- •1.Психология пәні, мақсаты, міндеті
- •2.Психологияның даму тарихы.
- •3. Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері
- •4.Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы.
- •6. .Психология ғылымның негізгі салалары
- •7. Қабылдаудың негізгі қасиеттері
- •8. Түйсіктің заңдылықтары.
- •9.Психикалық қасиеттерге сипаттама
- •10. Психология ғылымының даму тарихы
- •11. Қабылдау, оның физ.Негізі
- •12. Ес. Естің негізгі түрлері
- •13. Қабылдаудың түрлері мен ерекшеліктері.
- •15. Ерік. Еріктің қандай негізгі қызметтері
- •18.Танымдық процестерге шолу.
- •20. Темпераменттің физиологиялық негіздері.
- •22.Сана және санасыздық туралы ұғым.
- •24. Ойлау операциялары:
- •26.Зейін, оның қызметтері және түрлері
- •27. Темперамент типтері
- •32. Эмоцияның негізгі түрлері
- •34.Қабілет және нышан
- •35.Қабілеттің даму деңгейі және дербес ерекшелігі.
- •46.Ойлай және қабылдау.
- •48.Тұлға туралы теориялар
- •49.Ойлау операциялары:
- •53.Мінез типологиясы.(Личко бойынша)
- •60.Ерік туралы жалпы түсінік.
53.Мінез типологиясы.(Личко бойынша)
А.Е. Личко бойынша мінез акцентуация түрлерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
Мiнез акцентуациясы А.Е.Личко бойынша: жас өспiрiмдердi бақылауға негiзделген, нақты бiр мiнез күшейуiн қарастырды, ол сыртқы жағдайларына байланысты.
Гипертимдi тип- қозғалмалылық, қарым-қатынасқа бейiм жасөспiрiм. Шуды жақсы көредi, тынымсыз ортада болуды қалайды. Көңiл-күйi өте жақсы болады, оқуы бiр қалыпты емес, бiр орында отыра алмайды,тәртiпсiздiк байқалады.
Циклоидты тип- апатияға бейiм, тез қозады, көбiнесе өзiмен өзi жалғыз қалғанды ұнатады. Барлық нәрселердi жүрегiне қатты алады. Екi үш апта сайын көңiл-күйлерi көтерiңкiден өзiне кетiп қалуға ауысады. Ескертулер жасағанда ашуланады.
Лабильдi тип- көңiл-күйi ауа райы секiлдi тез өзгередi, оған әр түрлi қарапайым нәрселер (бiреудiң көзқарасы, амандаспауы, бiр нәрсеге ден қоюы) себеп болады. Олардың мiнез құлқы уақытша көңiлге байланысты. Казiргiсi мен болашағы өзiнiң көңiлiне ұқсас болады, бiресе көңiлде, бiресе түңiлiп те қалады.
Астено-невротикалық тип- қозғыш, шаршағыш, қырсық, Ақыл-ой жұмыстарына тез шаршайды.
Сензитивтi тип-жоғары сезiмталдық тип. Қозғалыс, құмар ойындарын жақсы көрмейдi, үлкен компанияларда болуды қаламайды. Бейтаныс адамдармен ұяң, ұялшақ болғандықтан тұйық болып көрiнедi. Тек жақын адамдарына ғана ашық сөзшең болады, өзiнiң қатарластарынан гөрi үлкен кiсiлермен, кiшкентайлармен болуды ұнатады. Үлкендердiң тiлiн алады, ата-аналарына жақын келедi. Ондай адамдарда''кемiстiк комплексi''болады.
Психо-астеникалық тип- интеллектiсi тез дамиды, өзiн-өзi және басқаларды бағалауға бейiм, көп ойланып талқылауды ұнатады, бiрақ iс жүзiнде емес, сөз жүзiнде ғана мықты. Өзiне-өзi тым сену шешiмсiздiкпен байланысты. Абайсыз, салғырт, кенеттен шешiм қабылдайды.
Шизоидты тип- тұйық, өз қатарластарымен болғаннан гөрi үлкендермен болғанды ұнатады. Басқа адамдарға қызығушылығының жоқ екенiн, немқұрайды екенiн көрсетiп, олардың жағдайына көңiл бiлдiре алмайды. Iшкi жан дүниесi қиялға толы. Сырттай өз сезiмiн көрсете бермейдi, маңайындағылар оны түсiне бермейдi.
Эпилептоидты тип- көп жылап басқаларды мазасыздандырады. Ондай балалар кiшкентайлар мен жануарларды ренжiтедi, өздерiн диктатор деп санайды. Олар қатiгез, өзiн-өзi жақсы көредi, билеушi.
Истероидты тип- үнемi ортада болуды қалайды, басқалардың алдында өзiн суреттеп көрсетедi. Олар басқа бiреудi мақтағанды, басқаларға көңiл бөлгендi жақтырмайды. Тек қана оны мақтап жүргендi ғана ойлайды. Көпшiлiк ортасында лидер болғанды ұнатады.
Тұрақсыз тип- ерiк-жiгерсiз, өзен ағысы бойынша өмiр сүредi. Той-томалақ жұмыссыздықты жақсы көредi. Талғаусыз, бәрiне қызығады. Өзiнiң болашағы жайлы ойламайды, кәсiби қызығушылығы жоқ.
Конформды тип- негiзгi ерекшелiгi барлығы сияқты болу. Өзi үшiн досын да сатып кетедi, бiрақ не iстесе де оған себеп табады.
