Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Nasha_1179_orly_1179.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
377 Кб
Скачать
☆

2. Қр қк бойынша нашақорлықпен байланысты қылмыстар үшін тағайындалатын санкциялар. Жаза түрлері және оларды орындау.

ҚР ҚК-де нашақорлықпен байланысты қылмыстар үшін тағайындалатын жаза түрлеріне талдау жасай отырып, осы қылмыстар үшін адамның материалдық жағдайына және жеке бас бостандығының еркіндігіне байланысты жазалардың қолданылатынына көз жеткіздік. Бұл жазалар төмендегідей; - айыппұл салу; - мүлкін тәркілеу; - белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру; - түзеу жұмыстары; - бас бостандығын шектеу; - бас бостандығынан айыру. Енді осы жазаларды тағайындау және орындау ерекшеліктеріне тоқталайық. 1. Айыппұл түріндегі жазаны орындау тәртібі мен жағдайы.

      Айыппұл ҚР Қылмыстық Кодексінде көзделген шекте, заңмен белгiленген және жаза тағайындау сәтiне қолданылып жүрген айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр мөлшерiне сәйкес келетiн мөлшерде тағайындалатын ақша өндiрiп алу.       Айыппұл ҚР-ның заңдарымен белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен жиырма мыңға дейiнгi шегiнде тағайындалады. Айыппұлдың мөлшерiн жасалған қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның мүлiктiк жағдайын ескере отырып сот белгiлейдi.       Айыппұл жазалаудың қосымша түрi ретiнде ҚР Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкiн.       Жазалаудың негiзгi түрi ретiнде тағайындалған айыппұлды төлеуден әдейi жалтарған жағдайда, ол ҚР Қылмыстық Кодексінің 42, 43-баптарында көзделген қағидалар сақтала отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үш еселенген мөлшерiне сәйкес келетiн айыппұл сомасының орнына тиiсiнше бiр ай түзеу жұмыстарына немесе сексен сағат қоғамдық жұмыстарға тарту есебiмен қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартумен ауыстырылады.       ҚР Қылмыстық атқару кодексінің 22 бабының 1 бөлігіне сәйкес сотталушы үкiм заңды күшiне енген соң бiр айдан кешiктiрмей айыппұл төлеуге мiндеттi.       Сотталушының айыппұлды бiр жолғы төлеуге мүмкiндiгi болмаған жағдайда, сотталушының өтiнiшi бойынша төлемнiң мерзiмiн ұзартуға немесе алты айға дейiн бөлiп-бөлiп төлетуге жол берiледi.       Сотталушы айыппұлды ерiктi түрде төлемеген кезде жазаны атқару сот берген атқару парағының негiзiнде мәжбүрлеп жүргiзiледi. Айыппұл сотталушының мүлкiнен, соның iшiнде оның сотта айқындалған ортақ меншiк құқықтарындағы мүлiктегi үлесiнен өндiрiп алынуы мүмкiн.       Айыппұлды өндiрiп алу кезiнде ҚР Қылмыстық атқару кодексіндегі қосымшамен белгiленген тiзбеге сәйкес тәркiлеуге жатпайтын мүлiктi алып қоюға болмайды.       Айыппұлды ҚР Қылмыстық атқару кодексінің 22-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiмде төлемеген және өзiнiң кiрiстерi мен мүлкiн мәжбүрлеп өндiрiп алудан жасырушы сотталушы айыппұл төлеуден қасақана жалтарушы деп танылады.       Айыппұл төлеуден қасақана жалтарушы сотталғандар жөнiнде мемлекеттiк сот орындаушысы сотқа айыппұлды ҚР Қылмыстық кодексiнiң 40-бабының төртiншi бөлiгiне сәйкес жазаның басқа түрiмен ауыстыру туралы ұсыныс жiбередi. 2. Мүлікті тәркілеу туралы соттың үкімін орындау тәртібі.

      ҚР Қылмыстық кодексінің 51 бабының 1 бөлігінде көрсетілген ережеге сәйкес мүлiктi тәркiлеу дегенiмiз сотталған адамның меншiгi болып табылатын мүлiктiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн, сондай-ақ қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлiктi мемлекеттiң меншiгiне мәжбүрлеп өтеусiз алу.       Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын және ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) не тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында қылмыстар жасағаны үшiн, сотталған адамның меншiгiнен басқа, қылмыстық жолмен алынған не қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, сотталған адам басқа адамдардың меншiгiне берген мүлiк тәркiлеуге жатады.       Мүлiктi тәркiлеу пайдакүнемдiк ниетпен жасалған қылмыс үшiн белгiленедi және ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкiн.       Қылмыстық атқару заңнамаларында көзделген тiзбеге сәйкес сотталған немесе оның асырауындағы адамдарға қажеттi мүлiк тәркiленбеуге тиiс.       Сотталушының мүлкiн тәркiлеу туралы үкiм шығарған сот ол заңды күшiне енген соң атқару парағын, мүлiк тiзiмiнiң көшiрмесiн және үкiмнiң көшiрмесiн атқару үшiн мемлекеттiк сот орындаушысына жiбередi (ҚР ҚАК-нің 57 бабы 1 бөлігі), бұл туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлайды. Iсте сотталушы мүлкiнiң тiзiмi болмаған жағдайда мүлiк тiзiмi жүргiзiлмегенi туралы анықтама жiберiледi.       Мүлiктi тәркiлеу түрiндегi жазаны орындауды мүлiктiң тұрған жерi бойынша мемлекеттiк сот орындаушысы жүргiзедi.       Сотталушының мүлкi, соның iшiнде оның ортақ немесе бiрлескен меншiктегi үлесi, ақшасы мен бағалы қағаздары, сотталушының банктердегi салымдары мен кез келген меншiк нысанындағы активтерге өзге де салымдары сот үкiмi бойынша тәркiленуге жатады. Сондай-ақ қылмыстық iс-әрекет объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынып қойылған зат болып табылатын мүлiк сот үкiмi бойынша тәркiленуге жатады.       Сотталушының сот үкiмi бойынша тәркiленуге жатпайтын мүлiктiң Тiзбесiнде аталған мүлкi тәркiленуге жатпайды.       Соттың үкiмi бойынша тәркiленуге жататын мүлiктiң кiмге тиесiлi екендiгi туралы даулар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шешiледi.       Мемлекеттiк сот орындаушысы атқару парағын алған соң дереу тiзiмде көрсетiлген мүлiктiң бар-жоғын тексередi, тәркiлеуге жататын басқа мүлiктi анықтайды, сөйтiп оны тiзiмге кiргiзедi. Егер мүлiктiң тiзiмi жүргiзiлмеген болса, Мемлекеттiк сот орындаушысы сотталушының тәркiленуге жататын мүлкiн анықтауға шара қолданады, сөйтiп оны тапқан жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сол мүлiктiң тiзiмiн жасайды.       Тiзiмде әрбiр заттың толық және дәл атауы, оның айырым белгiлерi, соның iшiнде түсi, мөлшерi, тозу дәрежесi мен жеке сипаттамасы көрсетiледi. Тiзiмделген заттар сүргiленедi, мөрленедi және сақтауға берiледi, бұл туралы тiзiмге белгi соғылады.       Мемлекеттiк сот орындаушысы тәркiленуге жататын және тiзiмге алынған мүлiктi сақтауға қажеттi шаралар қолданады.       Сотталушының ортақ және бiрлескен меншiктегi үлесiн мемлекеттiк сот орындаушысының ұсынуы бойынша сот азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен анықтайды.       Сотталушының тәркiленген мүлкiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға беру ҚР-ның заңдарына сәйкес оған қойылатын барлық талаптар қанағаттандырылғаннан кейiн жүргiзiледi. Тәркiленген мүлiк есебiнен қанағаттандыруға жататын талаптар жөнiнде мемлекет оны сатудан немесе одан әрi пайдаланудан алынған қаражат шегiнде жауап бередi. Тәркiленген мүлiктi уәкiлеттi мемлекеттiк органға беру тәртiбiн ҚР-ның Үкiметi белгiлейдi.       Өзiнде сот үкiмiмен тәркiленуге жататын мүлiк бар ұйымдар мен азаматтар бұл туралы сотқа немесе уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлауға мiндеттi. Тәркіленуге жататын мүлiктiң жасырылуына, бүлiнуiне немесе ұрлануына кiнәлiлер заңға сәйкес жауапқа тартылады.       Үкiм барлық мүлiктi тәркiлеу бөлiгiнде атқарылып, бiрақ айыптау үкiмiн атқарудың заңмен белгiленген өтеу мерзiмдерi бiткенге дейiн сотталушының оған үкiм шығарылғанға дейiн немесе үкiм шығарылғаннан кейiн ол тәркiлеуге жататын қаражатқа сатып алған тәркiленбеген мүлкi табылған жағдайларда, үкiм шығарған сот немесе үкiмдi атқару орны бойынша сот, егер мүлiк заң бойынша тәркiленуi мүмкiн болса, мемлекеттiк сот орындаушысының ұсынуымен табылған мүлiктi тәркiлеудi атқаруға жiберу туралы қаулы шығарады.