- •Бұрғылау кезіндегі шиеленістерге не жатады?
- •Бұрғылау және бекіту кезінде тампонаждық жуу сұйығының жұтылуы қандай жағдайларда болады?
- •Ұсталыну себептерін атаңыз.
- •Күкіртсутегілі агрессия жағдайында қандай шиеленістер кездеседі?
- •Көпжылдық қатқан қабаттарды бұрғылау кезінде қандай шиеленістер туындайды?
- •Науа қалыптасу деп нені атайды?
- •Қандай тау жыныстарында науалар қалыптасуы мүмкін?
- •Бұрғылау процесінде қандай табиғи факторлар ұңғыманың қисаюына соқтырады?
- •Апаттардың негізгі себептерін атаңыз.
- •Жұтылу қарқыны деп нені атайды?
- •Шегендеу тізбегін цементтеу кезінде қандай апаттар жиі кездеседі?
- •Ұңғымаға бөгде заттардың құлау себептерін атаңыз?
- •Көп жылдық қатқан қабаттарды бұрғылаудағы негізгі шиеленістер түрлерін атаңыз.
- •Атқылауға қарсы қолданылатын жабдықтардың түрлері мен негізгі параметрлерін атаңыз.
- •Бұрғылау процесіндегі газдың, мұнайдың, судың атқылауының алдын алу үшін қандай шаралар орындау керек?
- •Күкіртсутегілі агрессия жағдайында ұңғымаларды бұрғылаудың негізгі ерекшеліктері туралы айтыңыз.
- •Күкіртсутегілі агрессия жағдайында ұңғымаларды бұрғылауда қандай жағдайға ерекше көңіл бөлу керек?
- •Бұл шиеленістердің алдын алудың негізгі тәсілдерін атаңыз.
- •Науалардың пайда болу себептерін атаңыз.
- •Апаттарды жою үшін қандай элемент қолданылады.
Апаттардың негізгі себептерін атаңыз.
Апаттар негізінен технологиялық процестерді орындаушылардың немесе құралдарды, жабдықтарды және механизмдерді дайындаушылардың жұмысқа салғырт қарауынан болады.
Жабдықтарды ұңғымаға түсірер алдында тексеру керек, сондықтан сапасыз дайындалған жабдықтарды түсіру сирек кездеседі. Тексеру кезіндегі немқұрайдылық және салғырттық ұңғымаға түсірілетін аспаптармен болатын апаттардың санынының артуына соқтырады. Сапасыз аспаптарды қолдану салдарынан болатын апаттардың саны жылына 3—5% аспайды.
Апаттардың көпшілігі (кейбір мекемелерде жалпы апаттар санынан 95 % дейін жетеді) ұңғыма құрылысындағы техникалық және технологиялық жобаларда қарастырылған бұрғылау жұмыстарының техникалық және технологиялық талаптарын орындамау себептерінен болады.
Апаттардың негізгі көзі — жеке орындаушылардың немқұрайдылығы және пассивтігі, олардың жоба талаптарын және механизмдерді пайдаланудың нұсқауларын сақтамаулары. Апаттардың себептері ең алдымен өнеркәсіп ішіндегі кемшіліктер мен құрылыс бойынша ұйымдастыру жұмыстарының жеткіліксіздігінен және бұрғылаудың қажетті қамтамасыз етілмеуінен, бұрғылау технологиясының және механизмдерді, бұрғылау тізбектерін, түптік қозғалтқыштарды, аспаптарды және құралдарды пайдалану талаптарынан ауытқуымен түсіндіріледі.
Бұрандалы жалғастыру элементтерінің бұзылуы не үшін туындауы мүмкін?
Ұңғымаға шегендеу тізбектері қандай себептерге байланысты құлайды?
Шегендеу тізбектерінің ұңғымаға құлауы төмендегі себептерге байланысты болады:
Көтеріп-түсіру құралдарының дұрыс болмауы (элеваторлардың, сыналардың, ротордың орналасуы т.б.) — ұңғымаға шегендеу тізбектерінің және жеке құбырларының жиі құлауы. Соңғы кездерде көбінесе дәнекерленген, болат шегендеу тізбектерін түсіру үшін спайдер-элеваторлар кеңінен қолданылады. Бірақ құбырларды әлсіз бекіту және спайдер сухарьларының нашарлығы құбырлардың сырғанап кетуіне соқтырып, ұңғымаға тізбектердің құлау қаупін тудырады. Металдың тозуынан болатын жарықшақтарды байқамай, спайдер-элеваторларды ультрадыбыстық дефектоскоппен тексерусіз ұзақ уақыт пайдалану элеваторлардың тозуына және тізбектің ұңғымаға құлауына әкеледі.
Ұңғыма оқпанында ойықтардың болуы, олар түсірілетін тізбектердің тіреліп элеватордың ашылып кетуіне және құбырлардың ұңғымаға құлауын тудырады.
Қашау түрлеріне байланысты апаттар қалай ерекшеленеді?
Қашаулармен болатын апаттар — ұңғымада қашаулардың, бұрғы бастарының, кеңейткіштердің, сондай-ақ олардың элементтері мен бөлшектерінің қалып қоюы.
Шегендеу тізбектерімен және олардың жабдықталу элементтерімен болатын апаттар — түсірілетін, түсірілген және цементтелінген тізбектермен немесе олардың бөлшектерімен, бұрандалы жалғастырулардың ашылып кетуінен, дәнекерленген жерлерінің және құбырлар денесінің үзілуінен, құбырлар денесінің майысуынан немесе жарылуынан, тізбектің немесе оның бөлігінің құлауынан, цемент стақанын, кері клапанның стоп-сақинасын, бағыттаушы тығынды бұрғылау кезінде шегендеу құбырларының бүлінуінен немесе шегендеу тізбегінің төменгі бөлігі элементтерінің бұзылуынан болатын апаттар.
ТКО типті торпедалар не үшін қолданылады?
Магнитті фрезерді қолдану шығарылатын заттың өлшемі мен салмағына байланысты.
Ірі заттарды (ротор сыналарын, АКБ-3 кілтінің жақтарын және т.б.) ұңғыма түбінде түптік немесе башмактық фрезерлармен, сондай-ақ магнитті фрезерге жалғанған башмактық фрезерлі коронкалармен бұзады. Колонкалық құбырларды, көтерілмелі топырақ тасығыштарды және басқа да заттарды түптік фрезерлармен бұзады немесе воронкалы құбыр тәріздес құбырлық ұстағыштармен шығарады. Шығарылатын зат қысылу үшін құбырға жоғары қайырылған қиық тілме жасалады. Жеке жағдайларда ірі заттарды ТКО типті торпедалармен бұзады
Ұңғыма қабырғасының беріктігі мен тұрақтылығы қандай себептерге байланысты төмендейді?
Ұңғыма қабырғасының беріктігі мен тұрақтылығының төмендеуі, саз балшықты тау жыныстарының сүзінді сұйықтар әсерінен ісінуі, бөлшектер арасындағы байланыс күштер мен үйкеліс коэффициентінің төмендеуі салдарынан болады.
Қабат қысымы аномальды жоғары қабат тау жыныстары, олардағы кеуектік қысым мен ұңғыма ішіндегі қысым айырмасы жоғары болған жағдайларда үгітіліп түсе бастайды. Бұл қысымдар айырмасының шектік шамасы ұңғыма қабырғасын құраушы тау жыныстарының беріктігіне байланысты болады. Тау жыныстарының үгітіліп түсуі, опырылып құлауы қабат сұйықтарының көтерілуі немесе бұрғылау барысында қабаттарды сынау, бұрғылау тізбегін көтеріп-түсіру жұмыстарында гидродинамикалық қысымның жиі өзгеруі салдарынан да болуы мүмкін. Үгітіліп түсу, опырылып құлау салдарынан ұңғыма оқпаны кеңейіп, тау жыныстары бөлшектерін жер бетіне көтеріп шығару қиындайды. Кеңейген жерлерде орналасқан бұрғылау құбырларының жұмыс істеу жағдайлары қиындап, апаттар қаупі жоғарылайды.
