- •1.Психология пәні, мақсаты, міндеті
- •2.Психологияның даму тарихы.
- •3. Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері
- •4.Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы.
- •6. .Психология ғылымның негізгі салалары
- •7. Қабылдаудың негізгі қасиеттері
- •8. Түйсіктің заңдылықтары.
- •9.Психикалық қасиеттерге сипаттама
- •10. Психология ғылымының даму тарихы
- •11. Қабылдау, оның физ.Негізі
- •12. Ес. Естің негізгі түрлері
- •13. Қабылдаудың түрлері мен ерекшеліктері.
- •15. Ерік. Еріктің қандай негізгі қызметтері
- •18.Танымдық процестерге шолу.
- •20. Темпераменттің физиологиялық негіздері.
- •22.Сана және санасыздық туралы ұғым.
- •24. Ойлау операциялары:
- •26.Зейін, оның қызметтері және түрлері
- •27. Темперамент типтері
- •32. Эмоцияның негізгі түрлері
- •34.Қабілет және нышан
- •35.Қабілеттің даму деңгейі және дербес ерекшелігі.
- •46.Ойлай және қабылдау.
- •48.Тұлға туралы теориялар
- •49.Ойлау операциялары:
- •53.Мінез типологиясы.(Личко бойынша)
- •60.Ерік туралы жалпы түсінік.
34.Қабілет және нышан
Қабілет анықтамасы. Әрқандай іс- әрекетке байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс.Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдына, қайталанбас көрінісінен жеке адам қабілеті деп аталады. Адам болғанның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі, біріншісі – психологиялық құбылыс емес, екіншісі – баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілеттердің табысты іс - әрекетпен байланыстылығын баса айтумен, тиімді нәтижеге негіз боларлықдара өзгермелі адам қасиеттерінің шеңберін тарылта қарастыру керек.Қабілет өз ішінде әртүрлі психофизикалық қызметтер мен психикалық процестерді ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның барша даму деңгейін қамтыған әрі оларға тәуелді күрделі бірігім.
Қабілет – білім, дағды, ептіліктерді игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу аспауы көп жәйттерге тәуелді. Білім, ептілік және дағдылардың игерілуімен олардың қабілетпен тікелей байланысы көріне бастайды, яғни іс - әрекетті игеру барысында қатыса отырып, қабілет одан әрі дамиды, іс - әрекетке жаңа мазмұн мен сипат береді.
Іс - әрекеттің нәтижесі, орындалу деңгейі мен тәсілдерінің тиімділігі қабілетке тәуелді.
Қоғамның әр тарихи даму кезеңінде қалыптасқан әлеуметтік жағдайлардан мүмкін болар қабілеттер өрістей түседі не кедергілерден сөніп кетеді, нақты іс жүзінде көрініп не пайдалану сәті болмай қалады.
Әрбір адамның іс - әрекетті орындау тәсілі сол адамның психикалық таным процестерінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты.
35.Қабілеттің даму деңгейі және дербес ерекшелігі.
Қабілеттерді бірнеше сипаттамалар арқылы сипаттайды. Ол сапалық пен сандыққа ие болады. Сапалық бойынша жиі жалпы қабілеттер (білімдерді игерумен іс-әрекеттердің әртүрлі түрлерін жүзеге асыруда өнімділік пен оңайлықты қамтамасыз ететін, тұлғаның индивидуалды – ерікті қасиеттер жүйесі) және арнайы немесе жекеше (қандай да бір арнайы іс-әрекет аумағында – музыкалық, сахналық, математикалық, жоғары нәтижелерге жетуге көмектесетін, тұлғаның қасиеттер жүйесі). Жекеше қабілеттердің нышандарда ерекше қолайлы (оларды сензитивті деп атайды), соның барысында айқын көрінетін кезеңдер болады. Музыкалық, математикалық қабілеттер әдетте ерте, яғни 5 жасқа дейінгі кезеңде, баланың музыкалық есі мен естуі белсенді дамыған кезде көрінеді. Ал лингвистикалық және көркемдік қабілеттер – сәл кейінірек. Басында тек қана таланттардың нышандарының дамуына деген психиканың ерекше сезімталдық кезеңін сипаттай келе, соңында Н.С. Лейтеспен қолданылатын сензитивтік кезең түсінігі әртүрлі психикалық функциялардың (форманы, сөйлеудің дыбыстық жағын қабылдау) дамуының оптималды кезеңін сипаттап, даму психологияда толығымен қолданыла бастады
36.Эмоция туралы жалпы ұғым.
Эмоция - бұл ерекше психикалық құбылыс, әсерiмен бiрге, адамдардың уайым түрiнде өзiне пайдалы әртүрлi құбылыстар мен заттардың субъективтi бағалануы мазмұнының көрiнiсi. Кез келген адамда пайда болатын эмоция оның негiзгi iшкi өмiрлiк сигналы болып табылады және келесi ойымен әрекетiн басқарып бағдарлайды.Эмоция-айналадағы заттар мен құбылыстарға жағымды жағымсыз қатынастын сәулеленуі.Эмоцияның алгашқы және маңызды функциясы-адам үшiн қоршаған заттардың, құбылыстардың адамдардың әсерлi оқиғалардың өз ойларының жоспарларының шешiмдерiнiң субъективтi мәнiн бастапқы бағалау. Эмоциялар адам үшiн әртүрлi өмiрдегi оқиғаларда, адамдарға және өзiне сенiмдi бағдар жасауға мүмкiндiк беретiн компас ролiн атқарады.Эмоцияның түрлері:Қуаныш эмоциясы адамның мүмкiншiлiктерi және негiзгi тұлғалық қасиеттерiн жүзеге асыруда пайда болады.Қоршаған әлеммен және басқа адамдармен, өзiмен қанағаттану сезiмiмен және өмiрге қанағаттану күйi.Оптимизм және мүмкiншiлiгiн кеңейту күштiң көбею сезiмiнен байқалады.Ұялу эмоциясы.Субъект өзiн басқалармен салыстырғанда жаман, қолынан ештеңе келмейтiн, әлсiз, кiшкентай, ешнәрсеге жарамайтын, ақымақ, тартымсыз, жол болмағандай сезiнедi.Ұялудың жеңiл формасы-қызару.Мақтаныш эмоциясы.Ұялуға қарама-қарсы эмоциялық күй – мақтаныш эмоциясы. Ол моральдық-эстетикалық талаптардың жоғары деңгейiнде туындайды. Ол өзiнiң мағыналығын, артықшылығын, құндылығын басқа адамдардан жақсы лебiздер естiген кезде сезiнедi.Айну эмоциясы субъектiнiң моральдық-эстетикалық талабына сәйкес емес жағдайларда, объектiлерге, құбылыстарға немесе адамдарға туындайды.Айну эмоциясы сәйкес объектiнi өзгертудi, жақсартуды, жетiлдiрудi, жою немесе алшақ жүрудi тудырады. Жек көру эмоциясы айнуға мағынасы ұқсас келедi, бiрақ өзiнiң қосымша ерекшелiгi бар. Ол сәйкес объектiнi өзгертудi, жақсартуды, жетiлдiрудi, жою немесе алшақ жүрудi тудырады. Сонымен қатар ол жек көрген адамнан немесе топтан өзiн алшақ ұстап, өзiнiң артықшылығын, ар-намысын сезiнедi. Қорқыныш эмоциясы адамның тұлғалық немесе дене бiтiмiне өмiрiнде қауiптiң төнуi кезiнде пайда болады. Қауiп төну деңгейiне байланысты сенiмсiздiк жағдай, мазасыздану, жамандықты сезiну, қауiптiлiгiн қамтамасыз ете алмау, қауiп, күштi қорқыныш бақылауға келмейтiн аффектiге айналуы мүмкiн. Адам өзiнiң күштiлiгi немесе батылдығы осы сезiмдерден өткенде бағалайды. Қызығушылық - ой-өрiстi кеңейту, бiлу, зерттеу ықыласы, бiреуге немесе бiр нәрсеге әуесқойлық және сезiм құшағында күйзелу. Тиiмдi, әсiресе, танымдық мотив (түрткi) iс-әрекеттiң мағынасына сәйкес және күштiлiгi жеткiлiктi көрiнедi. Зерігу эмоциясы. Субъектiнiң тиiстi пәнiмен немесе ақпараттармен ерекше қарым-қатынас және жаңа жағдаяттармен қақтығысқанда қызығушылық эмоция күшейедi. Таңырқау, қызығу эмоциясына жақындау, қарама-қайшылық, ерекшелiк, жаңа ұқсас жағдаяттарда туады.Күштi танымдық мотив ретiнде көрiнедi, соңғы әрекеттердi итермелейдi, яғни, айқындау, бiлу, анықтау, көз жеткiзу т.б.
