Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мод._СЖ_Стр.мар.жоап_2 сем.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Фирма стратегиясы және ұйымдастыру құрылымы

Фирмаішілік жоспарлаудың мақсаттары: фирманың жұмыс істеуіндегі белгісіздік пен құбылмалылықтың теріс әсерін жою, назарды басты міндеттерге бағыттау, үнемді жұмыс істеуге жету және бақылауды жеңілдету.

Фирмаішілік жоспарлауға мыналар кіреді:

  • фирманың сыртқы төңірегінің даму келешегін айқындау;

  • мақсаттар мен ықтималды стратегияларды тұжырымдау;

  • бірінші кезектегі міндеттер мен оларға жету жолындағы іс-әрекетті айқындау.

Фирмаішілік жоспарлау басқарудың құрамдас бөлігі ретінде ұйымдастыру формаларының әр түрлілігімен айқындалады.

Ірі корпорацияларда келешектік жоспарлау бойынша жұмыс өндірістік топтарда шоғырланады. Бөлімшелердің жоспарлы қызметінің жұмысын үйлестіру мен бақылауды жоспарлаудың орталық қызметі іске асырады. Әрбір кәсіпорында өндірістік жоспарлау мен бақылау бөлімі болады, ол іскер шұғыл жоспарлардың жағдайымен шұғылданып, оларды орындауға бақылау жүргізеді.

Фирма деңгейінде жоспарлау – қажетті мәліметтер алғаннан кейінгі болашақтағы қызметтің жобасын жасау:

- айналадағы жағдайды жасау. Бұл мәліметтер фирманың қызметіне ықпал ететін саяси, мәдени, әлеуметтік факторлардың жиынтығын қамтиды;

- бәсекелестікті қамтамасыз ету туралы. Бұл орайда экономикалық және іскер жағдай, сондай-ақ дайындаушы мен тұтынушы қатынастар назарға алынады;

- ішкі ұйымдастыру туралы. Бұған басқару құрылымы, стратегия, мақсат, кадрлар, қаржылық жағдай, өндірістің даму деңгейі және т.б. мәліметтер кіреді.

Фирманың іс-әрекетін жоспарлау процесіне мына кезеңдер кіреді:

- мүмкіндіктерді белгілеу;

- нақты жоспардың мақсатын белгілеу;

- жоспардың негізгі параметрін белгілеу;

- іс-әрекеттердің баламалы бағыттарын анықтау;

- жоспардың орындалуын ұйымдастыру.

2. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы – ұйымның дамуын бір бүтін ретінде қарастыратын және қызмет етуін қамтамасыз ететін реттелген, тұрақты бір-бірімен байланысты элменеттердің жиынтығы. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы белгіленген мақсатқа жетуге және қойылған міндеттерді шешуге бағытталған басқару процесінің жүзеге асырылатын функцияларына сай кооперациялардың басқарушылық іс-әрекеті қызметі шегінде және бөлу формасы ретінде де анықталады. Бұл позициядан басқару құрылымы оның құрамына кіретін басқару органдарымен онда жұмыс істейтін адамдар арасындағы өзара қатынас түрлері мен тәртібін, құқықтары мен жауапкершіліктерін, функционалды міндеттерін оптималды бөлу жүйесі ретінде көрсетуге болады.

Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының элементіне жеке жұмысшылар және де басқару органдарының аппаратында белгілі бір функционалды міндетті атқаратын мамандар саны жатады.

Басқару құрылымының элементтерінің арасындағы қатынасты мынадай байланыстар қолдайды:

  • горизонтальді;

  • вертикальді.

Компанияның ұйымдастырушылық құрылымына әсерін тигізетін факторлар:

  • басқару мәдениеті: басқару стилі, шешім қабылдау процесі, персоналдың қабілеттілігі мен сапасы;

  • бизнестің жай-күйі мен спецификасы: меншік формасы, бәсекелестердің іс-әрекеті, өмірлік кезеңдегі жағдайы;

  • қоршаған орта: географиялық жағдайы және жергілікті салт-дәстүр, заңдардың ерекшеліктері, ақпараттық ағымдар және техникалық жарақтану;

  • технологиялар: саралау деңгейі, тауарлар мен қызмет номенклатурасы, өндірістің типі және салалық ерекшеліктер, өндіріс немесе қызметтің көлемі, жұмысбасты жұмысшылар саны.

Сызықтық ұйымдық құрылым тапсырмаларды бөлу бірлігі принципіне негізделген. Ол бойынша бұйрықтарды беруге жоғары тұрған шекараның ғана құқығы бар. Бұндай ұйымдастырушылық құрылым иерархиялық саты түріндегі өзара тәуелді органдардан басқару аппаратын құру нәтижесінде қалыптастырады. Басқарудың сызықтық құрылымын өндірісті асыратын кіші және орта кәсіпорындар орындай алады.

Функционалдық ұйымдастырушылық құрылым басқарудың барлық деңгейіндегі функцияларын орындауға арналған бөлімшелерді құруда қалыптасқан. Бұл жерде дерективті басшылықтың көмегімен иерархиялық төмен буындары әр түрлі басқарудың жоғарылау буындарымен бірігуі мүмкін. Тапсырмаларды, сілтемелерді және хаттарды табыстау алға қойылған міндет түріне байланысты жүзеге асырылады. Құрылымның кемшіліктері: бір мағыналы емес жауапкершіліктің бөлінуі, қиындатылған коммуникация, шешім қабылдау процедурасының ұзаққа созылуы, әр функионалды басшылық өз сұрақтарын бірінші орынға қоюмен байланысты директивтермен келіспеушілік қақтығыстарының болуы жатады.

Матрицалық құрылым атқарушылардың екі есе бағынуы принципінде құрылған торабтық құрылымын ұсынады:

  • бір жағынан жобаның басшысына техникалық көмек және персонал ұсынатын тікелей функционалдық қызмет басшысына;

  • келесі жағынан басқару процесін жүзеге асыру үшін қажетті өкілеттілігі бар жобаның басшысына немесе мақсатты бағдарламаға.

Матрицалық құрылымның артықшылықтары:

  • сұранысқа және жобалық мақсаттарға ең жақсы бағдар;

  • ағымдағы тиімдірек басқару шығындарының төмендеуі мен ресурстарды пайдалану тиімділігінің жоғарылауына мүмкіндік береді;

  • персоналды одан да тиімді және икемді пайдалану;

  • жобалық топтардың немесе бағдарламалық комитеттердің салыстырмалылығы жұмысшылардың шешім қабылдау дағдыларының, басқарушылық мәдениетінің дамуына себеп болады.

1. Стратегиялық жоспарлауды ұйымдастырудың құқықтық негіздері

Стратегиялық жоспарлауды ұйымдастыруда маңызды орын стратегиялық жоспарлауды жүзеге асырудың заңдық негізін құруға берілу керек. Өйткені жалпы экономикалық салалық және аймақтық басқару органдарының өздеріне тиесілі стратегиялық жоспарларын өңдеу мен жүзеге асырылуын, олардың өзара іс - әрекеттерінің құқықтық негіздерін реттейтін заңдарды қабылдау аса маңызды.

Ұйымдастырушылық сипаттағы сұрақтардың басым болуына байланысты «Стратегиялық жоспарлау туралы» заң жобасы әлі бекітілмей келеді. Себебі, жоспарлаудың ұйымдастырлу негіздері әлеуметтік-шаруашылық конъюктура мен тапсырмалардың сипатына байланысты белгі –бір қарқынмен дамып, әрдайым өзгерісне немесе толықтыруларға ұшырап отырады.

Стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру барысында Стратегиялық жоспарлау жөніндегі Агенттік ҚР концтитутциясын, заңдарын және ҚР президентінің заң күші бар жарлықтарын басшылыққа алады.

Сонымен қатар экономика салаларында әр жылға жасалатын жоспарлар сәйкес Министрліктердің заңнамаларына , сол Министрліктің құзіреті шегінде қабылданатын нормативтік-құқықтық актілеріне негізделіп жасалады.

2. Стратегиялық жоспарларды жүзеге асыруды ҚР Үкіметі қызметінің негізгі бағыттары:

Үкімет мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асырудың стратегиялық және техникалық шараларын талдап, мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді, әлеуметтік- экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтік жоспарларын әзірлеп, іске асырады. Сондай-ақ республикалық бюджеттің кірістері мен шығыстарының көрсеткіштерін қалыптастыруда стратегиялық жоспарлаудың сәйкес көрсеткіштерін назарға алып отырады өңдеп Парламентке ұсынады.

3. Экономиканы және бюджетті жоспарлау Министрлігі

Экономиканы және бюджетті жоспарлау Министрлігі – бұл ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын тиімді жүзеге асыруға ықпал ететін мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамуды жүзеге асыратын орталық артқарушы орган. Министрліктің негізгі тапсырмалары мыналар болып табылады:

  1. ҚР-ның әлеуметтік-экономиканың дамуының негізгі бағыттарын стратегиялық мақсаттарын басымдылықтарын қалыптастыру.

  2. Мемлекеттік бюджет, кедендік, фискалды, инвестициялық ,саясатын, әлеуметтік-экономиканың даму басымдылықтарымен, ақша - несие саясатының өзара әрекеттесіп қалыптастыру.

  3. Экономика салаларының мемлекеттік активтерін басқарудың мемлекеттік саясатты қалыптастыру.

Министрлік мемлекеттік саясатты қалыптастыру сферасында келесідей стратегиялық функцияларды жүзеге асырады:

  1. Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатын негізгі бағыттарын өңдеуді аймақаралық және салалаарық топтап жүргізу.

  2. Экономикалық қызметтің түрлерін жүзеге асыруды реттейтін ҚР-ның бюджеттік және стратегиялық жоспарлау жүйесін жетілдіру.

  3. Бюджеттік процесті әдістемелік басқару.

  4. Мемлекеттік төтенше бюджетті өңдеу.

  5. ҚР-ның әлеуметтік-экономиканың дамуының орта мерзімді жоспардың жобасын дайындау және өңдеу.

  6. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру мониторингті ұйымдастыру.

  7. Елдің орта мерзімді даму басымдылықтарын есепке ала отырып ұлттық компаниялардың даму жоспарларын қарастыру және үйлестіру.

  8. Министрліктің өкілетілігіне кіретін сұрақтар бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау.

Мемлекетті саясатты жүзеге асыру барысында министрлік келесі функцияларды атқарады:

  1. Стратегиялық жоспарларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін орталықтандыруды бақылайды.

  2. ҚР-ның салаларының аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жүргізу әлемдік экономиканың дамуы мен жағдайын талдау.

  3. Макроэкономикалық болжау және экономиканы талдауды жүргізу.

  4. Ұлттық компаниялар қызметінің тиімділігін талдау, бағалау.

  5. Жергілікті және республикалық бюджетті түсімдерді болжау.

  6. Мемлекеттік салаларының бағдарламаларының орындалуын жалпы басқару.

5-тақырып. Стратегиялық өзгерістерді басқару