Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология пәнінің мақсаты (1).docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
101 Кб
Скачать
☆

18.Танымдық процестерге шолу.

Ассоциация – белгілі заңдалақтарға байланысты психикалық құбылыстардың байланысты болуы

Аффект – «жан толқуы» деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл-күйінің айқын көрінісі. Бұрқ етіп бір сәтті сананың бақылауынан шығып кететін күй.

Инстинкт – ағзаға туа берілген шартсыз рефлекстердің негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы.

Қажеттілік – адам мен жануарлардың тіршілік етуі мен қажеттіліктерін қанағаттандырудағы белсенді іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысына байланысты. Бұл – ағзаның ішкі жағдайы мен күйін сақтауы.

Рефлексия – латынша «бейнелеу» ұғымын береді. Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан-дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.

Байланыстар құру қажеттілігі – Э.Фромм бойынша адамның басқаларға қамқорлық жасауға бағытталған базистік қажеттілігі.

Ғашықтық – адамның сексуалдылық қажеттілігінің тура немесе тоқтап қалған кезде пайда болатын сезімі және әсері, яғни ғашықтық объектісі өзіне нарцисстік «Мен» либидо бөлігіне өзіне тартып алады.

Жек көрушілік – субъектінің өзіне қатысты бағалығы мен түсінігіне кері әсер ететін, қарама-қарсы сезім

Махаббат – адамның өз-өзіне және өзгелерге қатынасының өнімді формасы. Ол жауапкершілікті, қамқорлықты, сыйлауды, өзгені білуді және ол адамның өсуі мен дамуына мүмкіндік жасауға талпынуды болжайды. Бұл тұлғалық тұтастығы өзгеріссіз қалуы шартты болған жағдайдағы екі адам арасындағы жақындықтың байқалуы. Махаббат – субъектінің өмірге деген қажеттілігі мен қызығушылығын оның объектісінен бөліп басқа өмірлік қажеттіліктердің ортасына орналастыратын эмоциялық қарым-қатынастың жоғарғы бөлігі.

Ойлау – ми қабығының күрделі формадағы анализдік – синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал (сөйлеу) жүйесінің уақытша нерв байланыстары жектеші рөл атқарады.

Ұғым - біртекті бір атаулы заттар мен құбылыстарды түсіндіреді.

Пікір – заттар мен құбылыстардың арасындағы байланыстардың бекітілуі (қыс келді-қар жауды).

Дедукциялық - жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы.

Индукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы.

Аналогия дегеніміз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.

Т.б. ұғымдар

19. Іс-әрекет анықтамасы. ІС-ӘРЕКЕТ (Деятельность.) – Барлық тіршілік иелері қоршаған әлеммен өмірге маңызды байланыстарды бірқалыпты ұстап немесе түрлендіре отырып, өзіндік жауап қайтара алады. Адамның іс-әрекеті күрделі құбылыс. Оның түрлі жақтарын әр түрлі ғалымдар зерттеді. Іс-әрекет-адамның ақиқат дүниемен өзара белсенді әрекеттестігінің іс жүзіндегі көрінісі. Психология-іс-әрекеттің психикалық жағын зерттейді. А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша, іс-әрекет – құрамына психика енетін, обьекті мен субьект арасындағы шынайы байланыс. Жеке адам қандайда бір іс-әрекетті орындай отырып, қабылдайды, есте сақтайды, ойлайды, зейін салады, оның үрдісі кезінде адамда эмоциялар пайда болады, еріктік қасиеттер көрінеді, қатынастар, көзқарастар қалыптасады және т.б.Психикалық деп аталатын, адамның күйлерінің, ерекшеліктерінің және үрдістерінің жүйесі іс-әрекетте білінеді, дамиды, қалыптасады. Адамның әлеуметтік-тарихи дамуы барысында қоғамдық ерекше қажеттілік ретіндегі теориялық іс-әрекет, яғни ой еңбегі пайда болған. Іс-әрекет құрамына іс-әрекетті қозғаушы түрткі, іс-әрекетті бағыттаушы мақсат пен нәтиже, іс-әрекетті жүзеге асырушы құралдар қамтылады. Іс-әрекет түрткісі адамның түрлі қажеттіліктеріне қызығушылығына, жауапкершілігіне, сезіміне, санасына қызмет етеді. Іс-әрекетке түрткі белгілі бағыт береді. Түрткінің мазмұны мен сапасына лайық адамның тұрақтылығы байқалады, көздеген мақсатына жетеді. Тұлға іс-әрекет арқылы тәжірибе жинақтайды, шындықты игереді, іскерлігі артады, дамиды.

Адам жасалатын әрекетті бейне және ой түрінде алдын ала жобаланған әрекетпен салыстырады. Егер іс-әрекет үрдісін үлгі түрінде көрсетсек, онда ішкі жобадағы құрылымдар мынадай ретпен жасалады: қажеттілік -мотив-мақсат-міндет, ал бұл кездегі сыртқы жоба көрінісі мынадай: іс-әрекет-қылық-операция-қозғалыс. Таза ішкі, таза сыртқы әрекеттердің болмайтынын естен шығармау керек. Қажеттілік-рухани және материалдық болады. Психологияның міндеті мынада: іс-әрекеттің «сыртқы жағын» зерттей отырып, «ішкі жағын» ашу, нақтырақ айтқанда, психиканың іс-әрекеттегі шынайы рөлін түсіну.

Іс-әрекет- бұл адамның әлеммен қарым-қатынастарының динамикалық жүйесі.Осы қатынастар кезінде обьектіде психикалық бейне пайда болады. Мінез-құлық дағдылары – адамның жеке басының ерекшеліктерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Бұл дағдылар мінез-құлық нормаларын білу және оларды өз басының қолдануы негізінде қалыптасады. Мінез-құлық дағдылары, мінез-құлықтың үйреншікті формаларынан туындайды. Мысалы, баланы адамдармен инабатты сәлемдесуге үйретеді. Оған адамдармен өмірдің түрлі жағдайларында қалай амандасу керек екенін көрсетеді (сыныпқа мұғалім кіргенде орнынан тұру керек).

  • Іс-әрекеттің жетекші түрлері. Іс-әрекеттің үш түрін бөліп көрсетуге болады: Ойын, оқу, еңбек. Олар өздерінің нәтижелері, ұйымдастырылуы, мотивация ерекшеліктері бойынша айрықшаланады. Ойын – өмірдің керемет құбылыстарының бірі. Пайдасыз болып көрінетін қажетті іс-әрекет. Психология үшін ойын өте қиын әрі маңызды проблема болды. Бала ойынының әр түрлі теориялары бар.