- •Билет №4
- •2.Септік жал
- •3.Берілген сөзді септе. Ту.
- •Билет №5
- •Билет №6
- •3.Морфологиялық талдау жаса. Қаламыз – таза, өте әдемі..
- •Билет №8
- •Билет №9
- •3.Берілген етістікті өткен шақта жікте. (зерттеу)
- •2.Келер шақ.
- •3.Берілген етістікті келер шақта жікте. (салу)
- •2.Өткен шақ.
- •2.Етістік райлары.(наклонен.
- •Билет №16
- •Билет №20
- •3.Синтаксистік талдау жаса.
Билет №16
1.Қазақстанның қорықтары. (монолог)
Табиғатты қорғаудың ең жоғарғы әдісі-қорықтар ұйымдастыру.
Қорық жерінің табиғаты қатаң қорғалып, адам араласуынсыз табиғи сақталуға жағдай жасалады. Елімізде 10 қорық бар. Олар: Ақсу-Жабағылы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Қорғалжың, Маркакөл, Үстірт, Алакөл, Батыс Алтай және Қаратау.
Ақсу-Жабағылы (1926ж.) - Батыс Тянь-Шаньның солтүстік жерінде орналасқан. Наурызым қорығы 1931 жылы құрылған. Ол Қостанай облысында орналасқан. Қаратау қорығы 2004 жылы ашылды. Оның көлемі 34 мың га. Ол Оңтүстік Қазақстан жерінде орналасқан. Қорғалжын – 1968ж. Астана қаласынан 140 шақырым жерде орналасқан.
Мақсаты: құстар мен жануарлардың кейбір түрлерін сақтау.
2.Жалғаулықтар.(союзы)
Жалғаулық шылаулар – сөз бен сөзді, сөйлемдерді байланыстыру үшін қызмет атқарады. Жалғаулық шылаулардың түрлері:
1. Ыңғайластық(соед.): мен, бен, пен, және, әрі, да, де, та, те;
2. Қарсылықты: бірақ, дегенмен, алайда, сонда да, сөйтсе де;
3.Себеп-салдар: өйткені, себебе, сондықтан, сол үшін;
4.Талғаулықты(разделит.): не, немесе, я, я болмаса, бірде, кейде, біресе.
3. Синтаксистік талдау жаса.
Көктем келді де, күн жылынды.
Билет №171.Әбілхан Қастеев. (монолог)Әбілхан Қастеев (1904-1973) – қазақтың тұңғыш профессионал живописьшісі, график суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық суретшісі, қоғам қайраткері. Ол республика Жоғары Советінің депутаты болып сайланды. Туған жері: Алматы облысы Жаркент ауданы Жетікен ауылы. Ол кедей отбасында дүниеге келеді. Сегіз жасында сиыр, қой бақты.Москвада Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алды. Оның шығармалары халықтың өмірі, сезімі мен ойын білдіреді. Халық өмірі жайлы, табиғат көрінісі туралы мыңнан астам көркем туындылары бар. Ә.Қастеев еңбектері АҚШ, Канада, Бразилия, Франция, Индонезия, Венгрия, Польша т.б. елдерде көрсетілді. Оның есімімен көшелер, ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы, сурет мектептері мен училищелер аталды. Ә.Қастеев еңбектері Алматыдағы Қазақ көркем галереясына қойылған. (Шығармалары: Жайлау, Амангеді, Абай, Жамбыл, Мәншүк Мәметова, Киіз үй көрінісі, на және т.б.)
2.Демеуліктер.(частицы)
Демеулік шылаулар – сөздер мен сөйлемдерге әр түрлі мағына береді. Мағынасына қарай демеулік шылаулардың түрлері:
1. Сұраулық (вопрос.): ма, ме,ба, бе, па, пе,ше;
2. Күшейткіш (усилит): -ақ, -ау, -ай,-да,-де,-та,-те;
3.Болжалдық: -ау, -мыс,-міс,-кейде;
4.Шектік (ограничивающие): ғана, қана, тек,-ақ;
5. Нақтылау(уточн.): ғой,қой,-ды, -ді,-ты,-ті
6. Болымсыздық: түгіл, тұрсын.
Синтаксистік талдау жаса.
Сен Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларын білесің бе?
Билет №181.Ыбырай Алтынсарин. (монолог) Ыбырай Алтынсарин - ақын, педагог, жазушы, қоғам қайраткері, ағартушы. Ол 1841 жылы Қостанай облысының Затобол ауданында туған. Ол – біздің жерлесіміз. Ыбырай атасы Балқожа тәрбиесінде болған. Атасы оны орыс –қазақ мектебінде оқытады. Кейін ол хатшы, мұғалім болып істейді. Алтынсарин қазақ балалары үшін көптеген мектептер ашты. Сол мектептерге арнап оқулықтар жазды. Ең маңыздысы – «Қазақ хрестоматиясы». Ыбырай Алтынсарин көптеген өлең, шағын әңгіме, мысал жазды. Ол К.Ушинский, Л. Толстой, И. Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Ол – қазақ халқының зор мақтанышы.
2.Септеуліктер.(послеслоги)
Сепеулік шылаулар түрлері:
1. Атау септігіне қатысты септеуліктер: туралы, сияқты, үшін, сайын т.б.;
2.Барыс септігіне қатысты септеуліктер: дейін, шейін, қарай, тарта, жуық;
3.Шығыс септігіне қатысты септеуліктер: кейін, бұрын, соң, әрі, гөрі, бері;
4.Көмектес септігіне қатысты септеуліктер:бірге, қабат, қатар.
3. Сөз құрамына талдау жаса.( халқымыздың, негізін салушы)
Билет №191.Қаныш Сәтбаев. (монолог)
Қаныш Сәтбаев (1899-1964) - ғалым, академик. Туған жері: Павлодар облысы Баянауыл ауданы. Қаныш Сәтбаев Қазақстан ғылымының негізін салушы Қаз ССр Ғылым Академиясын құрушы және оның тұңғыш президенті. Ғылым саласында тұңғыш Лениндік сыйлық алған (1958 ж.) және Мемлекеттік сыйлық лауреаты. Қазақта тұңғыш аспан денелеріне есімі берілген ғұлама және тұңғыш академик атағын алған ғалым.
2.Одағай.(междометие)
Одағай дербес мағынасы жоқ, адамның көңіл-күйін білдіреді. Сұраққа жауап бермейді, сөйлем мүшесі болмайды.
Мағынасына қарай:
1)көңіл-күй одағайы – аһ, ой, алақай, бәрекелді және т.б 2)жекіру одағайы – тәйт, тек, жетер, тсс; 3)шақыру одағайы – малдарды шақыруға байланысты қолданылатын сөздер: шөре-шөре, кә-кә, құру-құру; 4)тұрмыстық өмірде қолданылатын одағайлар - сәлем, рақмет, қош.
Сөз құрамына талдау жаса.
Халқымыздың, негізін салушы
