- •1. Қазақстанда метрологияның даму тарихы. Метрология және оның мақсаттары.
- •2 Өлшеу. Өлшеудің түрлері. Классификациясы.
- •4. Прибор шкаласын градуирлеу. Приборды градуирлеу. Термоқосақты градуирлеу.
- •5Өлшеу нәтижелерін графиктік әдіспен өңдеу
- •8. Бірліктердің Халықаралық жүйесі(си). Си жүйесінің бірліктері және эталондары. СИжүйесінің артықшылықтары.
- •9. Өлшеу құралдары және оның түрлері. Өлшегіш прибор оның принципиалдық ж/е құрылымдық схемалары.
- •10. Жүйелік қателіктер
- •12 Тікелей өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу. Орташа арифметикалық шама. Орташа квадраттық қателіктер. Сенімділік ықтималдығы және сенімділік интервалы.
- •14. Жүйелік қателіктерді алып тастау әдістері.
- •15. Өлшеу нәтижелеріне түзету енгізу.
- •16. Ағаттықты алып тастау.
- •18Си жүйесіндегі когерентті туынды бірліктерінің жасалуының ережесі (гост 8.417-81)
- •19. Дифференциалды таралу функциясы (ықтималдықтың тығыздығы). Интегралды таралу функциясы. Функцияны кездейсоқ шама мәндерінің белгілі интервалда байқалу ықтималдығын табуға қолдану.
- •21. Си бірліктерімен тең қолданылатын бірліктер.
- •22.Кездейсоқ қателіктер ұғымы. Кездейсоқ қателіктердің байқалу ықтималдылықтарының таралулары.
- •26. Физикалық шамалар арасындағы байланыс теңдеулері.
- •29.Халықаралық,мемлекетаралық,ұлттық эталондар.
- •30. Өлшеудің негізгі теңдеуін қорыту.
- •31. Метрологияның аксиомалары (постулаттары).
- •32. Гауус функциясының қасиеттері.
- •33)Өлшеу. Өлшеудің құрылымдық элементтері.
- •34. Өлшеу нәтижесінің сапасы.
- •35. Орта мәннен ауытқудың қосындыларының 0-ге тең екендігіндәлелде.
- •36. Жанама өлшеу нәтижелерін өңдеу.
- •37. Метрологияның нысандары. Олардың анықтамалары. Метрологияға қатысты негізгі ұғымдар.
- •38. Өлшеудің қателігі. Қателіктің түрлері. Абсолют және салыстырмалы кателіктер. Жүйелік ,кездейсоқ және дөрекі қателіктер.
- •40. Өлщеу әдістерінің классификациясы
- •41. Өлшемділікке анализ.
- •42. Си жүйесінің негізгі және қосымша бірліктерінің анықтамалары.
- •43. Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз ету. Метрологияға қатысты негізгі ұғымдар
- •44.Кездейсоқ оқиғалар мен шамалардың байқалу ықтималдылықтарының таралу заңдылықтары:бірқалыпты таралу, үшбұрышты таралу заңы, трапециялық таралу заңы
- •45.Жүйеден тыс өлшем бірліктері. Еселік және үлестік бірліктер. Уақытша қолданылатын бірліктер.
- •46. Түзусызықты функцияның параметрлерін «ең кіші квадраттық әдіспен » есептеу.
- •48. Цельсий шкаласынан Фаренгейт шкаласына өту.
- •49. Фаренгейт шкаласынан Цельсий шкаласына өту.
- •50. Сгс, мкс, мкгсс, мкса, мсс, мтс бірліктер жүйелері
- •51.Көлбеу трубкалы микроманометр. Микроманометрдi тарировкалау.
- •52. Өлшеу құралдарының (өлшегіш прибор) метрологиялық сипаттамалары
4. Прибор шкаласын градуирлеу. Приборды градуирлеу. Термоқосақты градуирлеу.
Электр өлшеуіш приборлардың жұмыс істеу принципі бойынша классификациясы
Өлшеу принципі негізделген физикалық құбылысқа қарай, приборлар жүйелер бойынша классификацияланады.
Шкалаға түсірілетін электрөлшеуіш приборлар жүйелері мен кейбір басқа сипаттамаларының шартты белгілері кестеде көрсетілген.
Магнит электрлік жүйенің приборларды тұрақты ток тізбектерінде ток пен кернеуді өлшеу үшін қолданады; олар көптеген қасиеттерге ие: жоғары сезімталдық пен дәлдік, шкаланың біркелкілігі мен қуаттың аз мөлшерде қолданылуы.
Магнит электрлік жүйенің приборында, полюстік ұштары 1 арасында жұмсақ темірден жасалған цилиндрлік жүрекше (сердечник) 2 бекітілген, тұрақты магниті бар. Ауалы саңылауда тұрақты магнит пен жүрекше арасында изоляциялы өткізгіштен жасалған рамка түріндегі қозғалмалы катушка 3 орналасқан. Рамка подшипниктерде бекітіліп, өз осі бойынша еркін айнала алады. Спиральды серіппе 4 рамканың бұрылуы кезінде қарсы жасау моментін болдырады.
Тыныштандырушы (демпфер) ретінде, магнит өрісінде айналу кезінде тежегіш құйынды токтар пайда болатын, рамканың өзінің алюминийлі каркасы қолданылады.
Приборды электр тізбегіне қосу кезінде, рамкада электр тогы пайда болады.
Тұрақты магниттің магнит өрісінің рамкадағы токқа әсері, токқа пропорциональды болатын, рамканың айналмалы моментіне әкеледі:
,
мұндағы
-
айналмалы момент; I - рамкадағы ток,
- рамка өлшеміне, саңылаудағы магнит
индукция шамасына тәуелді болатын
пропорционалдық коэффициент.
Айналмалы момент әсерінен рамка бұрылады, спиральды серіппелер айналады да, қарсы әсер етуші момент пайда болады:
,
-
серіппенің керілу қасиеттеріне тәуелді
коэффициент; α-рамканың бұрылу бұрышы.
Рамкаға әсер ететін айналмалы және
қарсы әсер етуші моменттердің теңелуі
кезінде, оның тепе-теңдік қалпы пайда
болады:
,
яғни
.
Осыдан рамканың бұрылу бұрышы мынаған
тең болады:
.
Бұл теңдеуден мынау шығады: магнит электрлі прибордың тілшесінің бұрылу бұрышы рамка арқылы өтетін токтың шамасына тура пропорционал болады, сол себепті прибор шкаласы біркелкі болады. (градуирлеу)
Бұл жүйенің приборлары қатал полярлы болып келеді және электр тізбегіне дұрыс қосу үшін прибор клеммалары «+», «-» маркілеуіне ие болады.
Магнит электрлі приборлардың күшті өздік магнит өрісіне ие болуына байланысты, сыртқы магнит өрістері олардың көрсеткіштеріне аз әсер етеді. Жоғары сезімталдықтарына байланысты, бұл приборлармен өзіндік энергияны пайдалануы аз болады. Бұл жағдай прибор конструкциясын, прибор жүктемеге төзімді болардай жасайға болады.
Термоэлектрлік термометр әртекті екі материалдан дәнекерленген,бір өткізгіштің үзілісіне милливольтметр енгізілген тізбекті құрайды.Жаңадан жасалған термоэлектрлік термометрді температураны өлшеуге қолдану үшін алдымен оны градуирлеу керек,яғни екі түйін температураларының айырмасы мен түйіндер арасында туындайтын термоэлектрлік қозғаушы күш(т.э.қ.к.) арасындағы тәуелділікті табу керек.Градуирлеу кезінде температура мәні күні бұрын белгілі реперлік нүктелер:мұздың еру,судың қайнау,таза металлдардың балқу температуралары т.б қолданылады.Градуирлеу кезінде термометрдің бір түйіні еріп жатқан мұз салынған Дьюар ыдысында термостатталады да,екінші түйін кезегімен температуралары белгілі ортаға салынады.Ыстық түйін температурасының өзгеру интервалы кіші болғанда т.э.қ.к-тің температурадан тәуелділігің сызықтық функция деп алуға болады:Е1=αT Дәлірек градуирлеу үшін бұл қатынасты квадраттық функция деп қарастырады: Е2=αT+βТ2
Мәселе эксперимент жүзінде алынған т.э.қ.к-тіңтемператураға тәуелділігін осы өрнектерімен салыстырып,тәжірибеге жуықтау келетін өрнекті анықтауда жатыр
