Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мод._СЖ_Стр.мар.жоап_2 сем.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Қорытынды

Жаңа тауарды өндіріп шығару үрдісі кәсіпорын үшін маңызды әрекеттердің бірі болып табылады, себебі жаңа тауар нарықтағы қосымша пайда алу көзі болып табылады.Жарнама маркетингте маңызды роль ойнап, тауар қозғалысына әсер етеді. Осының нәтижесінде кәсіпорын пайдасы қалыптасып, тиімділігі анықталады.

Әдістемелік ұсыныстар

Оқыту әдісі екі негізгі категорияға бөлінеді: дидактикалық және интерактивті. Дидактикалық әдіс біржақты бағытта жүргізіледі және кең аудитория үшін қолданылады, мазмұның толық түрде ашады, уақыт тиянақты түрде жоспарланады, себебі аудиториядан кері байланыстын болмауы материалды түсінбеушілікке әкеліп, қосымша уақыт кетуі мүмкін.

  1. Жарнама, оның мәні, функциясы, рөлі мен мағынасы.

  2. Жарнама қызметінің жоспарлау.

  3. Жарнама түрлері мен құралдары, оларды таңдау.

  4. Жарнаманың экономикалық тиімділігі.

  5. Жеке сату және оның қызметтері.

  6. Паблик рилейшнз, оның түрлері мен әдістері.

Әдебиеттер

  1. Е., Хершген X. Практический маркетинг: Учеб.пособ/ Пер.с нем. 2.А.М.Макарова; Под.ред.И.С.Минко. - М.:Вычш.шк.,ИНФРА-М, 1996г.

  2. Немчин A.M. Основы маркетинга: Уче.пособ. - СПб.:ЛИЭИ, 2001г.

  3. Котлер Ф.Основы маркетинга:Пер.с англ. - М.: Прогресс, 2002г.

Тақырып 9 (9 жұма). Мемлекеттік ұйымдардың стратегиялық жоспары және маркетингтік жоспарларды әзірлеудің әдістері және мақсаттары, бағыттары, міндеттері

  1. Мемлекеттік ұйымдардың стратегиялық жоспары

  2. Корпорация мен оның бөлімшелерінің стратегиялық жоспары

  3. Стратегиялық маркетингтік жоспарларды әзірлеудің мақсаттары мен әдістері

  4. Маркетингтік бақылау және оның түрлері

1 Мемлекеттік ұйымдардың стратегиялық жоспары

Мемлекеттік ұымдардың стратегиялық жоспарыу – ұйым мақсаттарын, мүмкіндіктерін, ресурстарын және нарықтық мүмкіндіктерді сәйкесінше үйлестіру және оларды бір қалыпта ұстап тұруды басқару процесі. Оның мақсаты – компанияның табысты дамуына бағытталған өнімді және бизнесті құру мен реформалау.

Дәстүрлі ұзақ мерзімді жоспарлау орнына стратегиялық жоспарлаудың негізгі міндеті – бизнеске кері әсер ететін жағдай туса да, компанияның алдына қойылған мақсаттарына жетуіне мүмкіндік беретін бағыттарды таңдау.

Стратегиялық жоспарлау үш негізгі шарттарды сақтауды қажет етеді. Бірінші шарт – компанияның іс-әрекеті инвестициялық қоржынды басқару принципінде құрылады. Оның мәні – компанияның әрбір іс-әрекет бағытын орындау үшін ресурстардың тиісті түрде бөлінуінде. Екінші шарты – әрбір іс-қимыл түрінің келешегін бағалау. Осы мақсатпен нарықтағы позициясы зерттеледі. Компаниялар тек ағымдық сату немесе пайда көлеміне бейімдеудің шектеулі екендігіне көздері жетті.

Көптеген ірі компаниялардың ұйымдық құрылымы төрт деңгейден тұрады. Олар – кооперативтік, бөлімше, бизнес-бірлік және өндірістік желі деңгейлері. Компанияның бас кеңсесі әс-әрекетін келешете пайда алуға бағытталған корпоративтік стратегиялық жоспарлау үшін жауап берсе, штаб-пәтер оның бөлімшелерін дамыту, бизнестің жаңа бағытын ашу немесе келешегі жоқтарын жабу туралы шешім қабылдайды. Компанияның әрбір бөлімшесі іс-әрекет бағыттары бойынша ресурстар бөлінген жоспарын әзірлейді. Бизнес-бірліктің стратегиялық жоспары оны ұзақ мерзімді рентабельділікке, ал өндірістік желінің жоспары оның мақсаттарына жетуге бағыттайды.

Көптеген компанияларда маркетингтік жоспар стратегиялық және тактикалық екі денгейде әзірленеді. Стратегиялық жоспар компанияның даму келешегін анықтайды, тактикалық-ағымдық міндеттерді шешуге бейімделген. Стратегиялық жоспар тек бір ғана өнім желісіне немесе нарық секторына байналысты жасалып қоймайды, ол кәсіпорынның барлық іс-әрекет қамтитын біріңғай жоспардан тұрады.

Қазіргі кезде қазақстандық кәсіпорындар негізінен стратегиялық жоспарлауға қарағанда, жедел жоспарлауды көбірек пайдаланады. Стратегиялық жоспарлау нарықтағы бәсекелестік күрестегі басты фактор болып табылады.

Стратегиялық жоспарлаумен айналысатын фирмалардың жетістіктері жоғары болатындығы зерттеулер нәтижесінде анықталған. Стратегиялық жоспарлаудың мәні болашақта технологиялық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістерге байланысты өсін отырады.