Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПиЛАПБ11111111111111.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Бұл шиеленістердің алдын алудың негізгі тәсілдерін атаңыз.

КҚЖ-да ұңғыманы бұрғылау көп жылдық қатқан жыныстарда ұңғымаларды тұрғызу технологиясының Регламентін (РД 39-009-90 Миннефтегазпром) қатаң сақтай отырып, бұрғылау және бекіту процесіндегі сапаны қадағалай отыра жүргізілуі тиіс. Бұл регламентке сәйкес КҚЖ жатқан аралықта тұрғызылған ұңғыма сапалы деп есептеледі, егер бұрғылаудың таңдап алынған конструкциясы және технологиясын қолдану нәтижесіндежоғарыда айтылған шиеленістер болмайтын болса; криолиттік аймақ және кондукторды түсіру аралығында Кк < 1,3 қамтамасыз етілсе; цементтеу сапасы криолиттік аймақ аралығында тізбек ұзындығының 40 % құраса жақсы және қанағаттанарлық, ал криолиттік аймақтан төмен кондуктордың башмагы үстінен 60 м кем емес болып көтерілсе жақсы деп танылады.

КҚЖ жатқан аймақтағы ұңғыма құрылысы оның сағасының орнықты қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс, бағыттауыш және кондуктор артындағы құбыраралықкеңістіктің бұрғылау ерітіндісімен шайылуын, сондай-ақ ұңғыманы тұрғызудың және оны сынап, ары қарай пайдаланудың бүкіл циклы кезінде саға маңындағы аймақта жыныстардың құлап кетуін, воронкалардың пайда болуын болдырмау қажет.

Науалардың пайда болу себептерін атаңыз.

Науаның қалыптасуы – ұңғыманың ашық оқпанының қабырғасында біржақты қуыс қалыптасу процесі. Қуыс ерекше формада құлап, қуыс тәріздес (науа тәрізді овал) болып қалыптасады. Бұл шиеленіс ұңғыманың қисайтылған және біршама иілімге ие учаскелеріне тән. Науалар жұмсақ жыныстарды бұрғылағанда ұңғыма осі вертикальдан 2 - 3º ауытқыған жағдайда қалыптасуы мүмкін. Науа қалыптасқанда құбырлар тізбегінің тарылған бөлікке түсу және сыналып қалу қаупі туады да сыналану көбінесе құбырлардың өсуіне алып келеді.

Науа пайда болу көтеріп-түсіру операцияларын жүргізгенде және бұрғы аспабын ары-бері қозғағанда туындайды. Бұл ретте құбырлар тізбегінің жалғаушы элементтерінің бүйірлік бөліктері жыныстың өн бойында науалық қазынды жасайды. Нақты жағдайларға қарай мұндай қазынды ұңғыма оқпанының жатушы, сондай-ақ ілінбелі бүйірінде де қалыптасады. Оның ені пайдаланылатын жалғаушы элементтердің (муфталардың, құлыптардың) сыртқы диаметріне байланысты болады.

Науа пайда болудың технологиялық себептері: ұңғыма оқпанының шектен тыс қисаюы, қолдан жасалған қисайтылудың түрлі бағыттылығы.

Апаттарды жою үшін қандай элемент қолданылады.

Метчиктер

Колоколдар

Құбырұстағыштар

Құбырұстағыштар сондай-ақ шығарылатын заттың ішкі немесе сыртқы беттерінен ұстауына байланысты ішкі және сыртқы болып бөлінеді.