- •1.Философиялық танымның өзіндік ерекшеліктері
- •5. Түрік дүниетанымы және оның негізгі даму кезеңдері (Қорқыт ата, а.Яссауи, Әл-Фараби)
- •6. Орта ғасырдағы ислам философиясы
- •2.Дүниеге көзқарастың тарихи формалары
- •7.Орта ғасырлық христиан философиясының өзіндік ерекшеліктері
- •12.Неміс философиясыеың негізгі сипаттары
- •3.Көне Үнді философиясының пайда болуы және даму кезеңдері
- •9.Қайта өрлеу дәуірінің философиясы. Дүниедегі адам және адам дүниесі. Не себепті бұл кезеңнің философиясы: антропоцентристік және гуманистік деп атайды.
- •4.Ертедегі Қытай философиясының өзіндік болмысы
- •8.Қайта өрлеу дәуірінің философиясының ерекшеліктері
- •11. Сократқа дейінгі антикалық философияның ерекшелігі
- •13. Марксизм философиясының негізгі сипаттары
- •12.Неміс философиясыеың негізгі сипаттары
- •14. Гегельдің философиялық жүйесі.
- •15.Л.Фейербахтың философиялық антропологиясы
- •18. Абайдың «қара сөздеріндегі» дін философиясы.
- •16. Жаңа дәуір философиясындағы рационалдық және эмпиристік бағыттар
- •28.Герменевтика және тексті түсіндіру мәселесі (в.Дильтей, г.Гадамер).
- •17. Платонның таным туралы ілімі мен Аристотель философиясы.
- •26. И.Кант және оның таным теориясы.
- •19. Экзистенциалды философиядағы адамның мәні.
- •20. XX ғ батыс философиясындағы позитивизм тарихи түрлері.
- •21.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы прагматизм және структурализм бағыттары.
- •22.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы экзистенциализм және герменевтика бағыттары.
- •23. Марксизм философиясының қалыптасуы. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну.
- •24. Қоғамға мәдениеттанушылық қатынас (н. Данилевский, о. Шпенглер, а. Тойнби).
- •25. Қазақ ағартушылық философиясының ерекшеліктері (ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин).
- •27.Алаш Орда өкілдерінің әлеуметтік-философиялық көзқарастары.
- •29 Экзистенциализм және философияның құндылықтық сипатына назар аудару (Хайддегер,Сартр,Камю).
- •43.Филасофиядағы материя ұғымы. Кеңістік пен уақыт- материя болмысының түрі.
- •31. Философия тарихындағы сана мәселесі.
- •32. Қазақ философиясының қалыптасуының негізгі кезеңдері.
- •33. Неотомизм – қазіргі заманғы объективтік идеализм және діни философия.
- •34. Орыс философиясының қалыпасуындағы негізгі кезеңдері.
- •35. Таным – философиялық талдау пәні.
- •37.Хііі ғасырдағы француз материализмі.
- •36. «Өмір философиясы» және экзистенциализм (а. Шопенгауэр, ф. Ницше)
- •38.Философиядағы болмыс ұғымы.Дүниенің тұтастылығы мен көптүрлігі.
- •39.Қоғам омірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.(тағы да бар қыздарда)
- •40. З.Фрейд.Және оның бейсаналық философиялық концепциясы.
- •41.Қоғам– өздігінен дамитын жүйе және адамзат құндылығы.
- •42. Постиндустриялды қоғам концепециясы.
- •46. Ақындар мен жыраулар шығармашылығындағы философия.
- •44.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы постпозитивизм бағыты к. Поппери «Ашық қоғам» концепциясы.
- •45. Философиядағы диалектика ұғымы. Диалектиканың заңдары мен категориялары.
- •47. Адамның жеке дамуындағы табиғилық пен қоғамдық өзара қатынасы.
- •50. Ұлттық өзіндік сананың оянуы және ұлттық мемлекеттік құрылым идеясы.
- •49.Қоғам өмірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.
- •51.Сана - адамның өмір сүру формасы.
- •53.Философия тарихындағы адам мәселесі
- •54. Л.Н.Гумилев және оның концепциясы. Этногенез және географиялық орта.
- •55. Қоғам өмірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.
- •56. Философиядағы адам, жеке адам, тұлға
- •58. Экология – өркениеттің күрделі мәселесі.
- •57. Қоғам және өркениет. Мәдени құндылықтардың жаттануы.
- •59. Қоғамдық сананың формалары. Саяси ж/е құқықтық сана.
- •60.Жаңа өркениеттегі ақпараттық қоғам
38.Философиядағы болмыс ұғымы.Дүниенің тұтастылығы мен көптүрлігі.
Болмыс ұғымының қайнар көзі дүниеде «болу», «өмір сүруге» келіп тіреледі. Болмыс ұғымы– дүниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын кең көлемді философиялық категория. Әлемнің сыр-сипатын, дүниенің түп мағынасын, ішкі мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процесстердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін,адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу қажеттігі– «болмыс» деп аталатын философиялық ұғымның қалыптасуының алғышарты болып табылады. Болмыс мәселесінің бірінші қыры мен сыры мынадай сұрақтар мен жауаптар тізбегінен топшыланады: не бар, не қмір сүреді? Дүние деген не ? Ол қайда? Болмыс мәселесінің түбірі, оның күрделілігі осы сынды сұраұтармен сипатталады. Басқаша айтқанда дүние өмір сүру үрдісіннде, болмысында біртекті емес: жалпы алғанда ол тұрақты, ал оның жекелеген жақтары, құрамдас бөліктері, заттары мен құбылыстары көшпелі, өткінші, халықтың қарапайым сөзімен айтқанда «алдамшы, жалған дүние». Тұтастық ретіндегі дүниенің болмысын бүкіл дүниедегі бардың болмысынан ажыратып қарауға болмайды. Алайда дүниенің болмысы мен оны құрайтын заттар, құбылыстар мен тіршілік иелері болмысының арасында айырмашылықтар бар. Сөйте тұра дүниенің өмір сүруіне ажырамас бірлік, әмбебап тұтасттық тән. Дүние тұрақты, тұтас нәрсе ретінде адамның санасынан тыс және оның еркінен тәуелсіз өмір сүреді.Әрине, бұл тұтастықтың өзі алуан түрлі көрініс тауып отырады. Әр адам күнделікті тіршілігінде табиғатпен, қоғаммен, басқа адамдармен өзінің ортақ бірлігін іздеуге тырысады. Табиғат заттары, рухани құбылыстар, қоғам және табиғат , түрлі жеке адамдар – бәріне ортақ нәрсе – олардың «бар» екендігі, өмір сүріп отырғандығы және де олардың жеке-жеке, өз бетінше емес, өзара байланыста, белгілі бір бірлік, тұтастық дүние құрамында екендігі.
39.Қоғам омірінің негізгі салалары: экономикалық , құқықтық және рухани.(тағы да бар қыздарда)
Бүгінгі қоғамтану әдебиетінде қоғам өмірінің негізгі салалары ретінде экономикалық, әлеуметтік, саяси-құқықтық және рухани өмір көрсетіледі.Әрина қоғам өмірі өте күрделі жүйе, сондықтан осы көрсетілген салалар бір-бірімен шым-шытырық байланыста .Экономика саласы адамдардың негізгі материялдық мұқтаждықтарын өтеуі қажет. Оның сыртында нағыз адами даму жатыр.Экономика саласы адамның күнбе-күнгі өміріндегі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді. Кейбір батыс ғалымдарының пайымдауынша, алдағы болашақта экономика саласы толығымен автоматтар мен роботтардың үлесіне тимек. Келесі қоғамның құндылықтары – еркіндік пен теңдік. Құқық деп біз әлеуметтік нормалар мен қарым-қатынастардың мемлекеттің күшімен қорғалатын, сондықтан олардың талаптары жалпыға бірдей қадағаланатын ерекше түрлерін айтамыз. Олай дейтін себебіміз– қоғам өмірінде басқа да әлеуметтік нормалар бар, мысалы, діни, моральдық , эстетикалық т.с.с Құқық құндылықтары – цивилизациялық даму деңгейінің туындысы, олардың өмір сүруі мемлекетпен тығыз байланысты.Заңды асыра бағалап, я болмаса оны ескермеуге болмайды. Ол қателік біржақтылық болар еді.Құқықтық мемлекеттің бірден бір ерекшелігі- заң өмірге еніп, қабылданғаннан кейін, бұлжытпай орындалуы керек. Қоғамның рухани саласы– ең күрделі, сонымен бірге, бір қарағанда, байқалмайтын құбылыс. Сол сияқты жалпы рухты ешкім ешқашан да көген жоқ. Бірақ оның бар екендігіне ешкім күманданбайды. Дүниеге философиялық көзқарас келген кезде, Платон «Эйдостар (идеялар) әлемі» жөніндегі ілімін ұсынады. Бұл әлем материалды емес, мәңгілік, жетілген, өзгермейді. Ортағасырларда өмір сүрген біздің бабамыз Ж.Баласағұн да рухты биік ұстау керектігін, бұл фәнидің өтпелілішгін басып айтады. «Құдайға жан-тәнімен сену,ізгілік, ар-ұжданның талабынан шықпау, әділеттік-адам рухын мәңгілікке әкеледі».
