Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПиЛАПБ11111111111111.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Ұсталыну себептерін атаңыз.

Құбыр тізбектерінің ұңғыма ішінде ұсталынып қалу себептері:

  1. Өткізгіш тау жыныстарындағы ұңғыма ішіндегі жуу сұйығы қысымы мен қабат қысымы айырмасы өте жоғары. Кейбір бөліктерде құбыр тізбегі ұңғыманың қабырғасына барлық уақытта бүйір құраушысымен жанасып тұрады. Егер бөлік өткізгіш тау жыныстарынан құралса және сүзілу қабықшаларымен жабылса, онда тізбектің жанасуы кезінде сүзілу қабықшалары тығыздалады және өткізбейтіндей жағдайға жетеді. Нәтижесінде құбырдың қабырғаға жанаспай тұрған бөлігіне ұңғыма өсінен жанасу алаңына перпендикуляр бағытталған жуу сұйығының қысым күші әсер етеді. Қабырғаға жанасып тұрған бөлігіне ұңғыма қабырғасына қарай бағытталған қабат қысымының күші ғана әсер етуі мүмкін. Егер ұңғыма ішіндегі қысым қабат қысымынан жоғары болса, шамасы ұңғымадағы қысым мен оқпан маңындағы қысымдар айырмасына шамамен пропорционалды гидравликалық сығымдау күші туындайды.

  2. Ұңғыма оқпанының қисайған жерлерінде, ұңғыма қабырғасында науа сияқты ойықтар пайда болып, көтеріп-түсіру кезінде осы ойықтарға диаметрі үлкен тізбек элементтері мен қашау сыналанып қысылып қалуы мүмкін.

  3. Тау жыныстарының опырылып құлауы.

  4. Ұңғыма қабырғасынан қалың сүзілу қабықшаларының бұрғылау құбырларына жабысып, оралуы салдарынан.

  5. Сүзілу қабықшаларының жабысқақтығынан.

  6. Ұңғыма ішіне бөгде металл заттардың түсіп кетуі салдарынан.

Құбыр тізбектерінің ұсталынып қалуын болдырау үшін жүргізілетін негізгі жұмыстар:

  1. Сүзілу көрсеткіші төмен жуу сұйықтарын қолдану;

  2. Сүзілу қабықшаларының жабысқақтығын төмендету;

  3. Жуу сұйығын дірілдеуіш елек пен гидроциклондарда мұқият тазарту;

  4. Ұңғыма ішіндегі қысым айырмасын төмендету;

  5. Ұңғыма түбінде шлам ұстағыш аспаптар қолдану;

  6. Құбыр тізбегін тыныштықта ұзақ уақыт қалдырмау;

  7. Бұрғылау тоқтаған жағдайда бұрғылау тізбегін ротормен жиі қозғап немесе ұңғыма ішіндегі қашауды аралық шегендеу тізбегінің башмагына дейін көтеріп қою қажет.

Күкіртсутегілі агрессия жағдайында қандай шиеленістер кездеседі?

Күкіртсутегілі агрессия жағдайында келесі спецификалық қиындықтар туындайды: күкіртсутегінің болатқа коррозиялық әсер етуі және оның сульфидтік жарылуы, оның нәтижесінде бұрғылау, шегендеу және сораптық-компрессорлық құбырлар, сағадағы бұрғылау және кәсіпшілік жабдығы, цементтік тасы бұзылады; бұрғылау ерітінділерінің қасиеттері күрт төмендейді – қоюлануы, сүзілу көрсеткішінің өсуі, жоғары өткізгішті сүзгі қабықшасының пайда болуы және басқа. Бұл қиындықтар әсіресе күкіртсутегінің мөлшері 25-30 %, көмірқышқыл газының мөлшері 25 % және қабат қысымы жоғары аймақтары бар мұнай және газ кеніштерінде өте терең ұңғыларды (4000 м-ден жоғары) бұрғылау кезінде күрделене түседі. Мұндай кен орындарына ең алдымен Каспий маңы ойпатындағы Теңіз мұнай кен орнын кіргізуге болады.

Көпжылдық қатқан қабаттарды бұрғылау кезінде қандай шиеленістер туындайды?

Көп жылдық қатқан жыныстарда бұрғылау кезінде келесі шиеленістер кездеседі:

    • КҚЖ және төмен температуралы еріген жыныстар (ТЕЖ) жатқан интервалдардақарқынды түрде каверналардың пайда болуы (Кк > 1,5), бұрғылау аспаптарының сынуын, ұстасып қалуын тудыратын жыныстардың үгітілуі мен құлауы, жер бетіне жақын жатқан қатқан жыныстардың еруі нәтижесінде бұрғылау қондырғысы астындағы фундаменттің шайылуы, құлауы;

    • бағыттағыштың, кондуктордың артындағы КҚЖ және ТЕЖ еруі, шайылуы, бұрғылау ерітіндісінің құбыраралық кеңістікке енуі, соның ішінде жақын орналасқан ұңғымаларда бұрғылау кезінде бұрғылау ерітіндісінің оқпандағы айналымы жекелеп немесе толықтай жоғалуы арқылы жұтылуы, грифонның пайда болуы;

    • шегендеу тізбектерінің жобалық тереңдікке дейін жетпеуі, бағыттауыш, кондуктор артындағы цементтің көтерілмеуі, бұрандалы байланыстардың саңылаусыздануының жоғалуы, шегендеу тізбектерінің, сораптық-компрессорлық құбырлардың ұзақ мерзімді тоқтаулар кезінде қайта қатудан майысуы, ұңғымалардың консервациялануы;

    • КҚЖ жатқан аралықта қысқы мезгілде ұңғыма қабырғасына түсірілетін шегендеу тізбектерінің қатуы;

    • қысылған қатқан сулар мен гидраттар қабатының болуынан бұрғылау ерітіндісінің, судың, газдың атқылаулары.