Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
416 Кб
Скачать
☆

44.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы постпозитивизм бағыты к. Поппери «Ашық қоғам» концепциясы.

К. Попер (1902-1994) әрбір мезттегі технологиялық мүмкіншіліктерге байланысты болып келетін жалғыздылық талабына сезімділік критериийін қайта қалыптастырды. «ғылыми жаңалық логикасы» еңбегінде К. Поппер эмпирикалық қондырғы туралы тезисін негіздейді. Бұл қондырғы бойынша білімніңөуі ішін айқын түйіндер мен ұсынылатын тұжырымдарды өте дәл эмпирикалық тексеру қажет. Поппердің айтуынша, жалпы тұжырымдарды негіздеу үшін дедуктивті тексеруге жүгіну қажет. Бұл үшін ұсынылған тұжырымнан туындайтын эмпирикалық салдарлар тексеріледі. Бірақ бұл жерде біз жалпы тұжырымды түйіндеу мәселесін оны негіздеу мен тексеру мәселесінен бөліп алуымыз керек. Бұл жағдайда алынған айғақтық мәселелерді эмпирикалық ғылымдарға жатқызамыз, ал жалпы мәселелерді зерттеу логикасы арқыы түсіндіреміз. Зерттеу барысында дәлелденуі ең қиын деген болжамның тексеру тәсілдерін тауып алуымыз керек. Егер гипотеза (болжам) мұндай тексеруден қалыпты өтсе, онда оны дәлелденген деп қабылдауға болады, бірақ бұл нәтиже онан әрі теріске шығарылуға дайын. Өз позициясын К. Поппер «сыншыл рационализм» деп анықтайды. К. Поппердің пікірінше, ғалымдар бірдемені үйрену үшін ашық және еркін рационалдық пікірталас қажет. Мұнда ғалымдар ұсынылған тұжырымды теріске шығару тәсілдерін табуға да,ғ қарсыласы көзқарасын қолдауға да дайын болуы шарт. Ашық пікірталаста ақылды орынды пайдалану – міне, осы рационализм болып табылады. К. Поппер «Ашық қоғам ж/е оның жаулары» кітабында Платон, Маркс, идеяларын догматизм ретінде сынап, оларда нақтылық пен білімді жетілдіруге деген ұмтьылыс жоқ деп санайды. К. Поппер ақиқатқа монополия жасауға қарсы шығып, толеранттылық пен либералдық позицияларын ұстанады. К. Поппер өзінің «Тарихилық жұтаңдығы» деген тағы бьір еңбегінде юолжамдарға қарсы өзінің негізгі қағидаларын діәлелдеп, холистік жорамалдарға талдау жасайды. К. Поппер бастапқы болжамдарға түзету енгізе отырып, садарларды зерттеу ж/е оларды нақты оқиғалармен салыстыру жолы арқылы болашаұ туралы болжам жасауға болады деп санады. Оның ойынша, барлық қоғам туралы болжас жасау ж/е оны өзгерту мүмкін емес. Философтың пікірінше нақты реформалар жүргізу барысында біздің жоспарларға түзету енгізу мен тексерілген құралдар арқылы кезеңдерге бөліп өзгерістер жасауға болады.

45. Философиядағы диалектика ұғымы. Диалектиканың заңдары мен категориялары.

Диалектика (гр. пікірталас, әңгімелесу өнері) - табиғаттың, адамзат қоғамының және ойлаудың қозғалысы мен дамуынын жалпы зандылықтары туралы философиялық ғылым, бір қасиеттен екінші қасиетке секіріс түрінде ауысуына әкелетін ішкі қарама-қайшылықтарын және қарама-қарсылықтардың күресін ашу жолымен қоғам мен табиғаттың әрқашан қозғалыста болатын және өзгеріп отыратын құбылыстарын танудық ғылыми әдісі.

Диалектика ұғымын ежелгі грек философы Сократ енгізді. Ол диалектиканы - диалог, әңгімелесу кезіндегі қарама-қарсы көзқарастардың қақтығысы арқылы ақиқатқа жетудің ерекше әдісі деп түсіндірді. Диалектиканың нағыз атасы Эфестен шыққан Герклит болған. Ол объективті антологиялық диалектиканы ойлап тапты. Гераклит үшін бұл диалектиканың ұйытқысы мен нәтижесі қарама-қарсылықтар күресі арқылы әрекет ететін әлемдік парасапы балама "Логос" болды.

Басқару диалектикасы - әлсізірегі күштірегін белгілі бір дәрежеде бақылап отыратын басқару формасы ретіндегі биліктін екі жақты сипаты.

Диалектикалық логика - диалектикалық материализмнің логикалық ілімі. Объективті әлемнің дамуы мен өзгеруінің бейнеленуі мен ақылға салынуының заңдары мен формалары туралы ғылым.

Диалектикалық материализм - Маркс пен Энгельстің негізгі идеяларының «ғылыми философияға» айналуы. Марксизмнің бұл ғылыми ағымы Гегельдің материализмге басты назар аударуын дамудың барлық формаларының: табиғаттың, қоғам мен ойлаудың негізінде жатқан маңызды «жалпыға ортақ заң» түрінде диалектиканы (қарама-қарсылық және шешу) бекітумен біріктірді. Диалектика – болмыстың әмбебап байланыстары, оның өзгеруі мен дамуы жөніндегі ілім. “Диалектика” ұғымының пайда болуының мәселесі дербес, өз алдына бір философиялық мәселе болып табылады. Диалектиканың алғашқы мәні сұхбаттасу, әңгімелесу (грек тілінен dialegu mai) деген ұғымды білдіреді. Әрі қарай диалектика қарама-қайшылықтар принципіне негізделген шындықты меңгерудегі тәсілдер мен әдістер жүйесі деген мәнге ие болып, дамудың жалпы заңдары жөніндегі ілім деп анықталды.

Сонымен бірге оның сыни-рефлексивтік функциясын да айта кету керек. Диалектикадан басқа ойлаудың да тәсілдері бар, олар: метафизика, софистика, эклектика. Болмыстың әмбебап байланыстары диалектиканың заңдар мен категорияларында көрініс береді. Диалектиканың негізгі заңдары бар, олар: мөлшерлік және сапалық өзгерістердің бір-біріне өту заңы; қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, терістеуді терістеу заңы.

Классикалық неміс философиясы диалектиканы жеке мен жалпының, құбылыс пен мәннің, бөлік пен бүтіннің, элемент пен құрылымның, ұғым мен жүйенің, кездейсоқ пен қажеттіліктің, мүмкіндік пен шындықтың контекстінде, яғни детерминизм және диалектикалық заңдар концепциясында қарастырады.