- •Іс қағаздары туралы түсінік
- •Тақырып: Тілдік стильдердің қолдану аясы мен ерекшеліктері
- •Ресми іс қағаздар тілінің стилі
- •Публицистикалық стиль
- •Ғылыми-көпшілік әдебиеттер стилі.
- •Көркем әдебиет тілінің стилі
- •Ауызекі сөйлеу тілінің стилі
- •Тақырып: Іс-қағаздарының түрлері және оларды топтастару
- •Құжаттағы ақпаратқа тексеру жүргізу
- •Өмірбаян-түйіндеме
- •Мінездеме Қызметтік мінездеме Аттестациялық мінездеме
- •Талап-арыз
- •Талап ету арыз
- •Ресми сенімхат
- •Жеке сенімхат
- •Сенімхат.
- •Қызметтік хаттар
- •Жеке хаттар
- •Қызметтік хатта көрсетілетін міндетті мәліметтер
- •Жолдама хат
- •Анықтама
- •Справка
- •Баяндау хат
- •Баяндау хат
- •Баяндау хат
- •Түсініктеме
- •Жеделхат- телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат
- •Факс арқылы жіберілетін құжаттар
- •Факс арқылы жіберілетін іс қағаздардың құрылымы:
- •Құрметті___________________________!
- •Хабарландыру
- •Тыңдалды:
- •Шығып сөйлегендер:
- •Мәжіліс қаулы етеді:
- •25.09.1998 Ж. Қаласы тыңдалды:
- •Мәжіліс қаулы етеді:
- •Өкім (Указание)
- •Нұсқау (Распорежение)
- •00. 00. Алматы қаласы
- •Жұмысқа қабылдау туралы
- •Визит карточкалары
- •Құжат айналысын ұйымдастыру
- •Келіп түсетін құжаттарды өңдеу тәртібі
- •Жөнелтілетін құжаттарды өндеу тәртібі
- •Құжаттарды ұйымның ішінде табыс ету
- •Құжаттардың сақталу ағымдарын ұйымдастыру Істер номенклатурасы
- •Істердің тақырыптарын жүйеге келтіру
- •Істер номенклатурасын толтыруға қойылатын талаптар
- •Техникалық құжаттар
- •Конструкторлық құжаттама
- •Жобалау-сметалық құжаттама
- •Технологиялық құжаттама
Сенімхат.
Мен, Әзірбеков Нұрлан (төлқұжат № 732564),Тараз мемлекеттік педогогикалық институты «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің 3-курс білімгері, Төле би көшесі, 10 үй, 40-пәтерде тұратын Асанов Серікке (төлқұжат № 798564) сәуір айының маған тиесілі шәкіртақымды алуына сенім білдіремін.
Әзірбеков Нұрлан /қолы/
Әзірбеков Нұрланның қолын растаймын.
(мекеменің мөрі) 30 наурыз, 2004 ж.
2 – тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, сөз тіркестерін байланыстырыңыз. Сөйлем құраңыз.
Сенім… қарау, сенімі… арту, сенімі… алдау, сенімі… ену, сенім… ақтау, сенімі… жоғалту, сенімі… кіру.
3 – тапсырма. Мына тақырыптарға сенімхат жазыңыз.
жалақыны басқа адамның алуы
көлікті уақытша иелену құқығын ініңізге беру туралы
кеден бөліміндегі заттарыңызды алу туралы
4 – тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз:
распоряжаться всем моим имуществом, продать квартиру, подарить квартиру, обменивать квартиру, сдавать квартиру под залог, получить причитающееся мне имущество, распоряжаться банковскими счетами и вкладами, получать почтовую корреспонденцию, вести мои дела во всех учреждениях, быть моим представителем во всех судебных учреждениях, расписываться за меня.
5 – тапсырма. Мына сөздердің дұрыс аудармаларын тауып жазыңыз.
Келісімшарттың жобасы, өзара тиімді келісімшарт, шарттарға сәйкес емес, қатысушылардың қаржылық мүмкіндігі, жабдықтар жеткізу, сенім білдіру, қол қою құқығын беру, барлық іс-әрекеттерді жасауға құқық беру, нотариалдық кеңсе, сенімхатты нотариалдық кеңседе тіркеу, жеке басының куәлігі, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілік, адамның жеке басын анықтау, мемлекеттік салық, өкілетті ету _______________
финансовые возможности участников, поставка оборудования доверяю, предоставить право расписываться, предоставить право совершать все действия, нотариальная контора, регистрировать доверенность в нотариальной конторе, удостоверение личности, дееспособность установить личность, государственная пошлина, проект договора, взаимовыгодный договор по условиям, не отвечают условиям.
6- тапсырма. Көп нүктенің орнына септік жалғауларын жазыңыз
Мен, азамат Қожахметов Мұрат Естайұлы, жеке бас куәлігі № 003002954,
мекенжайым – Тараз қаласы, Абай көшесі, 54- үй, 66-пәтер, азамат Бөкейханов Хасен Сәкенұлы.... , мекенжайы – Тараз қаласы, Төле би 63-үй,
74-пәтер, мен... пәтерім ... жекешелендіруге байланысты құжаттар... айналысуына сенім білдіремін.
Бөкейханов Хасен Сәкенұлы пәтер... жекешелендіру... байланысты қажетті құжаттар мен анықтамалар... алуға, толтыруға, қол қоюға, мүлік иесі ретінде түрлі органдар... өкілетті болуға мен... атымнан әрекет етуге толық құқық беремін.
Қожахметов Мұрат Естайұлы
Осы сенімхат... мен, Айдаров Самат, «Іскер» нотариалдық кеңсесі... нотариусы... тіркедім.
Сенімхат... менің қатысуыммен азамат Қожахметов Мұрат Естайұлы қол қойды. Мемлекеттік салық алынды.
К Е П І Л Х А Т
Алматы қаласы, 1999 жылғы он жетінші қараша
_______________________________________________
(кепілхат берілген орын және дата толық жазылады)
Мен, азамат Байболов Ұлықбек Сәрсенұлы, мекен-жайым: Алматы қаласы, Дөнентаев көшесі, 41-үй, 71-пәтер, жеке басының куәлігі № 919663, ҚР ІІМ берген, Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 114-үй, 7-пәтерде тұратын азамат Керімова Жұлдыздан жүз мың (100 000) теңге алдым.
Өз міндеттерімді орындауға:
келісімшартқа сәйкес процент төлеп тұруға;
алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға;
келісімшарт талаптары орындалмаған жағдайда айып төлеуге;
мекен-жайым өзгерген жағдайда бұл туралы үш күн мерзім ішінде хабарлауға кепілдік беремін.
Осы кепілхат үш дана етіп жасалған, бір данасы Алматы қаласы нөмірі жетінші кеңседе тіркелген, екінші данасы азамат Керімова Жұлдызда, үшінші данасы Байболов Ұлықбек Сәрсенұлында сақталады.
Тараптардың қолы.
Тақырып:Ақпараттық –аналитикалық құжаттар және олардың түрлері.
Қызметтік хат.
Сабақтың мақсаты: Қызметтік хаттарды дұрыс жазуға үйрету.
Мәтінмен жұмыс.
ХАТТАР
Хат басқару байланысының негізгі құралы болып табылады. Хабар-ошар алысу мекеме құжаттары жалпы көлемінің 80% құрайды.
