- •Билет №4
- •2.Септік жал
- •3.Берілген сөзді септе. Ту.
- •Билет №5
- •Билет №6
- •3.Морфологиялық талдау жаса. Қаламыз – таза, өте әдемі..
- •Билет №8
- •Билет №9
- •3.Берілген етістікті өткен шақта жікте. (зерттеу)
- •2.Келер шақ.
- •3.Берілген етістікті келер шақта жікте. (салу)
- •2.Өткен шақ.
- •2.Етістік райлары.(наклонен.
- •Билет №16
- •Билет №20
- •3.Синтаксистік талдау жаса.
2.Өткен шақ.
Өткен шақ сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болған іс-қимылды білдіреді. Оның 3 түрі бар: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ және ауыспалы өткен шақ.
Олардың жасалу жолы:
Жедел өткен шақ
Бұрынғы өткен шақ
Ауыспалы өткен шақ
Іс-қимылдың жуық арада болғанын білдіреді
(действие недавно прошедшего времени) Негізінен болғанына көп уақыт өткен іс-қимылды білдіреді
(действительно давно прош. времени) Сөйлеп тұрған уақытқа дейін дағдылы болып тұрған іс-қимылды білдіреді (переносного прош. времени)
Етістік+(-ды,-ді,-ты,ті)+жік.ж. Етістік+(ған,ген,қан,кен,есімше
ып,іп,п көс.)+жік.жалғау
Етістік+(-атын,-етін,-йытын,-йітінес.)+жік.ж.
Сен кел+ді+ң Мен жегенмін Мен баратынмын
3.Берілген етістікті өткен шақта жікте. (зерттеу)
Мен зерттедім Біз зерттедік
Сен зерттедің Сендер зерттедіңдер
Сіз зерттедіңіз Сіздер зерттедіңіздер
Ол зерттеді Олар зерттеді
Билет №13Нұрғиса Тілендиев. (монолог)
Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев Алматы облысы Іле ауданына қарасты Шилікемер деген жерде дүниеге келген. Ол қазақ композиторы, дирижер, домбырашы, Қазақстанның халық әртісі, халық қаһарманы. Тілендиев Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының дирижерлік факультетін бітірген. «Қазақ фильмі» киностудиясы музыкалық редакциясының бас редакторы болды. Ол төрт жүзге тарта ән мен романстардың, «Достық жолымен» балетінін, «Алтын таулар» операсының және т.б. көптеген шығармалардың авторы.
2.Келер шақ.
Келер шақ сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатын іс-қимылды білдіреді. Оның 3 түрі бар: болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ және ауыспалы келер шақ. Олардың жасалу жолы:
Болжалды келер шақ
Мақсатты келер шақ
Ауыспалы келер шақ
Іс-қимылдың келе шекте болатынын болжап көрсетеді
(предположительного будущего времени) Іс-қимылдың келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді
(будущее намерения) Алдағы уақытта болатын іс-қимылды білдіреді
(переносное будущее время)
Етістік+(-ар,-ер,-р,-с)+жік.ж. Етістік+(мақ,мек,пақ,пек,
бақ,бек есімше)+жік.жалғау
Етістік+(-а,-е,-йкөс.)+ж.ж
Сен жүр+ер+сің сен айтпақсың Мен ертең барамын
3.Берілген етістікті келер шақта жікте. (салу)
Мен бүгін сурет саламын Біз бүгін сурет саламыз
Сен бүгін сурет саласың Сендер бүгін сурет саласыңдар
Сіз бүгін сурет саласыз Сіздер бүгін сурет саласыздар
Ол бүгін сурет салады Олар бүгін сурет салады
Билет №14.Кино өнері. (монолог)Кино өнері –көп өнердің бір түрі. Ол әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканы пайдаланатын синезді өнер. Кино шығаруға, яғни фильмді жасауға әр түрлі мамандықтың шығармашылық қызметкерлері қатысады. Олар: кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор. Кино өнері – өзіне тән мәнерлеу амалдары, көркемдеу тәсілдері, эстетикалық заңдары мен шығармашылық дәстүрлері бар ерекше өнер.20 ғасырдың басында Қазақстанда барлығы 13 жекеменшік кино залы жұмыс істеді. Олар Семей, Павлодар, Өскемен, Астана (Ақмола), Қостанай, Ақтөбе және т.б. қалаларда орналасты. Верный (Алматы) қаласында бірінші киносеанстар 1910 жылдан бастап көрсетілді. Мен: көркем фильм, ғылыми, әдеби, көркемдік кино және мультипликациялық және т.б. жанрларын білемін. Киноның алғашқы белсенді насихатшыларының бірі – Жангелдин болды.
