Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандық: жалпы медицина, стоматология

Пән: қазақ тілі

Кафедра: тілдер

Курс І

№ 34 тақырып: Мақсат пысықтауыш. «Ауыз су» мәтіні.

Құрастырушы: аға оқытушы Абдуллина Л.Н.,

оқытушы Утарғалиева Ш.Ш.

Ақтөбе 2010ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

Тақырыбы: Мақсат пысықтауыш. «Ауыз су» мәтіні.

Мақсаты: Мақсат пысықтауыш туралы мәлімет.

Оқытудың мақсаты мен міндеттері: Студенттерді мақсат пысықтауышты қатыстырып сөйлем құрай білуге үйрету. Тіл дамыту.

Мақсат пысықтауыш дегеніміз – қимыл, іс-әрекеттің қандай мақсатпен, қандай оймен істелетінін білдіретін сөйлем мүшесі. Мақсат пысықтауыштың сұраулары: кім үшін? Не үшін? Неге? Қандай (нендей) мақсатпен?

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1–тапсырма. Берілген мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Ауыз су

Су – табиғатта ең көп тараған зат. Бірақ жер бетіндегі теңіздер мен мұхиттардың суы пайдалануға жарамсыз. Қазіргі кезде ауыз суының жетіспеу қаупі бар. Бұл жағдайдың ауырлығы соншалықты ЮНЕСКО жанынан құрамына 100-ден астам елдердің өкілдері кіретін су проблемасымен айналысатын арнайы комиссия құрылған.

Жер шарының 60%-ында тұратын халық тұщы судың болмауынан немесе жетіспеуінен зардап шегеді. Мәселен, Грецияның Афины және Пиреяға жақын орналасқан аудандарында ауыз су жоқ. Су бұл жерде шараптан да қымбат. Хорватияның көптеген облыстарында судың әрбір тамшысы есептелінеді. Югославияның кейбір теңіз жағалауындағы аудандары мен аралдары кемемен жеткізілген тұщы суды пайдаланады. Кейбір жерлерде су тіпті ұшақпен тасылады. Мәселен, Гонконг пен Сингапур тұщы суды көршілес Қытай мен Малайзиядан алады. Алжир, Жапон елдерінде де ауыз су өте көп еңбекпен келеді.

АҚШ-тың азық-түлік дүкендерінде су шөлмекпен сатылады. Судың сапасына қарай олардың бағалары да әрқалай.

Бір кезде академик А.Е.Ферсман тұщы суды «онсыз тіршілік болмайтын жер бетіндегі ең маңызды минерал» деп атаған. Жыл өткен сайын бұл ақиқатқа айналып келеді. Суды еш нәрсемен алмастыруға болмайды, өйткені тірі ағза сусыз тіршілік ете алмайды. Сонымен «судың да сұрауы бар» дейді. Су қадірін білесіз бе?

2–тапсырма. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Табиғатта ең көп тараған зат не?

2) Қазіргі кезде қандай қауіп бар?

3) ЮНЕСКО жанынан немен айналысатын комиссия құрылған?

4) Арнайы комиссия құрамына қанша елдің өкілдері кіреді?

5) Жер шарының 60%-ында тұратын халық неден зардап шегеді?

6) Қай жерде судың әртамшысы есептеледі?

7) Академик А.Е.Ферсман тұщы суды не деп атады?

3–тапсырма. «Судың да сұрауы бар» дегенді қалай түсінесіз? Ойыңызды дәптерге жазыңыз.

4-тапсырма. Мәтінді тірек ете отырып төмендегі сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Бірақ жер бетіндегі теңіздер мен мұхиттардың ... пайдалануға жарамсыз. 2. ЮНЕСКО жанынан су проблемасымен ... комиссия құрылды. 3. Афины, Пирея аудандарында ... жоқ. 4. Су бұл жерде ... да қымбат. 5. Хорватияда судың ... есептелінеді. 6. Судың ... қарай бағалары әрқалай. 7. Су жер бетіндегі ең ... минерал.

Оқыту әдісі: түсіндіру, аударма, сұрақ-жауап, жаттығуларды жазбаша орындау.

Әдебиеттер:

1. М. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003.

Бақылау сұрақтары:

1. Мақсат пысықтауыш дегеніміз не?

2. Мақсат пысықтауышты қатыстырып 5 сөйлем құрастырыңыз.

3. Мәтіннің жалпы мазмұнын әңгімелеп беріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]