Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПиЛАПБ11111111111111.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Атқылауға қарсы қолданылатын жабдықтардың түрлері мен негізгі параметрлерін атаңыз.

Гидравликалық басқарылатын атқылауға қарсы жабдықтардың келесідей типтік үлгілері қабылданған (2-сурет):

1 — екі превенторлы, екі манифольд жүйелі, бір крестовиналы (2-сурет, а);

2 — үш превенторлы, екі манифольд жүйелі, бір крестовиналы (2-сурет, б);

3 — үш превенторлы, екі манифольд жүйелі, екі крестовиналы (2-сурет, в);

4 — үш превенторлы, үш манифольд жүйелі, екі крестовиналы (2-сурет, г).

Атқылауға қарсы жабдықтың оқпандық бөлігі деп құраушы бөлшектердің жиынтығын айтады, олардың тік өту саңылауларының өсі шегендеу тізбектері байланысының жоғарғы фланецында тізбекті орнатылған ұңғыма оқпанының өсімен сәйкес келеді(превентордан, сағалық крестовиналардан, превентор үстіндегі катушкадан және ашылатын науадан тұрады).

Атқылауға қарсы жабдықтың манифольды деп белгілі бір үлгімен байланыстырылып, қажетті арматурамен жабдықталған құбырлар жүйесін айтады (дроссельдеу және басу тізбектері бар). Сағаға атқылауға қарсы жабдықты орнатқаннан кейін сумен нығыздалуы керек.

Атқылауға қарсы жабдық ішінде құбырлар тізбегі бар немесе жоқ кезде ұңғыма сағасын саңылаусыздандыруды, құлыптармен жалғанған бұрғылау құбырларын және муфталармен жалғанған шегендеу құбырларын жылжытуды, айналдыруды және тартуды қамтамасыз етуі керек.

Бұрғылау процесіндегі газдың, мұнайдың, судың атқылауының алдын алу үшін қандай шаралар орындау керек?

Мұнай, су, газдың атқылауынан ұңғыма құрылысының ұзақ тұрып қалулары да жиі болып тұрады.

Жоюға кеткен уақытқа қатыссыз, қалпына келтіру үшін қосымша жұмыстар жүргізетін жоғарыда көрсетілген ұңғыма құрылысының технологиялық процестердің бұзылуларының барлығы апаттарға жатады.

Технологиялық жобаның талаптарын және бұрғылау жұмыстарын жүргізу ережелерін сақтай отырып тау-геологиялық сипаттағы құбылыстардан, яғни жұтылулар, мұнайгаз білінулері, атқылаулар, үгітілу, опырылу, науалық өңдеулер, оқпанның қисаюы, ашық фонтандау және т.б. себептерден ұңғыма құрылысының технологиялық процесінің үзіліссіздігінің бұзылулары, сондай-ақ стихиялық келеңсіздіктердің салдарлары шиеленістерге жатады.

Күкіртсутегілі агрессия жағдайында ұңғымаларды бұрғылаудың негізгі ерекшеліктері туралы айтыңыз.

Көптеген мұнай-газды аудандарда мұнай және газдың құрамында күкіртсутегі бар (Н2S). Құрамында көп мөлшерде күкіртсутегі бар газдардың, мұнайлардың және сулардың топтасуы аномальді жоғары қабат қысымы бар кеніштерде орналасқан, ал бұл бұрғылау процесін күрделендіреді.

Күкірсутегі – нерв жүйесін зақымдандыратын күшті у. Тыныс жолдарына түскен күкіртсутегі қанға араласып гемоглобинмен қосылады. Күкіртсутегінің концентрациясы 1мг/л және одан жоғары болғанда тыныс алу жолының параличінен сол мезет өлім шақырады. Улану кезінде дененің дірілдеуі және ақыл естен айырылу тыныс алуды тоқтатып өлімге әкеледі.

Күкіртсутегілі агрессия жағдайында ұңғымаларды бұрғылауда қандай жағдайға ерекше көңіл бөлу керек?

Күкіртсутегі ауадан ауыр, оның салыстырмалы тығыздығы 1,17. Күкіртсутегінің жиналу қабілеті жарылысқа қауіпті концентрацияға әкеледі. Соның әсерінен күкіртсутегі бар жерде үлкен территорияға жайылатын және көптеген шығындар әкелетін жарылыстар мен өрт болуы мүмкін.

Осыған байланысты күкіртсутегі бар қабаттарды ашатын ұңғыларды бұрғылау кезінде қауіпсіздік техникасына қатаң талаптар қойылады. Сол себепті жабдықтарды таңдау және орналастыру, бұрғылау бригадасын оқыту және шынықтыру шаралары жүргізіледі. Күкіртсутегілі агрессия жағдайында келесі спецификалық қиындықтар туындайды: күкіртсутегінің болатқа коррозиялық әсер етуі және оның сульфидтік жарылуы, оның нәтижесінде бұрғылау, шегендеу және сораптық-компрессорлық құбырлар, сағадағы бұрғылау және кәсіпшілік жабдығы, цементтік тасы бұзылады; бұрғылау ерітінділерінің қасиеттері күрт төмендейді – қоюлануы, сүзілу көрсеткішінің өсуі, жоғары өткізгішті сүзгі қабықшасының пайда болуы және басқа. Бұл қиындықтар әсіресе күкіртсутегінің мөлшері 25-30 %, көмірқышқыл газының мөлшері 25 % және қабат қысымы жоғары аймақтары бар мұнай және газ кеніштерінде өте терең ұңғыларды (4000 м-ден жоғары) бұрғылау кезінде күрделене түседі. Мұндай кен орындарына ең алдымен Каспий маңы ойпатындағы Теңіз мұнай кен орнын кіргізуге болады.

Мұнай-газ өндіру кәсіпшілігіндегі техника қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес күкіртсутегі бар қабаттарды ашу кезінде адамдардың улануын болдырмас үшін бұрғылау ерітіндісінен бөлінетін күкіртсутегінің концентрациясын тұрақты түрде бақылап отыру қажет.

Ұсталынудың алдын алудың қандай негізгі шаралары бар?

Көп жылдық қатқан қабаттарды бұрғылаудағы шиеленістер туралы айтыңыз.

Қабылданған терминологияға сәйкес көп жылдық қатқан жыныстар деп суының ең болмағанда аз бөлігі қатып қалған температурасы нөлдік немесе теріс болатын жыныстар айтылады.

Қатқан жыныстың қосынды мұздылығы Лс — жыныс көлеміндегі мұздың қатқан жыныс көлеміне қатынасы— келесі теңдіктен анықталады, %:

Лс=Лв+Лц (6)

мұндағы Лв — мұзды қоспалардың болуына байланысты жыныстың артық мұздылығы, %; Лц — қабыршақты мұздың есебінен болатын жыныстың мұздылығы (мұзды-цемент есебінен), %.

Мұздылығы бойынша қатқан жыныстар төмен мұздылықты (мұздың мөлшері 10% кем), әлсіз мұздылықты (25% кем), мұзды (25...40%) және жоғары мұздылықты (40% жоғары) болып бөлінеді.

Көп жылдық қатқан (мәңгілікке қатқан) жыныстар (КҚЖ) — бұл көп жылдар (үш және одан жоғары) бойы қату жағдайында тұрған жыныстар.

Көптеген солтүстік аудандардың геологиялық қималарының жоғарғы бөлігінде көп жылдық қатқан жыныстардың қабаты жатады; бұл қабаттың қалыңдығы кейде 500 м және одан жоғары болады. Олардың құрамына өзара жақсы байланысқан (әктастар, құмтастар және т.б.), сондай-ақ байланыспаған (құм, майда тастар және т.б.) жыныстар кіреді, олардың өзара цементтеуші материалы мұз ғана болады.