Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Nasha_1179_orly_1179.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
377 Кб
Скачать
☆

2. Есірткі заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың түсінігі.

Есiрткi және психотроптық зат тектестер - құрылымы мен қасиеттерi жағынан I, II, III кестелерге енгiзiлген заттарға ұқсас, елiртетiн, күйзелтетiн немесе жалған елес күйiне түсiретiн химиялық құрылымы мен қасиеттерi бар, оларды терiс пайдаланған кезде халықтың денсаулығы үшiн қауiптi және осы Заңмен және БҰҰ-ның халықаралық Конвенцияларымен есiрткi немесе психотроптық заттар ретiнде бекiтiлмеген шығу тегi синтетикалық немесе табиғи заттар. Прекурсорлар - есiрткi және психотроптық заттарды өндiру, дайындау, өңдеу кезiнде пайдаланылатын, ҚР-ның заңнамасына, ҚР-ның халықаралық шарттарына, соның iшiнде БҰҰ-ның Есiрткi және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1988 жылғы Конвенциясына сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген заттар. Препарат - Тiзiмге енгiзiлген, құрамында бiр немесе бiрнеше есiрткi, психотроптық заттар немесе прекурсорлар бар кез келген физикалық күйдегi қоспа. Психотроптық заттар – ҚР-ның заңнамасына, ҚР-ның халықаралық шарттарына, соның iшiнде 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген, шығу тегi синтетикалық немесе табиғи заттар. Уытқұмарлық - есiрткi және психотроптық заттардың әсерiне ұқсас психикалық елiрме әсер туғызатын және республикалық заңнамалық актiлер мен халықаралық конвенциялардың тiзiмдерiне енбейтiн дәрiлiк препараттар мен табиғаты әртүрлi дәрiлiк емес заттарды шектен тыс пайдалану. Токсикомания – булармен, газдармен демалу. Токсикоманияның кейбір формалары ароматтық және басқа да заттар, мысалы тұрмыста қолданылатын ацетон, бензол арқылы таралады. Бұл ерітінділер, тазартқыштар, синтетикалық желімдер, никробояулар, дақтарды кетіретін сұйықтықтар және т.б. Үйде негізінен дезодорант-спрей, шашқа арналған лак, жиһазды тазартуға арналған сұйықтық, тырнаққа арналған лак, бензин және т.с.с. Токсикоманияның әсерінен бұлшық ет аурулары, жүріс-тұрыс бәсеңдеуі, салмақ жоғалту, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы, бас миының және жүйке жүйесінің бұзылуы, еске сақтау, ойлау қабілеттерінің әлсіреуі сияқты ауруларға, ал әрі қарай Асфиксияға (дем алудың қиындауы), естен тануға, комаға және кенеттен қайтыс болуға әкеліп соғады.

Марихуана. Марихуана – кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы. Марихуана – көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда көп таралған заңсыз есірткі. Марихуананың ықпалындағы адамның басы айналады, жүрісі бұзылады, үнемі күле береді және есте сақтау қабілеті төмендейді. Марихуананы шегуді кейбіреулер денсаулыққа зиян емес деп санайды. Алайда, ол денсаулыққа үлкен зиян келтіреді.

Героин. Героин - ең алдымен опий пайда болды, содан кейін одан морфин алынды, одан героин шығарылды. Героин өзінің есірткілік белсенділігімен морфийннен әлдеқайда асып түседі. Ол қыздырғаннан кейін тамырға егіледі, шегіледі, онымен демалады. 2008 жылдың 8 айы ішінде Астана қаласында героиннің дозасын асырып қолданғаннан 19 жастан 30 жасқа дейін 48 адам көз жұмған. Нашақорлардың түн ұйқылары бұзылады, артериалдық қан қысымы төмендейді, ине салу нәтижесінен тамырлары тесіледі, бауыры мен бүйректері ауырады, организмі дене және психологиялық жағынан әлсірейді, гепатит пен СПИД-ке шалдығады, ақырында өлімге әкеп соғады.

Кокаин. Кокаин – кока өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ тәріздес есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы тартады немесе тамырға енгізу үшін езеді. Кокаинді тек бай адамдар қолдана алады, себебі оны сатып алу үшін аптасына мың доллардан астам ақша жұмсалады. Оған тез үйреніп кетуге болады. Кокаинді қолданушылар паранойд болып келеді, олар миына қан құйылуынан, жүректің қысылуынан кенеттен өліп кетеді. Алғашқы дозадан алған жақсы әсерлерді сезіну үшін кокаинді жиі және көптеп қолдану керек болады. Есірткіні алғашқыда эйфорияны сезіну үшін енгізсе, кейін тек өзін жақсы сезініп, күйзелу немесе шаршаған жағдайын кетіру үшін қолданады. Қолданудың ақыры – сандырақтауға, дем алуының бұзылуына, есінен тануына, ақырында өлімге әкеліп соғады.

Экстази. Экстази – 1987 ж. Испанияда болған бір дискотекада «экстази» таблеткасын (метилендиоксиметиламфетамин) музыкамен біріктіруден болған эффект «ашылды». Экстази қолданғаннан кейін жеңілдік сезіледі, күш-қуаты күшейеді, көңіл көтеріп, бірнеше сағат қатарымен шаршамай билеуге болады. «Экстази» 2 сағаттан 8 сағатқа дейін әрекет етеді. Алайда «Экстазиден» қайтыс болғандардың саны көп. Ол ең қауіпті есірткі құралдарының қатарына саналып, БҰҰ-ның барлық елдерінде тыйым салынған. Осы есірткіні қолданған кезде адамның ми клеткалары, бауыры, бүйрегі бұзылады, жүйкесі бұзылады, тамырлары қысылады, ақырында өлімге әкеліп соғады.

Есірткі заттар мен психотроптық заттар контрабандасының криминологиялық және қылмыстық-құқықтық сипаттамасы.

1. Есірткі заттар мен психотроптық заттар контрабандасының криминологиялық және қылмыстық-құқықтық сипаттамасы. 2. Есірткі заттар мен психотроптық заттар контрабандасының жасалу себептері мен шарттары және оның таралуының қазіргі таңдағы тенденцияларының болжамы.

1. Есірткі заттар мен психотроптық заттар контрабандасының криминологиялық және қылмыстық-құқықтық сипаттамасы. Контрабанда әкелетін және әкетілетін тауарлар үшін мемлекетпен белгіленген мемлекет бюджетіне тиісті салықты түсірмейтін болғандықтан мемлекеттің экономикалық мүддесінен зиян келтіреді. Сонымен бірге, республикадан тыйым салынған тауарлар шығарылып жатады.

Өзінің 64-бабында теқ қана контрабанда деген үғымды қарастырған 1959 жылғы ҚазКСР ҚК-мен салыстырғанда қазіргі қолданыстағы ҚР-ның Қылмыстық кодексі өзінің 209-бабымен «экономикалық контрабанда» деген ұғымды, ал 250-бабында «айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандысы» туралы үғымды қарастырады.

Заң әдебиеттерінде экономикалық контрабанда объектісін анықтауға қатысты ғалым заңгерлердің әртүрлі көзқарастары бар. Мәселен, кейбір авторлар, экономикалық контрабанданың тектік объектісі мемлекеттің эконо­микалык контрабанда саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады, деп атап өтеді. М.М.Алиев қарастырып отырған қылмыстьщ тікелей объектісі кедендік бақылау тәртібімен белгіленген кедендік шекарадан өткізу шартгары, ҚР-ның экономикалық мүддесі, егемендігі мең қауіпсіздігі болып табылады деп ұйғарады. Б.Г.Саматова бұл қылмыстың тікелей объектісі «қазақстандық нарық» деп санайды. Қосымша обектісі ретінде тиісті нормативтік актілермен белгіленген тауарларды ҚР-ның кедендік және мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуді ұсынады. Осы сияқты ойларын И.И.Рогов пен С.М.Рахметов редакциялауындағы «ҚР-ның қылмыстық құқығы. Ерекше бөлім» оқулығындағы авторлардың тобы да экономикалық кондтрабанданың тікелей объектісіне Қазақстанның нарығын, қосымша объектіге ҚР-ның кедендік және мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуді, ал факультативтік объектісіне контрабанда заты мен субъектісіне қарай ҚР-ның мемлекеттік органдарын, каржы жүйесін, саяси мүддесін, ел халқының денсаулығын, қоғамның моральдық тұрақтылығын, Қазақстан халықтарының тарихи-мәдени мұраларын жатқызу арқылы білдіреді.

Осы айтылған ойларды қорытындылау негізінде экономикалық контрабанданың тікелей объектісі деп заңға негізделген қалыпты экономикалық қызметті жүзеге асыруға катысты қоғамдық қатынастарды тануға болады.

ҚР Жоғарғы Сотының 1997 жылғы 18-шілдедегі «Контрабанда үшін қылмыстық жауаптылық туралы заңнамаларды қолдану тәжірибесі туралы» қаулысының 1-тармағында ҚР ҚК 209-бабында жауаптылық көзделген экономикалық контрабанда кезіндегі тікелей объекті мемлекетгің экономикалық мүддесі, ал ҚР ҚК 250-бабымен сараланған контрабандалық әрекет кезінде тікелей объекті қоғамдық мүдделер мен мемлекетгік қауіпсіздік болып табылады.

Аталған қылмыстық зат тізімдері ҚР-ның 2003 жылғы 5-сәуірде қабылдаған Кеден кодексінің 7-бабында көрсетілген тауарлар мен өзге де заттар болып табылады. ҚР кедендік заңына сәйкес, тауар деп материалдық дүниенің кез келген жылжымалы мүліктері, соның ішінде валюта, валюталық құндылыктар, электр, жылу және өзге де энергия көздері, халықаралық тасымалдауда пайдаланатын көліктерден басқа көлік құралдары танылады. Оларға сонымен бірге: халықтардың көркем, ғылыми, тарихи және археологиялық маңызы бар мәдени құндылықтар; тарихи құндылығы мен өзге де маңызы бар көне мүліктер; интеллектуалды меншік объектілері; құрып кету қауіп төніп түрған жануарлар мен есімдіктердің түрлері танылады. ҚР Жоғарғы Сотының аталған 1997 жылғы 18-шілдедегі қаулысының 6-тармағында, «ҚР-ның кедендік шекарасынан аталған, сондай-ақ айналыстан алынбаған немесе айналысқа түсуі шектелген заттарды заңсыз өткізгенІ үшін жауаптылық ҚР ҚК 209-бабымен белгіленген.

Қылмыстың заты тізімі ҚР Кеден комитетінің «ҚР-ның шекарасы арқылы өткізуді ресмилендіру мен тәртібі туралы» арнайы ережесімен белгіленген кеден шекарасы арқылы өткізу тыйым салынған немесе шектелген тауарлар мен құндылықтар бола алады. Контрабанда заттарының құны егер ондай тауарлар бар болса, мемлекетпен реттелетін бағаға байланысты, ал басқа жағдайларда қылмыс жасалған кездегі кедендік бағамен анықталады. Мұндай тәртіппен бағаны анықтау мүмкіндігі болмайтын болса (мысалы, жасанды спирттік ішімдіктер, басқа да тауарлар контрабандасы) олар кедендік заңнама бойынша белгіленген тәртіп бойынша сараптама қорытындысы бойынша анықталады.

ҚР Кеден кодексінің 34-тарауында жеке түлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын өткізу шарттары, ал осы Кодекстің 48- тарауында тауарларды рәсімдеу шарттары келтірілген.

Есірткілік; жүйкеге әсер ететін; улы, күшті әсер ететін; уландырушы; радиоактивті немесе жарылғыш заттарды; қару-жарақ, әскери техника, жарғыш қондырғыларды; оқ-дәрімен атылатын қарулар мен оқ-дәрілерді; ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да жаппай қырып жоятын қаруларды, жаппай кырып-жою каруларын жасау үшін пайдаланылатын материалдар мен жабдықтарды шекарадан өткізу ҚР ҚК 250-бабы бойынша контрабандалық заттардың мөлшері мен санына байланысты қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

«Контрабанда» деп ҚР-ның мемлекеттік немесе кедендік шекарасынан заңсыз тауарлар мен өзге де құндылықтарды өткізу танылады.

ҚР-ның Кедендік кодексінің 9-бабына сәйкес, өткізу деп ҚР-ның кедендік аумағына тауарлар мен езге де заттарды алып кіру немесе алып шығу танылады. Алып кіру мен алып шығу деп контрабандалық заттарды кез келген жолмен өткізу танылады. Сонымен бірге, ҚР кеден аумағына алып кіру кеден шекарасын іс жүзінде кесіп өткен сәттен басталса, ал алып шығу кезінде кедендік декларация тапсыру сәтінен басталады.

Кедендік аумақ пен кедендік шекара ұғымдары ҚР-ның Кедендік кодексінің 6-бабында анықталған, ал мемлекеттік шекара ұғымы ҚР-ның 1993 жылғы 13-қаңтардағы «ҚР-ның Мемлекеттік шекарасы туралы» заңында берілген.

Экономикалық контрабанданың объективтік жағы ҚР кеден шекарасы арқылы жоғарыда айтылған заттарды келесідей жолдармен өткізумен көрінеді:

  • кеден бақылауын жанай өткізу;

  • кеден бақылауынан жасырын өткізу;

  • құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалану арқылы өткізу;

- кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған не өткізу шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері белгіленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды декларацияламай өткізу;

  • кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізу шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері белгіленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды күдікті декларациялаумен өткізу.

Осы баптың диспозициясына сәйкес мыналар заңсыз деп табылады:

а) тауарларды (заттарды) кеден бақылауын жанай өткізу: ҚР-ның белгілі бір заңдарымен және кеден органдарымен белгіленген кеден бекеттері жоқ және өзге де жерлермен айналып кетумен өткізуді білдіреді;

ә) тауарларды (заттарды) кеден бақылауынан жасыру көріп, тауып алуды қиындатқан кез келген амалдармен жасалады (мысалы, тасымалдау кезінде жасыратын орындарды не басқа бір заттың орамы мен қорабын пайдалану және т.б)

б) құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалану кеден органдарына, сондай-ақ шекаралық бақылау жүргізетін адамдарға жарамсыз, заңсыз жолмен алынған, колдан жасалған; сондай-ақ, жалған мәліметтері бар құжаттарды не басқа объектінің теңдестіру кұралының түпнұсқасын көрсету арқылы жасалады. Кедендік теңдестіру құралдарын пайдалану деп қолдан жасалған пломб, мөр, бұрыштама, сандық және әріптік немесе өзге де маркировкаларды, теңдестіру белгілерін, фотосуреттерді және басқаларды пайдалану танылады.

в) декларацияламау немесе күмәнді декларациялау - бұл өткізуге тыйым салынған немесе өткізу шектелген, тауарларды, заттар мен құндылықтарды кедендік-шекара арқылы өткізу тиісті заңмен арнайы ережелері белгіленген кедендік декларация көрсету талабын мүлдем немесе тиісті мәнде орындамау.

ҚР ҚК 209, 250-баптарымен көзделген қылмыстарды жасады деп танылған адамдардың көлік құралдарын пайдалану арқылы ҚР-ның кедендік шекарасынан контрабандалық тауарларды немесе өзге де құндылыктар мен заттарды алып кіруі мен алып шығуымен көрінетін заңсыз өткізу фактілерін анықтау кезінде, контрабанда кезінде пайдаланылған көлік құралдарының тағдырын шешу осы көлік құралдарының заңмен белгіленген тәртіппен бұрын іс бойынша қылмыс қаруы ретінде заттай айғақ болған-болмағандығын шешеді.

Қылмыстық жазалауға жататын контрабанданы әкімшілік тәртіппен жазаланатын контрабандадан, сондай-ақ тауарлар мен заттарды кедендік шекарадан өткізумен ұштасқан заң бұзушылықтан шектеуші мән-жайлар экономикалық контрабанданың ірі мөлшері, не арнайы ереже белгіленген заттарды өткізу болып табылады.

Бұрынғы қолданыста болған қылмыстық заңнамаларда «ірі мөлшер» ұғымы туралы айтылмаған болатын, соған байланысты өмір тәжірибесінде контрабанда мөлшерін теріс анықтауға жол беріліп келді. Алдын ала тергеу органдары айып тағу кезінде «контрабанда мөлшері» ұғымының мазмұнына, контрабанда мен өзге де құндылықтардың заңсыз ресмилендірілмеген жағдайдағы мемлекеттік қорға түскен сомалары да қосылатын болды.

ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2004 жылғы 18-маусымдағы нормативті каулысымен ҚР Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18-шілдедегі «Контрабанда үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы зақнамаларды қолдану тәжірибесі туралы» қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізген болатын. Сол бойынша 8-1-тармағы мынадай мазмұнда толықтырылды: «ірі мөлшерде жасалған ҚР ҚК 209-бабында көзделген әрекеттерді тану үшін басты назарға кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалану аркылы тауарларды немесе өзге де заттарды, не декларацияланбаумен немесе күмәнді декларациялаумен ұштасқан кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізу шектелген, кедендік шекара аркылы өткізудің арнайы ережелері белгіленген тауарларды, заттар мен қүндылықтарды ірі мөлшерде өткізген бөлігінің құны ғана алынады».

Контрабандалық әрекет жасау объективті түрде кінәлі адамның тауарлар мен өзге де құндылықтарды заңсыз өткізу ниетімен қамтылған кеден органдарының алатын міндетті төлемдері мен салықтарын төлеуден жалтарумен ұштасады, әдетте басты мақсат та осы айтылғандар болатыны мәлім, сондықтан бұл әрекеттер салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді бюджетке өткізуден жалтаруы косымша сараланатын әрекетке жатпайды.

Мұндай саралау контрабанда мен бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуден қылмыстық жалтару құрамын құрайтын әрекеттер әртүрлі уақытта жасалған жағдайда орын алады.

Кедендік және өзге де құжаттарды алдап пайдалану элементтері көрінген (қызметтік жалғандык, төлем белгілерін және құжаттарды қолдан жасау) әрекеттер де қосымша саралауды талап етпейді.

Контрабандамен қоса өзге де қылмыстарды жасаған жағдайда, әсіресе валюталық, есірткі заттарымен, қарумен және оқ-дәрімен және басқаларымен байланысқан, не кедендіктен басқа өзге де бақылау объектілерінің талаптарын бұзушылықпен ұштасып жасалған жағдайда, жасалған әрекеттер қылмыстық заңның тиісті нормаларымен көзделетін қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.

Мұндай қылмыстар мынадай жағдайда аяқталған деп саналады:

  • жасырып алып кіру мен алып шығу кезінде - шекараны тікелей қиып өткен сәттен;

  • ал арнайы ереже белгілёнген заттарға қатысты - шекаралық бақылау аяқталған сәттен; ;

  • жасырын өткізу түрімен жүзеге асырылатын алып кіру кезінде - кедендік рәсімдеу шараларын жүзеге асырған сәттен бастап алып шығу.

Қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған, есі дүрыс, жеке адам болып табылады. Субъективтік жағынан талданып отырған қылмыс тек қана тура ниеттің болуымен сипатталады. Кінәлі адам өзінің жасырын (тыйым салынған жолмен) тауарды өткізетінін ұғынады, соның салдарынан қоғамдық қауіпті зардаптардың болатынын болжап біледі және соның болуын қалайды.

ҚР Жоғарғы Сотының Пленумының 2004 жылғы 18-маусымдағы нормативтік қаулысында осы мәселеге қатысты мынадай түсінік беріледі, «бірнеше адамға, соның ішінде оның өзге де тиесілі тауарларды немесе өзге де құндылықтар мен заттарды заңсыз өткізуге қасақана ниетті біріккен (бірге өткізген) контрабандалық заттардың контрабандасы үшін жауапкершілік көтеруге тиіс. Қасақана ниетгі контрабандалық заттардың қалған белігін заңсыз өткізу бойынша басқа адамдардың әрекетін қамтымайтын, орны ауыстырылуы кезінде көрінеу заңсыз мұндай тауарлардың немесе құндылықтар мен заттардың жеке бөлігінің иесі тек оған тиісілі мүліктің-контрабандасы үшін қылмыстык жауаптылық көтереді. Сондай-ақ, контрабандалық заттардың иесі болып табылмайтын, алайда осы үшін, курьер және тағы сондайлар ретінде кеден шекарасы арқылы мүндай заттарды заңсыз орнын ауыстыруға тікелей кінәлі адамдардын әрекеті де осылай саралаиуға тиіс».

Заң шығарушы экономикалык контрабанды үшін де (ҚР ҚК 209-бабы) және айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелгсн заттардыц контрабандысы үшін де (ҚР ҚК 250-бабы) саралаушы белгілердің бірыңғай тізілімін анықтаған.

Оларға мыналар жатады:

а) бірнеше рет жасалған;

ә) лауазымды адамның өз қызмет бабын пайдаланып жасауы;.

б) кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып жасалуы.

Контрабанда, егер бір адаммен екі немесе одан да көп рет жасалса бірнеше рет жасалған деп танылады (ҚР ҚК 11-бабы). Сонымен бірге, адамның бұрын жасаған кылмысы үшін заңмен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болуы не адамның бұрын жасаған қылмысы үшін соттылығы жойылған немесе онысы алынған болуы, немесе мұндай қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тарту мерзімі өтіп кеткен болуы керек.

Бірнеше рет ұғымы мәселесін қоюда заң шығарушы ҚР ҚК 11-бабының 2- бабына ҚР ҚК 175-бабының ескертуінің 3-тармағьшда көрініс тапқан тектес қылмыстарды қарастырған. Әсіресе мұнда ҚР ҚК 175-181, 248, 255 және 260- баптары сияқты нормалар енгізілген.

Осы ережелерді ескере отырып ҚР ҚК 209-бабының ескертуіне 2-тармақпен мынадай толықтыру енгізуге болар еді: «ҚР ҚК 209 және 250-баптарындағы қылмыстарды бірнеше рет жасаған деп тану, егер осындағы қылмыстарды екі немесе одан да көп рет жасау танылады».

ҚР Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18-шілдегі «Контрабанда үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы заңнамаларды қолдану тәжірибесі туралы» қаулысында лауазымды адамның өз қызмет бабын пайдалануымен жасалған экономикалық контрабандаға, өзінің кызметтік міндетіне байланысты кедендік немесе шекаралық бақылау жасауға міндетті атқарушы, сол сияқты мемлекеттік немесе кедендік шекара арқылы өтетін тауарларды немесе өзге құндылықтар мен заттарды қарайтын адамдарды тану қажет деген түсінік береді. Мүндай лауазымды адамдардың контрабандалық қылмыстық әрекет жасаған :кездерінде лауазымды қылмыстар туралы қылмыстық заң, баптары бойынша қосымша саралаудың кажеті жоқ. Сонымен бірге өзінің қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған өзге адамдар лауазымдық қылмыстарға қатысты жауаптылық қарастыратын және 209-бабының тиісті бөлігінде көзделген қылмыстардың жнынтығы бойынша, саралаушы белгілеріне қарамастан жауаптылық көтереді.

В.А.Владимиров, С.В.Дьяков және басқалары қызмет бабын пайдаланып контрабандалық қылмыстық әрекет жасаған лауазымды адамдар - қызмет жағдайы кедендік бакылау жасауға, не кедендік байқаусыз-ақ шекара арқылы тауарлар алып етуге қүқығы бар адамдар, деп санайды. Мұндай адамдардың қызметі мынадай екі шартқа сай келуі керек: адамныц қызметтік жағдайы; өзінің қызметтік жағдайын заңсыз тауарлар мен заттарды ҚР-ның кедендік шекарасынан өткізу үшін пайдалануы.

Кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып экономикалық контрабандалық жасауды ҚР ҚК 209-бабы 2-бөлігінің «в» тармағы бойынша күш қолдану денсаулыққа жеңіл, орташа ауырлыктағы немесе ауыр зиян келтірілген жағдайда ғана саралауға болады. Ауырырақ зардаптардың болуы, яғни өлімге әкеп соғуы бұл қылмысты ҚР ҚК 209-бабының және ҚР ҚК 96-бабының жиынтығымен саралауды талап етеді. Қолданылатын күш көрсету денеге немесе денсаулыққа зиян келтіретіндей сипагга болуы керек.

ҚР-ның 2003 жылғы 25-қыркүйектегі «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен заң шығарушы ҚР ҚК 209-бабының 3-бөлігі «а»-тармағына мынадай мазмұнда толықтыру енгізген: «мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, егер оларды өзінің қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса».

Егер осы қылмыс (немесе осындай бірнеше қылмыс) күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобымен жасалған болса, ол ұйымдасқан топ жасаған деп танылады және ҚР ҚК 209-бабының 3-бөлігіне «б» тармағы бойынша сараланады. Ұйымдасқан топтың тұрақтылығын әсіресе мынадай белгілер: құрамының тұрақтылығы, мүшелерінің арасындағы тығыз қарым-қатынас, әрекеттерінің келісілгендігі, қылмыстық қызметтерінің нысандары мен әдістерінің тұрақтылығы, ұйымдасқан мерзімінің ұзақтығы айғақтайды .

Есірткі заттар мен психотроптық заттар контрабандасы-ның ҚР-да таралу себептері мен факторлары. 1. Есірткі заттар мен психотроптық заттардың таралуына ықпал ететін мән-жайлар. 2. Көрсетілген заттардың контрабандасының алдын-алуға бағытталған іс-шаралардың жүйесі. 1. Есірткі заттар мен психотроптық заттардың таралуына ықпал ететін мән-жайлар. БҰҰ 26 маусым күнін "Есірткі заттарымен күресу әлемдік күні" деп жариялаған. Жағымсыз есірткі заттары құбылысымен күресудегі мемлекеттердің саяси жігерін көрсету мақсатында 1987 жылы маусымда Вена қаласында "Есірткі заттары және оның контрабандасымен күрес" жөнінде халықаралық конференция ұйымдастырылды. Аталмыш конференцияда қатысушы мемлекеттер "C.M.O" деп аталған құжатқа қол қойды. Бұл құжат, мемлекеттердің есірткі заттармен күрестегі бағыт-бағдарын анықтап, оларға есірткі заттары және оның контрабандасымен қатаң күресу міндеттемесін жүктеді. Осы конференцияда 4 тараудан тұратын және 35 іс-шараны күн тәртібіне қойған құжат әзірленді. Бұл тараулар – есірткі заттарын тұтыну мөлшерін есептеу, БАҚ-тар арқылы оның алдын-алу жоларын үйрету, нашақорларды емдеп, қоғамға қайтару, оларды емдеу әдістері, заңсыз көкнәр егістіктерін жою, есірткі контрабандасының негізгі арналарын жою, мемлекеттердің құқықтық әріптестігі және т.б мәселелерді қамтиды. Бұл құжат 1987 жылы 26 маусымда қабылданғандықтан "есірткі заттарымен күресу әлемдік күні" деп жарияланды. Мінеки сол күннен көптеген жылдар өтсе де, есірткі заттары әлі де әлемді алаңдатып отырған шиеленіскен түйткіл болып отыр. Осы жылдар ішінде атқарылған саясаттар есірткі заттарын жоюда нақты шаралар орындай алмады. Есірткі заттары мен оның контрабандасымен күресті – "шекарасыз соғыс" деуге болар. Саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларда тынымсыз жүріп жатқан бұл ашық та жасырын соғысқа көптеген адамдар мен мамандар қатысуда. Бұл соғыс барлық халықтар мен үкіметтерді қамтыған. Бұл арада кейбір мемлекеттер есірткі заттарын экспорттап, таратуға үлес қосса, тағы басқалары осы жағымсыз құбылыспен сырттай күресіп жатқанын айтқанымен, іс-жүзінде халықаралық контрабандаға жол ашып отыр. Олар есірткінің әлемдік саудасына тосқауыл қоюда ешқандай шаралар атқармай, мәселеге немқұрайлық танытып, "өлім саудагерлеріне" жол ашады. Дегенмен ИИР есірткі заттарымен күресте зор еңбек атқарып келеді және бұл ақиқатты әлемдік қоғам да мойындап отыр. Иран есірткі заттарымен күрес жолында зор қаржы мен адам күшін жұмсап, есірткі заттарының контрабандасымен күресте көп шығындалды. Осы ауыр шығындардың бірі тәртіп сақтау күштерінен 3700 адамның шәһид болуы және 11 мың адамның жаралануы. Жуықта Ресейдің Есірткі заттармен күрес қызметінің басшысы Виктор Иванов Иранның Ішкі істер министрімен кездесу кезінде: "ИИР есірткі контрабандасымен күресте алғыс айтарлық зор шаралар атқарды. Иран есірткімен күрес саласында қатаң заңдар қабылдап, оның контрабандасын шектеуде әсерлі рөл атқарды",-деді. Иран үкіметі әлемдегі ең ірі есірткі заттарын өндіруші мемлекет яғни Ауғанстанмен шекаралас бола тұра осы жағымсыз құбылыспен ауқымды түрде күресуде. ИИР Тәртіп сақтау күштерінің Есірткі заттармен күрес бөлімшесінің басшысы полковник Хамид Реза Хусейнабади мәлімдегендей, Ауғанстандағы АҚШ пен Британияның әскери құзырына және олардың есірткімен күресудеміз деп жарнамалауына қарамастан 2010 жылы бұл елде есірткі контрабандасы айтарлықтай ұлғайып, 3600 тонна опиум өндірілген. Алайда бейресми деректердің айтуынша Ауғанстанда өткен жылы өндірілген есірткі заттарының мөлшері 8 мың тоннадан асады. БҰҰ-ның мәліметтеріне сәйкес әлемдегі опиумның 90 пайызы Ауғанстанда өндіріледі. Аймақта есірткі контрабандасымен айналысатын мафиялық топтар Ауғанстаннан бастап, Еуропадағы тұтыныс нарықтарына дейін ұйымдасып жұмыс істейтіндерін деректер көрсетеді. Ауғанстанда опиуммен қатар жылына 700 тонна героин өндіріледі. Осындай мөлшердегі героин өндіруге 13000 тонна басқа да заттар қажет. Бұл заттар көбінесе жалған атаумен Ауғастанның солтүстігі, оңтүстігі және батысынан Еуропа мен Азия елдеріне транзитталады. Есірткі заттарымен айналысатын мафиялар гашиш та өсіреді және бүгінде Ауғанстан әлемдегі ең ірі гашиш өндіруші болып табылады. Батыс елдері Ауғанстанда есірткі заттарын өндіруді ұлғайту үшін көңіл бөліп отыр. Ауғанстаннан басқа елдерге төніп тұрған қауіптердің бірі – героиннің жаңа түрі немесе "крэк". 2010-11 жылдары Ауғанстанда өндірілген есірткі заттары – Иран, Пәкістан және Орталық Азия елдеріне қарай ағылды. Есірткі заттарымен байланысты апат тек Таяу Шығыс аймағымен шектелмейтінін айта кеткен жөн. 2010 жылы Мексикадағы есірткі соғысында 12 мың адам мерт болды. Мексикада есірткіге байланысты қақтығыстарда құрбан болғандардың саны жан түршіктіреді. Өлім саудагерлері есірткі заттарын тасымалдап, одан түскен орасан зор табысты пайдалана берген кезге дейін онымен күрестегі әлемдік талыпынстар нәтиже бермейді. Биыл есірткімен күреске байланысты 8 мемлекеттің министрлерінің отырысында БҰҰ-ның есірткімен күрес кеңсесінің атқарушы директоры Юрий Федотов: "Дүниежүзінде есірткі контрабандасы мен саудасы айтарлықтай көбейіп жылына 3200 млрд долларға жеткен. Мысалы Францияда кокаин тұтыну мөлшері 4 есе артқан",-деп жариялады. Азиядан келіп түскен мәліметтер бойынша, дәстүрлі есірткінің орнына жасанды синтетикалық есірткі заттары келген, ал бұл жастарға зор қауіп төндіреді. Қазіргі уақыттағы кең таралып келе жатқан шынайы қауіптерге – синтетикалық есірткілерді өндіріп, контрабандалау, синтетикалық және психотроптық заттарды тұтына бастау, мұндай заттарды өндіру мен тасымалдауды үгіттеу үшін интернетті пайдалану жатады. Қазіргі таңда әлем бойынша нашақорлықтың алдын-алу мен емдеу саласында кең аумақты шаралар жасалып жатқанымен, көптеген елдерде әсіресе кедей елдерде есірткі заттарын тұтыну жайылып барады. Бұл үдеріс тіпті кейбір елдердің саяси, экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігіне қоқан-лоққы болып отыр. Сондықтан да қазір есірткі заттарының қиратушы салдарына жол бермеу үшін онымен шынайы күресу қажет. Нашақорлардың бір инені бірлесіп пайдалануы СПИД пен Гепатит ауруының таралуына себепші болды. Мамандардың пікірінше нашақорлық отбасының ыдырауына және қылмыс, адам өлтіру, ұрлық және т.б тәрізді әлеуметтік келеңсіздіктердің факторына айналған. Осыған орай нашақорлықты – қоғамда қауіпсіздікті құртушы деуге болады. Осы әлемдік түйткілмен тек мемлекеттердің ынтымақтастығы және халықаралық әріптестіктер арқылы ғана күресуге болады. Қазіргі уақытта нашақорлық проблемасы әлемдік қоғамдастықта өзекті болып қалуда және оның салдары ретінде жастар арасында есірткіні пайдаланумен байланысты ахуал барлық елдер үкіметтерінің алаңдаушылығын арттырып отыр. Халықаралық сарапшылардың арасында көрсетілген проблеманы шешуде әркелкі тәсіл байқалады, осылайша есірткі бизнесіне қарсы күрес тәсілдері ретінде қылмыстық заңнаманы түбегейлі қатаңдатуға дейінгі әртүрлі шаралар ұсынылады, яғни жазалау шараларын қолдау ұсынылады. Оң профилактиканы насихаттайтын сарапшылардың пікірінше, қылмысқа қарсы күрес қаншалықты маңызды және қажет болуына қарамастан, басқа шаралар әлеуметтік сипаттағы шаралар болуы тиіс. Есірткіге ұсынысты ғана емес, сұранысты да төмендету қажет. Қоғамдағы әлеуметтік климатты өзгертуге қол жеткізу керек, оның ішінде нашақорлық – бұл әлеуметтік қолайсыздық белгісі екені де даусыз. Есірткіге тәуелділіктің құбылыс ретіндегі қауіптілігі есірткі заттарының тізбесі ұдайы өзгеріп, жаңа шептер құруына байланысты, оларды жеңу ахуалды елеулі талдауды, әдістемелік даярлықты және дәрігерлерге өтініш білдірген кездегі сияқты олардың практикалық қызметінің профилактикалық бағыты бойынша да уақтылы көмек көрсетудің практикалық дағдыларын дайындауды қажет етеді. Осыған байланысты есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрес «синтетикалық» деп аталатын есірткілердің кең таралуына да, дәстүрлі болып кеткен есірткінің ұлттық түрлеріне, яғни бірінші кезекте қарасора және одан жасалатындар жататын есірткілерге байланысты жаңа бағытқа ие болады. Біздің елімізде нашақорлыққа қарсы күрес бойынша мақсатты бағытталған шаралардың жүйелі қабылдануына және іске асырылуына қарамастан, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне байланысты проблемалар сақталуда. Қазақстанда заңсыз есірткі айналымының көлемі өсуде, ол тек халықтың денсаулығына қатер төндіріп қана қоймай, экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайды, мемлекет жүргізіп жатқан экономикалық реформалар үдерісін тұрақсыздандыруда. Бұдан басқа, Қазақстан, ең алдымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының Мемлекеттік шекарадан өтуінің либералды жүйесіне, бақылау-өткізу пункттерінің техникалық жағынан нашар жарақталуына, көлік магистральдарының тармақталған желісіне байланысты есірткі транзиті үшін тартымды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 мамырдағы № 784 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009 – 2011 жылдарға арналған бағдарламасының Іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде жоспарланған барлық іс-шаралардың орындалғанына қарамастан, кей тұста елде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылдың тұтас жүйесін қалыптастыруға ықпал еткен жоқ. Біріншіден, бұл нашақорлықтың халықаралық аренада белсенді таралуының жалғасуына байланысты. Іске асырылып жатқан бағдарламаның тиімділігінің жеткіліксіз болуының екінші себебі онда мемлекеттік және қоғамдық институттардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күреске бағытталған күш-жігерін шоғырландыру жөніндегі шаралар кешенінің көзделмегені болып табылды. Бұл ретте есірткіге тәуелді адамдардың жас шегіне қатысты мемлекеттік органдардың баса назарын аудару қажет, өйткені жасөспірімдер, жастар нашақорлығы анағұрлым қауіпті және кейіннен оның өлімге әкелетін зардаптары бар. Жасөспірімдер мен жастардың есірткіге тәуелділігі бала туудың төмендеуіне және көбіне нашақор ата-аналарына керек емес мүгедек балалардың дүниеге келуіне, сондай-ақ дәл осы жастар арасындағы өлімнің жоғары болуына әкеп соғады. Есірткі құралдары мен психотроптық заттарды теріс пайдаланатын адамдардың жалпы санынан есірткіге тәуелді 14-тен 30 жасқа дейінгі адамдардың үлесі 49,2 % құрайды, атап айтқанда 23036 адам, оның 20423-і 18-ден 30 жасқа дейінгілер. Осыған байланысты нашақорлық тақырыбы қоғамда өзекті күйінде қалып отыр, ол үнемі көтеріліп отыруы және мемлекеттік деңгейде өзінің тиісті шешімін табуы тиіс. Жоғарыда көрсетілген жайт алдыңғы бағдарламалардың кемшіліктерін ескере отырып, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің салалық бағдарламасын әзірлеу қажеттілігін растайды. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 – 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірленді. Бағдарлама «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығының негізгі ережелеріне сай келеді, онда есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрес орта мерзімді перспективалардың компоненттері болып табылатын Қазақстан Республикасының даму жоспарының басым мақсаттарының бірі болып белгіленген, мұнда халықаралық терроризмге, діни экстремизмге, халықаралық есірткі бизнесі мен заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылатын болады. Орта мерзімді перспективада қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында маңызды басымдық есірткі трафигінің жолын кесуді, сондай-ақ 2015 жылға нашақорлықты 15 % төмендетуді қоса алғанда Ауғанстанға байланысты кешенді проблемаларды шешуге қатысу болып қала береді. Нашақорлықпен күрес саласындағы іс-шаралардың бенефициарлары: 1) халық, оның ішінде жастар, балалар мен жасөспірімдер; 2) есірткіге сұранысты төмендету саласында жұмыс істейтін мамандар; 3) есірткінің заңсыз айналымының жолын кесуге қатысатын құқық қорғау органдарының мамандары; 4) әлеуметтік блок мамандары болып табылады. 1. Әлемдегі есірткі ахуалының жалпы сипаттамасы. БҰҰ-ның Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитеті әлемдік нашақорлықтық ауқымы туралы деректерді жариялады, оларға сәйкес әлемдегі есірткі тұтынушылардың саны, әртүрлі бағалаулар бойынша, 2009 жылы 172 миллионнан 250 миллион адамға дейін жеткен. Кейбір елдерде әйелдер арасында нашақорлықтың өсуі байқалғанына қарамастан, нашақорлардың көп бөлігі ер адамдар. Азия елдерінде нашақорлар санының 90% ер адамдар құрайды; ТМД елдерінде - 80% (Ресей Федерациясында - 84%); Латын Америкасы елдерінде орта есеппен 70-тен 80% дейін (Боливияда - 83%, Колумбияда - 80%, Чилиде - 73%); Ұлыбритания мен Германияда 63%-дан; АҚШ - 56%, егер қазіргі жыныстық диспропорциялар туралы ескеретін болсақ, мұның ұлт генофондына әсер ететіні күмәнсіз: әлемнің дамыған елдерінде 60 және одан жоғары жастағы 100 әйелге сол жастағы 72 ер адамнан келеді, ал аз дамыған елдерде - 88. 80 және одан жоғары жастағылар тобында дамыған елдерде 100 әйелге 46 ер адамнан, ал аз дамыған елдерде – 73-тен келеді. Халықаралық талдаушылардың деректері бойынша тыйым салынған апиындардың әлемдік нарығындағы жыл сайынғы айналымының ауқымын кейбір дамыған мемлекеттердің жалпы кірісімен салыстыруға болады және 65 млрд. АҚШ долларын құрайды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Есірткі және қылмыс басқармасының (бұдан әрі – БҰҰ-ның ЕҚБ) бағалауы бойынша 2008 жылы 15-тен 64 жасқа дейінгі 21 млн. жуық адам инъекциялық есірткі тұтынушы болып табылған. Қазіргі уақытта осындай алып астыртын бизнесті жарақтау көздері үш өңірде: Ауғанстанда, Оңтүстік-Шығыс Азияда (Мьянма) және Латын Америкасында (Мексика, Колумбия) шоғырланған. Бұл топта героин мен морфиннің жалпы әлемдік көлемінің 85% жеткізетін, іс жүзінде осы салада монополист болып табылатын Ауғанстан оқшау тұр. Бұл елде 2008 жылы 2,7 мың тоннаға жуық героин қайта өңделіп, 380 тоннасы алынған. 2010 жылы апиын өндіру 48% қысқарған кезде (2009 жылы - 6900 тонна, 2010 жылы - 3600 тонна) оның 1 кг құны 164% күрт өсті. Осының аясында өсірілетін апиын көкнәрін сатудан түсетін кіріс 38% өсіп, бір гектардан 4900 АҚШ долларын құрады (Ауғанстанда бір гектардан жиналған бидайдың құны – 770 АҚШ доллары). Мұндай үрдіс Ауғанстанда апиын өндірісінің және ауған героині есірткі ағынының артуына әкеп соғуы ықтимал. БҰҰ сарапшыларының деректері бойынша, Орталық Азия мемлекеттерінің аумағы бойынша өтетін «Солтүстік» деп аталатын бағыт бойынша ауған героинінің жыл сайынғы транзит көлемі шамамен 50 тоннаны құрайды, оның көп бөлігі Ресей нарығына жеткізіледі (шамамен 2 млн. есірткі тұтынушы). Есірткі өткізу нарығында 2010 жылы психотроптық заттардан, негізінен амфетамин, метамфетамин, МДМА, барбитураттар мен бензодиазепиндер сияқты заңсыз дайындалған синтетикалық психотроптық заттардан алынған кокаиннің пайда болғанына назар аудару қажет. Сонымен қатар, бақылауға жатпайтын дәрілік құралдардан дайындалатын есірткі құралдарын (дезаморфин) пайдалану оқиғаларының өскені де байқалады. Құрамында «кодеин» есірткі құралы бар дәрілік препараттар соңғы жылдары Қазақстан аумағында да, жалпы ТМД республикаларында да кеңінен тарала бастады. Бұл дәрілік препараттар еркін сатылады және құрамында есірткі немесе психотроп бар заттардың тізбесіне енгізілмеген. Құрамында кодеин бар дәрілік препараттарды өткізуді ерекше бақылауға алмақ болған құқық қорғау органдарының барлық әрекеттері осы саладағы құқықтық қатынастарды реттейтін заңнамада шектеу сипатындағы шаралардың жоқтығынан күтілетін нәтиже берген жоқ. Қажетті шаралар тек 2011 жылдың қарашасында ғана қабылданды. Бұдан басқа, дезаморфинді дайындау кезінде белгілі бір шамада пайдаланылатын өзге де дәрілік құралдарды сату көлемдерінің артуы Қазақстан аумағында «дәріханалық» деп аталатын нашақорлықтың дамып келе жатқанының куәсі болып табылады. Құқық қорғау органдарының жүйесінде нашақорлық, есірткі бизнесі проблемасына, есірткінің заңсыз айналымына қатысатын адамдарға қатысты, көбінесе жеке-жеке жұмыс істейтін автоматтандырылған деректер базалары өңдейтін ақпараттың елеулі жиымы қалыптасқан. Бұған қоса бүгінгі таңда қалыптасқан криминогендік есірткі ахуалын және есірткілер мен олардың аналогтарының таралуын талдау және болжау үшін осы мәліметтерді кешенді пайдалану қажеттілігі бар. Осыған байланысты есірткіні пайдалануға теріс көзқарасты қалыптастыруға бағытталған және өзінің күш-жігерін қажет ететін есірткіге қарсы насихат мәселелерінің өзектілігі бұрынғыдан да зор болуда, сонымен қатар есірткі бизнесіне қарсы күрес және нашақорлықтың алдын алу саласындағы қызметті реттейтін заңнамалық базаны жетілдіру және нығайту қажет. 2. Қазақстандағы есірткі ахуалының жалпы сипаттамасы. Біздің мемлекетіміздің есірткі экспансиясы географиялық жағдайына және Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен ортақ шекараларының болуына байланысты, олардың халқын есірткі дилерлері есірткі өткізудің әлеуетті ірі рыноктары ретінде қарастыруы мүмкін. Бұл себептер Қазақстандағы қазіргі ахуалды көрсетеді, ол есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы және оларды заңсыз тұтыну саласында теріс үрдістердің сақталуымен сипатталады, бұл халықтың денсаулығына, елдің экономикасына, құқықтық тәртіпке және жалпы елдің ұлттық қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіреді. Есірткінің заңсыз айналымы және заңсыз тұтынудың таралуы бірқатар өзара тығыз факторларға байланысты. Есірткінің заңсыз айналымымен байланысты операциялардың жоғары кіріс әкелуі осындай факторлардың бірі болып табылады, бұл есірткіні заңсыз ұсынысы нарығының тұрақты көлеміне ықпал етеді. Мониторинг нәтижесінде алынған сарапшылардың деректері бойынша есірткімен байланысты заңсыз операциялардың кірісі Қазақстанда 500 және одан да көп пайызды құрайды және соңғы жылдарда тұрақты болып қалуда. Құқық қорғау органдарының бағалауы бойынша, заңсыз айналымдағы героин ауғандық есірткіден жасалған және контрабандалық жолмен жеткізіледі. Кеден одағының жұмыс істеуі және Бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру жағдайында трансұлттық байланыстары бар қылмыстық есірткі топтарының әрекеттері, әсіресе шекаралас өңірлерде, нақты қатер төндіреді. Еуропа елдерінен әртүрлі синтетикалық есірткілерді контрабандалық жеткізудің кеңейюі Қазақстанда есірткі ахуалы дамуының екінші сыртқы факторы болып табылады. Сонымен қатар Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есептер комитеті (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы БП-ның ҚСжАЕК) ұсынатын статистикалық деректерді талдау бірқатар жылдар бойы жүзеге асырылып келе жатқан мемлекеттік есірткі саясаты өзінің оң нәтижелерін беретінін көрсетеді. 2009 жылдан бастап 2011 жылға дейінгі талдау жасалып отырған кезеңде елдегі есірткі ахуалының салыстырмалы түрде тұрақтану үрдісі байқалады. 2011 жылдың 12 айында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты 4360 қылмыс және 5161 құқық бұзушылық анықталды. 33 тонна 998 кг әртүрлі есірткі, оның ішінде 306,7 кг героин алынды. Ұйымдасқан қылмыстық топтар жасаған 38 есірткі қылмысы анықталды, есірткі контрабандасының 198 фактісінің жолы кесілді, «бақыланатын жеткізілім» әдісі бойынша 23, оның ішінде 3 сыртқы (Қырғыз Республикасының Есірткіні бақылау жөніндегі мемлекеттік қызметімен бірлесіп) арнайы іс-шара өткізілді. Жалпы Қазақстан Республикасындағы есірткі ахуалын мыналар сипаттайды: 1) есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды теріс пайдаланатын адамдар санының азаюы. Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды тұтынушылардың тұрақты төмендеуі байқалды. 2010 жылы есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тұтынушылар санының төмендеуі 2009 жылмен салыстырғанда 7,9% (54081-ден 49795-ке дейін), оның ішінде есірткіге тәуелділер 8,4% (35496-дан 32485-ке дейін) құрады. Ресми статистика деректері бойынша Қазақстанда 2011 жылдың 12 айында есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды тұтынатын 46766 адам тіркелді, бұл 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда тұтынушылар санының 6,1% (49795), оның ішінде тәуелділер санының азаюы 7,2 % (32485-тен 30142-ге дейін) құрағанын көрсетеді; 2) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен байланысты, оның ішінде өткізу мақсатынсыз жасалған қылмыстар санының азаюы. Статистикалық деректерге сәйкес, өткізу мақсатынсыз жасалған есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының анықтауы және тіркеуі бөлігінде көрсетілген қылмыстар санатының төмендеу үрдісі байқалады, 2009 жылға (6217-ден 5644-ке дейін) қарағанда 2010 жылы 9,2 % азайған, өткен жылмен салыстырғанда 2011 жылы төмендеу 72,3 % (5664-тен 1566-ға дейін) құрады. Сондай-ақ тіркелген жалпы қылмыстар санынан есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты тіркелген қылмыстардың үлес салмағының төмендеуі байқалады, есірткі қылмыстарының үлес салмағы 2009 жылы 5,1%, 2010 жылы - 4,9%, 2011 жылы - 2,1% құрады; 3) есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткізумен байланысты не өткізу мақсатындағы қылмыстар санының азаюы. Сонымен бірге есірткі қылмысының деңгейі (өсуі немесе төмендеуі) құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігіне тікелей байланысты. Құқық қорғау органдары бойынша 2011 жылы тіркелген есірткі қылмыстарының негізгі бөлігі, бірінші кезекте, ішкі істер органдарына келеді 93,25 % (1-кесте).

1-кесте.

Анықталғаны

2010 жылы

+/- (%)

2011 жылы

+/- (%)

Есірткі қылмыстарының барлығы:

8795

100%

4360

100%

ІІМ

8322

94,6

4066

93,25

ҰҚК

308

3,5

185

4,24

Қаржымині КБК

159

1,8

103

2,36

Есірткі қылмыстарының ең көп саны Қостанай (421), Қарағанды (396), Шығыс Қазақстан (330) облыстарында, сондай-ақ Алматы (491) қаласында тіркелген. Есірткі қылмыстарының құрылымында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы ҚК) «Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату» деген 259-бабында көзделген қылмыстар басым екенін атап өту қажет. Талдау жасалып отырған кезеңде көрсетілген бап бойынша 2009 жылы барлығы 9230 қылмыс, 2010 жылы 8380 қылмыс, 2011 жылы 4034 қылмыс тіркелді. Тіркелген есірткі қылмыстарының жалпы санынан Қазақстан Республикасы ҚК-нің 259-бабы бойынша қылмыстардың үлес салмағы 2009 жылы – 95,3%, 2010 жылы - 95,3%, ал 2011 жылы – 92,5 % құрады. Осы кезеңдерде тіркелген есірткі қылмыстарының санынан қалған тиісінше 4,7 %, 4,7 % және 7,5 % Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің « Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандысы» деген 250-бабына, сондай-ақ «Есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды талан-таражға салу немесе бопсалау» деген 260-бабына, «Есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды тұтынуға тарту» деген 261-бабына, «Құрамында есірткі заты бар өңдеуге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» деген 262-бабына, «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды тұтыну үшін притондарды ұйымдастыру және ұстау немесе осы мақсаттар үшін үй-жайды ұсыну» деген 264-бабына келеді. Тіркелген есірткі қылмыстары санының төмендеуінің негізгі себебі қылмыстық заңнаманы декриминализациялауға және кейіннен осы санаттағы есірткі қылмыстарын әкімшілік құқық бұзушылықтарға жатқызылуына байланысты 2011 жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 259-бабының 1-бөлігін алып тастау болып табылады; 4) алынатын есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар көлемінің ұлғаюы. Жалпы 2009 жылдан бастап заңсыз айналымнан алынатын есірткінің жалпы салмағының артуы байқалады, мәселен 2009 жылы - 27 780 594, 916 кг, 2010 жылы 2,3% (27,7 тоннадан 28,4 тоннаға дейін) көбейді, олардың ішінде 82,3% - Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ), 15,6 % - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі - ҰҚК), 2,1 % - Кедендік бақылау комитетінің (бұдан әрі - КБК) үлесінде. 2011 жылы 19,64 % (28,4 тоннадан 33,998 тоннаға дейін) өсті, олардың 68,06 % - ІІМ-нің, 30,86 % - ҰҚК-нің, 0,8 % - КБК-нің, 0,5 % - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (бұдан әрі – ЭҚСЖҚКА) үлесіне келеді; 5) анықталған контрабанда фактілері санының және заңсыз жолмен келіп түскен алынған есірткі көлемінің азаюы. 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы есірткі құралдары, психотроптық заттар контрабандасының (Қазақстан Республикасы ҚК-нің 250-бабы) тіркелген фактілері санының төмендеу үрдісі 2010 жылы 11,4 % (273-тен 242-ге дейін) және 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 18,2 % (242-ден 198-ге дейін) сақталғанын атап өткен жөн. Елдің аумағы арқылы есірткі, атап айтқанда героин контрабандасы көлемінің қысқаруы алдыңғы бағдарламаларды іске асыру шеңберінде оңтүстік шекаралардың нығайтылуына, сондай-ақ қазіргі уақытта ТМД кеңістігінде ең қатал болып табылатын есірткіге қарсы ұлттық заңнаманың қатаңдатылуына байланысты. Осыған орай есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды жасап, анықталған адамдар санының 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 12% және 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 38,2% (6329-дан 2423-ке дейін) азайғаны байқалады; 6) әкімшілік жауапкершілікке байланысты құқық бұзушылықтар санының ұлғаюы. 2011 жылдың қорытындысы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны 5161 адамды құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 3,35 % көп - 4988 адам. 3. Нашақорлыққа байланысты ахуал. Есірткіге тәуелділіктің пайда болуы жеке субъект сияқты, жалпы қоғамның да өмір сүру салтын қалыптастыруға айтарлықтай әсер ететін қазіргі заманғы қоғамның елеулі проблемаларының бірі болып табылады, ол бүгінде халықтың кейбір топтарында, әсіресе жастар арасында кең таралған. Есірткі патологиясының өсуімен қатар АИТВ жұқтырған контингенттің, гепатит, туберкулез диагнозы бар есірткіге тәуелділер санының өскенін атап өту қажет, бұл қалыптасқан ахуалды объективті бағалаудың жаңа тәсілдерін іздеуге мәжбүрлейді. Еліміздің әлеуметтік өмір деңгейі төмен бірқатар өңірлерінде тәуекел топтардың, мысалы, коммерциялық секс жұмыскерлерінің, есірткіні инъекциялық тұтынушылардың, гомосексуалистер арасында шоғырланған АИТВ эпидемиясы байқалады. 2011 жылдың соңында елімізде АИТВ жұқтырудың 15771 фактісі тіркелген, оның ішінде ЖИТС-мен ауыратындар 1178 адам. Қазіргі уақытта Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары ЖИТС/АИТВ таралуының негізгі ошақтары болып табылады, оларда 100 мың тұрғынға 95,2 оқиға тіркелген. 2009 жылы денсаулық сақтау органдарында есірткіге тәуелді 54 081 адам (2008 жылы – 54 669, төмендеу 1,1%) есепке қойылған. 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы есірткіні теріс пайдаланатын адамдар саны 7,9 % (54081-ден 49795-ке дейін) азайды. 2011 жылы да осыған ұқсас ахуал сақталды: есірткіні теріс пайдаланатын адамдар санының азаюы жалғасуда. 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылдың ұқсас кезеңінде 6,1% төмендеу (49795-тен 46766-ға дейін) болды. Сонымен бірге есепке қойылғандардың жалпы санының төмендеуі аясында психотроптық заттарды тұтынатындар санының өсуі жалғасуда (2009 жылы 3846-дан адамнан 2010 жылы 4029 адамға дейін және 2011 жылы 4313 адамға дейін, яғни тиісінше 4,8% және 6,6%). 2011 жылдың соңындағы жағдай бойынша тіркелген есірткіге тәуелді адамдардың жалпы санынан психотроптық заттарды тұтынушылардың үлес салмағы 9,2 %, 2010 жылы 8,1 %, 2009 жылы 7,1 % құрады. Тіркелген есірткіге тәуелді адамдардың жалпы санынан 2009 жылы - 12602, 2010 жылы - 12632, 2011 жылы 12688 адам каннабиноидтерді (марихуана және одан жасалатындар) тұтынушы болып табылады. Героинді тұтынушылар санының 2010 жылы 10,3 % (27852-ден 24970-ке дейін), 2011 жылы 9,7 % (24970-тен 22545-ке дейін) азайғаны байқалады. Осылайша, тіркелген есірткіге тәуелділердің жалпы санынан 24970 адам (50,1%) героин тұтынушылар болып табылады (2009 жылы 27852, бұл 51,5% құрады). 2010 және 2009 жылдармен (тиісінше 22545 адам, 24970 адам және 27852 адам) салыстырғанда 2011 жылы героинге тәуелді адамдар санының азаюы алдымен қайтыс болуына байланысты есептен алынған адамдар санының 2010 жылы 10,8% азаюына (1031-ден 920-ға дейін) және 2011 жылы 2,1 % (920-дан 940-қа дейін) шамалы өсуіне әкеп соқты. Еліміздің өңірлері бойынша 2010 және 2011 жылдары өлім деңгейі Алматы қаласында (тиісінше 247 және 275 оқиға, олардың ішінде есірткі дозасын шамадан тыс арттырудан 17 және 18 оқиға), Павлодар (93 және 87 оқиға, олардың ішінде есірткі дозасын шамадан тыс арттырудан тиісінше 12 және 8 жағдай), Шығыс Қазақстан (83 және 118 оқиға, олардың ішінде есірткі дозасын шамадан тыс арттырудан тиісінше 10 және 18 оқиға) облыстарында жоғары болып қалуда. 2011 жылдың қорытындысы бойынша есірткіге тәуелді адамдар арасындағы өлім деңгейінің Жамбыл (62 оқиға), Қостанай (59), Алматы (49 оқиға), Солтүстік Қазақстан (36 оқиға) облыстарында жоғары күйінде қалуы жалғасуда. 2009 және 2010 жылдармен салыстырғанда есірткіге тәуелді жастар санының төмендегені байқалады, мәселен 2009 жылға қарағанда 2010 жылы төмендеу 21,3% (34867-ден 27427 адамға дейін), 2010 жылға қарағанда 2011 жылы 17,27% (27427-ден 22690 адамға дейін) құрады. 2009 - 2011 жылдар ішінде есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға тәуелді анықталған 14 жасты қоса алғанда оған дейінгі және 15-тен 17 жасқа дейінгі есепте тұрған кәмелетке толмағандар санының азайғаны байқалады (2009 жылы – 346, 2010 – 231, 2011 – 54), 2009 жылға қарағанда 2011 жылы төмендеу 44,5% құрады. Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды теріс пайдаланатын адамдар санының азаюы медициналық ұйымдардың, ішкі істер органдарының есірткі теріс пайдаланатын адамдарды анықтау үрдісінің төмендеуіне, оқу орындарының беделін, мәртебесін түсірмеу үшін білім беру органдарының орын алған проблемаға назар аударуға ниеттенбеуіне, ата-аналардың тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығына байланысты болуы ықтимал. Бұл тұжырым 2-кестеде көрсетілген жас шамаларының топтары бойынша есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды теріс пайдаланатын адамдарды есепке қоюдың нәтижелері туралы мәліметтерді салыстырумен расталады. 2-кесте.

жыл

Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды теріс пайдаланатын адамдардың барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

14 жасты қоса алғанда оған дейін

15-17 жас

14 жасқа дейін және 15-17 жас

олардың ішінде тәуелділері

18-30 жас

олардың ішінде тәуелділері

Барлық өсуі (6-бағанға қарағанда 4-баған)

олардың ішіндегі тәуелділері (7-бағанға қарағанда 5-баған)

2009

605

3076

3681

346

25175

16136

85,30%

97,85%

2010

523

2416

2939

231

24077

15342

87,80%

98,40%

2011

442

2171

2613

153

20423

13111

87,20%

98,80%

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есептер комитеті ұсынатын 1Н нысанына (Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтар және оларды тұтынатын адамдар туралы, 7-бөлім. Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды теріс пайдаланатын адамдарды есепке қою нәтижелері туралы мәліметтер) сәйкес алынған 2-кестенің деректерін ескерсек, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды теріс пайдаланатын адамдар санының 14-17 жас санатының жалпы санына қарағанда 18-ден 30 жасқа дейінгілер саны (2009 жылы - 85,3%, 2010 жылы - 87,8%, 2011 жылы - 87,2%), оның ішінде тәуелділер саны (2009 жылы - 97,85%, 2010 жылы - 98,4%, 2011 жылы - 98,8%) күрт өскенін байқауға болады. Практика көрсеткендей, нашақорлықтың жасырын құрамдас бөлігін барынша азайтуға жақсы ұйымдастырылған наркологиялық есеп жүйесі арқылы ғана қол жеткізуге болады. Осыған байланысты республикадағы есірткі ахуалының нақты көрінісін көрсететін ақпараттық-есепке алу және мониторинг жүйесін жетілдіру осы бағыттағы маңызды қадам болуы тиіс. Осы мақсатта нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында ведомствоаралық өзара іс-қимылды және халықаралық ынтымақтастықты дамыту қажет. 4. Есірткі бизнесіне байланысты ахуал. Бүгінгі күні қазақстандық қоғамның алдында тұрған көптеген проблемалардың арасында ел халқының денсаулығына және жалпы ұлттық қауіпсіздікке төнетін жаһандық қауіп ретінде есірткі бизнесі мен нашақорлықтың өсу проблемасы барған сайын сенімді түрде алғашқы орындардың біріне шығуда. Есірткінің заңды айналымын бақылау бөлігінде және нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы ІІМ ЕБҚКК) Қазақстан Республикасында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылаудың жүзеге асырылуын реттейтін бірқатар нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде: 1) Кеден одағы шеңберінде есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу/әкету/транзиті тәртібі туралы ережеге; 2) Бақыланатын заттар тізіміне енгізілген синтетикалық каннабиноидтарды бақылауға; 3) Өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды ұстау қағидаларын бұзғаны үшін жазаны қатаңдату мәселесіне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты белгілі бір жұмыс атқарды. ЕурАзЭҚ-ның Кеден одағында тарифсіз реттеу шеңберінде Кеден одағының аумағында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бірыңғай тізбесін ұлттық деңгейде бекіту бойынша жұмыс жүргізілуде. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 ақпандағы № 377-ІV Заңының 13, 14, 15-баптарына сәйкес ІІМ-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігімен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер комитетімен бірлесіп: 1) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бойынша; 2) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парағының нысандары бойынша; 3) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру мәселелері бойынша бірлескен бұйрықтар әзірледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қазандағы № 1100 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасының Іс-шаралар жоспарының 6-тармағын іске асыруға сәйкес Байланыс және ақпараттандыру министрлігінің жәрдемімен ІІМ-нің ЕБҚКК 2009 жылдың тамызынан бастап ақпараттық жүйе - «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасын пайдалануға енгізудің пилоттық фазасын іске асыруды бастады. Қазіргі уақытта есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке мемлекеттік лицензия беру электрондық форматта жүзеге асырылады. Осы база лицензиялық-рұқсат құжаттарын беру рәсімін оңайлатуға, құжат айналымын азайтуға, лицензиар органдардың мүдделі мемлекеттік органдармен және жеке кәсіпкерлік субъектілерімен ақпарат алмасу мүмкіндігі мен қолжетімдігін қамтамасыз етуге арналған. Нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдың қабылданып жатқан шараларына қарамастан, есірткі бизнесі өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Тұтынушы орта бар кезде ауған героинінің есірткі трафигі арналарын толығымен жабудың өзі нашақорлықты жоюды қамтамасыз етпейді, ол тек есірткінің басқа түрлерін жеткізудің қосымша жаңа нысандары мен арналарының құрылуына әкеп соғады. Қазақстан аумағын есірткіні тасымалдау үшін транзиттік дәліз ретінде пайдаланудан халықаралық есірткі синдикаторлары мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың зор табыс алуы біздің азаматтарымызды есірткі тұтынуға және таратуға көптеп тарту үшін алғышарттар мен жағдайлар жасайды. Бұл өткізумен байланысты тіркелген есірткі қылмысы санының өсуіне ықпал етеді. ҚК-нің «Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату» деген 259-бабының «Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды өткiзу мақсатында заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау, дайындау, өңдеу, жөнелту не өткiзу» деген 2-бөлігінде көзделген қылмыстардың саны 2010 жылы 378-ден 2011 жылы 494-ке дейін 30,7% өсті, 2009 жылы 396 қылмыс тіркелсе, 2010 жылы 378 қылмыс тіркелді (4,5% төмендеді). 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ҚК-нің «Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату» деген 259-бабының «Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды өткiзу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық жасаған заңсыз иемденiп алу, тасымалдау немесе сақтау не өткiзу» деген төртінші бөлігінде көзделген тіркелген және құқық қорғау органдары анықтаған қылмыстар санының азайғаны байқалады - 82,2 %, бірақ осы баптың төртінші бөлігінің «а» тармақшасына (ұйымдасқан топ және қылмыстық қоғамдастық жасаған есірткі қылмыстары) қатысты 2009 жылы 100% өскені байқалады (50-ден 100 қылмысқа дейін, олардың 67-і ІІМ-нің үлесіне келеді). Алайда осы санаттағы қылмыстарды анықтау ахуалы тұрақты емес, 2010 және 2011 жылдары 43,28 % (67-ден 38-ге дейін) төмендеу байқалады. Қазақстан аумағы арқылы өтетін есірткі транзитінің арналарын жабу бойынша жүйелі шараларды әзірлеу мәселелері 2010 жылы Үкімет отырыстарында бірнеше рет қаралды. Қабылданған шешімдерді іске асыру есірткі контрабандасына байланысты қылмыстардың көп санын анықтауға мүмкіндік берді. Бұл ретте Мемлекеттік шекарада бақылауды тікелей жүзеге асыратын ҰҚК Шекара қызметі мен кеден органдары бөліністерінің есірткі контрабандасының жолын кесу жөніндегі іс-шараларды орындау басымдығына назар аударылды. Республика бойынша барлық есірткі қылмыстарынан есірткі контрабандасы фактілерін анықтаудың үлес салмағы 2009 жылы 2,8 % (273), 2010 жылы 2,75 % (242), 2011 жылы 4,54 % (198) құрады. Алайда, қазіргі уақытта 2009 жылға қарағанда есірткі контрабандасына байланысты қылмыстардың саны 27,5 % төмендеп отыр (2009 жылғы 273-тен 2011 жылы 198-ге дейін). Есірткі тұтыну салдарынан 2009 жылғы 352 қылмыс жасалса, 2010 жылы 499 қылмыс жасалған, бұл 41,8 % артық, бірақ осы санаттағы қылмыстың 2010 жылға қарағанда 25,5 % азайғаны байқалады, 2011 жылы 372 қылмыс жасалған. 2009 жылға қарағанда 2010 жылы есірткі қылмыстарын жасаған әйелдер саны 11,4% (761-ден 674-ке) төмендеген, 2011 жылы әйелдер жасаған есірткі қылмысы 58,2 % азайып, 674-тен 282 қылмысқа дейін төмендеді. Алайда есірткі тұтыну салдарынан қылмыс жасаған әйелдер саны 2010 жылы 19,2% (26-дан 31-ге) өсті, бірақ 2011 жылы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 259-бабының 1-бөлігін декриминализациялаудың нәтижесінде 22,6 % (31-ден 24-ке дейін) төмендеді. Кәмелетке толмағандар 2009 жылғы 8 қылмыс жасаса, 2010 және 2011 жылдары 11 және 8 есірткі қылмысын жасады. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар есірткі тұтынудың салдарынан 2009 жылғы 5 қылмыс жасаса, 2011 жылы 3 қылмыс жасады. Есірткі құралдарының заңсыз айналымымен байланысты есірткі қылмыстарын жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдардың контингенті арасында, әдетте, 20-дан 35 жасқа дейінгі ер адамдар басым. Ішкі істер органдары «бақыланатын жеткізілім» әдісі бойынша 2009 жылы 24 арнайы іс-шара, оның ішінде 7 сыртқы (Қырғызстан – 3, Ресей – 4), 2010 жылы 29 бақыланатын жеткізілім, оның ішінде 3 сыртқы (Ресей Федерациясының ЕБФҚ және ІІМ), 2011 жылы 23 «бақыланатын жеткізілім», оның ішінде 3 сыртқы (Қырғызстан) арнайы іс-шара өткізді. Тиісті қылмыстық санкцияларды қолданысқа енгізген сәттен бастап 100-ден астам есірткі қылмыскері 12 жылдан 20 жылға дейін және 1 адам өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталды. 3-кесте.

Көрсеткіштердің атауы

ІІМ

ҰҚК

Қаржымині КБК

2009 ж. 12 айы

2010 ж. 12 айы

2011 ж. 12 айы

2009 ж. 12 айы

2010 ж. 12 айы

2011 ж. 12 айы

2009 ж. 12 айы

2010 ж. 12 айы

2011 ж. 12 айы

Анықталған есірткі қылмыстары

9126

8322

4066

363

308

185

203

159

103

Есірткі өткізу

2313

2338

2292

274

228

101

22

16

17

ҚР ҚК 259-бабының 4-бөлігі бойынша

67

51

38

33

16

-51,5

0

0

Сонымен бірге соңғы жедел деректер Түрікменстан арқылы: Ауғанстаннан Иранға, одан әрі Түрікменстанға, Қазақстанға, Ресейге және ТМД елдеріне, Еуропаға өтетін жаңа бағыттың пайда болғанын көрсетеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыстың алдын алу басқармасының (бұдан әрі – БҰҰ-ның ЕҚБ) және ТМД-дағы әріптестердің ақпараты бойынша «Каспий» бағыты деп аталатын тағы бір жаңа бағыттың пайда болғаны туралы деректер бар. Бұл бағыт бойынша ауған героинінің Ираннан теңіз жолымен Әзірбайжан порттарына және одан әрі Кавказ өңірінің елдеріне, Украинаға, Ресейге және Еуропаға транзиті жүзеге асырылады, Ресеймен бірлескен шекараларды ескерсек, бұл болашақта Қазақстан үшін қауіп тудыруы мүмкін. Талдау көрсеткендей, 17% оқиғада героин автокөлікпен тасымалдау кезінде алынған, 7% - тасымалдауды адамдар тобы жүзеге асырған, 20% - курьерлер мен өткізушілер әйелдер болған. 2009 және 2010 жылдардың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 2010 жылы және 2011 жылы алынған есірткі құралдарының түрлері бойынша ең көп алынғаны марихуана, героин, гашиш, апиын (4-кесте) болып табылады. 4-кесте.

Есірткі құралдарының атауы

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

Жалпы салмағы (кг)

үлес салмағы

Жалпы салмағы (кг)

үлес салмағы

Жалпы салмағы (кг)

үлес салмағы

27954,389

28417,918

33998,428

марихуана (каннабис)

26157

94,1%

27348

96,3%

27,380

80,5%

апиын

171,9

0,6%

168,3

0,6%

11,365

0,03%

героин

731,6

2,6%

323,3

1,1%

306,7

0,9%

гашиш, анаша

556,9

2,0%

417,0

1,5%

343,42

1,01%

4-кестеде 2011 жылы алынған еліміз үшін дәстүрлі есірткі құралдары көлемінің өскені көрінеді, алайда мемлекет бақыламайтын бірқатар дәрілік препараттарды медициналық емес мақсатта тұтынумен байланысты оқиғалардың бар екенін ескеру қажет. Осылайша, еліміздің аумағында құрамында кодеині бар дәрілік препараттарды медициналық емес пайдаланумен байланысты ахуал терең зерделеуді және олардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау және ескерту бойынша қосымша шараларды ықтимал қабылдауды қажет етеді. Құрамында есірткі бар препараттардың заңды айналымы шеңберінде бақылаудың тиісті шараларын қабылдамау дәрілік құралдардан есірткі дайындаумен байланысты жаңа бағыттың дамуына мүмкіндік беруі және соның салдары ретінде есірткі құралдары бағасының төмендеуінен есірткі ахуалының күрт нашарлауы мүмкін. Жоғарыда баяндалғандар есірткінің заңсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша мемлекеттік және басқа да органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ есірткі ахуалы мен есірткі құралдарының жаңа түрлері туралы өзара ақпарат алмасу шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту қажеттілігін көрсетеді. 2. Көрсетілген заттардың контрабандасының алдын-алуға бағытталған іс-шаралардың жүйесі. Бастапқы профилактика. Нашақорлық психикалық белсенді заттарды теріс пайдаланудың алдын алуды ұйымдастыруда шешуші және белсенді әрекеттердің өткір қажеттілігін тудыратын біздің қоғамымыздың ең маңызды проблемаларының бірі болып табылады. Профилактиканың үш деңгейі бар: бастапқы, екінші және үшінші. Есірткіге тәуелділіктің бастапқы профилактикасының мақсаты бұрын есірткі тұтынбаған адамдардың оны тұтынуды бастауының алдын алу болып табылады. Ол көбіне әлеуметтік, анағұрлым бұқаралық болып табылады, балалардың, жасөспірімдердің, жастардың жалпы популяциясына бағытталады, күш-жігер аурудың дамуын ескертуге ғана емес, денсаулықты сақтау не нығайту қабілеттерін қалыптастыруға бағытталады. Психикалық белсенді заттарды теріс пайдаланудың және нашақорлық профилактикасының мемлекеттік жүйесі қалыптасуының осы кезеңінде алдын алу қызметінің мақсаттары: 1) балалар мен жастардың есірткіге құндылық ретіндегі көзқарасын өзгерту, бала-жастар популяциясында психикалық белсенді заттарға сұранысты төмендетуге негізделген өз мінез-құлқы үшін жеке жауапкершілікті қалыптастыру; 2) салауатты өмір салтын насихаттау есебінен есірткі құралдарын қабылдауға балалар мен жастарды еліктіруді тежеу, білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен бірлесіп жүзеге асырылатын есірткіге қарсы ұстанымдар мен алдын алу жұмысын қалыптастыру болып табылады. Профилактика есірткі тұтынуды және балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың өсуін ертерек ескертуді көздейді және оның ортасында кәмелетке толмағанның жеке тұлғасы және онымен байланысты шағын әлеуметтік ортаны қоса алғанда, оның тіршілік әрекеті іске асырылатын үш негізгі сала – отбасы, білім беру мекемесі және бос уақыты болатынына негізделген. Барлық сәттерді ескерсек, тежеу стратегиясы анағұрлым барабар профилактика болып табылады. Бүгінгі күні есірткіні тұтынуды толықтай ескерту және нашақорлықтан арылу туралы мәселе мүлде шынайы емес. Бұған дейін іске асырылған 2009 – 2011 жылдарға арналған Бағдарламаның шеңберінде жастар мен үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік органдардың есірткіге қарсы қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыс жалғастырылған болатын. Бастапқы профилактикалық бағытта: 1) 2011 жылдың 12 айында профилактикалық сипатта 8224 іс-шара өткізілді (2010 жылы – 6,6 мың, 2009 жылы – 9,1 мың). Оның ішінде 558 акция (25,4% өсті, 2010 жылы - 416), 511 семинар (40,7% өсті, 2010 жылы - 303), 5840 дәріс пен кездесу (24,0% өсті, 2010 жылы - 4437), 548 дөңгелек үстел (26,5% өсті, 2010 жылы - 403), 767 спорттық жарыс пен турнир (25,5% өсті, 2010 жылы - 571); 2) ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін шаралар қабылданады. Денсаулық сақтау және білім беру органдарымен өзара іс-қимыл жасаса отырып, 4765 іс-шара өткізілді (22,0% өсті), мектептегі полиция инспекторларымен – 5200 (+34,8%), өңірлік комиссиялардың қызметі шеңберінде – 4661 (15,0% өсті), үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп – 1701 (23,1% өсті), ЖОО-да – 1782 (15,3% өсті), жүргізілген іс-шаралармен халықты жалпы қамту 463,9 мыңнан астам (42,7% өсті) адамды құрады. Есірткіге қарсы бағытта 8,1 мыңнан астам (5,0% өсті) материал жарияланды, оның ішінде баспасөзде – 2686 (3,1% өсті), телевидениеде – 2978 (9,6% өсті), радиода – 1518 (6,3% өсті), ақпараттық агенттіктерде – 1250 (5,4% өсті); 3) 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламаның іс-шаралар жоспарын іске асыру кезеңінде, жалпы алғанда 1 млн. астам адамды қамти отырып, жастар арасында нашақорлықтың бастапқы профилактикасына бағытталған 23 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды. Денсаулық сақтау министрлігі Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп: 1) Павлодар, Тараз, Қарағанды қалаларында орта білім беретін оқу орындарының педагогтары, психологтары үшін «Орта білім беретін мектеп оқушыларында психикалық белсенді заттарға тәуелділіктің қалыптасу және даму тәуекелдерін ерте анықтау тәсілі» семинар-тренингтері өткізілді. Жетпіс төрт мектепте психикалық белсенді заттарға тәуелділікке тарту тәуекелдерін психологиялық тестілеу бойынша компьютерлік жүйелер орнатылды, үлестіру материалдары ұсынылды, онда наркологиялық бейін бойынша «тәуекел топтарымен» психикалық түзеу жұмысының ең үздік практикалары жинақталған; 2) дене шынықтыру және спорт арқылы есірткі тұтынудың алдын алу бойынша жүйелі шаралар қабылданады, оқу орындарында «Спорт есірткіге қарсы», «Туризм есірткіге қарсы» девиздерімен іс-шаралар жүйелі негізде өткізіледі. Туризм және спорт министрлігінің деректері бойынша балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі уақытта республикада шамамен 29 мың спорттық секция, 7133 спорт залы, 31266 спорт кешені, 251 стадион, 423 хоккей корты жұмыс істейді. Коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдардың (бұдан әрі – КЕҰ) қолдауы бойынша іс-шаралар өткізілді, «Нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу» жобасы іске асырылды, оның шеңберінде Қазақстанда және ТМД елдерінде бейінді КЕҰ бойынша мекенжайлары, байланыс телефондары мен сенім телефондары енгізілген деректер базасы құрылды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және нашақорлықтың алдын алу саласында отандық және шетелдік тәжірибеге талдау жүргізілді, оның негізінде әдістемелік ұсынымдар дайындалды. Мектептегі және отбасылық есірткіге қарсы бейнетекалар, қағаз және магнитті тасылмалдағыштарда есірткіге қарсы мектеп кітапханасы құрылды, «Тиімді отбасының өзіндік оқу құралы» мен «Тиімді ата-ананың өзіндік оқу құралы» дайындалды. Осылайша, бұрын іске асырылған Бағдарламаның шеңберінде қабылданған шаралар белгілі бір нәтижелер берді, олар елдегі есірткі ахуалын жақсартуға мүмкіндік берді. Бұл ретте есірткіге тәуелділіктің алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуді жалғастыру қажет, себебі бұл проблема сыртқы факторлардың ықпалына байланысты ұдайы туындайтын әлеуметтік сипатқа ие. Есірткіні теріс пайдаланудың жағымсыз бағытталған профилактикасы, яғни дәстүрлі проблемалық бағытталған тәсіл, есірткі қабылдаудың теріс зардаптарына баса назар аудару қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етпейтінін атап өту қажет. Спецификалық проблемалық бағытталған әсерлердің қажет екені сөзсіз, бірақ жеткіліксіз. Есірткіні теріс пайдалануды ескерту проблемасын тек олардың негізінде шешу мүмкін емес, себебі психикалық және жеке тұлғаның теріс бейімделуін тудыратын және балалар мен жастардың қайта-қайта есірткі тұтыну ниетін оятатын себептер жойылмайды. Сондықтан патологияға, проблемаға және оның зардаптарына емес, проблемалардың туындауынан қорғайтын денсаулық әлеуеті – психика мен жеке тұлғаның ресурстарын игеруге және ашуға, жас адамды қолдауға және оған өзінің өмірлік мақсатын өзі іске асыруда көмек көрсетуге бағытталатын оң профилактика жүйесін құруды бастапқы профилактиканың негізгі басымдығы ретінде қарастырған жөн. Оң бағытталған бастапқы профилактиканың айқын мақсаты өз психологиялық қиыншылықтары мен өмірлік проблемаларын дербес жеңуге қабілетті, есірткіні қабылдауға мұқтаж емес, психикалық жағынан сау, жеке басы дамыған адамды тәрбиелеуден тұрады. Қазіргі уақытта өңірлік деңгейде жүргізіліп жатқан есірткіге қарсы профилактикалық іс-шаралар бірыңғай жүйені құрамайды. Кейбір өңірлерде өңірлік мақсатты бағдарламаларды қабылдау қисынсыз ұзаққа созылды, нашақорлықтың таратылуына қарсы күрестің нысаналы қорлары қалыптастырылмайды, бұл бөлінген бюджет қаражаттарының жетіспеушілігін өтеуге мүмкіндік бермейді. Өңірлік бағдарламаларда есірткіге қарсы ағарту жұмысына жеткілікті көңіл бөлінбейді. Ол ақпараттық тәсілге негізделген тиімділігі аз әдістермен (дәріс оқу) жүргізіледі. Балалармен және жасөспірімдермен есірткіге қарсы жұмысқа отбасылар, тұрғылықты жері бойынша қоғамдық ұйымдар жеткілікті дәрежеде белсенді тартылмайды. Осы жағдайларда психологтардың, педагогтардың, психиатр-наркологтардың, әлеуметтік қызметтер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ведомствоаралық және пәнаралық өзара іс-қимыл жасасуына негізделген психикалық белсенді заттарды теріс пайдаланудың белсенді бастапқы профилактикасының республикалық және өңірлік деңгейлерде шынайы жұмыс істейтін жүйесін құру міндеті анағұрлым өзекті болады. Бастапқы профилактика жүйесінің алғашқы, базалық қағидаттары мынадай ережелер болуы тиіс: 1) есірткі, психикалық белсенді заттардан тәуелділікті емдеуден гөрі оның алдын алу оңай; 2) наркологиялық ахуал жағдайларында кәмелетке толмағандарды есірткіні тұтынуға арандататын агрессивті ортаға қарсы тұрудың өмірлік дағдыларына үйретуге мақсатты бағытталған назар аударған жөн; 3) мақсатты әсер ету кешенді болуы және жеке, отбасылық және әлеуметтік (мектеп, қоғам) деңгейлерде жүзеге асырылуы тиіс. Екінші профилактика. Көптеген оқиғаларда есірткіні тұтынуға жаңа адамдарды тартуды ескерту жеткіліксіз екенін, екінші профилактиканы қолдану қажеттілігі туындайтынын атап өту қажет. Есірткіге тәуелділіктің екінші профилактикасы таңдаулы болып табылады, есірткіні тұтынып көрген адамдарға не оның бастапқы сатысында есірткіге тәуелділіктің қалыптасу белгілері бар адамдарға бағытталған. Екінші профилактикалық әсер етуге қажеттілік ауру туындауы (тәуекел тобына арналған профилактика) мүмкін не ол туындаған, бірақ өзінің даму шегіне жетпеген жағдайларда пайда болады. Профилактикалық қызметтің мақсаты есірткіні тұтынуға жаңа адамдарды тартуды ескерту ғана емес, есірткі тұтынушыларды ерте анықтау, есірткінің субмәдениетіне тартылып қойған адамдардың жалпы санын төмендету болып табылады. Бұл салада пәрменді құрал әкімшілік практика болып табылады. Алдын алу, оның ішінде есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты бағыттағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу халық арасындағы нашақорлықтың алдын алу саласында құқық қорғау органдарының алдында тұрған басым міндеттердің бірі болып табылады. 2011 жылы ішкі істер органдары есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты 5161 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 3,5% көп - 4988 адам. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдар санының өсуі бойынша жастар бірінші орында, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26,8% көп. Статистикалық деректерге сәйкес Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының ӘҚБтК) «Жабайы өскен сораны жоюға шара қолданбау» деген 318-бабында, «Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйінде көлік құралын жүргізуі, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйдегі адамға беру» деген 467-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 1558 адам жауапқа тартылды. Олардың ішінде 1063 адамға қамау түрінде, 898 адамға арнайы құқықтан айыру түрінде, 729 адамға айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Салынған айыппұл сомасы 8 511 883 теңгені (2010 жылдың ұқсас кезеңінде 4 304 105 теңге, өндіріп алынғаны 3 976 713 (2009 жылы - 2 372 464 теңге) құрады. Өндіріліп алынбаған айыппұл сомасы 4 535 170 теңгені немесе 53,3% құрайды. Есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтарды олардың жасалған жері бойынша анықтауды талдаудың уақтылы алдын алу шараларын қабылдау үшін зор маңызы бар екенін атап өткен жөн. Алайда, құқық қорғау органдарының өткен кезеңдегі жұмысын талдай отырып, әкімшілік заңнаманың тиісті түрде қолданылмағанын атап өтуге болады. Мәселен, статистикалық деректерге сәйкес 2009 жылы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 259-бабында көзделген қылмыстар туралы 6198 арыз бен хабарлама бойынша, 2010 жылы - 5225, 2011 жылы 4778 факт бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды, бұл бас тарту материалдары санының көбейгені, құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің қылмыстық іс қозғау үшін ұсынатын материалдарының сапасы төмендегені туралы айтуға мүмкіндік береді (5-кесте). 5-кесте.

ҚР ҚК бабы

Қылмыстар туралы тіркелген арыздар, хабарламалар саны, оның ішінде бір факт бойынша АЕАК-да бұрын тіркелгендерге қосылғаны

Қылмыстық іс қозғаудан бас тартылғаны

Оның ішінде ҚР ҚІЖК 37-бабының 1-бөлігі, 2-т.

ҚР ӘҚБтК 320-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны

2011 жыл

2010 жыл

2009 жыл

2011 жыл

2010 жыл

2009 жыл

2011 жыл

2010 жыл

2009 жыл

2011 жыл

2010 жыл

2009 жыл

ҚР ҚК 259-бабы

11201

16111

18077

4778

5225

6198

4683

5038

5979

3146

2643

2706

Келтірілген кестедегі деректер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдардың тең жартысына жуығы жазасыз қалғанын көрсетеді. Мұның себептері есірткіні алу фактілерін бекіту тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзу және әкімшілік істерді уақтылы ресімдемеу болып табылады, осының нәтижесінде кінәлі адамдар жазаланбай қалады. Әкімшілік заңнаманы тиісінше қолданбау құқық қорғау органдарының қызметкерлерінде жұмыс тәжірибесі аз болуының, практикалық жұмыс дағдылары жоқтығының салдары болып табылады. Ал жүргізілген реформаға сәйкес әкімшілік практика есірткі құралдарын, психотроптық заттарды заңсыз таратуды және тұтынуды ескерту және жолын кесу жөніндегі профилактикалық жұмыста негізгі құрал болып табылады. Осылайша қабылданып жатқан шаралар проблемаларды толық шешкен жоқ, бұл екінші профилактика бойынша шараларды күшейтуді қажет етеді. Қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған және 2011 жылғы 18 қаңтарда қол қойылған заңның шеңберінде Қылмыстық кодекстің 259-бабының 1-бөлігі декриминализацияланды, онда өткізу мақсатынсыз есірткіні ірі көлемде заңсыз сақтағаны үшін жауапкершілік көзделген. Бұл есірткіге тәуелді адамдарға репрессивтік қысымды төмендету мақсатында жасалған. Есірткінің заңсыз айналымын ескертуде және жолын кесуде, осы құбылыстың таралуына ықпал ететін себептер мен шарттарды жоюда әкімшілік-құқықтық құралдардың маңызды рөлі бар. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейту қажеттілігі осы күресте пайдаланылатын әкімшілік-құқықтық құралдарды жетілдіруді қажет етеді. Жетілдіру мынадай бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс: 1) әкімшілік-құқықтық құралдарды белгілеуде заңнаманың рөлін арттыру; 2) қолда бар арсеналды толықтыратын жаңа, анағұрлым тиімді құралдарды енгізу арқылы есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестің әкімшілік құралдарының анағұрлым тиімді жүйесін құру. Үшінші профилактика. Есірткіге тәуелділіктің үшінші профилактикасы негізінен медициналық, жеке тұлғалық болып табылады және есірткіге тәуелді науқастар контингентіне бағытталған. Үшінші профилактика науқастардың есірткіні одан әрі теріс пайдалануын ескертуге не оларды қолданудан болатын болашақ зиянды азайтуға, науқастардың тәуелділікті жеңіп шығуына көмек көрсетуге, есірткі тұтынуды тоқтатқан науқастарда аурудың қайталануын ескертуге бағытталған. Шын мәнінде нашақорлықтың үшінші профилактикасы – бұл медициналық, психологиялық-әлеуметтік және рухани оңалту. Нашақорлықтың үшінші профилактикасы бойынша барлық жұмыс функциялық жүйеге құрылуы тиіс, ол біріншіден нашақорлықты био-психо-әлеуметтік-рухани табиғаты бар ауру ретінде қабылдайды және екіншіден, мұқтаж азаматтарға көмекті функциялық «тізбе» нысанында қамтамасыз етеді, ол: 1) алғашқы ақпараттық-консультативтік көмектен; 2) алғашқы медициналық, психологиялық, әлеуметтік диагностикадан; 3) медициналық наркологиялық көмектен; 4) психологиялық-әлеуметтік және рухани оңалтудан; 5) психологиялық-әлеуметтік және рухани сүймелдеуден, қолдаудан және көмектен тұрады. Мақсатқа жету мынадай негізгі міндеттерді шешумен жүзеге асырылады: 1) есірткіні медициналық емес тұтынудың таралуын төмендету; 2) есірткіні медициналық емес тұтынудың таралуына ықпал ететін себептер мен шарттарды уақтылы анықтау және оларды тиімді жою бойынша кешенді іс-шараларды ұйымдастыру;

3) есірткіні заңсыз тұтынушыларда және оларды тұтынуға бейім адамдарда олардың емделу және оңалу ниеттерін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; 4) жоғары тәуекел топтарымен нашақорлықтың алдын алуды ұйымдастыру және өткізу; 5) әр түрлі типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру шеңберінде есірткіге қарсы тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру. Балалар, жасөспірімдер, жастар арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алудың әртүрлі бағдарламаларын әзірлеу және сынақтан өткізу АҚШ-та, Австралияда, Батыс Еуропада, ал соңғы жылдары Қазақстанда да барған сайын өзекті ғылыми бағыт болып отыр. Алайда тиімді профилактикалық стратегияларды құру үлкен қиындықтармен өтуде. Қолданыстағы профилактикалық бағдарламаларға шолулардың көптеген авторлары оларды енгізу оптимистік болып табылмайды деген қорытындыға келеді. Бұл бірнеше себептермен: теориялық қатаң негізделген модельдердің жетіспеушілігімен; сынақтан өткен техникалардың жеткілікті санының жоқтығымен; ықпал ету мәнінің (объектінің) дәл анықталмаумен және т.б. түсіндіріледі. Қазіргі уақытта үшінші профилактикалық бағытта есірткіге тәуелділерді диагностикалаудың, емдеудің, оңалтудың бірқатар клиникалық хаттамалары (стандарттары), сондай-ақ наркологиялық көмек пен наркологиялық қызметтер ассортиментінің сан алуан бағдарламалары әзірленді. Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша 2011 жылғы 1 шілдеге медициналық-санитарлық оңалтудың стационарлық бөлімшелері Алматы облысынан басқа еліміздің барлық өңірлерінде бар. Наркологиялық көмекті ұйымдастырудың жаңартылған стандарты бекітілді, стационар жағдайында да, амбулаториялық жағдайларда да МӘО жүргізуді регламенттейтін нормативтік құқықтық акт әзірленіп, қабылданды. Үшінші профилактикалық бағытта «нашақор» диагнозы бар адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалтуға және әлеуметтік қызметтердің тиісті ассортиментін көрсетуге бағытталған бағдарламалар әзірленді. Нашақорлық пен уытқұмарлықтан емдеуден 2006 жылы 9816 адам (немесе тіркелген есірткі тұтынушылардың жалпы санынан 18,4 %), 2007 жылы 9728 (17,6 %), 2008 жылы 8360 (немесе 15,3 %), 2009 жылы 6737 (немесе 12,4 %), 2010 жылы 5326 (немесе 10,7 %) өткен. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – НМӘП РҒПО) Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен бірлесіп, апиындарға тәуелді, сондай-ақ пенитинциарлық мекемелерде 6 айдан 24 айға дейінгі мерзімде емдеу жағдайларында психикалық белсенді заттарды үйлестіріп пайдалануға тәуелді адамдарға мамандандырылған медициналық көмектің бірқатар хаттамаларын әзірлеп, бекітті. НМӘП РҒПО қызметкерлері екінші профилактика, үшінші профилактика, рецидивке қарсы және қолдау терапиясы кезеңдерінде мотивациялық ақпараттандыру және наркологоиялық консультациялау тақырыбы бойынша бейнеқұралдар әзірледі. Профилактиканы нақты іске асыру белсенді профилактика мен оңалтудың кешенді бағдарламасы шеңберінде ғана мүмкін болады. Осы бағдарлама тек «тәуекел топтарымен» жұмыс істеуге және оңалту бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп қана қоймай, терапия және оңалту курсынан өткен адамдармен жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар белсенді профилактика мен оңалту бағдарламасы кешенді тәсілді және ауырғандарды белсенді анықтауды, сондай-ақ оңалту үдерісін динамикалық бақылауды қамтамасыз етеді, бұл профилактикалық бағдарламалардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Есірткіні тұтыну профилактикасының мақсаты есірткіні медициналық емес тұтыну ауқымын қысқарту, есірткі тұтынуға теріс қарым-қатынасты қалыптастыру және оған сұранысты айтарлықтай төмендету болып табылады. Осыған байланысты тиісті проблемаларды шешуге жасөспірімдер мен жастарды тарту емес, есірткіге сұранысты төмендетуге баса назар аудара отырып, нашақорлық профилактикасының жүйесін одан әрі құру қажет, өйткені соңғы жағдайда араласуды қажет ететін фокустық топ іс-шаралармен қамтудан тыс қалады. Сонымен қатар орын алған проблемалар мен олардың өзектілігі нашақорлықтың алдын алуды және есірткі мен оның прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұтымды және қолданыстағы шаралар жүйесін одан әрі іске асыру қажет екенін көрсетуге мүмкіндік береді, министрліктер мен ведомстволардың анағұрлым белсенді ұстанымдарын қажет етеді. Осы кешеннің барлығы профилактика, есіртікіге тәуелді адамдарды ерте анықтау, медициналық және әлеуметтік оңалту жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыруға әкеледі. Қазақстанда ағымдағы есірткі ахуалына жүргізілген талдау осы саланы дамытудың күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктер мен сала үшін қатерлерді анықтауға мүмкіндік берді.

Күшті жақтары.

Әлсіз жақтары.

1. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған тиісті қылмыстық санкциялар енгізілді.

1. Есірткіні заңсыз таратумен күресуге, республикада осы қылмыстық бизнесті құрған қылмыстық топтарға әзірлемемен айналысуға міндетті ведомстволар табандылығының барынша аздығы.

2. Қазақстан Республикасында есірткі қылмысының экономикалық негіздерін бұзу бойынша тиісті шаралардың жоқтығы.

3. Каспий теңізі акваторийлерінде жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мақсатты бағытталған шараларды тиісті деңгейде қабылдаудың болмауы және теңіз жүк-жолаушы тасымалдарының инфрақұрылымын бақылау шараларының пәрменді жүйесінің жоқтығы.

4. Мынадай: 1) Қазақстандағы заңсыз есірткі өндірісінің шикізат базасын жою жөніндегі; 2) құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз егу және жабайы өсетіндердің өсу ошақтарын анықтау жүйесін жетілдіру, құрамында есірткі бар өсімдіктерді жоюға арналған химиялық заттарды қолданудың ғылыми әдістемелерін әзірлеу қажеттілігі, сондай-ақ олардағы психикалық белсенді заттар құрамын азайтуға не жабайы өсетін қарасораны өнеркәсіптік мақсаттарда қайта өңдеудің мақсатқа сай болуы туралы зерттеуді логикалық соңына дейін жеткізу жөніндегі проблеманы шешуді қабылдаудағы енжарлық.

2. Қазақстан халқына наркологиялық көмек жүйесінде тиісті заңнамалық актілер мен әзірленген нормативтік құқықтық база ережелерінің мүлтіксіз орындалуын бақылау бойынша нормативтік құқықтық бағыттағы іс-шараларды іске асыру.

5. Есірткіге тәуелді, оның ішінде бас бостандығынан айыруға сотталған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту және қайта әлеуметтендіру жүйесін дамыту проблемаларының шешілмеуі.

6. Медициналық түзетуден өткен және оңалтуда жүрген, оның ішінде сотталғандар арасындағы нашақорлық диагнозы бар адамдардың жұмыспен қамтылуының төмендігі.

7. Қызметкерлерді қорғау жүйесінің әлсіздігіне байланысты денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйелерінің білікті мамандарының қажетті санының болмауы және олардың тұрақтамауы және соның салдары ретінде қызметкерлердің оң имиджінің жоқтығы.

3. Халықаралық есірткіге қарсы қызметтің белсенділігі мен тиімділігін өсіру бойынша халықаралық ынтымақтастық шеңберінде іс-шараларды іске асыру.

8. Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтендірумен және оңалтумен байланысты халықаралық практикаларды енгізудің тиісті тәжірибесінің жоқтығы.

9. Нашақорлықтың алдын алу және есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік оңалту мен мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың тарапынан оларды қаржыландыру жөніндегі пилоттық жобалардың жоқтығы.

4. Бастапқы профилактика жеткілікті деңгейде жүргізіледі, мемлекет жыл сайын өсіре отырып, ақшалай қаражат бөледі.

10. Дайындалатын медиа өнімнің сапасы халықаралық стандарттарға және әлеуметтік медиа өнімге қойылатын талаптарға сәйкес келмейді.

11. Есірткіге тәуелді адамдарды толық оңалтудың кешенді шараларының жоқтығы.

12. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінде практикалық жұмыс дағдыларының болмауы.

13. Есірткіні алу фактілерін бекіту тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуы және әкімшілік істерді уақтылы ресімдемеу, нәтижесінде кінәлі адамдар жазаланбай қалады.

Мүмкіндіктер.

Қатерлер.

1. Мемлекеттік институттардың азаматтық қоғаммен ынтымақтастығын нығайту. 2. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында қолданыстағы заңнаманы жетілдіру. 3. Профилактика арқылы, оның ішінде әкімшілік жауапкершілікке тарту арқылы ескерту шаралары ретінде қоғамда есірткі қылмысының деңгейін төмендету. 4. Есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмағандардың санын азайту. 5. Елдің мәдени әлеуетін дамыту, психикалық белсенді заттарды қабыл-дауға теріс көзқарас қалыптастыру.

1. Шекаралардың жеткіліксіз нығайтылуы. 2. «Көлеңкелі есірткі бизнесі» деңгейінің өсуі. 3. Есірткі құралдарының заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдар арасында қайталап қылмыс жасау фактілерінің көбеюі. 4. Жұмысқа орналастыру және қайта әлеуметтендіру деңгейінің төмендігі салдарынан нашақорлық диагнозымен бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар санының өсуі. 5. Қазақстанның аумағын есірткі трафигі және халықты есірткіге тартумен байланысты криминалдық үдерістерді күшейту мақсатында пайдалану жөніндегі халықаралық қылмыстық қоғамдастықтар әрекетінің жандануы.

ҚР-да есірткі заттар мен психотроптық заттардың контрабандасымен күрестің криминологиялық, қылмыстық-құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар жүйесін жетілдіру мәселелері. 1. Есірткі заттар және психотроптық заттар контрабандасымен күресу шараларының

жүйесін құру мәселелері. 2. Есірткі заттар және психотроптық заттар контрабандасымен күресудің

криминологоиялық шаралары. 1. Есірткі заттар және психотроптық заттар контрабандасымен күресу шараларының жүйесін құру мәселелері. Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы мемлекеттік және қоғамдық іс-қимылдың қалыптастырылып жатқан жүйесін жетілдіру мақсаты шеңберінде есірткі ахуалының дамуын бағалау, қылмыстарды тергеуді прокурорлық қадағалаудың жай-күйін талдау, есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау бойынша сот практикасын жинақтау негізінде елде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілетін болады.

мақсатты индикаторлар

ақпарат көзі

өлшем бірлігі

жоспарлы кезеңде

2010 жыл

(есеп)

2011 жыл

(9 ай)

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Халықтың нашақорлықпен ауыру деңгейін төмендету

ҚР ДСМ РҒӨО

100 000 тұрғынға шаққанда адам саны

292,6

289,3

283,8

278,1

272,6

267,1

261,6

Есірткіні тұтынатын адамдар санын азайту:

ҚР ДСМ РҒӨО

Өткен жылға %

7,3

9,24

10,78

12,32

13,86

15,4

16,94

Оның ішінде мыналардың үлесін төмендету:

әйелдер

9,2

7,7

6,5

5,3

4,1

2,9

2,0

кәмелетке толмағандар

9,2

3,1

5,0

2,9

2,8

2,7

2,7

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдар санын көбейту

ҚСжАЕК есептілігі

%

12,9

26,9

25,9

21,3

25,3

25,7

26,1

Тіркелген жалпы қылмыстар санынан есірткі қылмыстарының үлесін төмендету

ҚСжАЕК есептілігі

%

9,1

2,1

2,0

1,96

1,8

1,7

Есірткі контрабандасының анықталған фактілерінің санын көбейту

ҚСжАЕК есептілігі

%

-11,4

-10,3

14,5

16,3

18,1

19,9

21,7

Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы мемлекеттік және қоғамдық іс-қимылдың қалыптастырылып жатқан жүйесін жетілдіру шараларының төмендегідей міндеттер мен нәтижелердің көрсеткіштері айқындалды: 1. Нашақорлықтың алдын алу, емдеу жүйесін жетілдіру және есірткіге тәуелді адамдарды оңалту жүйесін дамыту. Бұл міндетті іске асыру үшін мынадай нәтижелердің көрсеткіштері көзделеді:

нәтиже көрсеткіші

ақпарат көзі

өлшем бірлігі

есеп беру кезеңінде

жоспарлы кезеңде

2010 жылы (есеп)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Белгілі бір мек-тептер санынан нашақорлықтың және мінез-құлық аурула-рының алдын алу жөніндегі бағдарламаларды іске асыратын жалпы білім беретін мекеме-лердің үлесі (3291)

ҚР ДСМ РҒӨО БҒМ

%

-

14,1

21

35

50

64

78

Ремиссия ұзақ-тығы 2 немесе одан көп жыл-ды құрайтын, емдеуден және оңалтудан өткен нашақор диагнозы бар адамдардың саны

ҚР ДСМ РҒӨО

%

7,6

8,1

9,1

10,6

12,1

13,6

15

Жалпы қылмыстар санынан есірткіге мас күйде жасалған қылмыстардың үлесі

ҚСжАЕК есептілігі

%

0,5

0,6

0,5

0,4

0,3

0,27

0,25

Нашақорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар халықтың барлық санаттарына, бірінші кезекте қолайсыз отбасындағы, әлеуметтік жағдайлардағы, қиын өмір жағдайындағы балаларға, жасөспірімдер мен жастарға, сондай-ақ жоғары тәуекел топтарындағы адамдарға бағытталған. Профилактика жүргізу кезінде жоғары тәуекел топтарындағы адамдарды, балалар мен жасөспірімдерді есірткіні алғаш татып көруден бас тарта білуге үйретуге бағытталған кәсіби әзірленген бағдарламалар мен іс-шараларға басымдық беріледі. Осы міндеттің шеңберінде, жүргізілген талдауды ескере отырып, мінез-құлқы девиантты, ішкі істер органдарында есепте тұрған, қиын өмір жағдайындағы, әлеуметтік пана үйлерінде тәрбиеленуші балалар мен жасөспірімдердің спорттық секцияларға ұдайы негізде тегін баруын сапалы ұйымдастыруға қол жеткізу қажет. Есірткіні медициналық емес тұтынудың алдын алу жүйесін қалыптастыруда және арттыруда барлық мемлекеттік билік органдары, білім беру органдары, мемлекеттік, қоғамдық және діни бірлестіктерді қоса алғанда, әртүрлі ұйымдар, азаматтар, оның ішінде білім беру, медициналық және мәдени-ағарту мекемелерінің мамандары, жастар ұйымдарының волонтерлары қатысатын болады. Бағдарламаның іс-шаралар жоспарының тармақтарын іске асыру шеңберінде нашақорлықтың алдын алуды жетілдіру мақсатында «Орындалуына жауаптылар» бөлімінде көрсетілген мүдделі мемлекеттік органдар мен қоса орындаушылар, атап айтқанда Қазақстан Республикасы ІІМ, БП, ТЖМ, МАМ, ҰҚК, БҒМ, ДСМ, ІІМ ҚАЖК, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, КЕҰ мынадай шараларды қабылдайтын болады: 1) Қазақстан Республикасы халқының әртүрлі нысаналы топтары үшін ағарту жұмысын және есірткіге қарсы насихатты ұйымдастыру; 2) есірткі құралдарын тұтынуға теріс көзқарасты тәрбиелеуге және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған әлеуметтік жарнама желісін дамыту; 3) тәуекелдік мінез-құлыққа және тәуелділікті дамытуға әкеп соғатын құндылықтар мен қасиеттердің жарнама, БАҚ, баспа өнімдері, мәдениет және өнер шығармалары арқылы насихатталмауын бақылау; 4) нашақорлықтың алдын алудың барлық түрлерімен айналысатын мемлекеттік емес ұйымдардың қызметін жан-жақты (материалдық-техникалық, қаржылық, ұйымдастырушылық, құқықтық және т.б.) мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру; 5) алдын алу жұмыстарының анағұрлым тиімді нысандары мен әдістерін, нашақорлықтың алдын алу саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін зерделеу және практикаға енгізу; 6) нашақорлықтың таралуына мониторинг жүйесі; 7) барлық мүдделі тұлғалар мен ұйымдар үшін бірыңғай қолжетімді әдістемелер, нашақорлықты емдеумен және алдын алумен айналысатын ұйымдар мен мамандардың ақпараттық базасын құру; 8) есірткіні заңсыз тұтынушыларды және оларды тұтынуға бейім адамдарды уақтылы анықтауға бағытталған ақпараттық-консультациялық пункттердің, медициналық, психологиялық, әлеуметтік диагностикалық орталықтардың қолжетімді желісін ұйымдастыру; 9) бұқаралық ақпарат құралдарында есірткіге қарсы насихат пен алдын алуды жүргізуге кепілдік беретін заңнамалық және құқықтық жағдайларды дайындау; 10) есірткіге сұранысты қысқарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға мемлекеттік емес ұйымдарды неғұрлым белсендірек қатыстыру; 11) Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ЕБҚКК жанынан құрамына мемлекеттік және жұмыс нысандары мен әдістері бойынша әртүрлі мемлекеттік емес ұйымдардан есірткіге қарсы қызметтің практикалық саласындағы қайраткерлер мен мамандар кіруі тиіс консультативтік кеңес құру. Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыру Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңіне есептелген, алайда іс-шаралардың жалғасымды тиімділігі мен сипатын екенін ескере отырып, оларды одан әрі іске асыру жалғастырылады және бағдарламаның екінші кезеңін іске асыру кезінде аяқталатын болады. Есірткіні медициналық емес тұтынуға жол беретін адамдарға наркологиялық медициналық көмек көрсету Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Наркологиялық медициналық көмектің тиімділігін арттыру және дамыту жөніндегі негізгі іс-шаралар: 1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай міндетті наркологиялық медициналық көмек көрсету тәртібін енгізу, экономикалық негізделген Наркологиялық медициналық көмек көрсету және медициналық-әлеуметтік оңалту тәртібін дайындау; 2) нашақорлықпен ауыратындарға медициналық көмек көрсетудің міндетті нысандарын ұйымдастырудың заңнамалық, экономикалық және өзге де қамтамасыз ету негіздерін, оның ішінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл және оны ақпараттық қамтамасыз ету мәселелерін жетілдіру; 3) наркология саласындағы ғылыми зерттеулердің мемлекеттік бағдарламасын қалыптастыру; 4) нашақорлық диагностикасының, нашақорлықпен ауыратындарды тексерудің, емдеудің қазіргі заманғы әдістерін жетілдіру; 5) наркологиялық медициналық көмек көрсету саласында, сондай-ақ денсаулық сақтаудың алғашқы буынындағы мамандарды жүйелі дайындау. Есірткі ортасын қабылдамауды қалыптастыруға тек білікті мамандар болған жағдайда ғана қол жеткізуге болады. Тиісінше педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік педагогтар, мектеп инспекторлары үшін нашақорлықтың алдын алу бойынша оқыту семинарларын өткізу, нашақорлықтың алдын алу, есірткіге тәуелділерді емдеу және оңалту саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарды қолдауды қамтамасыз ету қажет. Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыру тиімділігіне сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар үшін әлеуметтік қызметтерді (Әлеуметтік бюро) жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру арқылы қол жеткізілетін болады, олардың мақсаты есірткіні теріс пайдаланумен және телефонмен анонимді консультативтік қызметті дамытумен байланысты әлеуметтік проблемаларды шешуде көмек көрсету болып табылады.

2. Есірткі заттар және психотроптық заттар контрабандасымен күресудің криминологоиялық шаралары. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл тетігін нығайту арқылы есірткі құралдарының заңсыз айналымының жолын кесу міндетін іске асыру үшін мынадай нәтижелердің көрсеткіштері көзделеді:

нәтиже көрсеткіші

ақпарат көзі

өлшем бірлігі

жоспарлы кезеңде

2010 жыл (есеп)

2011 жыл

(9 ай)

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Есірткі бизнесінен кірісті заңдастыру жөніндегі қылмыстық істерді тергеу процесінде құжаттандырылған фактілердің саны

ҚСжАЕК есептілігі

%

00

00

1

2

2

3

3

Алынған есірткі саны

ҚСжАЕК есептілігі

кг

28418

32891

34000

36000

38000

40000

42000

оның ішінде героин

кг

133

135

137

139

142

144

146

Жалпы есірткі қыл мыстарының саны нан есірткіні өткі-зумен байланысты анықталған қыл-мыстардың үлесі (259 бабы 2-б.)

ҚСжАЕК есептілігі

%

28

27,5

27,5

25,8

26

26,2

26,5

Есірткіге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін шешуге Қазақстанның мемлекеттік шекарасы мен Кеден одағының шекараларын нығайту, олардың техникалық жарақталуын арттыру, елдің кедендік шекарасынан өтетін жүктерді бақылау тетіктерін құру және жетілдіру жолымен қол жеткізу жоспарланады. Қазақстанға есірткіні заңсыз әкелуге жол бермеу үшін Қазақстанға, әсіресе әлемнің есірткі қаупі бар өңірлерінен келетін (болатын) шетел азаматтарын (азаматтығы жоқ адамдарды) мемлекеттік бақылау шараларының жүйесін жетілдіру көзделеді. Теңіз акваторийлерінде ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мақсатты бағытталған, оның ішінде героин, кокаин және синтетикалық есірткіні заңсыз жеткізу арналарын анықтау және жолын кесу мақсатында шаралар қабылдау көзделеді. Теңіз жүк-жолаушы тасымалдарының инфрақұрылымын бақылау шараларының жүйесін құру болжанады. Мәдени-демалу іс-шараларын өткізу орындарында есірткі құралдары мен психотроптық заттар айналымының жолын кесу жөніндегі шараларды қамтамасыз ету көзделеді. Қазақстанда есірткінің заңды айналымының қауіпсіздігі оны жүзеге асыруды, әсіресе прекурсорлардың айналымын бақылаудың мемлекеттік тетігін жетілдіру есебінен қамтамасыз етілетін болады. Құрамында есірткі бар, оларды оңай жолмен алу мүмкін емес және медициналық емес мақсатта пайдалану өте қиын жаңа дәрілік препараттарды (май, пластырь және т.б. нысанында) әзірлеуді және өндіруді қамтамасыз ететін шаралар жүйесін қалыптастыру көзделеді. Қазақстандағы заңсыз есірткі өндірісінің шикізат базасын жою жөніндегі міндеттерді шешу кезінде құрамында есірткі бар өсімдіктерді жою, сондай-ақ олардың құрамындағы психобелсенді заттарды төмендету үшін химиялық заттарды қолданудың ғылыми әдістемелерін әзірлеуді көздейтін, құрамында есірткі бар жабайы өсетін өсімдіктерді заңсыз егу және өсу ошақтарын анықтау жүйесін жетілдіру жоспарланады. Азаматтардың денсаулығын, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында есірткі және оның прекурсорлары айналымы саласында және олардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласында заңнаманы жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру көзделеді. Осы шараларды іске асыру кезінде: 1) нормативтік реттеудің халықаралық озық тәжірибесін имплементациялауды қамтамасыз ету; 2) диспозициялық конструкцияларды жасалған қылмыстардың ауырлығына қарай қылмыстық жазалау шараларымен үйлестіру бөлігінде қылмыстық-құқықтық заңнаманы жетілдіру, есірткі және оның прекурсорларының заңсыз айналымы саласында қылмыс жасаған және нашақорлықтан емделуге мұқтаж адамдарға оларды уақтылы және барабар наркологиялық көмекті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шараларды қолданумен үйлесетін жауапкершілікті саралауды көздейтін жазалау жүйесінің икемділігін қамтамасыз ету; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сотталушыларға, нашақорлықпен ауыратындарға және есірткі мен оның прекурсорларының заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағанына кінәлі деп танылған адамдарға емдеу мен қылмыстық жаза арасында таңдау мүмкіндігін беретін, сондай-ақ осы санаттағы адамдар қабылдаған емделу жөніндегі міндеттемелерді және оларды орындамағаны үшін жауапкершілікті бақылау тетігін белгілейтін нормаларды енгізу мәселесін пысықтау; 4) есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстар туралы қылмыстық істерді толық және жан-жақты тергеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қылмыстық іс жүргізу тетігін нақтылау; 5) әрекеттері есірткіні медициналық емес тұтынудың, әсіресе тәуекел топтарында таралуына ықпал ететін жағдайлар жасауы мүмкін заңды және жеке тұлғалардың қызметін әкімшілік-құқықтық реттеуді қамтамасыз ету көзделеді. Есірткі ұсынысын қысқарту мақсатында «әлеуметтік» жауапкершіліктің қосымша шараларын енгізу және есірткі мен оның прекурсорларының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды, оның ішінде түзеу мекемелерінде, сондай-ақ оқу, спорттық, мәдени, ойын-сауық және өзге де көпшілік іс-шараларды өткізу үшін пайдаланылатын мекемелерде немесе орындарда есірткі өткізуді болдырмау жөніндегі іс-шараларды күшейту жоспарланады. Қазақстан есірткі мен оның прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органдарды олардың заңсыз айналымы фактілері туралы ақпараттандыру бойынша әлеуметтік белсенділікті ынталандыруға бағытталған шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді. Есірткінің жаңа түрлерінің, сондай-ақ медициналық емес мақсатта пайдаланылатын психобелсенді құралдардың заңсыз айналымының жолын кесу мақсатында 2014 жылы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының базасында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың деректер банкін құру жоспарланады. Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыру оларды мұқият пысықтауды, ұйымдастыруды және Бағдарламаның іс-шаралар жоспарын орындаушылар, атап айтқанда құқық қорғау және арнайы органдар, бірінші кезекте Қазақстан Республикасы ІІМ ҰҚК, КБК, ЭҚСЖҚКА, БП және Әділетмині тарапынан өзара тығыз іс-қимылды қажет етеді. Іс-шараларды орындау бағдарламаны іске асырудың екі кезеңі ішінде жүзеге асырылатын болады, алайда екінші кезеңде Қазақстан Республикасы Әділетминінің ССО базасында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың деректер банкін құру және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің балалар мен жастар арасында химиялық және психологиялық тәуелділікке тарту тәуекелдерінің таралуына мониторинг өткізуі арқылы құқық қорғау органдарының қызметін нығайтуды жүзеге асыру жоспарланады. Есірткінің заңсыз айналымын және оны теріс пайдалануды бақылау және жолын кесу саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту міндетін іске асыру үшін мынадай нәтижелердің көрсеткіштері көзделеді:

нәтиже көрсеткіші

ақпарат көзі

өлшем бірлігі

есеп беру кезеңінде

жоспарлы кезеңде

2010 жыл (есеп)

2011 жыл (есеп)

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Бірлесіп анықталған есірткі қылмыстары фактілерінің саны (бақыланатын жеткізілім)

ҚР ІІМ, БП (келісім бойынша)

факт

5

3

8

12

16

20

24

Көрсетілген міндеттерді іске асыру кезеңінде есірткіні бақылау саласында Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығының басты бағыттары болып: 1) жаңа шақырулар мен қауіптерге қарсы күресте БҰҰ мен оның Қауіпсіздік кеңесінің орталық үйлестіруші рөлі туралы Қазақстан Республикасының қағидаттық ұстанымын ескере отырып, жаһандық есірткі қаупіне қарсы іс-қимылды жүзеге асыру; 2) осы саладағы негізгі күш-жігерді Қазақстан Республикасына Ауғанстаннан апиындар мен каннабистің контрабандасына қарсы күреске шоғырландыру; 3) ауғандық есірткі қаупіне қарсы іс-қимыл жасауда Ауғанстан Ислам Республикасы мен өңірдің басқа да мемлекеттеріне жәрдем көрсетуде Қазақстанның рөлін арттыру; 4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне синтетикалық түрлерін қоса алғанда, есірткінің басқа типтерінің тарапынан қатерлерді болжау және жою бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізу; 5) ҰҚШҰ, ШЫҰ, ТМД, Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі еуразиялық топ сияқты және басқа халықаралық ұйымдар мен құрылымдардың әлеуетін пайдалана отырып есірткіні бақылау саласында, оның ішінде Ауғанстан айналасында есірткіге қарсы және қаржылық қауіпсіздік «белдіктерін» нығайту контексінде өңірлік ынтымақтастықты дамыту; 6) есірткіге ұсыныс пен сұранысты қысқартуды қоса алғанда, оны бақылаумен байланысты проблемаларды кешенді зерделеу және басқа мемлекеттердің үкіметтерімен байланыста көрсетілген проблемаларды шешу бойынша бірлескен шаралар дайындау белгіленді. Осы іс-шараларды іске асыру ұзақ мерзімді және табанды халықаралық сипатта болады, сонымен қатар жоғарыда көрсетілген іс-шараларды біріктіретін осы міндетті іске асырудың ерекшелігін ескере отырып және тиімділігі оның орындаушыларына, атап айтқанда СІМ, ІІМ, ҰҚК, Қаржыминінің КБК, ЭҚСЖҚКА, БП, БҒМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктеріне аса маңызды екенін түсіндіре отырып, іске асыру Бағдарламаның екі кезеңінде де көзделеді. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мына кезеңдерде жүзеге асырылады және тиісінше міндеттер шешілетін болады: 1) I кезең: 2012 – 2014 жылдар; 2) II кезең: 2015 – 2016 жылдар. Бірінші кезеңде Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы мемлекеттік және қоғамдық іс-қимылдың қалыптастырылып жатқан жүйесін жетілдіру шеңберінде есірткі ахуалының дамуын бағалау, қылмыстардың тергелуін прокурорлық қадағалаудың жай-күйін талдау, есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау бойынша сот практикасын жалпылау негізінде елімізде нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілетін болады. Сондай-ақ есірткіге қарсы қызметті реттейтін заңнамалық базаны жетілдіру, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күреске бағытталған республикалық заңнаманы және құқық қолдану практикасын тиісті халықаралық құқықтық актілердің ережелеріне және қоғамдық ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес одан әрі үйлестіру күтіледі. Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 – 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасында көзделген міндеттерді іске асыру нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің өңірлік бағдарламаларын сапалы әзірлеген және іске асырған кезде мүмкін болады. Өңірлік бағдарламаларды іске асыруға әкімдіктер жанындағы консультативтік-кеңесу органдары ықпал ететін болады. Жүргізілген талдауды ескере отырып, ішкі істер органдарының есебінде тұрған, қиын өмір жағдайындағы, әлеуметтік пана үйлерінде тәрбиеленіп жатқан, мінез-құлқы девиантты балалар мен жасөспірімдердің спорттық секцияларға ұдайы негізде тегін баруын сапалы ұйымдастыруға қол жеткізу қажет. Есірткі қабылдамауды одан әрі қалыптастыру, жасөспірімдер мен жастарды есірткіге тәуелділікке тартуды төмендету республикалық және өңірлік деңгейде Есірткіге қарсы бағдарламаларды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспарды іске асыру негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Медиа-жоспарды іске асыру шеңберінде нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес проблемаларына арналған «Наркопост» және «Есірткісіз болашақ» мерзімді журналдарының шығарылуына, роликтердің, бейнероликтердің жасалуына, ІІМ, ҰҚК ұстанымдарын жариялап отырып, халықаралық трафикке қарсы белсенді күресуші ел ретінде әлемдік аренада республиканың имиджін көтеру жөніндегі іс-шараларға тиісті назар аударылатын болады. Есірткі ортасын қабылдамауды қалыптастыруға тек білікті мамандар болған кезде қол жеткізілуі мүмкін. Тиісінше педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік педагогтар, мектеп инспекторлары үшін нашақорлықтың алдын алу бойынша оқыту семинарларын өткізу, нашақорлықтың алдын алу, есірткіге тәуелділерді емдеу және оңалту саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарды қолдауды қамтамасыз ету қажет. Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асырудың тиімділігіне, сондай-ақ есірткіні теріс пайдаланумен және телефонмен анонимді консультативтік қызметті дамытумен байланысты әлеуметтік проблемаларды шешуде көмек көрсету мақсаты болып табылатын жасөспірімдер мен жастарға арналған әлеуметтік қызметтерді (Әлеуметтік бюро) жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру нәтижесінде қол жеткізілетін болады. Нашақорлықтың алдын алу бойынша қызметтер көрсету және іс-шараларды іске асыру сапасына «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде есірткіге тәуелді адамдарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі стандарттарды әзірлеуге бастама жасай отырып қол жеткізілуі мүмкін. Сондай-ақ жергілікті деңгейде «Орта жолдағы үй» үлгісі бойынша есірткі тәуелді адамдарды әлеуметтік оңалту және қайта әлеуметтендіру жөніндегі орталықтарды құру және дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуді жалғастыру қажет. Есірткіге тәуелді сотталғандар арасында есірткі патологиясының өскенін ескере отырып, пенитенциарлық және азаматтық мекемелер арасында медициналық-әлеуметтік көмектің сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында біріктірілген медициналық қызметтер мен әлеуметтік қолдау моделін дамыту қажет. Екінші кезеңде (2015 – 2016 жылдары) мына міндеттерді шешу көзделеді: 1) бірінші кезекте іс-шараларды іске асырудың және есірткі ахуалының негізінде белгіленген және бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша түзетілген шараларды қайта қарау; 2) екіншіден, халықаралық сарапшыларды тарта отырып, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кейіннен талдамалық жұмыс негіздеріне оқыту мақсатында талдамалық бөліністердің қызметкерлерін оқытуды және біліктілігін арттыруды жалғастыру есірткі контрабандасының жолын кесу бойынша ішкі және елден тыс жерлерде арнайы іс-шараларды анағұрлым сапалы жүргізуге мүмкіндік береді; 3) үшіншіден, Сот сараптамасы орталығының базасында құрылған есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың деректер банкі есірткінің заңсыз айналымынан алынатын заттардың тізбесін кеңейтуге және оларды әкелуді, транзитін ескертуге мүмкіндік береді. Осы кезеңде, сонымен қатар, есірткіге қарсы заңнаманы және халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жалғастырылатын болады, бұл еліміздің және жалпы Қазақстан халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласында екіжақты және көпжақты келісімдерге қол қоюды жалғастыруға мүмкіндік береді. Бағдарламаны іске асыру үшін қаржылық қаражатпен қатар мемлекеттік билік органдары мен жергілікті атқарушы органдардың, келісім бойынша - бағдарламалық іс-шаралар тізбесінде көрсетілген орындаушылардың материалдық-техникалық, ақпараттық және еңбек ресурстары пайдаланылатын болады. Ақпараттық қолдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми интернет-сайтын, мүдделі министрліктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, КЕҰ-ның сайттарын пайдалана отырып, ішкі істер, ақпарат және мәдениет министрліктерінің жалпы үйлестіруімен жүзеге асырылатын болады. Осы Бағдарламаның негізгі қоғамдық маңызды нәтижелерінің бірі – «адам капиталын» өсіру. Осылайша, осы Бағдарламаның іс-шараларын орындау Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарында көзделген жылдам өзгеретін әлемде тек негізгі қозғаушы күші жастар болып табылатын инновациялық даму әлеуетін тиімді дамытатын және өнімді пайдаланатын мемлекетте ғана стратегиялық басымдық болатыны туралы идеяны іске асыруға мүмкіндік береді. Бағдарламаны іске асыру қоғамдық қатынастарды тұрақтандыратын мемлекеттік есірткіге қарсы саясат саласында сапалы қызметтерді тұтынудың өсуіне әкеледі, бұл маңызды әлеуметтік нәтиже болып табылады. Бағдарламаның экономикалық тиімділігіне, біріншіден, есірткіге тәуелді адамдар санын, бірінші кезекте, жұмыссыз жастардың қатарынан азайту (бюджет шығыстарын қысқарту кезінде қосылған құнның өсуі) есебінен және екіншіден, халықты, оның ішінде инновациялық жобаларды іске асырушы жастарды еңбекпен қамтудың өнімділігін арттыру есебінен қол жеткізіледі. Сондай-ақ, қайталауды жою және түрлі ведомстволардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету есебінен – есірткіге қарсы мемлекеттік саясаттың бюджеттік ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру түрінде экономикалық тиімділік болуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі Бағдарламаны іске асыру жөніндегі қызметті, оны орындауды және түпкілікті нәтижелерді, бөлінетін қаржылық қаражатты ұтымды пайдалануды үйлестіреді және басқа мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша Бағдарламаны іске асыруды басқарудың нысандары мен әдістерін айқындайды. Ішкі істер министрлігі Бағдарламаны әзірлеуші және үйлестіруші мемлекеттік орган ретінде Бағдарламаны іске асыру барысында: 1) Бағдарламаның Іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі қызметті талдауды жүзеге асырады; 2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне заң жобаларын, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі нормативтік құқықтық актілерінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі қажет етілетін Бағдарламаны орындау үшін қажетті басқа да құжаттардың жобаларын енгізеді; 3) өз құзыретінің шегінде Бағдарламаны орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды; бөлінетін қаржылық қаражатты ескере отырып, Бағдарламаны орындау көрсеткіштерін және оның іс-шараларын іске асыруға арналған шығындарды, іске асыру тетігін және орындаушылардың құрамын нақтылайды; 4) Бағдарламаны іске асыру барысын ескере отырып, Бағдарламаның жалпы іске асырылу барысы туралы статистикалық, анықтамалық және талдамалық ақпарат әзірлейді және белгіленген тәртіппен Экономикалық даму және сауда министрлігіне ұсынады; 5) жарты жылдықтар бойынша Бағдарламаның іске асырылу барысы, қол жеткізілген нәтижелер және қаржылық қаражатты пайдаланудың тиімділігі туралы талдауды белгіленген нысан бойынша белгіленген тәртіппен Экономикалық даму және сауда министрлігіне ұсынады; 6) Бағдарламаны іске асыру мерзімін түзету, ұзарту не оның орындалуын тоқтату (қажет болғанда) туралы Қаржы министрлігіне ұсыныстар енгізеді; 7) Бағдарлама аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесіне оны іске асырудың бүкіл кезеңіндегі қаржылық қаражатты пайдаланудың тиімділігін қоса алғанда, Бағдарламаның орындалуы туралы баяндама ұсынады. Бағдарламаны қоса орындаушы мемлекеттік органдар: 1) Бағдарламаны іске асыруға бөлінетін қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді; 2) Бағдарламаның Іс-шаралар жоспарында көрсетілген мерзімдерге сәйкес Бағдарламаның іске асырылуы бойынша есептілік жүргізуді, сондай-ақ оның іс-шараларының мониторингін ұйымдастырады; 3) Бағдарламаның жекелеген іс-шараларын іске асыру барысын сараптамалық тексеруді ұйымдастырады; 4) Бағдарламаның тиісті іс-шаралары бойынша жұмыстарды (қызметтерді) орындаушыларды, өнімді жеткізушілерді конкурстық негізде іріктеуді, мемлекеттік келісім-шарттар не азаматтық-құқықтық шарттар жасасуды жүзеге асырады; 5) Бағдарламаның іске асырылу барысын басқару және бақылау мақсатында ақпараттық технологиялар қолдануды, Бағдарламаның мәтінін, Бағдарламаның іске асырылуын басқару және оның іс-шараларының орындалу барысын бақылау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Бағдарламаны іске асыру барысы мен нәтижелері туралы материалдарды Интернет желісіне орналастыруды ұйымдастырады; 6) мемлекеттік тапсырыс беруші – Бағдарламаның үйлестірушісіне Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру барысы туралы статистикалық, анықтамалық және талдамалық ақпарат ұсынады; 7) қажет болғанда мемлекеттік тапсырыс беруші – Бағдарламаның үйлестірушісіне Бағдарламаны іске асыру мерзімдерін ұзарту туралы не оны тоқтату туралы ұсыныстар жасайды; 8) Бағдарламаның мемлекеттік үйлестірушісі Бағдарлама бойынша жұмыстардың орындалу барысы, қол жеткізілген нәтижелер және қаржылық қаражатты пайдаланудың тиімділігі туралы белгіленген нысан бойынша баяндама ұсынады. Бағдарламаны іске асыру кезінде келісілген әрекеттерді қамтамасыз ету мақсатында республикалық, сондай-ақ аумақтық деңгейлерде мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен құрылатын ведомствоаралық штаб (үйлестіру кеңесі) құрылады және қызметін жүзеге асырады. ведомствоаралық штаб (үйлестіру кеңесі) мынадай функцияларды: өзара іс-қимыл жасау кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді қарауды және оларды шешу бойынша ұсынымдар дайындауды; Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру туралы материалдарды қарауды; нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша келісілген ұсыныстар дайындауды; Бағдарламаның орындалу барысын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, оның іс-шараларын анағұрлым тиімді іске асыру бойынша ұсынымдар дайындауды жүзеге асырады. Республикалық және Астана, Алматы қалаларының, облыстардың жергілікті бюджеттерін нақтылау кезінде шығыстар сомасы өзгеретін болады.

ҚР-да есірткі контрабандасымен күрес.

1. Кеден бақылауындағы шектеулер мен наркотрафигі. 2. Есірткі заттарды тарату мен заңдық бақылаудың шектеулері.

1. Кеден бақылауындағы шектеулер мен наркотрафигі. Кеден органдары кедендік бақылауды кеден одағының кеден заңнамасына және ҚР-ның заңнамасына сәйкес жүргізеді. Кеден органдарының атынан кедендік бақылауды өздерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттеріне сәйкес кедендік бақылауды жүргізуге уәкілетті кеден органдарының лауазымды тұлғалары жүргізеді. Кеден органдарының лауазымды адамдары кедендік бақылауды: 1) кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және (немесе) осы Кодекске сәйкес декларациялауға жататын тауарларға, оның ішінде көлік құралдарына; 2) кеден одағының кеден заңнамасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табыс ету көзделген кедендік декларацияға, тауарлар туралы құжаттар мен мәліметтерге; 3) кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуге, кеден ісі саласында қызметтер көрсетуге байланысты тұлғалардың қызметіне, сондай-ақ жеке кедендік рәсімдер шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтерге; 4) кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өтетін тұлғаларға қатысты жүргізеді. Кедендік бақылау кедендік бақылау аймағында, сондай-ақ тауарлар, көлік құралдары және олар туралы мәліметтері, оның ішінде электрондық нысандағы мәліметтері бар құжаттар орналасқан, кеден органдары белгілейтін басқа да жерлерде жүргізіледі. Мыналар: 1) құжаттар мен мәліметтерді тексеру; 2) ауызша сауалнама; 3) түсіндірмелер алу; 4) кедендік қадағалау; 5) кедендік қарау; 6) кедендік тексеріп қарау; 7) жеке кедендік тексеріп қарау кедендік бақылау нысандары болып табылады. Кеден органдары мәліметтердің дұрыстығын, құжаттардың түпнұсқа екенін және (немесе) олардың толтырылуының және (немесе) ресімделуінің дұрыстығын анықтау мақсатында кедендік операциялар жасау кезінде табыс етілген құжаттар мен мәліметтерді тексереді. Кеден органдарына кедендік операциялар жасау кезінде табыс етілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру оларды басқа дереккөздерден алынған ақпаратпен салыстыру, кедендік статистиканың мәліметтерін талдау, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мәліметтерді өңдеу арқылы, сондай-ақ кеден одағының кеден заңнамасында тыйым салынбаған басқа да тәсілдермен жүзеге асырылады. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органы кедендік құжаттарда қамтылған ақпаратты тексеру мақсатында жазбаша нысанда қосымша құжаттар мен мәліметтерді дәлелді түрде сұратуға құқылы. ҚР ҚК-не сәйкес кедендік операциялар жасау кезінде кеден органдарының лауазымды адамдары жеке тұлғалармен, олардың өкілдерімен, сондай-ақ кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты өкілеттіктері бар ұйымдардың өкілдері болып табылатын адамдармен, көрсетілген тұлғалардың жазбаша нысанда түсініктемелерін ресімдеместен, ауызша сауалнама жүргізуге құқылы. Кеден органдары лауазымды адамдарының тасымалдаушылардан, декларанттардан және кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтері бар өзге де тұлғалардан кеден ісі саласындағы қажетті ақпаратты алуы түсіндірмелер алу болып табылады. Түсіндірмелер Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген жазбаша нысанда ресімделеді. Тұлғаны түсіндірме алу үшін шақыру қажет болған жағдайда кеден органы шақырылатын тұлғаға табыс етілетін жазбаша нысандағы хабарламаны ресімдейді. Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың, соның ішінде кедендік бақылаудағы көлік құралдарының тасымалдануын, олармен жүк және өзге де операциялардың жасалуын жария, мақсатты, жүйелі немесе біржолғы, тікелей немесе жанама түрде көзбен, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып қадағалауы кедендік қадағалау болып табылады. Көлік құралдарын, тауарлардың орамдарын ашпай, тексерілетін объектілер мен олардың бөліктерін бөлшектемей және өзге де тәсілдермен бүтіндігін бұзбай, тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын, жеке адамдардың багажын, сондай-ақ жүк ыдыстарын, кедендік пломбаларды, мөрлерді және өзге де сәйкестендіру құралдарын сырттай көзбен шолып қарау кедендік қарау болып табылады. Кеден органы лауазымды адамдарының тауарларды, оның ішінде халықаралық тасымалдың көлік құралдарын, халықаралық почта жөнелтімдерін, жеке тұлғалардың багажын кедендік қарауы кедендік бақылаудағы тауарлардың сипаты, шығарылған жері, жай-күйі, саны туралы, тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүк тұратын жайларында кедендік пломбалардың, мөрлердің және басқа да салынған сәйкестендіру құралдарының бар екендігі туралы мәліметтерді растауды алу үшін жүзеге асырылады. Кедендік бақылау аймағында декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де адамдар және олардың өкілдері кедендік қарау кезінде қатысуға тілек білдіретін жағдайларды қоспағанда, кедендік тексеру аталған адамдардың қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін. Кедендік қарау қаралатын объектінің ішкі құрылымын көзбен шолуды қамтамасыз ететін және мұндай объектінің физикалық ерекше сипаттамасының болуы туралы өзге де түрде хабар беретін техникалық құралдарды қолдана отырып жүргізілуі мүмкін. Егер мұндай қараудың нәтижелері кедендік мақсаттар үшін пайдаланылатын болса, кеден органдарының лауазымды адамдары қарау нәтижелері бойынша Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген нысан бойынша акт жасайды. Тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның талабы бойынша кеден органының лауазымды адамдары кедендік қараудың жүргізу фактісі туралы акт жасауға, не көліктік (тасымалдау), коммерциялық немесе кедендік құжатта белгі қоюға міндетті. Кедендік қарау жүргізілгені туралы актінің екінші данасы тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамға табыс етіледі. Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың орамдарын немесе көлік құралының жүк тиелетін жайларын не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар бар немесе болуы мүмкін өзге де орындарды салынған кедендік пломбаларын немесе өзге де сәйкестендіру құралдарын бұза отырып ашуға, тексерілетін объектілер мен олардың бөліктерін бөлшектеуге және өзге де тәсілдермен бүтіндігін бұзуға байланысты іс-әрекеттері кедендік тексеріп қарау болып табылады. Кедендік тексеріп қарауды жүргізуге уәкілетті кеден органының лауазымды адамы, мұндай тұлғалар белгілі болса, декларантты немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғаны кедендік тексеріп қараудың жүргізілетін жері және уақыты туралы хабардар етеді.

Декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де адамдар және олардың өкілдері, осы баптың 4-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, өз бастамасы бойынша кедендік тексеріп қарау кезінде қатысуға құқылы. Кедендік тексеріп қарауды жүргізудің басталу уақыты мұндай адамдардың келуінің ақылға қонымды мерзімдерін ескеруге тиіс. 2. Есірткі заттарды тарату мен заңдық бақылаудың шектеулері.

Кеден органы декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар және олардың өкілдері болмаған кезде, мынадай жағдайларда: 1) көрсетілген тұлғалар келмеген не мұндай тұлғалар белгісіз болған кезде; 2) ұлттық (мемлекеттік) қауіпсіздікке, адамның, жануарлардың өмірі мен денсаулығына, эпизоотиялық ахуал туындау қаупі, қоршаған ортаға, ҚР-ң ұлттық мәдени игілігі объектілерін сақтауға қауіп болған кезде және кейінге қалдыруға болмайтын өзге де мән-жайларда, соның ішінде егер тауарлар тез тұтанғыш заттар, жарылғыш қауіпті нәрселер, жарылғыш, уландырғыш, қауіпті химиялық және биологиялық заттар, есірткі құралдары, психотроптық, қатты әсер ететін, улы, уытты, радиоактивті заттар, ядролық материалдар және басқа да ұқсас тауарлар болып табылатын белгілері бар болса, сондай-ақ егер тауарлар жағымсыз иіс шығаратын болса; 3) тауарларды халықаралық почта жөнелтімдерімен жөнелту кезінде; 4) тауарлардың әкетілуін көздейтін кедендік режимді бұза отырып, оларды кеден одағының кедендік аумағында қалдыру кезінде кедендік тексеріп қарауды жүргізуге құқылы. Көрсетілген жағдайларда кедендік тексеріп қарау екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі. Жеке кедендік тексеріп қарау кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның кеден одағының кеден заңнамасын бұза отырып өткізілетін тауарларды өзінде жасырып және ерікті түрде бермей тұр деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, кеден органы басшысының (оны алмастыратын адамның) жазбаша шешімі бойынша жүргізілетін кедендік бақылаудың ерекше нысаны болып табылады. Жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы шешім кеден органы лауазымды адамының баянхатына бұрыштама қою арқылы жазбаша нысанда қабылданады не жеке құжатпен ресімделеді. Жеке кедендік тексеріп қарау басталар алдында кеден органының лауазымды адамы жеке тұлғаға тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімді көрсетуге, жеке тұлғаны мұндай тексеріп қарауды жүргізу кезіндегі құқықтарымен таныстыруға және жасырған тауарларын өз еркімен беру туралы ұсыныс жасауға міндетті. Жеке тұлғаның жеке кедендік тексеріп қарау туралы шешіммен танысу фактісін көрсетілген тұлға мұндай тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімдегі тиісті жазбамен куәландырады. Мұндай әрекеттерді жасаудан бас тартқан жағдайда бұл туралы жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімге осындай тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімді жариялаған кеден органы лауазымды адамының қолымен куәландырылатын белгі қойылады. Жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу кезінде кеден органы лауазымды адамының әрекеті жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтірмеуге, тексеріліп қаралатын тұлғаның денсаулығына заңсыз зиян және мүлкіне залал келтірмеуге тиіс. Жеке кедендік тексеріп қарауды тексеріліп қаралатын адаммен бір жыныстағы кеден органының лауазымды адамдары сол жыныстағы екі куәгердің қатысуымен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін оқшауланған үй-жайда жүргізеді. Бұл үй-жайға басқа жеке тұлғалардың кіруіне және олардың тарапынан жеке кедендік тексеріп қараудың жүргізілуін қадағалау мүмкіндігіне жол берілмеуге тиіс. Тексеріп қаралатын адамның денесін тексеріп зерттеуді, қажет болған жағдайда арнайы медициналық техниканы пайдалана отырып, медицина қызметкері ғана жүргізуге тиіс. Кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз жеке адамды жеке кедендік тексеріп қарау кезінде оның заңды өкілдері (ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары) немесе оны алып жүретін адамдар қатысуға міндетті. Жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілетін нысан бойынша екі дана етіп акті жасалады. Бұл акт жеке кедендік тексеріп қарау барысында не тікелей ол аяқталғаннан кейін жасалуға тиіс. Актіге жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізген кеден органының лауазымды адамы, оған қатысты тексеріп қарау жүргізілген жеке адам не оның заңды өкілі немесе оны алып жүрген адам, куәгерлер, ал тексеріп зерттеу жүргізілген кезде – медициналық қызметкер қолдарын қояды. Өзіне қатысты жеке кедендік тексеріп қарау жүргізілген жеке адамға не оның заңды өкіліне немесе оны алып жүрген адамға жеке кедендік тексеріп қарау туралы актінің екінші данасы ол жасалғаннан кейін дереу табыс етіледі. ҚР заңдары бойынша нашақорлықпен байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық. 1. Нашақорлық үшін қолданыстағы заң негізінде туындайтын қылмыстық жауаптылық. 2. ҚР ҚК бойынша нашақорлықпен байланысты қылмыстар үшін тағайындалатын санкциялар. 3. Жаза түрлері және оларды орындау.