулардың реттелуі: жүйкелік – кезеген жүйке, симпатикалық жүйке; гуморальды – гормондармен реттеледі.
3. Майлардың алмасуы мен реттелуі. Протоплазма майлары – жасуша мембранасы, митохондрия, микросома майлары. Қордағы май – тері шелісінің шарбы, жүрек майы, бүйрек майы. 1г белок және көмірсу тотыққанда 16,7 кДж, 1г май тотықса, 18,9 кДж жылу бөлінеді. Майлардың тотығу мөлшерінде түзілген энергия көп болғанымен, әсіресе, орталық жүйке жүйесі үшін көмірсу энергия көзі болып табылады.
Асқорыту жолында (ішек қуысында) азық құрамындағы майлар 30-40% МАГ, ДАГ және май қышқылына айналады. Глицерин – ішектен оңай сіңіріледі, ал май қышқылы өт қышқылымен әрекеттесіп, холеинді компонент жүргеннен кейін ғана сіңіріледі.
Т
ағам
майы
Глицерин ЖМҚ
липопротеид
Ацетил-КоА
СО2 Н2О АТФ Кетондық дене Холестерин
Майдың реттелуі гипоталамуста орналасқан: жүйкелік – симпатикалық жүйке – липолизді, парасимпатикалық жүйке – липогенезді күшейтеді; гуморальды жолмен реттеледі. Липолиз – майлардың ыдырауы және липогенез – майлардың түзілуі.
Көмірсу, май және белок алмасуы өзара байланысы.
|
Энергияның көзi ретiнде қолданылатын тамақтық заттар: көмiрсулар, майлар, ақуыздар |
Жасушалық биомолекулалар: ақуыздар, полисахаридтер, майлар | ||||
|
диссимляция |
Химия – энергиялық АТФ және НАДФН∙Н+ күйінде
|
ассимиляция | |||
|
Энергиясы төмен, реакция нәтижесiнде түзiлетiн заттар: СО2, Н2О, NH3 |
|
Құрылыстық ақуыздар амин қышқылдары, көмірсулар, май қышқылдары, азоттық негiздер | |||
|
|
Көмірсулар |
Майлар |
|
I Амин қышқылдары |
Моносахаридтер |
Глицерин ЖМҚ III |
|
NH3
|
3- ФГА
ПЖҚ |
II |
|
II
III |
Ацетил-КоА |
СО2 Н2О АТФ І |




Ақуыздар