Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Menedzhment_40_ball_33.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

7. Басқару үдерісінің түсінігі. Басқару үдерісінің мазмұны және негізгі сипаттамалары. Басқару үдерісінің типтері

Басқару дегеніміз – қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқарудың екі жағы бар. Бірінші жағы, еңбек бөлісінің қажеттілігіне байланысты. Екінші жағы – басқару қашанда билігі бар өкілеттікпен (әлеуметтік – экономикалық аспект), белгілі бір мақсатты іске асырумен байланысты.

Өндірісті басқарудың мәні мыналардан көрінеді:

  • өндірісті басқару – объективті экономикалық заңдарының бүкіл жүйесінің талаптарын жүзеге асыратын механизм;

  • өндірісті басқару – қоғамдық, колективтік және жеке мүдделерінің жүйесін жүзеге асыратын механизм.

Басқарудың бастапқы негізі басқарудың қалыптастырылуымен мақсатын таңдап алу болып табылады. Адамның кез келген қызметінің басты белгісі – нысаналы қызмет

Басқарудың ғылыми негіздері қоғамдық өндірісті басқару туралы білімнің бүкіл жүйесін қамтиды және мынандай үш құрамдас элементтер тұрады:

а) өндірісті басқару проблемаларын зерттеуді қамтитын іргелі қоғамдық ғылымдардың (философия, саяси экономия), сондай – ақ жалпы басқару заңдарын зерттейтін ғылымдардың (кибернетика, жүйелер теориясы және басқалар) басқару аспектілері;

ә) басқарудың жекеленген жақтары мен функциялары туралы нақты ғылымдар ( салалық экономика, жоспарлау, есеп және басқалар);

б) өндірістік басқару заңдылықтарының өзін зерттейтін басқару теориясы.

Басқару теориясы екі бөліктен тұрса да, ғылым ретінде біртұтас. Олардың біреуі қисынды талдау негізінде өндірісті басқарудың жалпы заңдары мен қағидаларын зерттейді, ал сөздің тар мағынасында алғанда ол басшылық теориясы деп аталады. Екінші бөлігі басқару өнері деп аталады. Ол нақты тәжірибе негізінде алынған тәжірбиелік қорытындылар арқылы басшылардың белгілі бір категориялары үшін басқару үлгілерінің жүйеге келтірілген жиынтығын қалыптастырып, сол арқылы басқару теориясын байыта түседі.

Басқару қатынастары мынадай ұйымдастырушылық түрлерге бөлінеді: біріншіден, басқарушы және басқарылушы жүйелер арасындағы, яғни тікелей басқару субъектісі мен тікелей өндіріс объектісі арасындағы қатынастарға, екіншіден, басқарылушы жүйенің өз ішінде де басқару қатынастары болады:

а) басқару сатылары арасында. Мысалы, учаскелерді, цехтарды, кәсіпорындарды, өндірістік бірлестіктерді, миснистрліктерді басқару аппаратының арасындағы қатынастар (тік байланыстар);

ә) әрбір сатыны басқару буындарының арасындағы, жекелеген завод басқармалары арасындағы, цехтарды басқару аппаратының арасындағы қатынастар, яғни бұл арада көлбеу байланыстар айтылып отыр;

б) басқарушы жүйенің әртүрлі сатыларындағы аттас функционалдық басқару буындары арасындағы қатынастар: мысалы, министрліктің жоспар – экономикалық басқармасы арасындағы заводтың жоспарлау – экономикалық бөлімі арасындағы қатынастар және т.б.

Сонымен бірге басқару қатынастары былайша бөлінеді:

а) салалық қатынастар, яғни бір сала шегіндегі қатынас;

ә) территориялық, яғни бір аймақ шегіндегі қатынастар;

б) салааралық, яғни әртүрлі өнеркәсіп салалары ұйымдарының арасындағы қатынастар;

в) аймақаралық, яғни әртүрлі аймақтар ұйымдарының арасындағы қатынастар;

г) территориялық – салалық қатынастар;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]