- •Билет №4
- •2.Септік жал
- •3.Берілген сөзді септе. Ту.
- •Билет №5
- •Билет №6
- •3.Морфологиялық талдау жаса. Қаламыз – таза, өте әдемі..
- •Билет №8
- •Билет №9
- •3.Берілген етістікті өткен шақта жікте. (зерттеу)
- •2.Келер шақ.
- •3.Берілген етістікті келер шақта жікте. (салу)
- •2.Өткен шақ.
- •2.Етістік райлары.(наклонен.
- •Билет №16
- •Билет №20
- •3.Синтаксистік талдау жаса.
3.Синтаксистік талдау жаса.
Ол Тәуке ханның көмекшісі болған.
Билет №241.Қазақ батырлары. (монолог)Қазақтың атақты батырлары: Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Жәнібек, Алпамыс және т.б. Қазақ батырлары ержүрек, батыл, өз халқының қамын ойлаған. Олар өз елі үшін, жері үшін күрескен. Қабанбайдың шын аты Ерасыл. Ол қолбасшы болған, сарбаздар мектебінде оқыған. Бөгенбай батыр 1691 жылы Ақмола облысында туған. Ол ақылды, дарынды қолбасшы , дипломат болған. Бөгенбайдың бейнесін Мағжан Жұмабаев жасаған. Райымбек батыр 1705 жылы Алматы облысында Райымбек ауданында туған. Ол Жетісу жерін жоңғарлардан қорғаған. Райымбек батыр күшті, батыл, ержүрек адам болған. Қазақ елінің жері сақталуы осы батырлардың арқасы. Қазір қалалардың көшелері батырлар есімімен аталады.
2.Салалас құрмалас сөйлем. (сложносоч. предл.)Жай сөйлемдерінің баяндауышы тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысады. Салалас құрмалас сөйлемнің 6 түрі бар. Олар:
Түрі Шылау
Ыңғайлас салалас және, әрі, да,де, та,те
Қарсылықты салалас бірақ, дегенмен, сонда да, сөйтсе де, алайда
Себеп-салдар салалас өйткені, себебі, сол себепті, сондықтан
Кезектес салалас бірде, біресе, кейде
Талғаулы салалас не, я, немесе, әйтпесе, әлде, не болмаса
Түсіндірмеле салалас жалғауы жоқ
3.Синтаксистік талдау жаса.
Батыр көптеген шайқастарға қатысқан және 30 мың жасаққа қолбасшы болған
Билет №251.Жеті қазына. (сокровище, казна) (монолог) Жеті қазына - қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы жеті қазынаны жігіттің өмірімен байланыстырады. Жеті қазынаға жүйрік ат, қыран (зоркий) бүркіт, құмай тазы (гончая собака), берен мылтық (стальн. ружье), қанды ауыз қақпан(сильный капкан), майланғыш ау (удачная охота), өткір кездік (острый ножик) жатады. Ер жігіттің жүйрік аты - оның қанаты. Қыран бүркіті – қуаты. Жігігіттің сенімді серігі – құмай тазысы. Оның мылтығы - оты.
2.Салалас құрмалас сөйлем. (себеп-салдар, талғаулы салалас)Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін түрін себеп-салдар салалас дейді.Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтары: сондықтан, себебі, өйткені Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің тек біреуіндегі іс, оқиғаның жүзеге асатындығына болжам жасауды білдіретін түрін талғаулы салалас дейді.
3.Синтаксистік талдау жаса. Қазақ халқы жеті санымен көп нәрсені байланыстырады, себебі ол – киелі сан.
.
