Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мод._СЖ_Стр.мар.жоап_2 сем.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Әдістемелік ұсыныстар

Қазақстан республикасы қаржы министрлiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бойынша жасалған Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер және іске асыру шараларын қарастыру, ағымдағы жағдайды талдау отырып, негізгі мәселелерді шешу жолдарын қарастыру, экономиканың және халықтың әлеуметтік жағдайына әсер етуші факторларды анықтау.

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, Астана 2012 ж.

  2. Қазақстан республикасы қаржы министрлiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары, Астана – 2011 ж.

Тақырып 13 (13 жұма). Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Мақсат: Бәсекеге қабiлеттiлiктi және тұрақты әлеуметтiк-экономикалық өсiмдi қамтамасыз ететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру. Жоғары бiлiмдi, бәсекеге қабiлеттi, интеллектуалды ұлт қалыптастыру.

Сапалы бiлiмге қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге бағытталған страгегия

Мектепке дейінгі білім. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» атты Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысымен бекiтiлген Балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы қабылданды. Аталған Бағдарламаның негiзгi мақсаты – халықтың мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы қызметiне деген қажеттiлiгiн қанағаттандыру. 2014 жылы мектеп жасына дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтудың балалардың жалпы санының 70 %-ына дейiн жеткiзу жоспарлануда.       2008 жылы мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру мақсатында Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарты әзiрлендi және бекiтiлдi. 2011 жылы аталған стандарт мектепке дейiнгi ұйымдардың бiтiрушiлерi мен педагогтарының моделi туралы ережемен толықтырылды. Балаларды тәрбиелеу мен оқытудың «Алғашқы қадам» (1 – 3 жас), «Зерек бала» (3 – 5 жас), «Бiз мектепке барамыз» (5 – 6 жас) бағдарламалары iске асырылуда. 2011 жылы 26 атау бойынша оқу-әдiстемелiк әдебиет әзiрлендi.       Негiзгi проблемалар. Мектепке дейiнгi бiлiмге тең қол жеткiзу қамтамасыз етiлмеген. Мектепке дейiнгi орындарға деген қажеттiлiк 362,2 мың бiрлiктi құрайды (2010 жылы – 296,7 мың). Балабақшалардағы, әсiресе қаладағы мектепке дейiнгi ұйымдардағы топтардың толымдылық нормативi артуда.       Сыртқы және iшкi негiзгi факторларға келетін болсақ: Сыртқы фактор – Қазақстанда соңғы 20 жылда бала тууды талдау: 1990 жылдан бастап 1999 жылға дейiн бала туудың азаюын, ал 2000 жылдан бастап 2010 жылға дейiн бала туудың өсiмiн көрсетiп отыр.       Iшкi фактор – жыл сайынғы мектепке дейiнгi орындарға деген қажеттiлiктiң өсуi.

Мектептегі білім. 2011 – 2012 оқу жылында жалпы контингентi 2 479 044 баланы қамтитын 7 465 күндiзгi мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектеп жұмыс iстейдi (2010 – 2011 оқу жылында – 2 486 449 оқушы контингентi бар 7 516 мектеп). Негiзгi және бейiндi мектептердiң бiлiм беру мазмұнын анықтау жөнiндегi жұмыстар жалғасуда. 2012 жылы Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын ескере отырып, бастауыш, негiзгi және жалпы орта бiлiм берудiң жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарты (бұдан әрi – МЖБС) мен 12 жылдық оқытуға арналған бастауыш, негiзгi және жалпы орта бiлiм беру деңгейiндегi жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларының «Негiзгi ережелерiн» әзiрлеу жоспарлануда.      Елiмiздiң жас интеллектуалдарының халықаралық математика олимпиадаларындағы жеңiстерi 2010 жылы Қазақстанның ТМД елдерiнiң арасында бiрiншi болып мерейтойлық 51-шi Халықаралық математика олимпиадасын өткiзуiне ықпал еттi. Әлемнiң 98 елiнiң өкiлдерi қатысқан ең беделдi интеллектуалдық сайыста қазақстандық команда 5-орынды иелендi.       Қазақстан Республикасындағы орта бiлiм беру жүйесiн жаңғыртуға ықпал ететiн негiзгi жобалардың бiрi «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» жобасы болып табылады. Аталған мектептер балабақшаға арналған оқу-тәрбие бағдарламаларын, мектепалды және 12 жылдық оқытудың бiлiм беру бағдарламаларын әзiрлеу, енгiзу, сынақтан өткiзу бойынша басты алаң болып табылады. Республика аумағында 20 мектеп жұмыс iстейтiн болады. Бүгiнгi таңда контингентi 4 019 оқушыны құрайтын 6 мектеп жұмыс iстейдi: Астана, Семей, Көкшетау және Талдықорған қалаларында физика-математикалық бағыттағы 4 зияткерлiк мектеп, Өскемен және Астана қалаларында химия-биологиялық бағыттағы 2 зияткерлiк мектеп.      Мектептерде «Он-лайн оқыту жүйесi» енгiзiлуде. Апта сайын республиканың ең үздiк мұғалiмдерi он-лайн сабақтар мен семинарлар өткiзедi.       2011 – 2012 оқу жылдарында Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды обласының 44 орта және техникалық кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесiнiң (бұдан әрi - электрондық оқыту) пилоттық жобасы енгiзiлуде.

Негiзгi проблемалар. Жұмыс iстеп жатқан жалпы бiлiм беретiн мектептердiң материалдық-техникалық жағдайы қазiргi заманғы талаптарға сай емес: 7 465 мектептiң жалпы санының 67,6 %-ы типтiк ғимараттарда, 32,4 %-ы – ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан. 65,7 % мектеп екi ауысымда оқиды, ал 71 мектеп – үш ауысымда. Мектептердiң 82,4 %-ы 1990 жылға дейiн, ал 33,9 %-ы 1970 жылға дейiн салынған. 194 мектеп апатты жағдайдағы ғимараттарда орналасқан. Мектептердiң 21 %-ы күрделi жөндеудi қажет етедi.       Сапалы бiлiммен қамтамасыз ету және әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне ену мақсатында бiлiм беру мазмұнын жаңарту қажет. Оның iшiнде бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартын жаңарту, оқу бағдарламаларын әзiрлеу, педагогтердiң оқу жүктемесiн азайту, оқу пәндерiнiң мазмұнын (пәндердi кiрiктiру), кадрлық, қаржылық, материалдық-техникалық және басқа да жағдайларды, нормалар мен нормативтердi қайта қарастыру.

Техникалық және кәсiптiк бiлiм. Қазақстан Республикасында 2011 жылы техникалық және кәсiптiк бiлiмнiң (бұдан әрi – ТжКБ) 896 оқу орны (2010 жылы – 882), оның iшiнде 325 кәсiптiк лицей (2010 жылы – 322), 571 колледж (2010 жылы – 560) жұмыс iстейдi. Оның iшiнде 176 (2010 жылы – 168) оқу орны, немесе 19,7 % ауылдық жерлерде орналасқан. Индустриалдық-инновациялық дамыту (бұдан әрi – ҮИИД) жобаларына кадрлар даярлауға 543 ТжКБ оқу орны қамтылған.       ТжКБ оқу орындарында 600,7 мың адам, оның iшiнде 250 мың адам, немесе 41,6 % мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша бiлiм алады (2010 жылы – 221,0 мың адам, немесе 36,3 %). Техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң бiлiктi мамандарын даярлау 185 мамандық (2010 жылы – 177) пен 495 бiлiктiлiк (2010 жылы – 416) бойынша жүзеге асырылады.

     Оқу орындары және компаниялар арасында 17,4 мың келiсiм жасалды, оның iшiнде жаңа ашылған кәсiпорындармен кадрлар даярлауға 61 шарт жасалды (мысалы, «Тараз металлургиялық зауыты», «Электролиздiк зауыт», «Терi өндiрiсi» және т.б., нәтижесiнде 831 адам даярланып, еңбекпен қамтылды).       Келiсiмдер шеңберiнде бiлiм алушыларға практикадан өту үшiн 132,1 мың жұмыс орны ұсынылды.       2009 жылы 24 жетекшi оқу орны Ұлыбританияның атақты колледждерiмен, оның iшiнде 14 колледж Кембридж өңiрлiк колледжiмен ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қойды.       Халықаралық ынтымақтастық шеңберiнде ТжКБ-ның 479-дан астам қызметкерi шетелде бiлiктiлiктерiн арттырды.       БҒМ Еңбек министрлiгiмен бiрлесiп, ҮИИД жобасын iске асыру үшiн қажеттiлiктерге талдау жасады. 2010 – 2015 жылдарға арналған Қазақстанды индустрияландыру картасы жобасын iске асыру үшiн негiзiнен мынадай кәсiптер бойынша жұмысшыларға сұраныс бар: түрлi бейiндегi слесарь, жабдықтарды жөндеушi, құрылысшы, механик, жүк көлiгiнiң жүргiзушiсi, мамандандырылған техника машинисi, дәнекерлеушi, электромонтажшы, электрик, металлург, темiр жол көлiгi жұмыскерi, металл өңдеушi станоктарда жұмыс iстеушi, машина жасау операторы мен технигi, туристiк индустрия, ақпараттық технологиялар қызметкерi.      Негiзгi проблемаларды талдау       ТжКБ-ның 70 %-ға жуық оқу орны ескiрген жабдықтарды пайдаланып жұмыс iстеуде.       ТжКБ жүйесiнде бiлiм алудың жастар үшiн тартымдылығы мен беделi жоқ.       Қаржыландыру көлемi төмен күйiнде қалып отыр – ЖIӨ-ден 0,3 %. ТжКБ оқу орындарында 600 мыңнан астам бiлiм алушы немесе елдiң бiлiм беру жүйесiндегi барлық бiлiм алушылар санынан 13 % адам бiлiм алады.       Мамандардың бiлiктiлiк деңгейiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары жаңартуды талап етедi, өйткенi олар өндiрiстiң жаңа технологияларына сәйкес келе бермейдi.       Сала кадрларын даярлау сапасын басқарудың негiзгi тетiктерiнiң бiрi – жұмыс берушiлердiң өздерiнiң бiлiктiлiктi тәуелсiз бағалауы, яғни мамандарды сертификаттау. Барлық салаға мамандардың бiлiктiлiктерiн сертификаттау жүйесiн енгiзу қажет.       Өндiрiсте тағылымдамадан өту және оқытушылардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесi қазiргi заманғы талаптарға жауап бермейдi. Инженерлiк-педагогикалық қызметкерлер мәртебесiнiң төмендiгi жоғары бiлiктi кадрларды тартуға мүмкiндiк бермейдi.       Сондай-ақ, елдiң индустриалдық-инновациялық дамуы үшiн кәсiби кадрларды даярлауға қажеттiлiктi қамтамасыз етуге кедергi келтiретiн бiрқатар проблемалар бар:       1) ұзақ мерзiмдi кезеңге кадрларға деген қажеттiлiктi болжау жүзеге асырылмайды, оның iшiнде ҮИИД жобалары бойынша;       2) ТжКБ оқу орындарының бiлiм алушыларына кәсiпорындарда өндiрiстiк практика мен тағылымдама ұйымдастыру мәселесi белгiлi бiр деңгейде шешiлмеген.       Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау:       Сыртқы факторлар:       1) жұмыс берушiлердiң техникалық және қызмет көрсету еңбегi кадрларын даярлауға қызығушылық танытпауы;       2) жұмыс берушiлер өндiрiстiк практика мен тағылымдамадан өту үшiн қажеттi орындар санын ұсынбайды;       3) жергiлiктi бюджеттен ТжКБ-ны қаржыландыру көлемi жеткiлiксiз;       4) ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған кадрларға деген қажеттiлiктердi болжау әдiстемесiнiң жоқтығы;       5) кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау жүйесi экономика саласының барлық мамандықтар бойынша енгiзiлмеген.       Iшкi факторлар:       1) жекелеген аудандардағы ауыл жастары үшiн техникалық және кәсiптiк оқытудың қолжетiмсiздiгi;       2) материалдық-техникалық базаның нашарлығы;       3) еңбекақы төлеу деңгейiнiң төмендiгiне байланысты инженерлiк-педагогикалық қызметкерлердiң техникалық және кәсiптiк бiлiм жүйесiнен кетуi;       4) оқытушылар мен өндiрiстiк оқыту шеберлерi бiлiктiлiгiнiң жеткiлiксiз деңгейi.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру

Қазiргi кезде жоғары бiлiм беру саясаты республика экономикасының барлық салалары үшiн құзыреттi және бәсекеге қабiлеттi мамандарды кәсiби даярлаудың жағдайларын қамтамасыз ету, жоғары мектептiң интеллектуалдық әлеуетi мен практикалық-бағдарлық қызметiн күшейту, оны ғылыммен және өндiрiспен ықпалдастыру халықаралық бiлiм беру стандартына сәйкестендiру қажеттiлiгiмен айқындалады.       2011 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша республикада 147 жоғары оқу орны жұмыс iстейдi (9 ұлттық, 1 халықаралық және «Назарбаев Университетi» ДБҰ, 32 мемлекеттiк, 13 азаматтық емес, 90 жеке меншiк жоғары оқу орны, оның iшiнде 16 акционерленген).       2010 – 2011 жылдарға арналған 3НК статистикалық есептiлiгiне сәйкес жоғары оқу орындары студенттерiнiң жалпы контингентi 620,4 мың адамды құрады. Жалпы әлемде 10 мың адамға шаққанда 232 студенттен келедi. Қазақстанда бұл көрсеткiш 422,5 адамды құрайды.

Жоғары бiлiм берудiң бәсекеге қабiлеттiлiгi мен сапасы көрсеткiштерiнiң бiрi жоғары оқу орындарының әлемдiк академиялық рейтингтерге енуi болып табылады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президентi 2010 жылғы қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жоғары оқу орындары әлемнiң жетекшi университеттерiнiң рейтингiсiне енуге ұмтылуы тиiс деп атап өттi.       2009 жылы бiрiншi рет Қазақстанның бес жоғары оқу орны және 2010 жылы бiр жоғары оқу орны Times Higher Education – QS World University Ranking (Ұлыбритания) халықаралық рейтингiсiне қатысты.       2011 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi және Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi Quacquarelli Symonds (QS, Ұлыбритания) агенттiгiнiң нәтижелерi бойынша әлемнiң 401 – 450 ЖОО қатарына кiрдi.       Болон декларациясы қағидаттарының бiрi сынақ бiрлiк жүйесiн енгiзу болып табылады. Кредиттiк оқыту технологиясын жетiлдiру жұмыстары жалғастырылуда, оның мақсаты кредиттiк бiрлiктiң еуропалық жүйесiмен үйлестiру. Бұл ретте отандық бiлiм берудiң дәстүрлi ерекшелiктерi ескерiледi. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi жалпы еуропалық жүйемен салыстыруға келетiн дипломға Қосымшаны әзiрледi. Аталған жүйе студенттiң бiр жоғарғы оқу орнынан басқасына ауысуы кезiнде оқудағы жетiстiктерiн дұрыс өлшеу мен салыстыру өлшемдерiн қамтамасыз ету үшiн қажет. Осыған байланысты ECTS үлгiсi – сынақ балдарын қайта тапсырудың еуропалық жүйесi бойынша сынақ балдары жүйесiн әзiрлеу үшiн жұмыс тобы құрылды.       Астана қаласында әлемдiк деңгейдегi беделдi жоғарғы оқу орны – «Назарбаев Университетi» жұмыс iстейдi, ол отандық инженерлiк-техникалық және ғылыми кадрларды даярлауға сапалы серпiн жасауды қамтамасыз етедi. Университет бағдарламасының «Назарбаев Зияткерлiк мектебiнiң» орта бiлiм берудiң оқу бағдарламаларымен сабақтастығы қамтамасыз етiлетiн болады.       Экономикадағы болып жатқан өзгерiстерге икемделу мақсатында мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының құрылымында оқу бағдарламаларының мазмұнын айқындауда жоғары оқу орындарының академиялық еркiндiгi кеңейтiлдi: таңдау бойынша компонент көбейтiлдi – бакалавриатта 50 %-дан 55 %-ға дейiн, магистратурада 60 %-дан – 70 %-ға және докторантурада 80-тен 90 %-ға дейiн.       Жоғары оқу орындары бiлiм беру, ғылым және өндiрiс арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын бiлiм берудiң инновациялық инфрақұрылымын дамыту, түрлi бейiндегi ғылыми-инновациялық орталықтар, жаңа технопарктер құру жұмыстарын жүргiзуде.

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңын iске асыру мақсатында Бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрықтарымен мынадай нормативтiк құқықтық құжаттар бекiтiлдi:       1) «Диссертациялық кеңес туралы үлгi ереже»;       2) «Ғылыми дәрежелер беру туралы ережесi»;       3) «Ғылыми атақтар беру ережесi».

      Философия докторы, бейiнi бойынша доктор ғылыми дәрежесiн беру жөнiндегi докторлық диссертацияларды қорғау бойынша 16 диссертациялық кеңес құрылды – 5 ұлттық университетте және «Астана» медицина университетiнде.       Интитуционалдық аккредиттеудiң ұлттық стандарттары мен өлшемдерi бекiтiлдi. 2008 және 2009 жылдары бес ұлттық жоғары оқу орны – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi (бұдан әрi – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi (бұдан әрi – Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi (бұдан әрi – Абай атындағы ҚазҰПУ), Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi (бұдан әрi – Л. Гумилев атындағы ЕҰУ) және Қазақ ұлттық аграрлық университетi (бұдан әрi – ҚазҰАУ) ASIIN және ACQUIN (Германия), ABET (АҚШ) белгiлi шетелдiк аккредиттеу агенттiктерiмен бiлiм беру бағдарламаларын халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өткiзу үшiн шарттар жасады. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 60 млн. теңгеден астам мөлшерде қаржылық қаражат бөлiндi.       2010 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ASIIN агенттiгiнде 10 бiлiм беру бағдарламасы бойынша және Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ ABET, ASIIN, АИОР агенттiктерiнде 11 бiлiм беру бағдарламасы бойынша халықаралық аккредиттеуден өттi.       2011 жылы Л. Гумилев атындағы ЕҰУ АИОР агенттiгiнде 6 бiлiм беру бағдарламалары бойынша аккредиттеуден өттi, ҚазҰАУ ASIIN агенттiгiнде 2 бiлiм беру бағдарламалары бойынша аккредиттеуден өттi.       Абай атындағы ҚазҰПУ ASIIN агенттiгiнде 2 бiлiм беру бағдарламасы бойынша аккредиттеуден өтудi аяқтады.       2009 жылы Қазақ-Британ техникалық университетi 4 бiлiм беру бағдарламасы бойынша халықаралық аккредиттеуден дербес өттi.       2009 – 2010 жылдары БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығының (бұдан әрi – ҰАО) және Тәуелсiз қазақстандық аккредиттеу бiлiм беру сапасын бағалау ұйымының аккредиттеу кеңесi 33 қазақстандық жоғары оқу орны ұлттық институционалдық аккредиттеуден өттi.       Негiзгi проблемалар. Ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған кадрлар қажеттiлiгiне болжам жасау жүзеге асырылмайды.       Мемлекеттiк бақылаудың қорытындылары бойынша бiрқатар жекеменшiк жоғары оқу орындарының жекелеген мамандықтары бойынша бiлiм беру қызметi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарында белгiленген талаптарға, бiлiктiлiк талаптарына толық сәйкес келе бермейтiнi байқалады. Бiлiм беру саласындағы жергiлiктi атқарушы органдарға мемлекеттiк аттестаттауды жүзеге асыру кезiнде бiрыңғай тәсiл жоқ және бақылау қызметiн орындаудың төмен деңгейi байқалады.       Әлеуметтiк әрiптестiк нашар дамыған. Ғылым мен өндiрiстiң байланысы нашар.       Жұмыс берушiлердi кадрлар даярлауға тарту жөнiндегi заңнамалық база жеткiлiксiз.       Жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасы әлсiз, зертханалардың осы заманғы жабдықтармен жарақталу пайызы төмен.       Мемлекеттiк жоғары оқу орындары жатақханаларының 77 %-ының салу мерзiмi 25 жылдан жоғары. Оларға ағымдағы жөндеу жүргiзiлген соңғы мерзiмi 1 жылдан 5 жылға дейiнгi аралықты құрайды.       Профессорлық-оқытушылық құрамның бiлiктiлiгiн арттыру жүйесi тиiстi деңгейде дамымаған.       Диссертациялық зерттеулер шеңберiнде орындалатын ғылыми зерттеулер мен қолданбалы әзiрлемелердiң тиiмдiлiгi және нәтижелiлiгi төмен.       Жоғары оқу орындарын кадрлық қамтамасыз етуде жағымсыз үрдiстер орын алған: профессорлық-оқытушылық құрам жүйелi түрде ұлғайтылмайды, қоса атқарушылық бойынша жұмыс практикаға енгiзiлген, жемқорлық көрiнiстерi орын алған.