Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК КЭ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
    1. Өздік бақылау үшін тест сұрақтары

1

Кәсіпорын – бұл:

A

тәуекелге бара отырып, мүлікті пайдаланудан, өнім шығарудан, қызмет көрсетуден немесе жұмысты орындаудан пайда табуға бағытталған кәсіпкерлік қызмет субъектісі

B

кәсіпкерлік қызметті жетілдіре отырып, пайда табуға бағытталған іс-әрекет

C

мемлекет қаражатымен құрылған және пайда табу мақсатында өнім шығаратын, қызмет көрсететін немесе жұмысты орындайтын іс-шара

D

нарықтық экономикадағы сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, бәсекеге қабілетті өнім, қызмет ұсынатын немесе жұмысты орындайтын жеке тұлға

E

өз қаржысымен тәуекелге бара отырып, игіліктерді пайдаланудан, өнім шығарудан, қызмет көрсетуден немесе жұмысты орындаудан пайда табуға бағытталған шағын бизнес объектісі

2

Нарықтың негізгі элементтерін көрсетіңіз:

A

баға, сұраныс, ұсыныс және бәсеке

B

мемлекет, жеке тұлға, заңды тұлға және банк жүйесі

C

кәсіпорын, фирма, шағын бизнес және әкімшілік орындары

D

ұсыныс, сұраныс, монополия және олигополия

E

таза бәсеке, монополия, демпингтік саясат және инфляция

3

Монополия – бұл:

A

нарықта тек бір ғана компанияның билік құруы

B

нарықта екі немесе санаулы ғана комнанияның билік құруы

C

нарықтағы өндірушілердің шексіз болуы, бағаға ықпал ету мүмкіндігінің болмауы

D

нарықтағы өндірушілердің әр-алуан болуы және бағаның төмендігі

E

бағаның шексіз өсуіне мемлекеттің қауқарсыз болуы

4

Олигополия - бұл:

A

нарықта екі немесе санаулы ғана комнанияның билік құруы

B

нарықта тек бір ғана компанияның билік құруы

C

нарықтағы өндірушілердің шексіз болуы, бағаға ықпал ету мүмкіндігінің болмауы

D

әлемдік нарықта өзіндік орны мен үлесі бар трансұлттық компаниялардың бәсекеге түсуі

E

бағаның шексіз өсуіне мемлекеттің қауқарсыз болуы

5

Таза бәсеке – бұл:

A

нарықтағы өндірушілердің шексіз болуы, бағаға ықпал ету мүмкіндігінің болмауы

B

нарықта тек бір ғана компанияның билік құруы

C

нарықта екі немесе санаулы ғана комнанияның билік құруы

D

нарықтағы өндірушілердің бағаны төмендетуі

E

бағаның шексіз өсуіне мемлекеттің қауқарсыз болуы

6

Монополиялық бәсеке:

A

әлемдік нарықта өзіндік орны мен үлесі бар трансұлттық компаниялардың бәсекеге түсуі

B

нарықта тек бір ғана компанияның билік құруы

C

нарықта екі немесе санаулы ғана комнанияның билік құруы

D

нарықтағы өндірушілердің шексіз болуы, бағаға ықпал ету мүмкіндігінің болмауы

E

бағаның шексіз өсуіне мемлекеттің қауқарсыз болуы

7

Коммерциялық кәсіпорындарға жататындар:

A

қызметі пайда табуға бағытталған ұйымдар

B

қызметі пайда табуға бағытталмаған ұйымдар

C

мемлекеттің үлесі жоқ ұйымдар

D

мемлекеттік ұйымдар

E

қайырымдылық көрсететін ұйымдар

8

Коммерциялық емес кәсіпорындарға жататындар:

A

қызметі пайда табуға бағытталмаған ұйымдар

B

қызметі пайда табуға бағытталған ұйымдар

C

мемлекеттің үлесі жоқ ұйымдар

D

мемлекеттік ұйымдар

E

қайырымдылық көрсететін ұйымдар

9

Акционерлік қоғам – бұл:

A

өз қызметін жүзеге асыруға қажетті қаражат тарту мақсатында акция шығаратын заңды тұлға

B

капиталды өсіру мақсатында ұзақ мерзімге салымдар жасау

C

өз қызметін жүзеге асыруға қажетті қаражат тарту мақсатында облигация шығаратын заңды тұлға

D

инвестициялық жобалар жиынтығы

E

өз қызметін жүзеге асыруға қажетті қаражат тарту мақсатында акция шығаратын заңды тұлға

10

ҚР акционерлік қоғамның жарғылық капиталының төменгі мөлшері:

A

50 000 еселенген айлық есептік көрсеткішке тең

B

60 000 еселенген айлық есептік көрсеткішке тең

C

55 000 еселенген айлық есептік көрсеткішке тең

D

40 000 еселенген айлық есептік көрсеткішке тең

E

325 000 еселенген айлық есептік көрсеткішке тең

11

Акция түрлері:

A

жәй (қарапайым) және артықшылығы бар акция

B

жәй (қарапайым) және артықшылығы жоқ акция

C

жәй (қарапайым) және қарапайым

D

жәй (қарапайым) және облигация

E

вексель және облигация

12

Артықшылығы бар акция санының шекті мөлшері:

A

барлық акцияның 25% аспауы тиіс

B

барлық акцияның 25% кем болмауы тиіс

C

барлық акцияның 20% аспауы тиіс

D

барлық акцияның 20% кем болмауы тиіс

E

барлық акцияның 50% кем болмауы тиіс

13

Акционерге қоғамның жалпы жиналысына қатысуына және қоғам таза табыс тапқанда дивидент алуына құқық беретін акцияның түрі:

A

жәй (қарапайым)

B

артықшылығы бар

C

артықшылығы бірде бар, бірде жоқ

D

вексель

E

облигация

14

Акционерге қоғамның жалпы жиналысына қатысуына құқық бермейтін, алайда тұрақты түрде және алдын-ала белгіленген көлемде дивидент алуына құқық беретін акцияның түрі:

A

артықшылығы бар

B

жәй (қарапайым)

C

артықшылығы бірде бар, бірде жоқ

D

вексель

E

облигация

15

Холдинг – бұл:

A

басқа компаниялардың акцияларының бақылау пакетін иемденетін компания немесе корпорация

B

кәсіпорындардың, банктердің, фирмалардың, ұйымдардың белгілі-бір ірі шараларды өткізу үшін уақытша бірігуі

C

акциясы көп акционерлік қоғам

D

акциясы жоқ акционерлік қоғам

E

өнім өткізу, қызмет көрсету немесе жұмысты орындау үшін құрылған еншілес кәсіпорындар

16

Консорциум - бұл:

17

Кәсіпорынның негізгі құраушы элементтері:

A

еңбек құралдары, еңбек заттары және еңбек күші

B

негізгі капитал, айналым капиталы және ақша

C

материалдық емес активтер, инвестиция және еңбек күші

D

айналым қорлары, айналмалы қорлар және дайын өнім

E

мамандар, басшылар және өндірістік запастар

18

Негізгі капитал мыналардан тұрады:

A

негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді инвестициялар

B

айналым құралдары, еңбек ресурстары және материалдық емес активтер

C

негізгі құралдар, айналым құралдары және еңбек ресурстары

D

ұзақ мерзімді инвестициялар, материалдық емес активтер және дайын өнім

E

айналым капиталы және кассадағы ақша-қаражаттар

19

Ұзақ мерзім бойы пайдаланылатын (1 жылдан артық), өзінің заттай формасын сақтай отырып, құнын дайын өнімге біртіндеп аударатын еңбек құралдары қалай аталады:

A

негізгі құралдар

B

айналым құралдары

C

материалдық емес активтер

D

еңбек ресурстары

E

амортизация

20

Негізгі құралдар қалай бөлінеді:

A

өндірістік және өндірістік емес

B

айналым қоры және айналмалы қорлар

C

ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді

D

моральды және материалды

E

бастапқы және ағымды