Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Nasha_1179_orly_1179.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
377 Кб
Скачать
☆

3. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны орындауды ұйымдастыру.

      ҚР Қылмыстық кодексінің 41 бабының 1 бөлігіне сәйкес белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттiк қызметте, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында белгiлi бiр лауазымды атқаруға, не белгiлi бiр кәсiптiк немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады.       Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негiзгi түрi ретiнде бiр жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге және жазаның қосымша түрi ретiнде алты айдан үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiленедi.       Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиiспеушiлiгiне қарсы педагогтiң не оларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер заңмен жүктелген өзге де адамның ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының үшiншi бөлiгiнiң д) тармағында және төртiншi бөлiгiнде, 121-бабының үшiншi бөлiгiнiң г) тармағында және төртiншi бөлiгiнде, 122-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде, 124-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген қылмыстарды жасағаны үшiн жазаның қосымша түрi ретiнде белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге белгiленедi.       Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшiн белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негiзгi түрi ретiнде үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге және жазаның қосымша түрi ретiнде бiр жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiленедi.       Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан қосымша жаза ретiнде айыру, егер сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiн және кiнәлi адамның жеке басын ескере отырып, оның белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығының сақталуы мүмкiн емес деп таныса, ол ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлiмiндегi тиiстi бапта көзделмеген жағдайда да тағайындалуы мүмкiн.       Бұл жазаны бас бостандығынан айыруға қосымша жаза ретiнде тағайындау кезiнде ол жазалаудың аталған негiзгi түрлерiн өтеудiң барлық уақытына қолданылады, бiрақ бұл орайда оның мерзiмi олардың өтелген сәтiнен бастап есептеледi. Жазалаудың басқа негiзгi түрлерiне қосымша жаза түрi ретiнде белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалған жағдайда, сондай-ақ шартты түрде сотталған кезде оның мерзiмi үкiм заңды күшiне енген сәттен бастап есептеледi.       Негiзгi жаза ретiнде белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегi, сондай-ақ негiзгi жазаға қосымша ретiнде айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi, сондай-ақ шартты соттау кезiндегi жазаның атқарылуын ұйымдастыруды сотталушының тұрғылықты жерi бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы ҚР-ның ІІМ бекiткен тәртiппен жүзеге асырады.       Бас бостандығынан айыру түрiндегi негiзгi жазаға қосымша ретiнде тағайындалған бұл жазаның атқарылуын ұйымдастыруды негiзгi жазаны атқарушы орган, ал негiзгi жазаны өтеген соң - сотталушының тұрғылықты жерi бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы жүзеге асырады.       Тұратын жерi үш күннен астам уақыт iшiнде анықталмаған сотталған адам жазаны өтеуден жалтарған деп танылады.       Өзiнде жазаның негiзгi түрiн өтеп жүрген, сондай-ақ белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегi қосымша жазаға сотталған адамды мекеменiң (ұйымның) әкiмшiлiгi сотталушының орындауына тыйым салынған жұмыстарға тарта алмайды.       Сотталғандар әскери қызметке шақырылған немесе олар баламалы арнайы мемлекеттiк қызметке кiрген жағдайларда қылмыстық-атқару инспекциялары жергiлiктi әскери басқару органына немесе сотталғандардың тұрғылықты жерi бойынша қызмет өткеру кезiнде сол жазаны атқаруға арналған сот үкiмiнiң көшiрмесiн жiбередi.       Белгiлi бiр лауазымдарда болу құқығынан айыру туралы сот үкiмiнiң талаптары мемлекеттiк мекемелер мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының әкiмшiлiктерi үшiн мiндеттi. Белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкiмiнiң талаптары сотталған адамның жұмыс орнындағы ұйымның әкiмшiлiгi үшiн мiндеттi. 4. ҚР түзеу жұмыстарына тарту жазасының құқықтық ерекшеліктері.

ҚР Қылмыстық кодексінің 43 бабының 1 бөлігіне сәйкес түзеу жұмыстары екi айдан екi жылға дейiн мерзiмге белгiленедi және сотталған адамның жұмыс орны бойынша өтеледi. Осы айтылған анықтамаларды қорытындылай келе, бұл жаза түрінің ең маңызды деген төмендегідей белгілерін атап аламыз:

1. Түзеу жұмыстарына сотталған адамның еңбек ету міндеттілігі;

2. Жазасын өтеп жүрген кезінде сотталған адаммен міндетті түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу;

3.Түзеу жұмыстарын өтеу сотталған адамның белгілі бір мүліктік құқы­ғынан айырумен байланысты болуы тиіс (мемлекет пайдасына табысынан ұстап отыру);

4. Сотталғандардың түзеу жұмыстарын негізгі жұмыс орнында өтеуі.

 Түзеу жұмыстарының құқықтық мәртебесі оның өзінің мағынасынан-ақ көрініп тұр, яғни сотталған адам ерекше бір түзеу жұмыстарын атқаруы тиіс. Сонымен бірге, сотталғандар жұмыс істеп, оған төленетін ақының белгілі бір бөлегі мемлекет пайдасына ұсталып отырады. Егер мемлекет пайдасына сотталған адамның табысының белгілі бір бөлегі аударылмай, түспей жатқан болса, онда жазаның өтелу мерзімі жүріп жатыр деп санауға болмайды, сон­дықтан сотталушы еңбек етуге мәжбүр болады. Сотталушының еңбек ету міндеттілігі жазаның ерекшелігіне тән және ол мәжбүрлеу арқылы жүзеге асырылады.

Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкiмiмен белгiленген мөлшерде, бес проценттен жиырма процентке дейiнгi шекте мемлекеттiң кiрiсiне ұстап қалу жүргiзiледi. Түзеу жұмыстарының мәні еңбек етуге мәжбүрлеу сипаты, сотталған адамның тапқан табысының бір бөлігін мемлекет пайдасына ұстап қалу және жазаның осы түрін атқару кезіндегі кейбір құқықтық шектеулердің қолданы­луы болып табылады. Түзеу жұмыстары белгілі бір мерзімге тағайындалады (екі айдан екі жылға дейін), ал үкім заңды күшіне еніп, қылмыстық-атқару инспекциясына соттың тиісті өкімінің көшірмесі түскен күннен бастап он бес күннен кешіктірілмей атқаруға алынады. Заңның осындай ережелеріне бай­ланысты түзеу жұмыстарына сотталған адам өзінің тұрғылықты жеріндегі қылмыстық-атқару инспекциясына есепке тұруы тиіс.

Түзеу жұмыстарын тікелей өзінің еңбек етуінсіз өтеу мүмкін емес. Міне, сондықтан мұндай жазаны өтеуге тек жұмысқа жарамды адамдар ғана жібе­ріледі. Бұл дегеніміз еңбек түзеу жұмыстары институтының құрылымында материалдық негіз ғана болып қоймай, сотталған адамға тәрбиелік ықпал ететін негізгі құрал болып саналады.

Еңбекке жарамсыз деп танылған, тұрақты жұмысы жоқ немесе оқу орнында өндiрiстен қол үзiп оқитын адамдарға түзеу жұмыстарын тағайындауға болмайды. Мұндай адамдарға, егер осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптың санкциясымен айыппұл түрiнде жаза көзделмеген болса, бiр ай түзеу жұмысы үшiн заңмен белгiленген бiр айлық есептi көрсеткiшке тең айыппұл сомасының есебiнен сот түзеу жұмыстарының орнына айыппұл тағайындауы мүмкiн. Егер аталған мән-жайлар жазаны өтеу кезiнде пайда болса, сот түзеу жұмыстарын айыппұл салумен де ауыстыра алады. Сотталған адамды қоғамдық пайдалы еңбекке тарту қылмыстық жазаның мақсатқа жетуінің құралы болып сана­латынын ескеретін болсақ, жұмыс істеуден бас тарту сотталған адамның құ­қықтық жағдайын нашарлата түседі де осы жерде құқық қорғау органдары тарапынан белгілі бір санкция қолдануға тура келеді. Сотталған адам еңбегі­нің және еңбекке мәжбүрлеп тартудың бірінші айырықша ерекшелігі осымен көрінеді. Ол тек амалыздықты ғана емес, оның еңбегінің мәжбүрлі сипатын да анықтайды. «Түзеу жұмыстары» деген жазаның өзі оны өтеу кезінде сот­талған адамның белгілі бір жұмыс түрін сапалы орындауын талап етуді, өзі­нің объективті қабілетіне қарай еңбектің адамды түзетуде шешуші рөл атқа­ратынын білдіреді. Сотталған адам еңбегінің екінші өзіне тән ерекшелігі осында. Дәл осыған байланысты сотталған адам осы жаза түрін атқарушы органның келісімінсіз өзі қалаған, таңдаған жерінде жұмыс істей алмайды.

Кез келген жаза түрлері сияқты қылмыстық жазаның да белгілі бір мақ­саты болады, өзіндік мәжбүрлеу шарасы бар және ол сотталған адамның құ­қықтары мен бостандықтарынан айырады немесе шектейді. Ол белгілі бір дәрежеде ақылға сыйымды, істеген әрекетіне қарай лайықты, тән азабын шектіруді және сотталған адамның қадір-қасиетін қорлауді мақсат етпеуі тиіс, сондықтан ол жазаны атқарушының ойлағанындай емес, заңға негіздел­ген болуы керек.

Міне, өзінің «жұмсақтығына» қарамастан түзеу жұмыстары да қылмыстық жаза ретінде жоғарыда айтылған мақсаттарды алға қояды.

Түзеу жұмыстары – жазаның жиі қолданылатын түрлерінің бірі. Осыған байланысты, осы жазаның тиімділігі қандай деген сұрақ туындауы мүмкін. Шындығына келгенде, түзеу жұмыстарының тиімділігі туралы айтатын бол­сақ, сотталып шыққандардың енді қайталап қылмыс жасамайтындығына сүйенеміз. Сонымен бірге түзеу жұмыстары жазасының тиімділігі сотталған адамның жазасын өтеп жүрген кездегі және жазасын өтеп шыққаннан кейінгі мінез-құлқымен бағаланады.

Қылмыстық жаза түріндегі түзеу жұмыстары ҚР Қылмыстық кодексінің 39-бабында қарастырылып, оның мазмұны осы ко­декстің 43-бабында анықталған. Бұл бапқа Қаз КСР Қылмыстық кодексіндегі 25-баптағы мазмұнына қарағанда айтарлықтай өзгеріс енгізілген. Жазаның атауы өзгеріп, сотталушының осы жазаны өтеу орны оның жұмыс істеп жүр­ген жері болатындығы белгіленді. ҚР Қылмыстық кодексі осы жаза түрінің мазмұнының өзіне де өзгеріс енгізді.

Заң жыл сайын осы сотталғандарға еңбек демалысын беріп отыруды, сон­дай-ақ осы мәселе бойынша қылмыстық-атқару инспекциясының келісімімен қосымша демалыс беруді де қарастыратын болды. Ал бұрынғы Қазақ КСР Еңбекпен түзеу кодексінде мұндай еңбек демалысына шығару мүлдем көз­делмеген болатын.

ҚР Қылмыстық-атқару кодексі қолданысқа енгі­зілгенге дейін түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу мерзімі сотталған адамның еңбек өтеліміне (стажына) енгізілмеген болатын еді. Бұл мерзім жалпы еңбек өтеліміне соттың арнайы қабылдаған шешімі бойынша және сотталған адамның адал еңбегі мен үлгілі тәртібі ескеріліп қана енгізілетін еді.

Қазіргі кезде түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу мерзімі жалпы не­гізді жалпы еңбек өтеліміне енетін болды. Сонымен бірге заң бұрынғы жұ­мыс орнынан қылмыстық-атқару инспекциясының жазбаша келісімінсіз өз еркі бойынша жұмыстан босатуға тыйым салу түрінде шектеуді қарастырды. Мұндай шектеу сотталған адамның жазасын өтеуден бас тартуын ескерту мақсатындағы заң жүзіндегі әрекет болып саналды, бірақ бұл сонымен бірге сотталушының өзінің қарауынша жұмыс істейтін орын таңдау құқығын елеулі түрде шектейтін жазалау түрі іспеттес болып көрінеді.

Сотталғандардың тапқан табысынан мемлекет пайдасына ұстап қалу сол бұрынғы қалпынша 5-тен 20 пайызға дейін күйінде қалды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 43-бабының 3-бөлігі түзеу жұмыстары тағайындауға болмайтын адамдардың тізімін келтіреді: еңбекке жа­рамсыз деп танылған, тұрақты жұмысы жоқ немесе оқу орнында өндірістен қол үзіп оқитын адамдарға түзеу жұмыстарын тағайындауға болмайды. Де­генмен, бұл жағдай кешкі және сырттай оқитындарға қолданылмайды. Заң сонымен бірге соттардың түзеу жұмыстарын жазаның айып салу түріне ауыс­тыру құқығын қарастырады. Мұндай мүмкіндік түзеу жұмыстарын тағайын­дау туралы үкім шығару кезінде ғана емес, жазаны атқару барысында да жа­салады.

Түзеу жұмыстарына сотталған адам жазасын өтеуден әдейі жалтарған жағ­дайда сот түзеу жұмыстарының өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бос­тандығын шектеу, қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жа­залауға ауыстыра алады.

Сотталушы адам түзеу жұмыстарын өтеуден әдейі жалтарған жағдайда сот оны қылмыстық-атқару инспекциясының берген материалдарына сәйкес жа­за мерзімінің өтелмеген бөлімі бойынша бас бостандығын шектеуге, қамауға алуға немесе бас бостандығынан айыруға ауыстыра алады.

ҚР Жоғары Соты Пленумының 1993 жылғы 24-мау­сымдағы «Соттардың жаза тағайындау кезінде заңдылықты сақтауы туралы» № 3 қаулысың 8-тармағы түзеу жұмыстары жазасынан жалтару және әдейі жалтару ұғымын түсіндіреді.

Түзеу жұмыстарын өтеуден жалтарушы деп қылмыстық-атқару инспекция­сына есепке отырған 15 тәуліктің ішінде орынсыз себептермен жұмысқа кі­ріспеген немесе орынсыз себептермен қылмыстық-атқару инспекциясына есепке тіркелуден жалтарған, қыдырымпаздыққа салынған, жұмысқа алко­гольдік ішімдік ішіп, есірткі қолданып мас болып келген сотталғандар адам­дар танылады. Бас тарту мен жалтару фактілері анықталған жағдайда қыл­мыстық-атқару инспекциясы сотталушының түзеу жұмыстарын жазаның бас­қа түріне ауыстыру туралы жазбаша түрде ескерту жасайды. Түзеу жұмыстары туралы үкім қылмыстық-атқару инспекциясына түскеннен кейін он бес күннен кешіктірілмей орындалады. Түзеу жұмыстары инспекциясы сот үкімінің көшірмесін алып, жұмысқа орналастырылғаннан кейін әрбір түзеу жұмыстарына сотталған есепке алынады, оған жеке іс ашылады, одан кейін инспекция сотқа оның шешімі орындалғаны туралы хабарлама қағаз жібереді. Егер де бас бостандығынан айыру жөніндегі түзеу жұмыстарына өзгертілген болса, онда хабарлама-қағаз сотталғанның жаза өтеген түзеу мекемесіне жіберіледі. Түзеу жұмыстарына сотталғандардың жеке басының есебі - олардың жұмысқа қатысуын, еңбек ақысынан ұстаудың дұрыстығын, заңда көрсетілген негіздерде сотталғанның есептен уақытында шығарылуын бақылап жүру үшін керек. Түзеу жұмыстарына сотталғандар үшін тәжірибеде жеке есептеудің төрт түрі белгіленген: оперативті, алдын алатын, бақылау, іздеу салынған сотталғандардын есебі. Түзеу жұмыстарына сотталған адамдардың жұмыс орнына, инспекция сотталғанның құжатын алғаннан кейін кәсіпорнының, мекеменің, ұйымның, әкімшілігіне үкімнің көшірмесін және белгіленген түрде хабарлама қағаз жібереді. Егер де сотталған бұрынғы жұмыс орнынан шығып кетіп және еш жерде жұмыс жасамайтын болса, бұл жазаны орындататын органдар сотталғанға он бес күн мерзім ішінде жұмысқа кіруге талап қояды, керек болса жұмысқа орналасуына көмек көрсетеді. Қазақстан республикасы Қылмыстық кодексінің 43-бабының 4-бөлігі түзеу жұмыстарына сотталған адам жазасын өтеуден әдейі жалтарған жағдайда сот түзеу жұмыстарының өтелмеген мерзімін бас бостандығын шектеу, қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазалауға ауыстыру мүмкін­дігін береді. Әдейі жалтару деп сотталған адамның жазбаша ескерту жасаған­нан кейін жоғарыда аталған әрекеттерді қайталауы немесе жалғастыруы, не тұрақты тұрғылықты жерінен жасырынып, жүрген жері белгісіз болған жағ­дай танылады.

5. ҚР-да бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаудың құқықтық негіздері.     ҚР Қылмыстық кодексінің 45-ші бабының 1 бөлігіне сәйкес бас бостандығын шектеу соттың сотталған адамға оның бас бостандығын шектейтiн белгiлi бiр мiндеттер жүктеуiнен тұрады және қоғамнан оқшауламай бiр жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге қылмыстық-атқару инспекцияларының қадағалауымен оның тұрғылықты жерi бойынша өтеледi. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары қылмыстық-атқару инспекцияларына бас бостандығын шектеуге сотталған адамдардың еңбекке орналастырылып, тұрмыстық жайластырылуына жәрдемдесуге мiндеттi. Өзге жаза (қоғамдық жұмыстарға немесе түзеу жұмыстарына тарту) бас бостандығын шектеуге ауыстырылған жағдайда, ол бiр жылға жетпейтiн мерзiмге тағайындалуы мүмкiн. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеушiлердi қадағалауды қылмыстық-атқару инспекциясы жүзеге асырады және сотталған адамдарға олардың тұратын жерi мен жұмыс орны бойынша, сондай-ақ жұмыстан бос уақытында байқау мен бақылау жасауды қамтамасыз етедi. Қылмыстық-атқару инспекциясының қадағалауды жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн ұйымдастыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының ІІМ айқындайды.       Бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлiгi бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаға ауыстырылған сотталған адамдар күзетте ұстаудан босатылады және жазасын өтеу орнына мемлекет есебiнен өздерi барады. Түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi сотталған адамға оны есепке қою үшiн қылмыстық-атқару инспекциясына бару бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазаны өтеу орнына бару туралы нұсқама бередi.       Сотталған адам жазасын өтеу орнына белгiленген мерзiмде бармаған кезде қылмыстық-атқару инспекциясы бастапқы iздестiру iс-шараларын жүргiзедi және сотталған адамның орналасқан жерi анықталмаса, сотқа iздестiру жариялау туралы ұсыныс енгiзедi. Еңбек демалысынан немесе демалыс және мереке күндерi демалыс өткiзу орнынан дәлелсiз себептермен дер кезiнде келмеу, қылмыстық-атқару инспекциясы қызметкерлерiнiң заңды талаптарын орындаудан бас тарту, сол сияқты оларды қорлау не оларға қатысты күш қолданамын деп қорқыту, сондай-ақ тұрғылықты жерiнен, жұмыс немесе оқу орындарынан өз бетiнше кетiп қалу бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеуден қасақана жалтару болып табылады.       Тұрғылықты жерiнен, жұмыс немесе оқу орындарынан өз бетiнше кетiп қалған сотталған адамдарға қатысты қылмыстық-атқару инспекциясы бастапқы iздестiру iс-шараларын жүргiзедi және сотқа iздеу жариялау туралы ұсыныс енгiзедi. Бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда Қылмыстық-атқару инспекциясы осы жаза тағайындалған адамдарға қатысты бас бостандығын шектеудi бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы мәселелердi шешу үшiн сотқа материалдарды табыс етедi, сот бас бостандығын шектеудiң өтелмеген мерзiмiн нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен ауыстыра алады. Бұл ретте бас бостандығын шектеудi өтеу уақыты бас бостандығын шектеудiң бiр күнi үшiн бас бостандығынан айырудың бiр күнi есебiнен бас бостандығынан айыру мерзiмiне есептеледi. Жазаны өтеуден қасақана жалтарушы сотталған адамды iшкi iстер органы жалтару себептерiн анықтау үшiн соттың санкциясымен он тәулiкке дейiнгi мерзiмге ұстауы мүмкiн. Қажет болған жағдайда iшкi iстер органы ұсталған адамды жазаны өтеу орнына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар үшiн белгiленген тәртiппен жiбередi және жазаны өтеуден қасақана жалтарғаны туралы деректер болған жағдайда, қылмыстық-атқару инспекциясы сотталған адамның бас бостандығын шектеудiң өтелмеген мерзiмiн бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселенi шешу үшiн материалдарды сотталған адамның ұсталған жерi бойынша сотқа бередi.       Бас бостандығын шектеу 1)ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталғандығы бар адамдарға, 2)әскери қызметшiлерге, 3)тұрақты тұратын жерi жоқ адамдарға қолданылмайды.       Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаның мерзiмi қылмыстық-атқару инспекциясының үкiмдi орындауға қабылдаған кезiнен бастап есептеледi. Сотталған адамның жұмыста немесе тұрғылықты жерiнде бiр тәулiктен артық өз бетiмен болмаған уақыты жаза мерзiмiне есептелмейдi. Сот бас бостандығын шектеу түрiнде жаза тағайындай отырып, қадағалайды және сотталған адамға: 1. қылмыстық-атқару инспекцияларының ҚР ІІМ-нiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен

бекiтiлген жазаны өтеудiң тәртiбi мен шарттарынан туындайтын талаптарды орындауға; 2. қылмыстық-атқару инспекцияларына хабарламай тұрақты тұратын, жұмыс iстейтiн және оқитын жерiн өзгертпеу; 3. оқудан және жұмыстан бос уақытта тұрғылықты жерiнен кетпеу: 4. мамандандырылған органның рұқсатынсыз белгiлi бiр жерлерге бармау; 5. басқа да жерлерге бармау; 6. қылмыстық-атқару инспекциясы белгiлеген мерзiмде тiркелу және тәрбиелiк iс-шаралар өткiзуге қатысу үшiн қылмыстық-атқару инспекциясына келуге; 7. жұмыс немесе оқу кестесiнiң өзгеруi туралы қылмыстық-атқару инспекциясын жиырма

төрт сағат iшiнде хабардар етуге; 8. жеке басын куәландыратын құжатты өзiмен бiрге алып жүру мiндеттерiн жүктейді. Сот, бас бостандығын шектеуге сотталған адамға оның түзелуiне ықпал ететiн басқа да мiндеттердi орындауды: алкогольге салынудан, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулардан емделу курсынан өтудi, отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыруды жүктей алады.       Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу кезеңiнде сот сотталған адамның мiнез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша сотталған адамға бұрын белгiленген мiндеттердiң күшiн толық немесе iшiнара жоя алады.       Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдар еңбек етуге міндетті және олардың еңбегi, ҚР Қылмыстық кодекспен белгiленген ережелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi.       Сотталған адамды басқа жұмысқа, оның iшiнде басқа жерге ауыстыру қылмыстық-атқару инспекциясының келiсiмiмен жүзеге асырылады.       Қылмыстық-атқару инспекциясы бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеушi адамдармен тәрбие жұмысын жүргiзедi. Сотталған адамдардың тәрбиелiк сипатта жүргiзiлетiн iс-шараларға белсендi қатысуы көтермеленедi және түзелу деңгейiн анықтаған кезде ескерiледi. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жаза тағайындалған адамдарға көтермелеу және жазалау шаралары қолданылуы мүмкін, олар жазбаша түрде қолданылады.

Есірткі заттардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстардың құрамына талдау жасау.

1. Есірткі заттардың заңсыз айналымының түсінігі. 2. Заңсыз есірткі айналымының қылмыс құрамдары. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу (259-бап). Қылмыстың заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар. Есірткі заттар-адамның психикасына әсер ететін, одан әрі организмді бүлдіретін синтетикалық немесе табиғи тектес заттардың жиынтығы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы № 186 қаулысымен бекітілген тізіміне медициналық мақсатқа пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың 72 атауы көрсетілген. Бұларға гашиш, наша, героин, кокаин, каннабис, апиын ж.т.б. заттар жатады. Жүйкеге әсер ететін (психотроптық) заттар-адамның психикалық функциясына әсер ететін қауіпті заттар. Тізімі бойынша мұндай заттардың 38 атауы берілген. Оларға аминорекс, месхалин, метамфетамин, псилоцин т.б. жатады. Қылмыс объективтік жағынан көрсетілген заттарды заңсыз алғаны немесе дайындағаны арқылы сипатталады. Жоғарғы Соттың осы қаулысының 3 тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген заттарды сатып алу, басқа тауарға немесе затқа айырбастап алу, қарыздың орнына беру, қарызға немесе сыйға алу, тауып алғанды иелену, құрамында есірткі бар жабайы өсімдіктерді немесе олардың бөлігін жинау, осындай өсімдіктердің күзетілмейтін егістік алқабындағы жинау жұмысы біткеннен кейінгі қалдығын (масағын) жинап алуды т.б. заңсыз иемденіп алу деп түсіну керек. Кінәлының арнайы рұқсатсыз көрсетілген заттарды өзінен жасырын жерден, үй-жайдан, көлік құралынан, басқа да орындардан тауып алумен байланысты кез келген қасақана әрекет, заңсыз сақтау болып табылады. Есірткі, психотроптық заттарды оларды дайындауға пайдаланылатын аспаптар немесе құралдарды, сонымен қатар прекурсорларды көлік құралдарын пайдалану арқылы немесе басқа да әр түрлі тәсілдермен арнайы рұқсатсыз орнынан ауыстыру үшін жасалған кез келген қасақана әрекеттерді, осы заттарды заңсыз тасымалдау деп түсіну керек. Бұл әрекеттерді есірткі, психотроптық затты, аспаптарды, құралдарды, прекурсорларды заңсыз иесі ғана емес, оның тапсырмасы бойынша басқа адамда тасымалдауы мүмкін. Мұндай ретте көрсетілген заттарды заңсыз тасымалдауды басқаларға тапсырған тұлға осы қылмыстың ұйымдастырушысы болып табылады. Егер есірткі, психотроптық заттың, аспаптардың, құралдардың, прекурсорлардың заңсыз иесі-өзіне тапсырылған жүктің сипатын анық білмейтін адамдар арқылы көрсетілген заттарды, аспаптарды, құралдарды тасымалдауды жүзеге асырса, онда ол қылмыстың ұйымдастырушысы емес, тікелей орындаушысы ретінде жауапқа тартылады. Осы көрсетілген әрекеттер (иемденіп алу, тасымалдау немесе сақтау) заңсыз болуы қажет. Яғни мұндай әрекеттер құзыретті органдардың немесе лауазымды адамдардың тиісті рұқсатынсыз жасалуы тиіс. Заңсыз сақталуға немесе айналымға шығарылған есірткі құралдарын, психотроптық заттарды шағын, ірі және өте ірі мөлшерлерге жатқызу үшін жиынтық кестеге жүгіну қажет. Жиынтық кестеге сәйкес көрсетілген заттар ірі мөлшерге жатпаса, онда іс-әрекетте көрсетілген қылмыс құрамы болмайды. Қылмыс құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады. Сол себепті ол заңда көрсетілген әрекеттердің бірін істеген уақыттан бастап аяқталған болып табылады. Субъективтік жағынан қылмыс тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз алғанын және сақтағанын сезеді және сондай әрекет істеуді тілейді. Қылмыстың субъектісі 16-ға толған, есі дұрыс кез келген адам.