- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.И. СӘтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті
- •1.4. Постреквизиттер
- •Студенттің пәндік
- •5В070600 – «Геологиялық барлау» мамандығы үшін
- •Алматы 2012
- •Аңдатпа
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер
- •Пререквизиттер
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі.
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы:
- •2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақ конспектілері
- •1 Дәріс тақырыбы.
- •2 Дәріс тақырыбы
- •1. Кәсіпорын – шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізушісі. Кәсіпорындар қалыптастырудың негізгі қағидалары. Кәсіпорынның басты міндеттері және функциялары.
- •3. Банкроттықтың түсінігі және белгілері. Банкроттық және дағдарыс кезіндегі кәсіпорындарды қайта құру және басқару.
- •2. Кәсіпорынның түрлері мен ұйымдық құрылымдары.
- •3 Дәріс тақырыбы
- •4 Дәріс. Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •5 Дәріс. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •6 Дәріс. . Айналым капиталы
- •7 Дәріс. Еңбек ресурстары
- •1.Еңбек нарығы: мәні және қызмет ету механизмі. Кәсіпорынның еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы, қалыптастыру көздері. Кадрлардың құрамы және құрылымы.
- •2. Жұмысшылардың еңбек ақы жүйелері және формалары. Мамандардың, жұмыскерлердің, басшылардың еңбек ақысын ұйымдастыру.
- •9 Дәріс. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •10 Дәріс. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары
- •1. Шығындар түсінігі, түрлері және құрамы, тұрақты және өзгермелі шығындар. Кәсіпорынның шығындарын құрайтын шығындар жіктелуі. Кәсіпорындағы шығындар құрамы.
- •2. Шығындарды есепке алу нақты мен нормативтік әдістері.. Өнімнің өзіндік құнын азайтудың мәні, көздері және факторлары.
- •11 Дәріс. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •12 Дәріс. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •2. Өнімнің, жұмыстың және қызметтердің баға түрлері. Кәсіпорындағы баға құрудың механизмі. Нарықтық экономика жағдайындағы бағаны мемлекеттік реттеу.
- •13 Тақырып. Табыс және өндіріс рентабельділігі
- •1. Табыс – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесінің жиынтық көрсеткіші ретінде. Табыстар түрлері. Кәсіпорынның табысын бөлу тәртібі.
- •2. Өндіріс рентабелділігі – кәсіпорын жұмысының тиімділік көрсеткіші ретінде. Рентабельділік деңгейін көтеру жолдары.
- •14 Тақырып. Кәсіпорын қаржысы
- •Тақырып 1. Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы
- •Тақырып 2. Экономиканы мемлекеттік реттеу
- •Тақырып 3. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •Тақырып 4. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Тақырып 5. Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •Тақырып 6. Шикізат, материалдық және отын энергетикалық ресурстар
- •Тақырып 7. Айналым капиталы
- •Тақырып 8. Еңбек ресурстары
- •Тақырып 10. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •Тақырып 11. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары
- •Тақырып 12. Кәсіпорын маркетингтік және өндірістік қызметі
- •Тақырып 13. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •Тақырып 14. Табыс және өндіріс рентабельділігі
- •Тақырып 15. Кәсіпорын қаржысы
- •2.4 Оқытушылардың жетекшілігімен орындалатын студенттердің өздік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •Курстық жұмыстардың тақырыптары
- •Бақылау жұмысы сұрақтары:
- •Өздік бақылау үшін тест сұрақтары
- •. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глосарий
- •Әдебиеттер тізімі
4 Дәріс. Кәсіпорынның негізгі капиталы
Жоспар:
1. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.
2. Негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдаланудың факторлары және жолдары. Негізгі капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру шаралары.
3. Кәсіпорынның тіркелген активтер. Кәсіпорынның материалдық емес активтер: түсінігі, түрлері. Материалдық емес активтердің амортизациясы.
1. Өндіріс процесіне түгелдей қатысатын, бірақ өз құнын өнімге бөліп – бөліп, оның тозу дәрежесіне қарай сіңіретін өндіріс капиталының элементтері негізгі капитал деп аталады. Негізгі капитал өндіріс ғимараттарына, құрылыстар мен машиналарға, жабдықтар мен құрал – саймандарға сіңіріледі. Негізгі капитал құрамы активті және пассивті элементтерден тұрады. Активті элементтер еңбек затына әсер етеді. Оған машиналар, жабдықтар, қондырғылар, т.б. жатады. Ал пассивті элементтер өндіріс процесіне қызмет етеді. Олар үйлерден, ғимараттардан, транспорт құралдарынан, т.б. тұрады.
Негізгі корлар дегеніміз кәсіпорындардың өндіріс құралы мен еңбек құрал – жабдықтарының жиынтығы. Олар өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы пайдаланылады және өз құнын жасалған өнімге өзінің тозуына қарай бірте – бірте бөлшектеп енгізеді.
Негізгі қорлардың 2 түрі болады:
-өндірістік негізгі қорлар
-бейөндірістік негізгі қорлар.
Материалдык өндіріс саласында жұмыс істейтін негізгі қорлар - өндірістік негізгі қорлар деп, бейөндірістік салада жұмыс істейтін негізгі корлар - бейөндірістік негізгі корлар деп аталады (тұрғын үйлер, мәдениет, спорт мекемелері, балабақшалар, емдеу орындары және басқа да кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер).
Негізгі корлар - ұлттық байлықтың маңызды бөлігі болып табылады және олардың құрамы мен кұрылымын анықтау үшін негізгі корлардың сыныптамасын жасау қажет.
Кесте 1. Негізгі қорлардың сыныптамасы
Топтардың аттары |
Қолданылуы және қысқаша мінездемесі |
1. Ғимараттар |
өндірістік архитектура және құрылыс объектілері (цехтар, қоймалар, өндірістік лабораториялар және т.б.) |
2. Құрылыстар |
өндіріс процесіне қызмет ететін техникалық функцияларды атқаратын инженерлік – құрылыс объектілері (тоннельдер, көпірлер, эстакадалар, су каналдары, автомобиль және темір жолдары және т.б.) |
3. Жіберу құралдары |
энергияны, сұйық және газ түріндегі заттарды жіберуші құралдар (электр, жылу жүйелері, газ жүйесі) |
4. Машиналар мен құралдар |
|
а) күш машиналары мен құралдар |
генераторлар, электр бөлшектер, бу машиналары, турбиналар т.б.) |
б) Жұмыс машиналары мен құралдар |
технологиялык процеске тікелей қатысатын құралдар (станоктар, пресс машиналары, көтеру- тасымалдау механизмдері т.б.) |
в) Өлшеу, реттеу приборлары мен құралдары, лабораториялық құралдар |
өңдіріс процесін күш еңбегімен немесе автоматтаңдыру арқылы реттеуге, технологиялық процестердің; параметрін өлшеуге және бақылауга, лабораториялық зерттеулер жүргізуге қажетті құралдар |
г) Есептеу техникасы |
математикалық есептерді шешуді тездетуге қажетті құралдар жиынтығы |
д) Басқа да машиналар мен құралдар |
(өрт сөндіргіш машиналар, телефон станциялары т.б.) |
5.Тасымалдау құралдары
|
кәсіпорын көлеміндегі адамдар мен жүктерді тасымалдауға қажетті көліктер (электровоз, паровоз, тепловоз, автомобиль және т.б.) |
6. Құрал-сайман |
өндіріс процесіне қажетті элементтер (қол және механикалық кесу, ұру саймандары, штамптар т.б.) |
7.Өндірістік түгендеме (инвентарь |
өндірістік операцияларды орындауды жеңілдетуге және жеке енбек заттарын сақтауға қажетті құралдар (жұмыс столы, қорап т.б.) |
8.Шаруашылық түгендеме (инвентарь) |
көбейту және қайта түсіру аппараттары, стол, шкаф т.б. |
Негізгі қорларды бағалаудың өндіріс процесінде ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты және осы уақыт аралығындағы қайта өндірудің жағдайына байланысты бірнеше түрі болады. Олар - негізгі қорлардың бастапқы құны, қайта өндіру құны және қалдық құны.
Негізгі қорлардың бастапқы құны - қорларды дайындауға, жинауға, әкелуге кеткен шығындардың жиынтығы.
Қайта өндіру құны (қалпына келтіру) - негізгі қорларды қайта өндіруге кеткен шығындардың жиынтығы.
Қалдық кұн - негізгі қорлардың тозуды алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру құны.
Негізгі өндірістік қорлардың кұрылымына мынадай факторлар әсер етеді: шығарылатын өнім түрі, оның жалпы көлемі, автоматтандыру және механикаландыру деңгейі, мамандандыру және бірлестіру деңгейі, кәсіпорын орналасуының климаттық және географиялық жағдайлары және т.б.
Өндірістік қорлар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін кұрайды. Негізгі өндіріс қоры (капиталы) – ұзақ жылдар бойы өндіріс саласында жұмыс істейтін, материалдық игіліктерді өндіруге қатысып, өзінің заттай түрін сақтайтын, бірте-бірте тозатын және өзінің құнын өндірілетін жаңа өнімге тозу мөлшеріне қарай амортизаторлық жарна түрінде аударатын өндіріс құралдарын айтамыз.
Кәсіпорынның өндіріс қоры үнемі қозғалыста болып, айналымда болады. Олар өндіріс шеңберінен, айналым өндірісіне, ал одан қайтып келесі өндіріс шеңберіне оралады.
Қордың әртүрлі элементтері айналымда болуы бірдей емес. Міне, осындай жағдайға байланысты өндіріс шеңберінде болған қорлар немесе өндіріс қорлары негізгі және айналым болып бөлінеді.
Өндіріске қатысу нәтижесінде негізгі өндіріс қоры – өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс қоры – бұл қор өндіріс үрдісіне тікелей қатысатын – машина күштері мен жабдықтар немесе оның іске асуына жағдай туғызатын, өндірістік корпусы, тасымалдау көлігі, сақтау және қойма бөлімдері кіреді. Негізгі қормен бірге өндіріс үрдісіне тікелей қатыспайтын (кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер) – өндірістік емес қорларға жатады. Бұл негізінен, кәсіпорындағы әлеуметтік кұрылымға кіретін – тұрғын үй қоры, мәдени – тұрмыстық қызметке арналған ғимараттар мен құрылыстар, спорттық құрылыстар, денсаулық сақтау объектілері, бала-бақша, мектеп т.б. объектілер кіреді. Өндіріс үрдісінде және табиғи заттай белгісімен барлық негізгі өндіріс қоры төмендегідей болып бөлінеді:
1. Өндіріс ғимараттары
2. Ірі құрылыстар
3. Беріліс қондырғылар
4. Күш машиналары мен жабдықтар
5. Жұмыс машиналары және жабдықтар
6. Өлшеуіш және реттеуші приборлардың барлық түрлері, зертханалық
жабдықтар
7. Шаруашылық және өндіріс инвентарлары
8. Инструменттер, аспаптар
9. Көлік машиналары
10. Басқадай негізгі қорлар түрлері.
Әрбір топтағы негізгі өндіріс қорының құндарының жалпы өндіріс қорына үлес салмағын (%) өндірістегі кұрылымын көрсетеді. Негізгі өндіріс қорының құрылымы салаларда, бірлестіктерде және кәсіпорындарында өзінің қолдануына, бағытына, көлеміне қарай әртүрлі болады.
Негізгі өндіріс қорының кейбір бөлігі үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өндіріс және шаруашылық құралдары өнім өндірісіне тікелей қатыспауы мүмкін – ол тек еңбек тіршілігіне, өндірістің технологиялық үрдісін
дамытуына көмектеседі. Мұндай негізгі өндіріс қорының бөлігін – енжарлы бөлігі дейді. Ал, беріліліс қондырғылар, ішкі зауыт көліктері, әсіресе өнім өндірудегі машиналар мен жабдықтар, яғни негізгі өндіріс қордың белгілі бөлігі өндіріс бөлімшелерінде өнім өндіруде шешуші рөл атқаратын өндіріс қорларын – белсенді бөлігіне жатқызады.
Өндірісте негізгі қордың белсенді бөлігінің құны арқылы кәсіпорыннның мүмкіндігіне қарай дамыған сайын қордың тиімділік көрсеткіштері жоғарлап, кәсіпорынның техникалық деңгейі және қуаттылығы артады.
Негізгі өндіріс қорын есепке алғанда және жоспарлағанда, сонымен бірге негізгі өндіріс қорының өндіріс қуаттылығын анықтағанда табиғи және құн (ақшадай) түрдегі көрсеткіштері қолданылады.
Жұмыс істеп тұрған негізгі қорлар бухгалтерлік есепте олардың баланстық құны бойынша көрсетіледі.
Негізгі өндіріс қорлары төмендегідей бағаланады:
• бастапқы құны бойынша, оған қорға ие болғандағы құны, оны жеткізу және құрастырып орналастыру шығындары кіреді;
• қалпына келтіру құны бойынша, яғни оған негізгі қорларды қайта бағалау нәтижесіндегі құны жатады;
• қалдық кұны бойынша, яғни бастапқы құнының немесе қалпына келтірілген құнның тозу құнының айырмашылығымен анықталады.
Негізгі өндіріс қорының қалдық құнын мына формуламен анықтауға болады:
Ққ = НҚбқ - (НҚбқ * Ма /100 *t),
мұнда, Ққ - қалдық кұны;
НҚбқ – негізгі өндіріс қорының бастапқы құны, теңге;
Ма – толық қалпына келтіру амортизациясының мөлшері, %;
t – негізгі өндіріс қорының нақты жұмыс істеген уақыты, жыл.
Негізгі өндірістік қорларды колданудың көрсеткіштері үш топка бөлінеді:
- негізгі өндірістік қорларды экстенсивті қолдану көрсеткіштері;
- негізгі өндірістік қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіштері;
- негізгі өндірістік қорларды интегралды қолдану көрсеткіштері.
1-топ көрсеткіштеріне: құралдарды экстенсивті қолдану коэффициенті, құралдардың сменалық жұмыс жасау коэффициенті, құралдардың толық пайдалану коэффициенті жатады; яғни бұл көрсеткіштер құралдардың уакыт мөлшерінде қолданылу деңгейін көрсетеді.
2-топ көрсеткіштеріне: өндірістік қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіші негізгі қорлардың нақты өнімділігін оның нормативтік өнімділігіне бөлу арқылы анықталады.
,
өндірістік
қорларды жедел түрде қолдану
коэффициенті;
-
негізгі қорлардың нақты өнімділігі;
-
негізгі қорлардың нормативтік өнімділігі;
3 - топ көрсеткіштеріне: құралдарды интсгралдык қолдану коэффициенті құралдарды экстенсивті және интенсивті қолдану коэффициенттеріне көбейту арқылы анықталады, және ол кұралдардың уақыт бойынша және өнімділігі бойынша қолданылуын сипаттайды.
Өндірістік негізгі қорлардың тиімділігін көрсететін жалпы көрсеткіш болып - қор кайтарымы есептеледі.
Қор қайтарымы - бұл негізгі өндірістік қорлардың бір сомына шаққандағы өнім мөлшерін білдіретін экономикалық көрсеткіш, сондай-ақ ол өндіріс тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады.
Қор қайтарымы келесі формуламен есептелінеді:
,
-
қор қайтарылымы, дана / теңге;
Т - тауар өнімінің көлемі, дана;
- негізгі өндірістік қорлардың
орташа жылдық құны, теңге
Қор қайтарымын ұлғайту - бұл халық шаруашылығының аса маңызды міндеті болып есептелінеді. Қор қайтарылымына кері көрсеткіш - қор сыйымдылығы.
Кор сыйымдылығы - бұл негізгі өндірістік қорлар кұнының өндірілген және сатылған өнім құнына қатынасын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш. Ол келесі формула арқылы есептелінеді:
,
- қор сыйымдылығы, теңге / дана
Т - тауар өнімінің көлемі; дана
- негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны, теңге
Қормен қарулану – еңбектің негізгі өндірістік қорлармен жарақтану дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш. Ол қорлардың жылдық орташа құнын өндіріс қызметшілерінің орташа санына бөлгендегі қатынаспен анықталады:
,
-
қормен қарулану көрсеткіші, теңге /
адам;
- негізгі қорлардың орташа жылдық құны, теңге;
-
өндіріс қызметшілерінің орташа саны,
адам.
Қормен жабдықталу көрсеткіші келесі формуламен анықталады:
,
-
қормен жабдықталу, теңге /
;
-
негізгі қорлардың орташа құны, теңге;
-
өндірістік көлемнің ауданы,
.
Өндірістің негізгі қорларының көлемі және олардың қолданылу дәрежесі кәсіпорынның өндірістік қуатының көлемін анықтайды. Өндірістік қуат - саланың, цехтың, агрегаттың, жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып, өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыру негізінде тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі бір түрін шығаруға барынша жоғары қабілеттілігі (мүмкіндігі).
Өндірістік қуат берілген уақыт ішінде саланың, цехтың, агрегаттың өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыра отырып, кұрал-жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып, өнімнің белгілі бір түрін шығаруға барынша жоғары қабілеттілікті айтамыз.
Негізгі қорлар қолданылуына байланысты өндіріс процесінде тозады.
Тозу дегеніміз үй – жайлардың, жабдықтың өндірісте пайдаланылу барысында ескіруі, бастапқы сапаларын жоғалтуы. Конструкциялардың бұзылуымен сипатталатын табиғи тозу және өндірістің негізгі құрал – жабдығының осы заманғы техникалық деңгейден кейіндеп артта қалуымен байланысты болатын сапалық тозу түрлеріне бөлінеді.
Тозудың 2 түрі бар: табиғи тозу және сапалық тозу.
Табиғи тозу дегеніміз - негізгі қорлар элементтерінің материалдық тозуы, олардың өндірісте тұтыну барысында және табиғаттың табиғи күштерінің әсерінен тұтынылу құнын жоғалтуы. Табиғи тозу – негізгі өндіріс қорларын өндірісте ұзақ жылдар бойы қолданудың салдарынан сынуын және тозуын айтады. Тозудың бұл түрі пайдаланудың және табиғаттың әсерінен болуы мүмкін.
Сапалық тозу - жабдықтың техникалық прогресске байланысты ескіріп кұнсыздануы. Неғұрлым жетілдірілген және өнімді машиналардың пайда болуы нәтижесінде пайдаланылып жүрген машиналар табиғи қалпына және өндірісте пайдалану дәрежесіне қарамастан сапалық жағынан ескіріп құнсызданады. Осыған байланысты негізгі құрал – жабдықтар амртизациясының нормаларын айқындау кезінде тек табиғи тозуы ғана емес, сонымен бірге сапалық тозуы да ескеріледі. Сапалы тозу – негізгі қордың толық тозбай жатып құнсыздануы немесе өндіріс үрдісінен шығып қалуы. Ғылыми-техникалық прогрестің даму әсерінен кәсіпорындағы техникалар мен жабдықтар көп жағдайда сапалық тозуға ұшырайды. Сапалық тозу табиғи тозуға қарағанда тозуы ерте келеді, ондағы техниканы әліде болса өндірісте қолдануға болады, бірақ оны қолдану экономикалық жағынан алғанда тиімсіз. Тозған негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық аударымдар қолданылады. Реновация – табиғи және сапалық тозуы салдарынан олардың өндірістен шыққан машиналарды, жабдықтарды, құралдарды, жаңа негізгі құрал – жабдықтармен ауыстырудың экономикалық процесі.
Амортизация (тозымпұл) – негізгі құрал – жабдықтың қолданылуы, өндірісте пайдаланылуы барысында ақшалай тұлғада есептелген тозуы. Тозымпұл сонымен бірге тозған еңбек құралдарының құнын олардың көмегімен өндірілген өнімге аудару құралы, тәсілі, үдерісі. Жөндеуге немесе жаңа құрал – жабдықтарды салуға, дайындауға жұмсалатын ақша түріндегі сипаты болып амортизациялық аударымдар есептеледі. Олар негізгі құрал – жабдықтың тозуының орнын толтыру құралы болып табылады. Амортизациялық аударым сомасы өнімді өндіру шығынына яғни өзіндік құнның құрамыны кіреді және сол арқылы бағаға көшеді.
Тозымпұл нормасы – тозымпұл жарнасының белгілі бір кезеңде белгіленген мөлшерінің негізгі өндірістік қорлардың баланстық құнына қатынасы, ло пайыз есебімен көрсетіледі. Еңбек құралдарывн пайдаланудың экономикалық тұрғыдан тиімді де нысаналы кезеңін басшылыққа ала отырып, еңбек құралдарының табиғи тозуы мен сапалық тозуын ескере отырып есептелінеді. Негізгі қорлар құнының өндірілетін тауарларға көшірілетін үлесі тозымпұл нормасы арқылы анықталады.
Амортизациялық аударым - негізгі қорлардың тозуын толтыру үшін осы қорлар кұнының бір бөлшегін аударып отыру. Ол өнімнің өзіндік құнының және айналыс шығындарының элементін құрайды. Амортизациялық аударым көлемі амортизация нормасы арқылы анықталады.
Амортизациялық қор – негізгі қорларды жай ғана және кеңейтіп көбейтуге арналған ақша қаражаты; экономикалық табиғаты екі түрлі, яғни тозған негізгі қорлардың орнын толтыру процесіне және оларды кеңейту көбейту процесіне бір мезгілде қызмет көрсетеді.
Амортизациялық мерзім - өндіріс құрал – жабдықтарының құнын бөлінген амортизациялық қаржы есебінен толық өтеу мерзімі. Амортизация нормасын есептеу үшін қажет. Көпшілік елдерде амортизациялық мерзімді мемлекет реттеп отырады.
Негізгі қорлардың нормативтік қызмет көрсету мерзімі – қаражат өзінің құнын дайын өнімге, ұзақ мерзімді тұтыну заттары белгілі бір талаптарға сай келу қабілетін сақтауға тиіс болатын кезең. Негізгі қорларды толық қамтамасыз етуге арналған амортизацияның нормаларын және жөндеуге жұмсалатын нормативтерді анықтауға арналады.
Амортизацияның жылдық жиынтығын негізгі қорлардың бағасына бөлу арқылы амортизация нормасын анықтаймыз. Ол пайыз арқылы беріледі:
,
мұндағы:
-
негізгі
қорлардың баланстық бастапқы құны,
теңге
- жайылған негізгі қорлардың
құны, теңге
Т – амортизациялық кезең (негізгі қорлардың нормативтік қызмет ету уақыты), жыл
Негізгі қорларды толық қайта құруға кеткен амортизациялық аударымдардың көлемі мына формула арқылы анықталады:
А = Н х Ф,
мұндағы: Н - амортизация нормасы,%;
Ф - негізгі қорлардың орташа жылдық құны, теңге.
Амортизация нормасы негізгі қорларды өз уақытында қалпына келтіруге бағытталады және амортизация нормасын есептегенде мынадай факторларды қолдана отырып, ңегізгі қорлардың қызмет ету уақытын дұрыс анықтай білу керек:
- негізгі қорлардың ұзақ мерзімділігі;
- сапалық тозу;
- техникалық қайта құрудың жоспары;
- жабдықтардың балансы;
- модернизациялау және күрделі жөндеу мүмкіншіліктері.
Қазақстан Республикасының Президентінің «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы 24 сәуір 1995 жылғы Жарлығы бойынша амортизацияға түсетін негізгі қорлардың амортизация нормалары төмендегідей топтар арқылы анықталған:
Топ нөмірі |
Мүліктің атауы |
Амортизацияның пайыз бойынша шекті нормасы |
1. |
Компьютерлер, ақпаратты өндеу құралдары |
30 |
2. |
Құбыр жолдары, мұнай-газ жолдары, жабдықтар, пайдалы қазбаларды табуға және өңдеуге қажетті машиналар мен механизмдер |
25 |
3. |
Жолдарға қажетті техника: арнайы құрал-саймандар |
20 |
4. |
Жеңіл автомашиналар: такси, жүк авто-көліктері, автобустар, арнайы көліктер мен автоприцептер. Өнеркәсіптің барлық салаларына қажетті машиналар мен жабдықтар. Офис мебелі. |
15 |
5. |
Басқа топтарға кірмеген активтер. |
10 |
6. |
Темір жол, теңіз және өзен тасы-малдау құралдары. Күш машиналары мен жабдықтар, жылу техникалық жабдық, турбиналық жабдық, электр двигательдер мен дизель - генераторлар. Электр жүйесі және байланыс құралдары. |
8 |
7. |
Ғимараттар, кұрылымдар. |
7 |
3. Тіркелген активтер – кәсіпорынның негізгі қаражаты мен материалдық емес активтерінің жиынтығы.
Материалдық емес активтер – физикалық табиғи нысаны жоқ бірақ «сезілмейтін құндылық» сипаты бар және сол себепті фирмаға қосымша табыс әкелетін активтер. Оған мыналар жатады: сауда таңбалары мен белгілері, өндіріс құпиясы, патенттер, басқару өнері, баспагерлік құқықтар, фирманың жақсы беделі.
