Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 нуска новый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
415 Кб
Скачать
☆

8. Бірліктердің Халықаралық жүйесі(си). Си жүйесінің бірліктері және эталондары. СИжүйесінің артықшылықтары.

1978ж. Өзара Көмек Кеңесінің стандарттар жөніндегі Тұрақты Комиссиясы ₺Метрология Физикалық шамалардың өлшем бірліктері₺ деген стандарт енгізді. Осыған орай Бірліктердің Халықаралық жүйесі(СИ) енгізілді.

Бірліктердің Халықаралық жүйесі(СИ) негізгі 7 бірліктен(метр, килограмм,секунд,ампер,кельвин,моль, канделла), және 2 қосымша(радиан,стерадиан), 17 туынды (люкс, люмен, герц,ньютон,паскаль, джоуль,ватт,кулон,вольт,фарад, ом,симект,вебер,тесла,генри,беккерль,грей) бірлікткн тұрады.

Эталондар деп ф.ш−ның бірліктерін жаңғыртып,сақтап және тұтынушыларға беріп отыруды қамтамасыз ететін,белгілі тәртіппен бекітілген өлшеу құралдарын айтады.

Ұзындық бірлігі−метрдің эталоны. XVIII ғасырдың соңында алғаш метрлік жүйе енгізілгенде алғашқы метрдің эталоны қабылданды. Метр ретінде Париж меридианының 20 миллионнан бір бөлігі қабылданды. 1799 жыл меридиан доғасының бір бөлігін өлшеу нәтижесінде негізделіп платинадан метрдің эталоны жасалды. Ол эталон Францияның Ұлттық Архивіне берілді. Соңынан бұл эталон ₺Архив₺ эталоны д.а.

Массаның бірлігі−килограмның эталоны. 1872 жылы массаның прототипін эталон ретінде қабылдап, оны платина мен иридидің қоспасынан жасады. Бұл эталонның пішіні диаметрі мен биіктігі 39мм болып келетін тік цилиндр. 1889 жылы өткен мералар мен таразылардың Бас конфкренциясында масса мен салмақтың айырмашылығы көрсетіліп,қабылданған килограммның эталоны массаның эталоны ретінде анықталды.

Уақыт бірлігі−секундттың эталоны.1967жылы мералар мен таразылардың он үшінші Бас Конференциясы уақыттың бірлігі секундтың жаңа анықтамасын қабылдады. Бұл анықтама бойынша бір секунд деп сырттан әсер етуші өрістер жоқ кезде Цезий−133 атомының негізгі күйінің асқын жіңішке құрылымының екі деңгейінің арасындағы энергетикалық өтудің резонанстық жиілігіне сәйкес 9192631770 тербеліс жасалатын уақыт интервалын түсінеді.

Электр тогының күшінің бірлігі−ампердің эталоны. Ең алғаш ампердің эталоны 1893 жылы Чикагода өткен электриктердің Халықаралық конгресінде қабылданды. Ол Халықаралық ампер д.а. Халықаралық Ампер−азотқышқылды күмістің судағы ерітіндісі арқылы ток жүргенде 1с ішінде 0,0011180г күміс бөліп шығаратын өзгермейтін ток.

Температура бірлігі−кельвиннің эталоны. 1954 жылы МТХК−нің X Конференциясында қабылданды. Термодинамикалақ температураның бірлігі ретінде кельвин термині қабылданды. Сонымен 1 Кельвин(1К) судың үштік нүктесінің термодинамикалық температурасының 273,16 бөлігіне тең болады. Цельсий шкаласына мына қатынаспен өтуге болады: t⁰C=T−Tₒ. Мұнда Тₒ= 273,15К. Цельсий шкаласы бойынша температураның бірлігі ретінде цельсий (⁰С) қолданылады(1⁰С=1К).

Жарық күшінің бірлігі –канделланың бірлігі. 1909жылы жарық күшінің бірлігі ретінде Халықаралық свеча қабылданды. Оны жаңғыртушы эталон ретінде электр шамы пайдаланылды. Электр шамдары жарық бірліктерін 0,1%−тен аспайтын қателікпен жаңғыртуға мүмкіндік берді. XXғасырдың 30−шы жылдарында метрологиялық мекемелерде толық сәуле шығарушыға негізделген жаңа жарық эталондары жасалды.

СИ жүйесінің артықшылықтары. Бірліктердің Халықаралық жүйесінің мынадай айырмашылықтары бар:

  1. Әмбебаптылығы−ғылым мен техниканың, өндірістің барлық аумақтарын қамтиды.

  2. Бірліктердің унификациялануы. Мысалы, бұрын қолданылып келген қысымның бірнеше бірліктерінің орнына Халықаралық жүйеде жалғыз паскаль ғана, ал жұмыстың және энергияның бұрынғы бірліктерінің орнына тек бір ғана джоуль қолданылатын болды.

  3. Қолдануға ыңғайлығы.

  4. Когоренттілігі. Туынды шамалардың бірліктерін анықтайтын физикалық теңдеулердегі пропорционалдық коэффициенттің өлшемсіз бірге тең болуы.

  5. Массаның өлшем бірлігі мен күштің өлшем бірлігінің айырмашылығының айқындалуы.

  6. Теңдеу мен формулаларды жазудың жеңілдеуі.

  7. Оқу процесінде физиканы оқытудың жеңілдеуі.

  8. Әр түрлі елдер арасындағы ғылыми−техникалық және экономикалық байланыстар кезінде өзара түсіністіктің жақсаруы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]