- •Іс қағаздары туралы түсінік
- •Тақырып: Тілдік стильдердің қолдану аясы мен ерекшеліктері
- •Ресми іс қағаздар тілінің стилі
- •Публицистикалық стиль
- •Ғылыми-көпшілік әдебиеттер стилі.
- •Көркем әдебиет тілінің стилі
- •Ауызекі сөйлеу тілінің стилі
- •Тақырып: Іс-қағаздарының түрлері және оларды топтастару
- •Құжаттағы ақпаратқа тексеру жүргізу
- •Өмірбаян-түйіндеме
- •Мінездеме Қызметтік мінездеме Аттестациялық мінездеме
- •Талап-арыз
- •Талап ету арыз
- •Ресми сенімхат
- •Жеке сенімхат
- •Сенімхат.
- •Қызметтік хаттар
- •Жеке хаттар
- •Қызметтік хатта көрсетілетін міндетті мәліметтер
- •Жолдама хат
- •Анықтама
- •Справка
- •Баяндау хат
- •Баяндау хат
- •Баяндау хат
- •Түсініктеме
- •Жеделхат- телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат
- •Факс арқылы жіберілетін құжаттар
- •Факс арқылы жіберілетін іс қағаздардың құрылымы:
- •Құрметті___________________________!
- •Хабарландыру
- •Тыңдалды:
- •Шығып сөйлегендер:
- •Мәжіліс қаулы етеді:
- •25.09.1998 Ж. Қаласы тыңдалды:
- •Мәжіліс қаулы етеді:
- •Өкім (Указание)
- •Нұсқау (Распорежение)
- •00. 00. Алматы қаласы
- •Жұмысқа қабылдау туралы
- •Визит карточкалары
- •Құжат айналысын ұйымдастыру
- •Келіп түсетін құжаттарды өңдеу тәртібі
- •Жөнелтілетін құжаттарды өндеу тәртібі
- •Құжаттарды ұйымның ішінде табыс ету
- •Құжаттардың сақталу ағымдарын ұйымдастыру Істер номенклатурасы
- •Істердің тақырыптарын жүйеге келтіру
- •Істер номенклатурасын толтыруға қойылатын талаптар
- •Техникалық құжаттар
- •Конструкторлық құжаттама
- •Жобалау-сметалық құжаттама
- •Технологиялық құжаттама
Хабарландыру
2010 жылы 7 мамыр күні, таңертеңгі сағат 10.00де акті залында Ұлы Отан Соғысы ардагерлерімен кездесу өткізіледі. Салтанатты кездесу Жеңіс күніне арналады.
Бағдарлама:
Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің естелік әңгімелері.
Концерт.
Ұйымдастыру комитеті
1-тапсырма.
Факстерді жіберу және қабылдау еределері туралы жазыңыз.
2-тапсырма.
Факс арқылы жіберілетін құжаттарды рәсімдеу кезінде міндетті түрде сақталатын ережелерді атап беріңіз.
7-апта, 13,14 сабақ
Тақырып:Басқару, ұйымдастару, үкім щығару қызметіне қатысты құжаттар. Хаттама.
Сабақтың мақсаты: Құжат туралы түсінік беріп, жазуға үйрету.
Х А Т Т А М А
Жиналыстарда, кеңестерде, мәжілістерде талқыланған, қорытындыланған мәселелерді талқылау мен шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін ресми құжат. Хаттамаларда күн тәртібі, сөйлеушілердің аты-жөні, сөйлеген сөздердің тақырыбы және қабылданған шешімдер мәтіні келтіріледі.
Хаттамаға мекеме басшысы, жауапты адам және хаттаманы жазған адам, хатшы қол қояды.
Керекті сөздер:
Хаттама – протокол
Ұжым – коллектив
Мәжіліс – заседание
Күн тәртібі – повестка дня
Жарыссөз – прения
Қатысқандар – присутствовали
Қатыспағандар – отсутствовали
Дәлелді себеппен – по уважительной причине
Дәлелсіз себеппен – по неуважительной причине
Қаулы – постановление
Төраға – председатель
Кеңейтілген – расширенный
Бірлескен – совместный
Қорытынды – заключение
Төралқа – президиуи
Тізім – список
Талқылау – обсуждение
Шешім қабылдау – принять решение
Рәсімдеу – оформить
Мақұлдау – поддерживать
Қалыс қалу – воздержаться
Дауыс беру – голосовать
Қол қою – подписывать
1 – тапсырма. Үлгімен танысыңыз. Толықтырыңыз.
Филология кафедрасы отырысының
№1 хаттамасы
………….. қаласы, «….» ………. 1999 жыл.
Төрағасы (айымы): аты-жөні
Хатшы : аты-жөні
Қатысқандар: аты-жөні тізіледі
Қатыспағандар:
Күн тәртібі:
1.
2.
3.
Тыңдалды:
…………………………………………………………………………..
(мәтіні жазылады)
Шығып сөйлегендер:
………………………тің ұсынысын қолдай отырып, ……………………
(аты-жөні)
……………………………………………………………………………………
Мәжіліс қаулы етеді:
1.
2.
3.
Төраға: /қолы/
Хатшы: /қолы/
1 – тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.
Выписки из протоколов общего собрания коллектива предприятия, первый вопрос повестки дня, второй вопрос повестки дня, обсуждение Указа Президента, сделать сообщение по первому вопросу повестка дня, вынести постановление по обсуждаемому вопросу, постановление общего собрания малого предприятия, подготовить и сделать доклад, провести заседание, подготовить и провести собрание, расширенные заседание, совместное заседание, открыть прения, обсудить проблемы, проголосовать по второму вопросу.
2 – тапсырма. А.Армаұлының жатақханада қоғамдық тәртіпті бұзғандығы жайлы жиналыс өткізілді. Соған байланысты хаттама жазыңыз.
3– тапсырма. Өзің оқитын топта өткен жиналыстың хаттамасын жазыңыз.
4 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Хаттаманы қандай тұлға жүргізеді?
Хаттама қандай бөлімдерден тұрады?
Хаттаманың кіріспе бөлімінде нелер жазылады?
Хаттамада әр мәселе бойынша қандай бөлімдер болады?
Хаттаманың негізгі бөлімінде не жазылады?
«Тыңдалды» бөлімінде нелер қамтылады?
«Қаулы» бөлімінде не жазылады?
«Шығып сөйлегендер» бөліміне нелер енгізіледі?
Хаттаманың дұрыс жазылуына кім жауап береді?
Хаттамаға кімдер қол қояды?
Тақырып: ХАТТАМАДАН КӨШІРМЕ
Кейбір мәселелердің арнайы қаралғандығын, ондағы фактілердің шындығын анықтау мақсатында хаттамадан көшірме жасалып беріледі. Онда хаттаманың нөмірі, күні, айы, қаралған мәселе, оның қаулысы көрсетіледі. Төменге көшірмені куәландыру үшін хатшының қолы қойылып, мекеменің мөрі басылады.
1 – тапсырма. Үлгімен танысыңыз.
Филология факультетінің ғылыми-әдістемелік
Кеңесі отырысының №3 хаттамасынан
КӨШІРМЕ
