Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК КЭ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

5 Дәріс. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар

Жоспар:

1. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі. Пайдалы қазбалар қорлардың жіктелуі және оларды экономикалық бағалау. Қазақстан Республикасының шикізат базасы және оны дамыту бағыттары.

2. Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму жағдайындағы отын-энергетикалық кешенді дамыту. Кәсіпорынның энергетикалық ресурстарын пайдалануды жақсарту жолдары.

3. Ауыл-шаруашылық базасын дамыту.

1. Шикізат, материалдық, отын және энергетикалық ресурстар кәсіпорын мен бүкіл экономиканың қалыпты қызметі үшін негіз болып табылады. Жапония үшін шикізат және отын-ткалық ресурстармен (ОЭР) қамтамасыз ету – кезек күттірмейтін ұлттық мәселе, себебі өзінде өажетті материалдық және отынэнергеиткалық ресурстар жеткіліксіз.

2. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы"

Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.

Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.

Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.

Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр.

Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi салаларды кешендi талдау, олардың ең маңызды элементтерiн анықтау негiзiнде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау көрсетуге инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады.

Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу көзделуде.

Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.

Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi бөлiмдерiнде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар келтiрiлген.

Жалпы алғанда Стратегияны iске асыру нәтижесiнде 2015 жылға қарай ел экономикасы сервистiк-технологиялық дамуға өтуге дайын болуы керек.

Машина жасау, жеңiл, жиhаз, фармацевтика, қағаз және өнеркәсiптiң басқа да бiрқатар өңдеушi салаларын (металлургия және тамақ өнiмдерi мен сусындар саласын есепке алмағанда) дамытуға соңғы үш жылда жыл сайын 68-ден 130 млн. AҚШ доллары, ал мұнай өндiру саласында 1773-тен 2300 млн. AҚШ доллары салынды.

Жер қойнауы инвестициялары жеке инвестицияларда айтарлықтай үлеске ие, олардың экономиканың басқа салаларын дамытуға мультипликативтi әсерi болар едi. Мұндай тиiмдiлiктi алу мақсатында жер қойнауын пайдаланушылармен келiсiмшарт жасасу кезiнде инвесторлардың кiрiстерiнiң бiр бөлiгiн iлеспе қайта өңдеу өндiрiстерiн құру мен дамытуға салу, отандық өндiрушiлердiң жабдықтар мен қосалқы бөлшектер жеткiзiп беруiне тапсырыстар орналастыру жөнiндегi мiндеттемелерiн ескертiп айту керек.

Қызметтiң басым түрлерiне тiкелей отандық және шетелдiк инвестициялар ағыны өсiмiнiң есебiнен ел экономикасын теңгермелi дамытуды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасына 2003-2005 жылдар кезеңiнде тiкелей инвестициялар тарту бағдарламасы әзiрленiп, оның негiзгi бағыттарының бiрi өңдеушi өнеркәсiптi дамыту болып табылады.

Алайда, өңдеушi өнеркәсiптiң, оның iшiнде инновациялық сектордың салалары жеке инвестор үшiн тартымсыз болып қалып отыр. Осыған орай өңдеушi өнеркәсiпке жеке инвестициялар тарту үшiн қолайлы инвестициялық жағдай жасау мемлекеттiң мiндетi болып табылады.

Жеке инвестицияларды тарту процесiн ынталандырудың экономикалық тетiктерi ретiнде инвестициялық салық преференциялары, мемлекеттiк заттай гранттар және "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметтiң басым түрлерi кәсiпорындарының тiркелген активтерiне салымдарды жүзеге асыратын инвесторларға берiлетiн бiрқатар кепiлдiктер қолданылатын болады. Алайда Заңда көзделген преференциялар (артықшылықтар) аталған салалардың коммерциялық тартымсыздығымен салыстырғанда берiлетiн жеңiлдiктердiң сәйкес келмейтiнiн ескере отырып, индустриялық-инновациялық сектордың салаларын дамытуға тиiсiнше ықпал ететiн жағдайда емес. Осыған орай оларды фискалдық саясат шараларымен толықтыру қажет.

Экономикалық тетiктердiң қолданылуы ұйымдық сипаттағы iс-шаралармен толықтырылуы тиiс. Қазақстан Республикасының және оның өңiрлерiнiң инвестициялық мүмкiндiктерi туралы ақпаратты ұсыну көлемi мен сапасы инвесторлардың ел экономикасына капитал салу туралы шешiм қабылдауына айтарлықтай әсер етедi. Осыған байланысты инвестициялық мүмкiндiктермен таныстыру жөнiнде жүргiзiлетiн жұмыс аясында индустриялық-инновациялық сектор салаларын дамытуға күш салынуы тиiс. Перспективалы жобаларды iздестiру жөнiнде ықтимал инвесторларға да, жеке инвесторды қызықтыратын инвестициялық жобаларды сәйкестендiретiн әрi әзiрлейтiн кәсiпорындарға да тiкелей қызмет көрсететiн ақпараттық-консультативтiк орталықтарды тiкелей өңiрлердiң өзiнде құру жөнiнде жұмыстар ұйымдастырылатын болады.

Индустриялық-инновациялық дамудың iрi инвестициялық жобаларын бiрлесе iске асыруда инвесторлармен, әсiресе трансұлттық компаниялармен ақпараттық-тұсаукесер iс-шараларын өткiзуден гөрi барынша белсендi сұхбат жүргізуге көшу қажет.

Бұдан басқа, басым өндiрiстердiң инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында мемлекет мыналарға бағытталған шараларды қолға алады:

миноритарлық акционерлердiң құқықтарын қорғауды күшейту және корпоративтi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру;

кәсiпорындарды тiркеудiң оңайлатылған жүйесiн енгiзу;

қызмет түрлерін лицензиялаудың ашық жүйесiн құру;

қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына кәсiпорындардың өтуiн жеделдету.

Өнеркәсiптi жаңғыртудың басым бағыттарын анықтау үшiн отын-энергетикалық кешеннiң (ОЭК) және экономиканың басқа да базалық салаларының инвестициялық және өндiрiстiк әлеуетiн пайдалану

Iрi инвестициялық жобалар өзiнде шоғырланған және өнiмнiң әрбiр өзгерту сатысында қосылған құны мөлшерiн арттыру арқылы технологиялық тұрғыдан бiрнеше қайтара өзгертуге болатын өнiмдер шығаратын өндiрiс орындары ҚҚТ әдiсi бойынша бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған өндiрiстердi дамыту мен қалыптастыру алаңына немесе базасына айналуы тиiс.

Iс жүзiнде барлық мұнай экспорттаушы елдердi дерлiк өз экономикасын әртараптандыру проблемасы алаңдатады. Дүние жүзiнде осы бағытта бiраз тәжiрибе жинақталған.

Мұнай және мұнай өнiмдерiне конъюнктура өзгерiстерiнiң әсерiн төмендету мақсатында аса iрi мұнай экспорттаушы елдер соңғы он жылдықта мұнай экспорттаудан алынатын табысты қайта бөлу есебiнен экономиканың өндiрiстiк құрылымын жетiлдiру жөнiндегi шараларды iске асыруда. Осымен бiр мезгiлде дамыған елдер экономикасынан кiрiс алу мақсатында басқа елдерге капитал экспорттау жұмысы жүргiзiлуде.

Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсiбiне жылдан жылға көбейiп келе жатқан инвестициялар көлемi экономика құрылымын әртараптандыруға қолайлы орта болып табылады.

Осыған байланысты, Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын (КТҚС) игеру индустрияны дамытудың негiзгi қозғаушы "локомотивтерiнiң" бiрi болып табылады, онда күнiлгерi бағалау бойынша көмiрсутектердiң жалпы қоры 8,0 млрд. тоннаны құрайды, ол күтiлiп отырғандай, Қазақстанда көмiрсутектер өндiрудiң неғұрлым елеулi өсiмiн қамтамасыз етедi.

Перспективада қайраңдағы кен орындарынан мұнай өндiру жылына 150-200 млн. тоннаға жетiп, 25-30 жыл бойы осы деңгейде тұруы мүмкiн.

Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi тұзды кен орындары мұнайда сұйылған газдың құрамы жоғары - шамамен 60% көлемiнде болуымен сипатталады. Қашаған кен орнының мұнайында ғана алынатын газдың қоры Қарашығанақ кен орнының қорымен ғана теңесуi мүмкiн деп күтiлуде.

Тұтастай алғанда Қазақстанның орта және ұзақ мерзiмдi перспективасында ОЭК-iнiң дамуы КТҚС-ның дамуымен айқындалатын болады, өйткенi 2006 жылдан кейiн оншорлық кен орындарында өндiрудiң өсуi шамалы болады.

Каспий өңiрi көмiрсутегiн өндiрудiң өсуiне, магистральдық, оның iшiнде экспорттық мұнай және газ құбырларын, жүктердi сақтау және ауыстырып тиеу үшiн теңiз порттары мен порт құрылыстарын, мұнай құятын және газ толтыратын темiр жол терминалдарын салуға, электр энергетикасында және телекоммуникациялық инфрақұрылымда жаңа қуаттарды енгiзуге байланысты Қазақстанның жалпы экономикалық қарқынына едәуiр көлемде әсер ететiн инвестициялық және өндiрiстiк белсендiлiктiң қуатты өсуiн бастан кешiретiн болады.

Каспийде көмiрсутегiн өндiрудiң дамуы мұнай-химия индустриясы үшiн отандық шикiзат базасының қалыптасуына жағдай жасайды. Iрi инвесторларды тарта отырып, Қашаған кен орнының өнеркәсiп аймағының маңында iлеспе табиғи газды ұқсату жөнiндегi мұнай-химия кешенiн салу жоспарлануда. Кешен мұнай-химия өнiмдерiнiң сұйық және бастапқы компоненттерiнiң ауқымды бөлiгiн - этан, пропан, бутан, гексан, этилен, пропилен, ацетилен, бензол, ксилол және басқаларын, олардың негiзiнде пластикалық массалар мен эластомерлер алуға мүмкiндiк бередi.

Алдағы он бес жылда Қазақстан мұнайын өндiрудi дамытуға инвесторлар 80 млрд. AҚШ долларынан астам қаржы салуға ниет бiлдiруде. Бұл қаражат iске қосылатын кәсiпорындардың жұмысын қамтамасыз ететiн өндiрiстiк, инфрақұрылымдық және әлеуметтiк объектiлер салуға жұмсалатын болады.

Аталған инвестициялық жұмсалымдар тауарлар мен қызметтер көрсетулердiң ауқымды түрiне сұраныс тудырады, олардың бiр бөлiгi Қазақстан жағдайы үшiн уақытша сипатта болады, ал басқа бөлiгi мұнай қорлары сарқылғаннан кейiн де сыртқы және iшкi рыноктарда қажет болатын өндiрiстер құруға бағытталатын болады.

Мысалы, Каспий жағалауының инфрақұрылымын дамыту демалыс және ойын-сауық индустриясын құру үшiн, теңiз порттары - жүктердi тасымалдаудағы көлiк шығыстарын азайту үшiн, машина жасау зауыттары баржалар, жүк, кәсiпшiлiк және әскери кемелер, жабдық пен тұрмыстық техниканың мол ассортиментiн шығару және т.б үшiн алғышарт жасайды.

ҚҚТ дамыту бөлiгiнде шикiзатты ұқсатуды кеңейте түсудiң жақсы перспективалары бар.

Мұнай мен газды ұқсатуды кеңейте түсу iс жүзiнде экономиканың барлық салалары мен тұрмыста пайдаланылатын полимерлiк бұйымдардың шамамен 200 түрiн шығаруға мүмкiндiк жасайды. Осы бағытта ҚҚТ-ны дамыту көп салалы трансұлттық корпорация құруға жағдай жасайды.

ҚҚТ-ны дамыту үшiн металлургия өнеркәсiбiнде жақсы перспективалар бар. Қазақстанда Д.Менделеевтiң периодтық жүйесiнiң 100-ге жуық элементiн қамтитын минералдық рудалардың қорлары бар КСРО тұсында оның 74 элементi өнiмiнiң алуан түрiне пайдаланылады. Қазақстанның түстi металлургия өнiмi ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялы тауарларды - ғарыш аппараттарын, қару-жарақ, электр техникасын жасауда пайдаланылды.

Қазақстанда түстi, асыл және сирек кездесетiн жер металдарының кең ауқымды мөлшерiн күрделi және қоры аз рудалардан, руда үйiндiлерiнен, металлургиялық шлактар мен қайта өңдеу қалдықтарынан алу жөнiндегi ғылыми-инновациялық әзiрлемелердi түстi металлургия кәсiпорындарында енгiзудiң осы саласында да зор ғылыми әлеуетi мен тәжiрибесi бар. Металлургиялық қалдықтар мен руда үйiндiлерiн ұқсату жөнiндегi жаңа технологияларды енгiзу орта мерзiмдi перспективада қосылған құны жоғары өнiм алуға мүмкiндiк бередi.

Қазақстанға iрi инвестициялардың ағылуы түстi металлургия, химия және жиhаз өнеркәсiбiнiң өнiмдерiне және т.б. сұраныс тудырады. Осының бәрiн мұнай мен газды және металдарды өңдеудi кеңейте түсу есебiнен Қазақстанда шығаруға болады әрi болашақта бұл өнiм әлемдiк рынокта өз орнын табады.

Қазақстан әлемдегi iрi астық өндiрушiлердiң бiрi болып табылады. Астық өңдеу процесiн тереңдету көп салалы ҚҚT-ны құрудың негiзгi базасы болуы мүмкiн. Осындай тiзбектi дамытудың бағыттары астық өңдеудiң технологиялық процесiн кеңейтуден де, жемшөп өндiру, мал шаруашылығы, ет пен сүт өнiмiн шығаруды дамытудан да көрiнедi. ҚҚТ-ға, сондай-ақ элеваторлар да, ауыл шаруашылығы техникасы мен минералдық тыңайтқыштарды шығару жөнiндегi зауыттар да, табиғи тағам бояғыштарын, фармацевтикалық бұйымдарды, биотехнология өнiмдерi мен басқаларын шығару жөнiндегi кәсiпорындар да кiредi.

Экономика құрылымын және қазақстандық экономиканың экспорттық бағытын әртараптандырудың аталған бағыттары әлеуеттi тұрғыдан басым бағыт болып табылады. Алайда ұсынылып отырған жобаларды iске асыруға мемлекеттiк қолдау көрсету жөнiндегi түпкiлiктi шешiмдi ҚҚT әдiсi бойынша аталған өнiмдердi барынша қайта өңдеу бөлiнiсiнде дамыту мүмкiн болатын бәсекелестiк артықшылықтарды егжей-тегжейлi талдаудан кейiн ғана қабылдау қажет.

ҚҚТ әдiсi бойынша экономиканың басым салаларын айқындау кезiнде ҚҚТ-ның одан әрi дамуын көздейтiн бiрлескен өндiрiстердi ұйымдастыруға орай ТҰК өңiрлiк өкiлдерiмен экономикалық ынтымақтастықты қамтамасыз ету қажет.

Электр энергетикасында өткiзiлген реформалардың нәтижесiнде тұтытынушылардың электр энергиясын жеткiзушiлердi еркiн таңдауы, субъектiлердiң электр желiлерiне еркiн және кем қойылмай қол жеткiзуiне негiзделген электр энергиясы мен қуаттың бәсекелес көтерме рыногы ойдағыдай жұмыс істеуде.

Электр энергетикасын одан әрi реформалау рыноктағы өзгерiстердi тереңдетуге, электр қуатының биржа саудасын жасау мен дамытуға, электр қуаты саласындағы қызмет көрсетулер арнасын кеңейтуге бағытталады.

Өткiзiлетiн реформаларды қолдау мен саланың одан әрi дамуы үшiн, қуатты өндiретiн және тасымалдайтын кәсiпорындардың құрал-жабдықтарын жаңарту үшiн инвестициялардың өсуiн қамтамасыз ету қажет.

Электр желiлерi компаниялары үшiн инвестицияларды тартуды ынталандыру мақсатында табиғи монополия субъектiлерiнiң орташа кезеңдегi мерзiмге қызмет көрсетулерiне, инвестициялардың қорғалуы мен нормативтерден тыс шығындарды қысқартуға олардың бағытталуын қамтамасыз ету үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк беретiн жаңадан прогрессивтi тәсiлдерiн енгiзу қажет. Тарифтердi белгiлеудiң жаңа тәсiлдерiн iске асыру тарифтердiң өсуiне әкеледi, осыған байланысты, халықтың табысы аз бөлiгiн қолдау шараларын бiр мезгiлде қолдану қажет.

Бұдан өзге, электр қуатын тарату көлемiнiң өсуiнiң негiзгi өлшемiнiң бiрi болып табылатын электр энергиясын тарату жөнiндегi қызметтерiне белгiленген тарифтерге азайту коэффициенттерiн беру арқылы тарифтердi белгiлеудiң икемдi әдiстерiн енгiзу қажет.

Азайту коэффициенттерiн енгiзу отандық тауар өндiрушiлер мен республиканың экспортқа бағытталған кәсiпорындары өнiмiнiң бәсекеге қабiлетiн қолдауға мүмкiндiк бередi.

Электр және жылу энергиясына тарифтердi реттеу саясатын жүргiзу кезiнде мынадай факторлар ескерiлетiн болады:

электр энергиясының төмен тарифтерi экономиканың маңызды мiндеттерiнiң бiрi - дамыған елдерден 3-4 есе жоғары болып тұрған өнiмнiң энергияны қажетсiнуiн азайтуға ықпал етпейдi. Арзан ресурстарды ешкiм үнемдемейді;

бүгiн бюджет бiр жағынан төмен тарифтер есебiнен табиғи монополистердiң қызмет көрсетулерiне бюджеттiк ұйымдардың жұмсайтын шығыстарын арзандатудан пайда тауып отырғанын, сонымен қатар ол салықтарды толығымен алмайтынын талдау көрсетiп отыр.

Сол себептен, электр қуатына тарифтердi едәуiр көтеру қажет. Бұл қадам кәсiпорындарды өнiмгe энергияның жұмсалуын төмендету жолымен жүруге мәжбүрлейдi, оларды жаңартылуына қозғау болады.

Тарифтердiң өсуi бiрқатар тұтыну тауарларының бағаларын және тұрғын-үй коммуналдық қызмет көрсетулерге тарифтердiң өсуiне, халықтың соған орай шығыстарының өсуiне әкелетiнi сөзсiз. Сондықтан халықтың табысы төмен бөлiгiн қолдау шараларын бiр мезгiлде қолдану қажеттiлiгi туындайды. Мұны күнкөрiстiң төменгi деңгейiн, ең төменгi жалақы мен зейнетақыны көтеру арқылы немесе халықтың ең кедей бөлiгiне атаулы қаржылай көмек көрсету арқылы жасауға болады.

Сонымен, табиғи монополистердiң қызмет көрсетулерiне, атап айтқанда электр қуатына тарифтердiң өсуi табиғи монополистердiң ғана емес, бүкiл ұлттық экономика тұрғысынан алғанда болмай қоймайды әрi өзiн-өзi ақтайды. Осымен бiр мезгiлде бұл компаниялардың өндiрiс шығындарының құрамы мен көлемiнiң негiздiлiгiне де мониторинг қажет.