- •Іс қағаздары туралы түсінік
- •Тақырып: Тілдік стильдердің қолдану аясы мен ерекшеліктері
- •Ресми іс қағаздар тілінің стилі
- •Публицистикалық стиль
- •Ғылыми-көпшілік әдебиеттер стилі.
- •Көркем әдебиет тілінің стилі
- •Ауызекі сөйлеу тілінің стилі
- •Тақырып: Іс-қағаздарының түрлері және оларды топтастару
- •Құжаттағы ақпаратқа тексеру жүргізу
- •Өмірбаян-түйіндеме
- •Мінездеме Қызметтік мінездеме Аттестациялық мінездеме
- •Талап-арыз
- •Талап ету арыз
- •Ресми сенімхат
- •Жеке сенімхат
- •Сенімхат.
- •Қызметтік хаттар
- •Жеке хаттар
- •Қызметтік хатта көрсетілетін міндетті мәліметтер
- •Жолдама хат
- •Анықтама
- •Справка
- •Баяндау хат
- •Баяндау хат
- •Баяндау хат
- •Түсініктеме
- •Жеделхат- телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат
- •Факс арқылы жіберілетін құжаттар
- •Факс арқылы жіберілетін іс қағаздардың құрылымы:
- •Құрметті___________________________!
- •Хабарландыру
- •Тыңдалды:
- •Шығып сөйлегендер:
- •Мәжіліс қаулы етеді:
- •25.09.1998 Ж. Қаласы тыңдалды:
- •Мәжіліс қаулы етеді:
- •Өкім (Указание)
- •Нұсқау (Распорежение)
- •00. 00. Алматы қаласы
- •Жұмысқа қабылдау туралы
- •Визит карточкалары
- •Құжат айналысын ұйымдастыру
- •Келіп түсетін құжаттарды өңдеу тәртібі
- •Жөнелтілетін құжаттарды өндеу тәртібі
- •Құжаттарды ұйымның ішінде табыс ету
- •Құжаттардың сақталу ағымдарын ұйымдастыру Істер номенклатурасы
- •Істердің тақырыптарын жүйеге келтіру
- •Істер номенклатурасын толтыруға қойылатын талаптар
- •Техникалық құжаттар
- •Конструкторлық құжаттама
- •Жобалау-сметалық құжаттама
- •Технологиялық құжаттама
Өкім (Указание)
Өкім – кәсіпорынның күнделікті өндірістік- шаруашылық және әкімшілік қызметінің жедел мәселелер бойынша директорнемесе оның орынбасары шығаратын құжат.
Өкім кәсіпорынның ішкі құжаттарына арналған бланкілерде ресімділеді және оған директор немесе оның орынбасарлары қол қояды.
Өкімнің мәтініне:
нақты тапсырма (жұмыс);
жауапты орындаушы;
орындау мерзімі кіреді.
Басқару бөлігі әдетте, қазақ тіліндегі мәтінге «Міндеттеймін», «Белгілеймін» деген сөздермен аяқталады.
Үлгі:
Кәсіпорынның атауы
ӨКІМ
№__________
__________________қаласы
Жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы
№___бөлмедегі жылу жүйесінің апаттық жағдайына байланысты
МІНДЕТТЕЙМІН:
№ 1-бөлмеге жөндеу жұмыстары жүргізілсін.
Жауапты_____________________________болып табылады.
Орындау мерзімі__________________________________________________
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау бас инженер А.В.Тереховқа жүктелсін.
Кәсіпорынның директоры қолы аты-жөні
Белгілер
№_______іске
Орындаушының қолы 00.00.00
1-тапсырма. Үлгіге қарап баяндау хат жазыңыз.
Нұсқау (Распорежение)
Нұсқау – бұйрықтарды, нұсқаулықтарды, тапсырмаларды орындауды ұйымдастыруға байланысты мәселелер бойынша басқару құжаты. Нұсқауға кәсіпорынның директоры немесе құзіреті шегінде оның орынбасары қол қояды.
Нұсқаудың басқару бөлігі қазақ тіліндегі мәтінде «Ұсынамын», «Міндеттеймін» деген сөздермен аяқталады.
Нұсқауларға күнтізбелір жыл шегінде реттік сандар беріледі.
Үлгі:
Кәсіпорынның атауы
НҰСҚАУ
№__________
__________________ қаласы
20___жылғы демалыстар кестесі туралы
20___жылы берілетін демалыстардың кестесін жасау үшін
ҰСЫНАМЫН:
1.Құрылымдық бөлімшелердің басшылары хатшыға 20___жылғы еңбек демалысының шамамен алынған мерзімі көрсетілген тізімді ұсынуға тиіс.Тізімді ұсыну мерзімі 20___жылғы_______дейін.
2. Хатшы кәсіпорын қызметкерлерінің 20___ жылғы еңбек демалысының жиынтық кестесін жасап, оны деректордың бекітуіне ұсынсын. Кестені ұсыну мерзімі 20___ жылғы_______дейін.
Кәсіпорынның директоры қолы аты-жөні
Бұрыштамалар
№_______іске
Орындаушының қолы
1-тапсырма. Үлгіге қарап нұсқау жазыңыз.
2-тапсырма. Ұйым басшысының бағынышты тұлғаға немесе құрылымдық бөліміне беретін нұсқауының көрінісін табыңыз.
а) резолюция
ә) реквизит
б) эмблема
в) мадақ белгісі
Тақырып: Бұйрық. Жарлық.
Сабақтың мақсаты: Аталмыш құжаттардың жазылу жолдарын түсіндіру.
Б Ұ Й Р Ы Қ
Бұйрық – жетекшінің мекемені басқару барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орындауға тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжат.
Жұмыс жүргізу ыңғайлы болу үшін мекемеде бұйрықты 2 топқа бөледі: 1. Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты. 2. Жеке құрамға байланысты. Бұйрықтың мынадай реквизиттері бар: елтаңба, мекеме немесе кәсіпорынның аты және оның қандай ұйымға қарасты екені, құжат аты, жазылған күні, орны, индекс, тақырып, қол, қол қойған адамның аты-жөні, келісім туралы белгі. Бұйрық мәтіні 2 бөліктен тұрады: 1. Констатациялық. 2. өкімдік. Констатациялық бөлікте бұйрықтың мақсаты, бұйрықты беруге негіз болған факті көрсетіледі. Өкілеттік құжаттың тақырыбы, нөмірі, датасы жазылады. Өкімдік бөлік БҰЙЫРАМЫН деген сөзден басталады да, бұйрық мазмұны жаңа жолдан басталып әр пункт араб цифрларымен белгіленеді.
Керекті сөздер:
Бұйрық – приказ
Жеке құрам бойынша бұйрық – приказ по личному составу
Бұйрық беру – отдать приказ
Бұйрық шығару – издавать приказ
Бұйрықпен танысу – ознакомиться с приказом
Бұйрыққа бағыну – подчиняться приказу
Тағайындау – назначить
Қабылдансын – принять
Босатылсын – освободить
Ауыстырылсын – заменить
Жүктелсін – возложить
Уақытша атқару – временно возглавить
Бұрыштама – виза
1 – тапсырма. Үлгімен танысып, осы бойынша бұйрық жазыңыз.
Мекеменің, кәсіпорынның атауы
БҰЙРЫҚ
