Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПиЛАПБ11111111111111.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Шегендеу тізбегін цементтеу кезінде қандай апаттар жиі кездеседі?

Шегендеу тізбектерін цементтеу кезінде апаттардың көпшілігі шегендеу тізбектерінің ішкі қысым әсерінен бүлінуінен болады. Олар шегендеу тізбегін түсіргеннен кейін бұрғылау ерітіндісінің айналымын қалпына келтіру кезінде, цементтік ерітіндіні айдау кезінде (әсіресе оны құбыр аралық кеңістікке айдау сәтінде), цементтік ерітіндінің уақытынан бұрын қатып қалған кезінде, тізбекті саңылаусыздыққа сынауда ішкі қысымды тудыру кезінде, сондай-ақ су, газ, мұнай білінулерін жою кезінде болады.

Апат сәтінде туатын қысымдар әдетте жіберілетін мәннен жоғары болады. Апат сәтінде қысымдар жіберілетін мәннен төмен болған жағдайларда құбырлардың зауыттан жіберілген ақаулары бүлінулерге әкеліп соғады (металдың қисықтықтары, қабыршықтанулары, дөңестер және т.б.).

Ұңғымаға бөгде заттардың құлау себептерін атаңыз?

Ұңғыма сағасында әртүрлі құралдармен, механизмдермен, түрлі дәрежелі адамдар, әртүрлі климаттық жағдайларда, әртүрлі жұмыс ырғағы және темпі кезінде жұмыстар жасайды. Жұмыстар тәулік бойы істелінеді. Барлық көрсетілген жұмыстардың арнайы жағдайлары ұңғыма сағасы арқылы құралдардың, механизмдер бөлшектерінің және приборлардың құлауына соқтыратын қателіктердің болуын жоққа шығармайды.

Практикада заттардың құлауының көп қайталанатын жағдайлары келесідей көрсетіледі.

Жетек құбырмен бұрғылау тізбегін көтеру кезінде ротордың төсеніші сынамен бірге көтеріледі. Ротордан шыққан кезде төсеніш ротор столы бойымен жылжиды, ал босаған сына ұңғымаға құлайды. Ұңғымаға заттардың құлауының өте кең таралған және тән жағдайы. Апаттар ротор немесе мұнараның ұңғымаға қатысты орталықтығын бұзады.

Бұрғылауда қолданылатын ұстау және көмекші жабдықтарды атаңыз.

Колокол не үшін арналған?

Колоколдар ұңғымада қалып қойған бұрғылау, шегендеу және сораптық-компрессорлық құбырларды шығару үшін қолданылады, ол үшін колоколдар қалып қойған құбырлардың сыртқы бетіне бұралады. Колоколдарды шығарылатын бұрғылау тізбегін айналдыру немесе қозғалту қажет болған жағдайда қолдану ұсынылады.

Құрылысы бойынша колоколдар қандай түрлерге бөлінеді?

Құрылысы бойынша колоколдар бүтін (К типті); құбырлардың сыртқы бетінен ұстағышы бар (10-сурет, а); сынған құбырдың құлпысынан, муфтасынан және ауырлатылған бұрғылау құбырларынан ұстау арқылы өткізетін тесіктері бар (10-сурет, б), құбырлардың барлық түрлерінің сыртқы бетінен ұстайтын, тегіс (10-сурет, в); цилиндр пішінді барлық заттардың сыртқы бетінен ұстайтын орнатылған төлкесі бар (10-сурет, г).

10, д суретінде КС типті колоколдың шегендеу құбырымен жинастырылуы көрсетілген.

Колоколдармен ұстау жұмыстары метчиктермен жұмыс істеуге ұқсайды.

10 сурет – Колоколдар:

а — К колоколы; б — КС колоколы; в — тегіс колокол; г — орнатылған ұстауыш төлкесі бар колокол: 1 — аударма; 2 — ұстау төлкесі; 3 — тұрқы; д — қабылдау құбыры бар тесік ұстауыш КС колоколдың жинастырылуы: 1 — аударма, 2 — муфта, 3 — қабылдау құбыры, 4 — колокол, 5 — воронка

Ұңғыманы бұрғылау кезіндегі апаттар деп нені атайды?

Біртіндеп жұтылумен күресу қалай жүргізіледі?

Жұтылумен күресудің көптеген әдістері бар, олардың әрқайсысының тиімділігі нақты жағдайларға сәйкес келуіне байланысты. Барлық әдістерге ортақ – бұл қабатқа түсетін қысымды азайту, жұтатын қабаттардың өткізгіштігін оларды бекіту арқылы төмендету, жұтатын қабаттарда сұйықтың қозғалысқа гидравликалық кедергісін жоғарылату, сұйықтың құрамы мен қасиеттерін өзгерту, толтырғыштарды енгізу.

Қабатқа түсетін қысымды азайту ең алдымен бұрғылау ерітіндісінің тығыздығын төмендету арқылы және құбырлар тізбегі мен ұңғыма қабырғасы арасындағы сақиналы кеңістіктегі саңылауды түптік қозғалтқыштың АБҚ мен құбырлардың кіші диаметріне көшумен үлкейту арқылы іске асырылады.