- •1.Психология пәні, мақсаты, міндеті
- •2.Психологияның даму тарихы.
- •3. Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері
- •4.Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы.
- •6. .Психология ғылымның негізгі салалары
- •7. Қабылдаудың негізгі қасиеттері
- •8. Түйсіктің заңдылықтары.
- •9.Психикалық қасиеттерге сипаттама
- •10. Психология ғылымының даму тарихы
- •11. Қабылдау, оның физ.Негізі
- •12. Ес. Естің негізгі түрлері
- •13. Қабылдаудың түрлері мен ерекшеліктері.
- •15. Ерік. Еріктің қандай негізгі қызметтері
- •18.Танымдық процестерге шолу.
- •20. Темпераменттің физиологиялық негіздері.
- •22.Сана және санасыздық туралы ұғым.
- •24. Ойлау операциялары:
- •26.Зейін, оның қызметтері және түрлері
- •27. Темперамент типтері
- •32. Эмоцияның негізгі түрлері
- •34.Қабілет және нышан
- •35.Қабілеттің даму деңгейі және дербес ерекшелігі.
- •46.Ойлай және қабылдау.
- •48.Тұлға туралы теориялар
- •49.Ойлау операциялары:
- •53.Мінез типологиясы.(Личко бойынша)
- •60.Ерік туралы жалпы түсінік.
15. Ерік. Еріктің қандай негізгі қызметтері
Ерiк деп адамның өзiнiң психикасы мен қылықтарын саналы басқару қабiлетiнен көрiнетiн қасиеттi атайды. Ол саналы қойылған мақсатқа жету жолында кездескен кедергiлердi жеңуден көрiнедi. Ерiк адам психикасының маңызды құрауышы болып табылады және мотивтермен, таным және эмоциялық процестермен тығыз байланысты. Ерiктiң негiзгi функциясы (қызметi) өмiр әрекетi барысындағы қиын жағдайларда белсендiлiктi саналы түрде реттеуден тұрады. Сонымен қатар, ерiктiң өзге екi қызметiн бөлiп көрсетуге болады: белсендiрушi және тежеушi. Ерiктiң арқасында адам өз қалауы бойынша, саналы ұғынылған қажеттiлiктен шыға отыра, алдын ала ойлаған, жоспарлаған әрекеттерiн жүзеге асыра алады. Ерiк белгiленген мақсатқа жету жолында адам бойын кернеген эмоция мен сезiмдердi тежеп отыратын, қуаныш пен қызығу тудырмайтын, алайда қажеттi iс үшiн жағымды жайттардан бас тартуға мәжбүрлейтiн мiнез-құлықтың реттеушi қасиетi боп табылады. Сонымен, ерiк бiр жағынан, адамның әрекетiн бағыттайды не тежейдi, екiншi жағынан, белгiлi бiр талаптар мен мiндетттерден шыға отыра психикалық iс-әрекеттi ұйымдастырады. Адам жұмысқа бөгет болатын болса, қызығулардан, ойындардан, ұнайтын iстерiнен, шылым шегу, арақ iшуден бас тартуы мүмкiн. Дәл осы жерде ерiк өзiнiң басты қызметiнiң бiрi – тежегiштiк қасиетiн көрсетедi. Ерiктiк актiнiң елеулi белгiлерiнiң бiрi ол әрқашан да күш жұмсау, шешiм қабылдау ж/е оны жүзеге асырумен байланысты. Ерiктiк психологиялық құбылыс ретiндегi тағы бiр белгiсi – бұл жүзеге асырылатын iс-әрекеттiң ойластырылған жоспарының болуы. Жоспары жоқ не алдын ала белгiленген жоспар бойынша орындалмайтын әрекеттi ерiктiк деп санауға болмайды.
Психологияның негізгі зерттеу әдістері, салаларына толық тоқталу.
Бақылау әдісі психологиядағы ескі және бір қарағанда өте қарапайым әдіс секілді. Ол әдеттегі өмір сүру жағдайындағы адамның қызметіне бақылаушы кіріспей, жүргізілетін жоспарлы бақылауға негізделеді. Бұған психологияда бақыланатын құбылыстарды толық және дәл сипаттау, сонымен бірге оларды психологиялық тұрғыдан түсіндіру жатады. Міне психологиялық бақылаудың басты мақсаты осы: ол деректерге сүйене отырып, олардың психологиялық мазмұнын ашу. Ауызша сауал, әдетте зерттелушінің реакциясы мен мінез-құлқына бақылау жасау үшін қолданылады. Сауалдың бұл түрі жазбашаға қарағанда адам психологиясына терең бойлатады, себебі зерттеушінің қоятын сұрақтары зерттелушінің мінезіне қарай түзетіле алады. Мұндай нұсқа көп уақытты, арнайы дайындықты қажет етеді, өйткені жауаптардың объективтілігі зерттеушінің мінезі мен тұлғалық ерекшеліктеріне де байланысты.
Жазбаша сауал, аз уақыттың ішінде көптеген адам санын қамти алады. Мұның ең көп тараған түрі – анкета. Оның кемшілігі мынада, қойылған сұрақтарға зерттелушілердің реакциясын біле алмайсың және зерттеу барысында оның мазмұнын өзгерте алмайсың.
Еркін сауал, жазбаша және ауызша саулнаманың бір түрі, мұнда қойылатын сұрақтар алдын ала белгілі болмайды. Мұндай сауалнамада зерттеудің тактикасы мен мазмұнын оңай өзгертуге болады, онда зерттелуші жайлы әртүрлі ақпарат алуға болады.
Стандарттанудың негізгі мәні мынада екі адамның немесе бірнеше топтың психологиялық зерттеулерінің нәтижелерін салыстырғанда қате аз болуын қамтамасыз ету үшін, бірдей әдістерді яғни сыртқы жағдайға қарамай бірдей психологиялық мінезді өлшейтін әдісті қолдану керек.
Мұндай психологиялық әдістерге тест жатады. Бұл әдіс жиі қолданылады. Ол психологиялық құбылысқа дәл және сапалы мінездеме бере алатындықтан, сонымен қатар алдымен шешілуі қажет практикалық мәні бар нәтижелерді салыстыруға болатындықтан тиімді. Объективті мәліметтерді зерттелетін қасиет бөлініп, дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалуға негізделген эксперимент - әдістің көмегі арқылы алуға болады. Зерттелетін феноменнің басқа феномендермен себептік байланысы жайлы, құбылыстың пайда болуы мен дамуын ғылыми тұрғыдан түсіндіретін басқа психологиялық әдістерге қарағанда, эксперимент ең сенімдісі. Эксперименттің екі түрі бар: зертханалық және табиғи. Олар бір-бірінен эксперимент жүргізудегі жағдайлармен ажыратылады.
Басқа әдістерге қарағанда тесттер мәліметтерді жинау мен оларды өңдеу, оларды психологиялық түсінуге болатындығымен ажыратылады. Психологиялық әдістердің бірі – моделдеу. Ол дербес әдіске жатады. Ол басқа әдістерді қолдану қиындағанда ғана жүргізіледі. Олардың ерекшелікгі белгілі бір психологиялық құбылыс жайлы ақпаратқа сүйенетіндігінде, екінші жағынан оны қолданғанда сыналушы қатыспайды немесе нақты жағдай есепке алынады. Сондықтан моделдеудің әр түрлі әдістерін объективті немесе субъективті әдістерге жатқызу қиын.
Көрсетілген әдістерден басқа психикалық құбылысты зерттейтін басқа да әдістер де бар. Мысалы, әңгімелесу - сауалнаманың бір нұсқасы. Сауалнамаға қарағанда әңгімелесу әдісі процедураны жүргізудің еркіндігімен ерекшеленеді. Әдетте әңгімелесу жайлы жағдайда өтеді, ал сұрақтар сыналушының жағдайы мен ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады. Басқа әдіске құжаттарды зерттеу әдісі немесе адамның қызметін талдау әдісі жатады. Психикалық құбылыстарды зерттеу барысында әр түрлі әдістерді кешенді түрде қолданғаннан зерттеу тиімді болатынын ескерген жөн.
17. И.Канттың топтастыруы бойынша темперамент тек адам мiнез-құлқы мен психикасының динамикалық ерекшелiктерiне ғана сүйенiп қоймай, мiнезге де байланысты болады. Себебi ересек адам психологиясында темперамент пен мiнез ажырағысыз. Сонымен қатар, темперамент қасиеттерi әлеуметтiк ортадағы адамдардың әрекеттерiмен тығыз байланысты. Темперамент түрлерiн жақсы немесе жаман деп бөлуге болмайды. Олардың әр қайсысының жақсы және жаман жақтары бар. Мысалы: сангвиниктер тез реакциялы, өмiрдiң өзгеруiне тез бейiмделедi, жұмыстың басталу кезеңiнде жоғары жұмыс қабiлеттiлiгi басым,бiрақ соңына қарай қызығушылығының тез өзгеруiнен, тез шаршайтындықтан жұмыс қабiлеттiлiгi төмендеп кетедi. Меланхоликтер керiсiнше, жұмысқа баяу кiрiсiп, ұзақ уақыт бойына жұмысқа деген төзiмдiлiгiн сақтайды. Олардың жұмыс қабiлеттiлiгi жұмыс басында емес, ортасы мен аяғында басым болады. Сангвиниктер мен меланхоликтер жұмыстарының сапасы бiрдей, айырмашылықтары әр кезеңдегi жұмыс динамикасында.
Холерик аз уақыттың iшiнде ойы мен iс-әрекетiн жинақтай алады, бiрақ ұзақ жұмыс барысында төзiмдi емес. Флегматиктер керiсiнше, тез жинақтала алмайды, бiрақ жұмыста ұзақ және мақсатына жеткенше белсендi бола алады.
