Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
416 Кб
Скачать
☆

7.Орта ғасырлық христиан философиясының өзіндік ерекшеліктері

Рим философиясынан кейін Европада жаңа философия рухани құбылыс ол негізінен христиандық философиялық дүниетанымнан пайда болды. Осы көзқарасты орта философиялық батыста 1-15 ғасыр аралығын қамтиды. Орта ғасыр философиясындағы басты ерекшелігі дін философиясымен байланыстылығында философияның дамуы батыс христиандық даланы шіркеу конондарын ескере отырып дамыды, себебі сол дәуірде мәдениет пен білімнің дамуына дін ықпал етіп отырды. Орта ғасырлық батыс философтар негізінен дін басылар қызметкелер болып батыс философиясының басты проблемасы ерекшелігі болды. Мысалы: дүниені құдай жаратты ма? Әлде өзіндік бағаытта өмір сүре ме? Ортағасырлық философияның негізгі кезеңдері:1.патристика 2.схоластика. 1 кезең «потер»- әке, шіркеу әке деген мағынаны білдіреді. Философия тарихында бұл кезең 1-15 ғасырды қамтиды. Оның негізін салушылар өз дәуірінің ойшылдары Василий, Августин, Ориген т.б. Патристиканың негізгі проблемалары:

  • Сенім мен ақыл-ойдың сенімділігі

  • Тарихты қозғалыс деп түсініп, нақты анықтаушы мақсаты бар.

  • Құдайдың мәні мен тринитарлық проблемасы.

  • Адам бостандығы, адам жанын құтқару.

  • Дүниедегі зұлымдықтың пайда болуы.

2 кезең схолостика кезеңі 11-15 ғасыр философиялық ойдың өрлеуін көреміз. Схоластика – «мектеп» философисы деген ұғымды білдіреді. Сол кезеңдерде Европа университеттерінде философия пән ретінде оқыьыла бастады. Схоластикалық философия өкілдері: Фама Аквинский, Альберт фон Больштедт, Раймунд. Аквинский орта ғасырдағы реалистік философияның ірі өкілі, қазіргі католизм дінінің рухани пірі, әулие. Ол Аристотельдің идеалистік формасын өз пайдасына қолданып, материя түрден тыс өмір сүре алмайды дейді.

12.Неміс философиясыеың негізгі сипаттары

Классикалық неміс философиясы бүкіл философия тарихындағы мұраны игеріп, алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымға сүйеніп, сол кездегі қоғамдық дамуды терең талдай отырып, жаңа диалектикалық әдістің, таным теориясының, логиканың шығуына түрткі болды. Классикалық неміс философиясы ойлау мен болмыстың диалектикалық байланысын аша отырып, танымдағы субъектінің рөлін айқындады. Сондай-ақ, ойлаудың болмысқа қатынасы арқылы таным теориясындағы объекті мен субъектінің диалектикалық арақатынасын ашып, теориялық ойлау формасын жаңа сатыға көтеріп, философиялық категориялардың атқаратын рөлін көрсетіп берді.

Жаңа заман философиясындағы, әсіресе, оның таным теориясындағы пайым мен зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше назар аударған классикалық неміс философиясының негізін қалаушы, әрі оның атасы – И. Кант (1724-1804) болды. Ол өзінің философиясын ең алдымен, бұған дейінгі дәуірде бір-бірінен алшақ кеткен логика, таным теориясы және диалектика туралы проблемаларды жан-жақты талдаудан бастады.

И. Кант өзіне дейінгі ойшылдардың эмпиризм мен рационализм саласындағы сыңаржақ кеткен кемшіліктерін көрсете отырып, философияда бұрын-соңды болмаған үлкен жаңалық ашты. Ол бұл жаңалықты философиядағы коперниктік төңкеріс деп атады

Философия тарихында пайым мен зерденің әлеуметтік мәнін ашуға ұмтылып, оны ғылыми әрі диалектикалық негізде дамытқан классикалық неміс философиясының ірі өкілі Г.Ф. Гегель (1770-1831) болатын. Оның шығармашылығының даму кезеңі Германияның саяси-әлеуметтік жағ-дайының біршама үлкен өзгеріске түсіп, елдегі ішкі қайшылықтар белең алған тұста басталды.

Зерделі философияға жаңа бет-бұрыс жасауға ұмтылған немістің ұлы ойшылы Л.Фейербах (1804-1872) болды. Оның 1841 жылы жарық көрген «Христиан дінінің мәні» деген еңбегі философия тарихындағы жаңа дәуірдің бетін ашты деуге болады. Фейербах классикалық неміс философиясының ақырғы буыны еді. Ол өз жүйесін И. Кант қалыптастырған жолдан тайдырып, жаңадан философиялық жүйе жасады.

Осындай жаңа ілімді тудыру үшін ол классикалық неміс философиясында қалыптасып қалған ілімдерге қарсы шықты. Содан да болар, Фейербах «жаңаша философияның», яғни Гегель философиясының аяқталуының бейнесі іспетті. Бұл философияның тарихи қажеттілігі мен оны ақтаудың негізі, көбінесе, оны сынаумен байланысты болды.