Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК КЭ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
    1. . Курс бойынша емтихан сұрақтары

  1. 1 Өндірістік кәсіпкерлік дегеніміз не?

  2. Коммерциялық кәсіпкерлік дегеніміз не?

  3. Қаржылық кәсіпкерлік дегеніміз не?

  4. Өндіріс бағадарламасы қандай жағдайларға байланысты анықталады?

  5. Өндіріс көлемі қандай көрсеткіштермен сипатталады және оларды анықтау формулалары

  6. Өндірісті ұйымдастыру түрі дегеніміз не, оның түрлері?

  7. Жеке дара өндіріс түрі, оның ерекшеліктері?

  8. Өндірістің сериялық түрі, оның ерекшеліктері?

  9. Жаппай өндіріс түрі, оның ерекшеліктері?

  10. Өндірісті мамандандарудың түрлері

  11. Өнеркәсіп өндірісінде қиыстыру мағынасы мен мәні

  12. Өндірісті шоғырландыру дегеніміз не?

  13. Венчурлық немесе тәукелдік қаржыландыру

  14. Тікелей және портфельді инвестиция (қоржынды)

  15. Құнды қағаз портфелін басқарудың әдістері

  16. Инновацияға жұмсалған шығындар

  17. Кәсіпорынның өндіріс қоры дегеніміз не, оның түрлері

  18. Тозу дегеніміз не, оның түрлері мен есептеу формулалары

  19. Қорқайтарымдылық, қорсиымдылық мағынасы

  20. Айналым қаржылары (капиталы) түсінігі

41. Аяқталмаған өндіріс дегеніміз не?

  1. Материалдық ресурстардың мөлшер шығыны дегеніміз не?

  2. Шығын, шығын мөлшері

  3. Айналым құралын жоспарлағанда және оған деген қажеттілікті анықтау әдісі

  4. Айналым құралын мөлшерлеу дегеніміз не?

  5. Еңбек ресурстары дегеніміз не?

  6. Еңбекті мөлшерлеу, оның талдау әдістері?

  7. Еңбек сиымдылығы дегеніміз не?

  8. Еңбекақы төлеудің түрлерін ата

  9. Тарифтік еңбекақы мөлшері дегеніміз не?

  10. Мерзімді еңбекақы төлеу дегеніміз не?

  11. Үдемелі – кесімді еңбекақы төлеу жүйесі дегеніміз не?

  12. Аккордты кесімді еңбекақы төлеу дегеніміз не?

  13. Жанама кесімді еңбекақы төлеу түрі дегеніміз не?

  14. Кесімді еңбекақы төлеу дегеніміз не?

  15. Нақтылы еңбекақы дегеніміз не?

57. Көрсетілген еңбекақы дегеніміз не?

Глосарий

Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу - бұл кәсіпкерлікті тұрақты дамыту мақсатында мемлекеттің оны – экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан қолайлы ортамен қамтамасыз ету жүйесі.

Экономиканы мемлекеттік басқару - бұл ел экономикасының тек мемлекеттік секторындағы шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қатысты қоғамдағы экономикалық үрдістерге мемлекеттік органдардың тікелей немесе нақтылы әсер етуі.

Экономикадағы мемлекеттік патернализм – экономикалық көмек көрсету атымен тиімсіз жұмыс істейтін, ретабельсіз кәсіпорындарда іс жүзінде олардың экономикалық күйреуіне жол беретін мемлекеттің экономикалық саясаты.

Мемлекеттік реттеу нысандары – бұл экономиканың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қоғамның экономикалық, әлеуметтік өмірінің салалары, сфералары, аймақтары, шаруашылық құрлымдары, үрдістері, құбылыстары және жағдайлары.

Стагфляция – тоқыраудың инфляциямен қатар дамуымен сипатталатын ел экономикасының жағдайы.

Мемлекет қызметі – бұл мемлекеттің қоғам өміріндегі рөлін белгілейтін міндеттері мен іс-әрекеттерінің жиынтығы.

Мемлекеттің экономикалық саясаты – бұл халықтың тұрмыстық жағдайын қажетті деңгейде жеткізуді және оның экономикалық өсуін қамтамасыз ететін қоғамның дамуындағы әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеу, тәртіпке келтіру және қолдауға бағытталған мемлекеттік органдармен атқарылатын шаралар жиынтығы.

Нарықтық шаруашылық жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеу - бұл ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жүйенің өзгеруші шарттарға бейімделуін, экономиканың тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ету мақсатындағы заң шығарушылық, орындаушылық және бақылаушылық сипаттағы мемлекеттік құқық қорғаушы органдармен және қоғамдық ұйымдармен жүзеге асырылатын мемлекеттік шаралар жүйесі.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері - экономикалық қатынастарды реттеу барысында билік органдарының алдына қойылатын мақсаттық шарттар жиынтығы.

Өндірістік кәсіпкерлік – бұл түріне өндіріс тауарларын өндіруге бағытталған, өнімді тұтынушыларға сату жұмыстарын орындау, қызмет көрсету, ақпарат ұсыну жатады. Сонымен қатар, өндіріс міндетінде негізгі мақсаттан, атап айтқанда өндірістік ресурстармен қамтамасыз етілуінен басқа: өнімді сақтау, тасымалдау, өткізу және т.с.с. қосымша қызметтер кәсіпорынның негізгі міндетін толықтырады.

Коммерциялық кәсіпкерлік – бұл түріне негізінен тауар-ақша және тауар айырбастау міндетіндегі операцияларды жатқызуға болады. Мысалы, тауарды сатып алу барысында сатудың төмендегідей негізгі коммерциялық кезеңдері анықталады:

• тауардың (қызметтің) түрін таңдау;

• жоғары сапалы тауарға сатып алу бағасын белгілеу;

• өндірген тауарға деген сұранысын бағалау.

Қаржылық кәсіпкерлікте сатып алу және сату объектісі ретінде құнды қағаздарды (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т.б.), валютаны, ақшаны жатқызуға болады.

Келтірілген шығындар – белгілі бір мерзім ішінде ағымдағы және күрделі қаржы салымдарының өндірістік шараларға бағытталған шығындардың белгіленген шығындарды салыстырғандағы қосындысын (Тн немесе жыл ішінде) атайды.