Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология пәнінің мақсаты (1).docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
101 Кб
Скачать
☆

22.Сана және санасыздық туралы ұғым.

23. Сананың негізгі қасиеттері. Адамның санасының пайда болуы мен оның сипаты психика дамуының ең жоғары, жаңа сатысынан дерек береді. Жануарларға тән психикалық бейнелеуден саналық бейнелеудің айырмашылығы бұл заттасқан шындық болмысты бейнелеу. Ішкі психикалық құбылыстардың болуы, әлемнің субъектив бейнеге енуі адам психикасының мәңгі зерттелетін сыры.

Сана психикасының ерекше сапалық формасы тіршілік эволюциясында өзінің ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен, ол алғашқы рет еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамда ғана пайда болды.

Адамның саналы әрекетінің үш айрықша белгісі бар: 1) адамның саналы әрекеті биологиялық себеп- салдармен байланысы жоқ. Кейбір жағдайларда адам биологиялық қажеттілікке бой сұнбай , оған қарсы шығады; 2) адамның саналы әрекеті жануарлардағыдай заттың сырқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан – жақты тануға бағытталады. Адам нақты көрнекіліктен абстрактілі бейнелеуге өтіп, объектердің астарлы байланыстарына үңіле көз жіберіп, тысчқы бейне формасын ғана емес, тереңдегі заңдылықтарын тануға ұмтыладыда, соларға орай өз әрекет – қылығына бағыт таңдайды; 3) жануар әрекет – қылықтары биологиялық байланыспен бірге, туа беріліп отырса, адамның біліктері мен ептіліктері қоғамдық – тарих желісінде топталған адамзаттық тәжірибені үйрену негізінде қалыптасып, олар оқу арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Адам игілігіндегі әрекет – қылық тәсілдері оның өз тәжірибесінің өнімі емес, өткен әулеттің тарихи – қоғамдық іс - әрекетін игеруден. Адамдағы бұл құбылыс жануарлар болмысында тіпті де болуы мүмкін емес.

Жануарлар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетін қалыптастыратын шарттар:

  • тіршіліктің әлеуметтік – тарихи сипаты;

  • өмірдің қоғамдық еңбекпен байланысы;

  • еңбек құралдарын дайындап, пайдалана білу;

  • тілдік қатынастың пайда болуы.

Сана - психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста әрекет жасауына мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да алады. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И.П.Павловтың сөзімен айтқанда, «болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруде жоғары бағдарлықты» қалыптастырады.

24. Ойлау операциялары:

Салыстыру- шынайы әлемдегі заттар мен құбылыстар арасындағы ұқсастық пен айырмашылығын ажыратушы операция. Анализ-ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Осылай бөлу арқылы анализ заттың қасиеттерін, түсін, формасын, процестің жылдамдығын және т.б. білуге мүмкіндік береді. Синтез- ой арқылы құбылыстар мен заттардың бөліктерін тұтас ету. Ол анализге қарама-қарйшы операция жерде жатқан затты көріп, біз оны түсінеміз. Оның қалай жұмыс істейтінін білеміз. Анализ бен синтез негізінде салыстыру пайда болады. Ойлау операцияларының күрделі түрі-абстракция мен нақтылау. Абстракция-шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция деп атайды. Нақтылау- жеке нәрселер мен заттар туралы ой. Мысалы: қандайда бір затты елестету керек болса, біз оны алуан түрлі белгілерімен елестетеміз.Мысалы, «үстел» десе, жазбаша үстел, жұмыс үстелі т.б.

Шығармашылық ойлау. Шығармашылық ойлау механизмдері. Психологтар адамның ерекше, жаңа шығармашылық тапсырмаларды қалай шешу қажет екенін түсіну үшін көп күш жұмсаған. Шығармашылық ойлау дегеніміз не деген сұраққа алғаш жауап бергендердің бірі болған ДЖ. Гилфорд болған.

25. Сөйлеу – басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау үшін адамның тілді практикада қолдануы.Тіл – қарым-қатынас құралы.

Сөйлеудің қасиеттері:

  • Мазмұндылығы-шындықпен байланысы;

  • Түсініктілігі- сөйлемнің дұрыс болуы;

  • Әсерлігі-эмоцияға байланысты ;

  • Ықпалдылығы–бұйрық, өтініш, кеңес, нұсқау түрінде көрінеді.

Сөйлеудің қызметтері:

  • Көрсету функциясы-өзнің адамға сезімін, эиоциясын т.б. көрсету.

  • Әсер ету функциясы-;

  • Тағайындау функциясы-ат қою;

  • Ақпараттау функциясы

Сөйлеудің түрлері:

  • Монологты сөйлеу бір адамның сөзі, жүйелі, мақсатты, жоспарланған.

  • Диалогты сөйлеу;

  • Ауызша сөйлеу;

  • Жазбаша сөйлеу;

Іштей сөйлеу.