Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП прод.2012.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
430 Кб
Скачать
☆

Анықтама

Осы анықтама азамат Әлібек Нұржанұлына берілді.

Әлібек Нұржанұлы Алматы қалалық көлік департаментінде экономист болып жұмыс істейді.

Анықтама Бостандық аудандық салық инспекциясына берілді.

Алматы қалалық көлік

Департаментінің бастығы А. Салықов

2005 ж. 15 ақпан.

2011-2012 оқу жылдарындағы «Қазақ және орыс тілдерінің практикалық курсы»

кафедрасының мемлекеттік тілді оқыту барысы жайлы атқарған жұмыстарының

А Н Ы Қ Т А М А С Ы

«Қазақ және орыс тілдерінің практикалық курсы» кафедрасы институттың Ғылыми Кеңесінде бекітілген Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тілдер жайлы» Заңын іске асырудың іс-шараларын толығымен орындауда. Көрсетілген 20 тармақтың 15-і толығымен орындалды. Қалған 5 тармағының орындалу мерзімі үстіміздегі жылдың екінші жарты жылдығына көзделген. Кафедра ұжымы бар мүмкіндікті сарқа пайдаланып, сапалы ат салысуда.

Кафедра меңгерушісі М.Е.Мыңайдарова

2 – тапсырма. Отбасы құрамы туралы анықтама жазыңыз.

3 – тапсырма. Сіз бухгалтериядан айлық жалақысы туралы анықтама алуға келдіңіз, араларыңызда қандай сұхбат туады?

4 – тапсырма. Сізге жүктелген тапсырманың орындалғаны туралы анықтама жазыңыз.

5 – тапсырма. Анықтаманы қазақшаға аударыңыз

Справка

Дана Аскарову И.

В том, что он является студентом 1-го курса дневного отделения естественно-научного факультета Таразского государственного педагогического института. 484039, г. Тараз,

Проспект Жамбыла 56

Таразский государственный педагогичечкий институт

«…..» 200… г.

Справка выдана для предъявления в библиотеку.

Декан факультета………………………….

Секретарь ……………………..

6- тапсырма. Анықтама үлгісін жазғанда қолданылатын сөзді табыңыз.

а) көру үшін барды

ә) тапсыру үшін берілді

б) айту үшін берілді

в) хабарлау үшін айтылды

Тақырып: Баяндау хат. Түсініктеме.

Баяндау хат

Баяндау хат – кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардағы жұмысқа байланысты қызметкерлердің кейбір мәселелер төңірегінде сол мекеменің басшысына сұраныстарын білдірген жазбаша хабарламасы. Баяндаухаттары әр түрлі мақсатты көздейді: жұмысты жақсартудың жолдарын көрсететін ұсыныстар, белгілі бөлісдердегі жұмыстың жайы туралы басшысына хабардар ету. Оның барысы жайлы есептер беріп тұру. Барлық жағдай да жұмысты жақсарту бағытында баяндаухатты құрастырушы істі жан-жақты қорытындалап және ұсыныстар жасап отырады. Хат екі дана етіліп басылады. Бірінші данасы адресатқа жіберілсе, екіншісі хатты жіберушінің қолында қалады.

Үлгі:

Құрылыс –жөндеу басқармасының бастығы

Ж. Е. Назаров мырзаға

М. К. Азаматовтан