Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Menedzhment_40_ball_33.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

14.Шешімдерді шығару және қабылдау технологиясы

Шешімді қабылдау мен оны орындау органикалық үзілмейтін бірлік болғандықтан, екінші көзқарасты дұрыс деп қарастыруымыз жөн.

Басқару процесінде шешімнің және оның орындалуының орны қабылданған шешімдердің сол ұйымның мақсаттарына сәйкестігімен анықталады. Сонымен қатар, басқару шешімінің нұсқаушылық, міндеттілік белгілерін атап айту керек, өйткені олар басқарылатын жүйенің жоғарыдан түскен нұсқауды, әмірді сөзсіз орындауын қамтамасыз етеді.

Басқару шешімдерінің тағы бір белгісі – алға қойылған мақсаттарға жету үшін қажет құралдар мен тиісті іс-әрекеттерге жауапты адамдар белгілеу және шешімдердің орындалу мерзімін анықтау болып табылады. Осыған қоса, шешімнің тағы мына қасиеттерін көрсеткен жөн, ол – шешімді қабылдау, талқылау, күшіне ену, өзгеріс енгізу және оны болдырмау туралы ережелер жүйесі болуы. Басқаруда, сондай-ақ адамдардың басқа да іс-әрекет салаларында өнерді, тәжірибені, теориялық білімді практикалық мақсатта қолдана білу істің ажырамас бөлігі болып саналады. Әсіресе, басқару шешімдерін қабылдағанда және жүзеге асырғанда бұл айқын көрінеді.

Шешім қабылдау процесінің интуитивтік, пайымдауға негізделген немесе тиімді сипаты болады.

Интуитивтік шешім — бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезуге негізделген таңдау. Мұндайда шешім — бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезуге негізделген таңдау. Мұндайда шешім қабылдайтын адамдар әрбір балама варианттарға «келісу» және «қарсы болу» жағын қарастырып жатпайды. Мұны адамның өз таңдауы біледі.

Пайымдауға негізделген шешім — бұл білімге немесе жинақталған тәжірибеге негізделген таңдау. Бұрынғы ұқсас жағдайларда не болғанын біліп, нақты жағдайда балама варианттардың нәтижесін болжалдау үшін білімін пайдаланады. Сөйтіп, ол бұрынғы жеткен табысы бойынша балама варианттарды таңдайды. Пайымдау негізінде шешімді тікелей басшының өзі қабылдайтындықтан, оны қабылдаудың біршама артықшылықтары бар.

Шешімді жасау процесі үш негізгі кезеңнен тұрады: шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру.

кез келген жағдайда, бұл жұмыстың барлық сатысы әзірлік, негізгі және қорытынды кезеңдерге бөлінеді.

Шешімді қабылдаудың әзірлік кезеңінде кез келген деңгейдегі басшы өндірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды бағалаудан бастауы тиіс. «Жағдай» ұғымына шешім қабылдауға тура келетін, әрі басқару жүйесіне ықпал етіп, оны жаңа жағдайға ауыстыратын ішкі және сыртқы жағдайлардың барлық жиынтығы енеді.

Шешім варианттарын ойластыру дегеніміз не?

Біріншіден, бұл шешімнің барлық құрамдас бөлігін, әсіресе, мақсаты мен міндетін мүмкіндігінше толық тұжырымдайды.

Екіншіден, қойылған мақсатқа жетудің негізгі бағыты, жолы мен амалы, сондықтан қолда бар еңбек, материалдық, қаржы және басқадай ресурстар, ғылми идеялар, жаңалықтар, өнертабыстары зерттеледі, әсіресе, уақыт факторы ескеріледі.

Үшіншіден, басқарушы және басқарылатын жүйелердің, әсіресе, осы шешімді жүзеге асыратын кезде басқару мен байланыс арасындағы әрекеттестік пен үйлесімді ойластырады.

Төртіншіден, әр вариант бойынша іс-әрекет нәтижесінің мүмкіндігі бағаланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]