- •2.Кәсіпкерлік орта және оның мәні.
- •7. Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштері. Өнім көлемінің өлшеуіштері
- •8. Негізгі өндірістік қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы
- •10.Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері.
- •12. Айналым қорларын пайдалану көрсеткіштері:
- •14. Кәсіпорын персоналының құрылымы және өндірістік-өнеркәсіптік персонал функционалдық белгісі бойынша түрлері.
- •18.Тарифтік жүйе және оның элементтері.
- •19. Кесімді еңбекақы және жүйелері. Мерзімді еңбекақы және жүйелері
- •22. Баға және оның атқаратын қызметтері. Тауар құны және баға түрлері. Баға жүйесіндегі шамалар және құраушылар
- •23. Бөлшек баға және оның құрылымы. Баға құру әдістері (графикалық түде көрсету)
- •25. Таза пайда және оның бағыттары.
- •26. Жалпы өндірістік рентабельділік
- •27. Кәсіпорынның инвестициялық-инновациялық саясаты.
22. Баға және оның атқаратын қызметтері. Тауар құны және баға түрлері. Баға жүйесіндегі шамалар және құраушылар
Баға деп тауар, қызмет, жұмыстың құнының ақшалай көрінісін айтамыз немесе сатып алушының өзара келісім негізінде төлейтін ақша сомасы. Тауар құны сұраныс пен ұсыныс арқылы және қоғаммен мойындалған тауарға сінген еңбекпен анықталады.Бағаның атқаратын қызметтері:1.Сраныс пен ұсынысты теңестіру; 2. есептік өлшеуіштік; 3. ынталандырушы; 4.қайта бөлушілік; 5.өндірісті тиімді орналастыру. Бағалар жүйесі келесі элементтерден тұрады:1. Баға деңгейі, бағаның абсолютті мөлшерде ақшалай көрініс табуы.2. Баға элементтерінің пайыздық немесе үлестік мөлшеріне ара қатынасын көрсететін баға құрылымы.3. Баға динамикасы, белгілі бір уақыт кезеңіндегі баға деңгейінің өзгеруі.Баға келесі құраушылардан тұрады:1. өндіріс және айналым шығындары; 2. салымдар, аударымдар, жинақтар; 3. пайда. Орталықтандырылған баға құру жүйесінде баға құрылымы шығындар әдісі арқылы, ал рыноктық жүйеде сұраныс пен ұсыныс әсерлері арқылы анықталады. Бөлшек бағалардың нарық коньюктурасына, тауардың тұтынушылардың қасиетіне , өнімді өндіру мен өткізу орнына, жанама салықтар мөлшеріне, көтерме және бөлшек үстемелеріне сәйкес қалыптасады.
Баға – нарық реттеушісі, ол тауарлардың нақты түрлерін өндіруге мүмкіндік береді немесе тежейді, сұранысты шектейді немесе ұлғайтады, осылайша белгілі бір өнімнің өндірісі мен тұтынуына тікелей немесе жанама әсер етеді.
Нарықтық экономика жағдайындағы экономикалық субъектілердің баға қоюы көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты. Отандық кәсіпорындардың көпшілігінде баѓалардың маркетингтік саясатымен маркетинг бөлімдерінің менеджерлері айналысады. Түпкілікті бағаны бекіту – маркетинг қызметінің өте жауапты кезеңі, өйткені ол кәсіпорын іс-әрекетінің көрсеткіштеріне әсерін тигізеді Бағаға әсер ететін факторлардың негізгілері мыналар:
1. Өндіріс шығындары. Өндіріс шығындары көбінесе мемлекеттің экономикалық жағдайына және орта салалық өзіндік құнды бейнелейтін өндірістің қоғамдық шығындарына байланысты.
Тұрақты шығындар - ол өндіріс пен өткізу көлеміне қатыссыз шығындар. Компания өндіріс көлеміне қарамастан, ай сайын жалға алу ақысын, несие пайызын, жылу ақысын, жалақыны және т.б. төлеуге міндетті. Бұлар тұрақты шығындарға жатады.
Өзгермелі шығындар – өндіріс көлеміне тікелей байланысты болатын шығындар. Өнімнің әрбір бірлігі үшін шығындар тұрақты болып қалады, бірақ олардың жиынтық көлемі өндіріс көлеміне байланысты өзгереді. Бұлар – шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар және т.б.
Жиынтық шығындар – бұл белгілі бір өндіріс көлемі кезінде болатын тұрақты және өзгермелі шығындардың жиынтық сомасы.
2. Сұраныс. Нарықтық экономика жағдайында сұраныс – нарықтық бағаның өзгеруіне әсер ететін негізгі фактор..
3. Тұрғындардың сатып алу қабілеті - олардың ақшалай табысына байланысты. Қазақстанда соңғы жылдары орташа жалақы өсіп келеді. Мысалы, 1997 ж. республикадағы орташа жалақы 17300 теңгені құраса, 2002 ж. 20305 теңгені құрады, бұл тұрғындардың сатып алу қабілетінің біршама өскендігін айғақтайды.
4. Ақша өрісінің жағдайын тұтынушылардың қолындағы ақшасы, инфляция деңгейі, оның серпіні, ұлттық ақша бірліктерінің, валюталық бағамдардың қозғалысы және тағы басқалар сипаттайды.
5. Бәсеке. Ол бағалық және бағасыз болады. Бағалық бәсеке – тауардың бағасын өзгерту арқылы бәсекелік күрес жүргізу. Бағалық бәсекенің тетігі мынада, фирма өз тауарына нарықтық бағадан төмен бағаны белгілейді, сол кезде бағаларды төмендетуге мүмкіндігі жоқ бәсекелестер нарықтан кетуге мәжбүр болады.
6. Бағаларды мемлекеттік реттеу. Шаруашылық субъектілерінің баға саясаты көбінесе мемлекеттік бағаларды реттеу саясатына байланысты болады. Бұл реттеу тікелей (табиғи монополия бағасын реттеу және кесімді бағалар белгілеу) және жанама түрде жүргізілуі мүмкін.
7. Тауар сапасы. Сапалы тауарларға жоғары баға қоюға болады. Сапасы төмен тауарлар фирма беделін түсіріп, клиенттерді жоғалтуға, сату көлемінің азаюына әкеледі, сондықтан мұндай тауарларға төмен баға тағайындалуы мүмкін.
8. Тасымалдау көлемі. Тасымалдау көлемі неғұрлым жоғары болса, тауардың әрбір данасына кететін шығындар соғұрлым аз болады да, бағаны төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл үшін көлік құралдарын (вагондыќ, контейнерлік және т.б.) неғұрлым толтыра тиеп, оларды тиімді қолдану қажет.
9. Сатушы мен сатып алушы арасындағы өзара қарым-қатынас арқылы бағаның нақты мөлшері, белгілеген кезде қолданылатын жеңілдіктер, үстеме баға деңгейі мен түрлері айқындалады.
10. Жеткізу шарттары. Транзиттік жеткізу кезінде тауар жабдықтаушыдан тұтынушыға тікелей жеткізіледі. Қоймалық жабдықтау дегеніміз – тауарды делдалдар мен алыпсатарлар желісі арқылы, яғни, ірі көтерме саудагерлерден ұсақ көтерме саудагерлерге дейін жеткізгенде жүзеге асады. Әрбір делдал тауар өндірушінің бағасына өзінің шығындарын қосады, осылайша тауар бағасының елеулі түрде өсуіне әсер етеді.
Барлық факторларды бағалау, тауардың түпкілікті бағасы мен оның түрін анықтайды.
