Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Nasha_1179_orly_1179.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
377 Кб
Скачать
☆

Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (264-бап)

Қылмыстың негізгі тікелей объектісі-халықтың денсаулығы, ал қосымша тікелей объектісі-адамгершілік. Қылмыстың заты-заңда көрсетілгендегідей есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынатын притондар болып табылады. Притон деп есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды қолдануға жүйелі түрде берілетін тұрғын үй (жеке үй, пәтер) немесе тұруға болмайтын үйлерді (кафе, ресторан, клуб, дискотека, сарай, монша ж.т.б.) жатады. Қылмыстың объективтік жағы екі әрекеттен тұрады-притондар ұйымдастыру немесе ұстау. Притондар ұйымдастыру деп оларды құруға арналған әрекеттерді (іздеу, жалдау, үйлерді және жиһаздарды осыған сай етіп жабдықтау, шприцтерді, наркотик заттарды әзірлеу, т.с.с.), ал үй болған жағдайда есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды қолдануға ниеті бар адамдарды соған тарту, олардың құпиялылығын қамтамасыз ету т.с.с. әрекеттерді айтамыз. Притонды ұстау оның жүйелі қызметін қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерден тұрады (оны материалдық жағынан қамтамасыз ету, күзету, жөндеу, клиенттерге қызмет көрсету, қолдану үшін құралдар мен жабдықтарды табу, т.с.с.) Қылмыс формальдық құрамға жатады. Сондықтанда ол притондар ұйымдастыру немесе ұстау әрекеттерінің бірін орындаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналық арқылы сипатталады. Кінәлы адам есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастырғанын және ұстағанын сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді. Қылмыстың субъективтік жағының міндетті белгісі-арнаулы мақсат-наркотикалық заттарды және жүйкеге әсер ететін заттарды тұтындауды қамтамасыз ету болып табылады. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған кез келген адам.

Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін, немесе улы заттарды ұстау ережелерін бұзу (265-бап)

Осы қылмыстың тікелей объектісі және заты Қылмыстық Кодекстің 259-бабындағы қылмыс құрамына ұқсас. Объективтік жағынан көрсетілген қылмыс құрамы есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды өндіру, жасау, ұқсату, алу, сақтау,есепке алу, босату, тасымалдау, әкелу, әкету және жөнелту не жою ережелерін бұзу арқылы сипатталады. Қылмыс құрамының диспозициясы бланкеттік. Қажет болған жағдайда ережені бұзу фактісін анықтау сараптама жасау арқылы айқындалады. Қылмыс құрамы формальдық, заңда көрсетілген заттармен айналысу ережесін бұзған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп саналады. Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен (тікелей немесе жанама) істеледі. Қылмыстың субъектісі-өздеріне ұқсас жұмыс немесе қызмет бабы бойынша тиісті ережелерді сақтау міндеті жүктелген лауазымды немесе лауазымды емес адамдар болып табылады. Лауазымды адам есірткі, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды ұстау ережелерін бұзумен бірге қызмет мүддесіне қарсы қылмыс жасаса (пара алу, қызмет өкілдігін теріс пайдалану, заңсыз сыйлық алу т.б.), онда оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 265-бабымен және лауазымдық қылмыстары үшін басқа баптардың жиынтығы бойынша сараланады.

Есірткі заттар мен психотроптық заттар контрабандасы үшін жауаптылық жөніндегі қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері. 1. Есірткі заттар мен психотроптық заттар контрабандасы үшін жауаптылық көздейтін қылмыстық заңнаманы жетілдіру. 2. Есірткі заттар мен психотроптық заттар контрабандасымен күрестің ұйымдастырушылық шаралары.

2. Есірткі заттар мен психотроптық заттар контрабандасымен күрестің ұйымдастырушылық шаралары. Бастапқы профилактика. Нашақорлық психикалық белсенді заттарды теріс пайдаланудың алдын алуды ұйымдастыруда шешуші және белсенді әрекеттердің өткір қажеттілігін тудыратын біздің қоғамымыздың ең маңызды проблемаларының бірі болып табылады. Профилактиканың үш деңгейі бар: бастапқы, екінші және үшінші. Есірткіге тәуелділіктің бастапқы профилактикасының мақсаты бұрын есірткі тұтынбаған адамдардың оны тұтынуды бастауының алдын алу болып табылады. Ол көбіне әлеуметтік, анағұрлым бұқаралық болып табылады, балалардың, жасөспірімдердің, жастардың жалпы популяциясына бағытталады, күш-жігер аурудың дамуын ескертуге ғана емес, денсаулықты сақтау не нығайту қабілеттерін қалыптастыруға бағытталады. Психикалық белсенді заттарды теріс пайдаланудың және нашақорлық профилактикасының мемлекеттік жүйесі қалыптасуының осы кезеңінде алдын алу қызметінің мақсаттары: 1) балалар мен жастардың есірткіге құндылық ретіндегі көзқарасын өзгерту, бала-жастар популяциясында психикалық белсенді заттарға сұранысты төмендетуге негізделген өз мінез-құлқы үшін жеке жауапкершілікті қалыптастыру; 2) салауатты өмір салтын насихаттау есебінен есірткі құралдарын қабылдауға балалар мен жастарды еліктіруді тежеу, білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен бірлесіп жүзеге асырылатын есірткіге қарсы ұстанымдар мен алдын алу жұмысын қалыптастыру болып табылады. Профилактика есірткі тұтынуды және балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың өсуін ертерек ескертуді көздейді және оның ортасында кәмелетке толмағанның жеке тұлғасы және онымен байланысты шағын әлеуметтік ортаны қоса алғанда, оның тіршілік әрекеті іске асырылатын үш негізгі сала – отбасы, білім беру мекемесі және бос уақыты болатынына негізделген. Барлық сәттерді ескерсек, тежеу стратегиясы анағұрлым барабар профилактика болып табылады. Бүгінгі күні есірткіні тұтынуды толықтай ескерту және нашақорлықтан арылу туралы мәселе мүлде шынайы емес. Бұған дейін іске асырылған 2009 – 2011 жылдарға арналған Бағдарламаның шеңберінде жастар мен үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік органдардың есірткіге қарсы қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыс жалғастырылған болатын. Бастапқы профилактикалық бағытта: 1) 2011 жылдың 12 айында профилактикалық сипатта 8224 іс-шара өткізілді (2010 жылы – 6,6 мың, 2009 жылы – 9,1 мың). Оның ішінде 558 акция (25,4% өсті, 2010 жылы - 416), 511 семинар (40,7% өсті, 2010 жылы - 303), 5840 дәріс пен кездесу (24,0% өсті, 2010 жылы - 4437), 548 дөңгелек үстел (26,5% өсті, 2010 жылы - 403), 767 спорттық жарыс пен турнир (25,5% өсті, 2010 жылы - 571); 2) ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін шаралар қабылданады. Денсаулық сақтау және білім беру органдарымен өзара іс-қимыл жасаса отырып, 4765 іс-шара өткізілді (22,0% өсті), мектептегі полиция инспекторларымен – 5200 (+34,8%), өңірлік комиссиялардың қызметі шеңберінде – 4661 (15,0% өсті), үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп – 1701 (23,1% өсті), ЖОО-да – 1782 (15,3% өсті), жүргізілген іс-шаралармен халықты жалпы қамту 463,9 мыңнан астам (42,7% өсті) адамды құрады. Есірткіге қарсы бағытта 8,1 мыңнан астам (5,0% өсті) материал жарияланды, оның ішінде баспасөзде – 2686 (3,1% өсті), телевидениеде – 2978 (9,6% өсті), радиода – 1518 (6,3% өсті), ақпараттық агенттіктерде – 1250 (5,4% өсті); 3) 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламаның іс-шаралар жоспарын іске асыру кезеңінде, жалпы алғанда 1 млн. астам адамды қамти отырып, жастар арасында нашақорлықтың бастапқы профилактикасына бағытталған 23 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды. Денсаулық сақтау министрлігі Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп: 1) Павлодар, Тараз, Қарағанды қалаларында орта білім беретін оқу орындарының педагогтары, психологтары үшін «Орта білім беретін мектеп оқушыларында психикалық белсенді заттарға тәуелділіктің қалыптасу және даму тәуекелдерін ерте анықтау тәсілі» семинар-тренингтері өткізілді. Жетпіс төрт мектепте психикалық белсенді заттарға тәуелділікке тарту тәуекелдерін психологиялық тестілеу бойынша компьютерлік жүйелер орнатылды, үлестіру материалдары ұсынылды, онда наркологиялық бейін бойынша «тәуекел топтарымен» психикалық түзеу жұмысының ең үздік практикалары жинақталған; 2) дене шынықтыру және спорт арқылы есірткі тұтынудың алдын алу бойынша жүйелі шаралар қабылданады, оқу орындарында «Спорт есірткіге қарсы», «Туризм есірткіге қарсы» девиздерімен іс-шаралар жүйелі негізде өткізіледі. Туризм және спорт министрлігінің деректері бойынша балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі уақытта республикада шамамен 29 мың спорттық секция, 7133 спорт залы, 31266 спорт кешені, 251 стадион, 423 хоккей корты жұмыс істейді. Коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдардың (бұдан әрі – КЕҰ) қолдауы бойынша іс-шаралар өткізілді, «Нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу» жобасы іске асырылды, оның шеңберінде Қазақстанда және ТМД елдерінде бейінді КЕҰ бойынша мекенжайлары, байланыс телефондары мен сенім телефондары енгізілген деректер базасы құрылды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және нашақорлықтың алдын алу саласында отандық және шетелдік тәжірибеге талдау жүргізілді, оның негізінде әдістемелік ұсынымдар дайындалды. Мектептегі және отбасылық есірткіге қарсы бейнетекалар, қағаз және магнитті тасылмалдағыштарда есірткіге қарсы мектеп кітапханасы құрылды, «Тиімді отбасының өзіндік оқу құралы» мен «Тиімді ата-ананың өзіндік оқу құралы» дайындалды. Осылайша, бұрын іске асырылған Бағдарламаның шеңберінде қабылданған шаралар белгілі бір нәтижелер берді, олар елдегі есірткі ахуалын жақсартуға мүмкіндік берді. Бұл ретте есірткіге тәуелділіктің алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуді жалғастыру қажет, себебі бұл проблема сыртқы факторлардың ықпалына байланысты ұдайы туындайтын әлеуметтік сипатқа ие. Есірткіні теріс пайдаланудың жағымсыз бағытталған профилактикасы, яғни дәстүрлі проблемалық бағытталған тәсіл, есірткі қабылдаудың теріс зардаптарына баса назар аудару қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етпейтінін атап өту қажет. Спецификалық проблемалық бағытталған әсерлердің қажет екені сөзсіз, бірақ жеткіліксіз. Есірткіні теріс пайдалануды ескерту проблемасын тек олардың негізінде шешу мүмкін емес, себебі психикалық және жеке тұлғаның теріс бейімделуін тудыратын және балалар мен жастардың қайта-қайта есірткі тұтыну ниетін оятатын себептер жойылмайды. Сондықтан патологияға, проблемаға және оның зардаптарына емес, проблемалардың туындауынан қорғайтын денсаулық әлеуеті – психика мен жеке тұлғаның ресурстарын игеруге және ашуға, жас адамды қолдауға және оған өзінің өмірлік мақсатын өзі іске асыруда көмек көрсетуге бағытталатын оң профилактика жүйесін құруды бастапқы профилактиканың негізгі басымдығы ретінде қарастырған жөн. Оң бағытталған бастапқы профилактиканың айқын мақсаты өз психологиялық қиыншылықтары мен өмірлік проблемаларын дербес жеңуге қабілетті, есірткіні қабылдауға мұқтаж емес, психикалық жағынан сау, жеке басы дамыған адамды тәрбиелеуден тұрады. Қазіргі уақытта өңірлік деңгейде жүргізіліп жатқан есірткіге қарсы профилактикалық іс-шаралар бірыңғай жүйені құрамайды. Кейбір өңірлерде өңірлік мақсатты бағдарламаларды қабылдау қисынсыз ұзаққа созылды, нашақорлықтың таратылуына қарсы күрестің нысаналы қорлары қалыптастырылмайды, бұл бөлінген бюджет қаражаттарының жетіспеушілігін өтеуге мүмкіндік бермейді. Өңірлік бағдарламаларда есірткіге қарсы ағарту жұмысына жеткілікті көңіл бөлінбейді. Ол ақпараттық тәсілге негізделген тиімділігі аз әдістермен (дәріс оқу) жүргізіледі. Балалармен және жасөспірімдермен есірткіге қарсы жұмысқа отбасылар, тұрғылықты жері бойынша қоғамдық ұйымдар жеткілікті дәрежеде белсенді тартылмайды. Осы жағдайларда психологтардың, педагогтардың, психиатр-наркологтардың, әлеуметтік қызметтер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ведомствоаралық және пәнаралық өзара іс-қимыл жасасуына негізделген психикалық белсенді заттарды теріс пайдаланудың белсенді бастапқы профилактикасының республикалық және өңірлік деңгейлерде шынайы жұмыс істейтін жүйесін құру міндеті анағұрлым өзекті болады. Бастапқы профилактика жүйесінің алғашқы, базалық қағидаттары мынадай ережелер болуы тиіс: 1) есірткі, психикалық белсенді заттардан тәуелділікті емдеуден гөрі оның алдын алу оңай; 2) наркологиялық ахуал жағдайларында кәмелетке толмағандарды есірткіні тұтынуға арандататын агрессивті ортаға қарсы тұрудың өмірлік дағдыларына үйретуге мақсатты бағытталған назар аударған жөн; 3) мақсатты әсер ету кешенді болуы және жеке, отбасылық және әлеуметтік (мектеп, қоғам) деңгейлерде жүзеге асырылуы тиіс. Екінші профилактика. Көптеген оқиғаларда есірткіні тұтынуға жаңа адамдарды тартуды ескерту жеткіліксіз екенін, екінші профилактиканы қолдану қажеттілігі туындайтынын атап өту қажет. Есірткіге тәуелділіктің екінші профилактикасы таңдаулы болып табылады, есірткіні тұтынып көрген адамдарға не оның бастапқы сатысында есірткіге тәуелділіктің қалыптасу белгілері бар адамдарға бағытталған. Екінші профилактикалық әсер етуге қажеттілік ауру туындауы (тәуекел тобына арналған профилактика) мүмкін не ол туындаған, бірақ өзінің даму шегіне жетпеген жағдайларда пайда болады. Профилактикалық қызметтің мақсаты есірткіні тұтынуға жаңа адамдарды тартуды ескерту ғана емес, есірткі тұтынушыларды ерте анықтау, есірткінің субмәдениетіне тартылып қойған адамдардың жалпы санын төмендету болып табылады. Бұл салада пәрменді құрал әкімшілік практика болып табылады. Алдын алу, оның ішінде есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты бағыттағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу халық арасындағы нашақорлықтың алдын алу саласында құқық қорғау органдарының алдында тұрған басым міндеттердің бірі болып табылады. 2011 жылы ішкі істер органдары есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты 5161 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 3,5% көп - 4988 адам. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдар санының өсуі бойынша жастар бірінші орында, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26,8% көп. Статистикалық деректерге сәйкес Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының ӘҚБтК) «Жабайы өскен сораны жоюға шара қолданбау» деген 318-бабында, «Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйінде көлік құралын жүргізуі, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйдегі адамға беру» деген 467-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 1558 адам жауапқа тартылды. Олардың ішінде 1063 адамға қамау түрінде, 898 адамға арнайы құқықтан айыру түрінде, 729 адамға айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Салынған айыппұл сомасы 8 511 883 теңгені (2010 жылдың ұқсас кезеңінде 4 304 105 теңге, өндіріп алынғаны 3 976 713 (2009 жылы - 2 372 464 теңге) құрады. Өндіріліп алынбаған айыппұл сомасы 4 535 170 теңгені немесе 53,3% құрайды. Есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтарды олардың жасалған жері бойынша анықтауды талдаудың уақтылы алдын алу шараларын қабылдау үшін зор маңызы бар екенін атап өткен жөн. Алайда, құқық қорғау органдарының өткен кезеңдегі жұмысын талдай отырып, әкімшілік заңнаманың тиісті түрде қолданылмағанын атап өтуге болады. Мәселен, статистикалық деректерге сәйкес 2009 жылы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 259-бабында көзделген қылмыстар туралы 6198 арыз бен хабарлама бойынша, 2010 жылы - 5225, 2011 жылы 4778 факт бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды, бұл бас тарту материалдары санының көбейгені, құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің қылмыстық іс қозғау үшін ұсынатын материалдарының сапасы төмендегені туралы айтуға мүмкіндік береді. Мұның себептері есірткіні алу фактілерін бекіту тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзу және әкімшілік істерді уақтылы ресімдемеу болып табылады, осының нәтижесінде кінәлі адамдар жазаланбай қалады. Әкімшілік заңнаманы тиісінше қолданбау құқық қорғау органдарының қызметкерлерінде жұмыс тәжірибесі аз болуының, практикалық жұмыс дағдылары жоқтығының салдары болып табылады. Ал жүргізілген реформаға сәйкес әкімшілік практика есірткі құралдарын, психотроптық заттарды заңсыз таратуды және тұтынуды ескерту және жолын кесу жөніндегі профилактикалық жұмыста негізгі құрал болып табылады. Осылайша қабылданып жатқан шаралар проблемаларды толық шешкен жоқ, бұл екінші профилактика бойынша шараларды күшейтуді қажет етеді. Қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған және 2011 жылғы 18 қаңтарда қол қойылған заңның шеңберінде Қылмыстық кодекстің 259-бабының 1-бөлігі декриминализацияланды, онда өткізу мақсатынсыз есірткіні ірі көлемде заңсыз сақтағаны үшін жауапкершілік көзделген. Бұл есірткіге тәуелді адамдарға репрессивтік қысымды төмендету мақсатында жасалған. Есірткінің заңсыз айналымын ескертуде және жолын кесуде, осы құбылыстың таралуына ықпал ететін себептер мен шарттарды жоюда әкімшілік-құқықтық құралдардың маңызды рөлі бар. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейту қажеттілігі осы күресте пайдаланылатын әкімшілік-құқықтық құралдарды жетілдіруді қажет етеді. Жетілдіру мынадай бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс: 1) әкімшілік-құқықтық құралдарды белгілеуде заңнаманың рөлін арттыру; 2) қолда бар арсеналды толықтыратын жаңа, анағұрлым тиімді құралдарды енгізу арқылы есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестің әкімшілік құралдарының анағұрлым тиімді жүйесін құру. Үшінші профилактика. Есірткіге тәуелділіктің үшінші профилактикасы негізінен медициналық, жеке тұлғалық болып табылады және есірткіге тәуелді науқастар контингентіне бағытталған. Үшінші профилактика науқастардың есірткіні одан әрі теріс пайдалануын ескертуге не оларды қолданудан болатын болашақ зиянды азайтуға, науқастардың тәуелділікті жеңіп шығуына көмек көрсетуге, есірткі тұтынуды тоқтатқан науқастарда аурудың қайталануын ескертуге бағытталған. Шын мәнінде нашақорлықтың үшінші профилактикасы – бұл медициналық, психологиялық-әлеуметтік және рухани оңалту. Нашақорлықтың үшінші профилактикасы бойынша барлық жұмыс функциялық жүйеге құрылуы тиіс, ол біріншіден нашақорлықты био-психо-әлеуметтік-рухани табиғаты бар ауру ретінде қабылдайды және екіншіден, мұқтаж азаматтарға көмекті функциялық «тізбе» нысанында қамтамасыз етеді, ол: 1) алғашқы ақпараттық-консультативтік көмектен; 2) алғашқы медициналық, психологиялық, әлеуметтік диагностикадан; 3) медициналық наркологиялық көмектен; 4) психологиялық-әлеуметтік және рухани оңалтудан; 5) психологиялық-әлеуметтік және рухани сүймелдеуден, қолдаудан және көмектен тұрады. Мақсатқа жету мынадай негізгі міндеттерді шешумен жүзеге асырылады: 1) есірткіні медициналық емес тұтынудың таралуын төмендету; 2) есірткіні медициналық емес тұтынудың таралуына ықпал ететін себептер мен шарттарды уақтылы анықтау және оларды тиімді жою бойынша кешенді іс-шараларды ұйымдастыру;

3) есірткіні заңсыз тұтынушыларда және оларды тұтынуға бейім адамдарда олардың емделу және оңалу ниеттерін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; 4) жоғары тәуекел топтарымен нашақорлықтың алдын алуды ұйымдастыру және өткізу; 5) әр түрлі типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру шеңберінде есірткіге қарсы тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру. Балалар, жасөспірімдер, жастар арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алудың әртүрлі бағдарламаларын әзірлеу және сынақтан өткізу АҚШ-та, Австралияда, Батыс Еуропада, ал соңғы жылдары Қазақстанда да барған сайын өзекті ғылыми бағыт болып отыр. Алайда тиімді профилактикалық стратегияларды құру үлкен қиындықтармен өтуде. Қолданыстағы профилактикалық бағдарламаларға шолулардың көптеген авторлары оларды енгізу оптимистік болып табылмайды деген қорытындыға келеді. Бұл бірнеше себептермен: теориялық қатаң негізделген модельдердің жетіспеушілігімен; сынақтан өткен техникалардың жеткілікті санының жоқтығымен; ықпал ету мәнінің (объектінің) дәл анықталмаумен және т.б. түсіндіріледі. Қазіргі уақытта үшінші профилактикалық бағытта есірткіге тәуелділерді диагностикалаудың, емдеудің, оңалтудың бірқатар клиникалық хаттамалары (стандарттары), сондай-ақ наркологиялық көмек пен наркологиялық қызметтер ассортиментінің сан алуан бағдарламалары әзірленді. Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша 2011 жылғы 1 шілдеге медициналық-санитарлық оңалтудың стационарлық бөлімшелері Алматы облысынан басқа еліміздің барлық өңірлерінде бар. Наркологиялық көмекті ұйымдастырудың жаңартылған стандарты бекітілді, стационар жағдайында да, амбулаториялық жағдайларда да МӘО жүргізуді регламенттейтін нормативтік құқықтық акт әзірленіп, қабылданды. Үшінші профилактикалық бағытта «нашақор» диагнозы бар адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалтуға және әлеуметтік қызметтердің тиісті ассортиментін көрсетуге бағытталған бағдарламалар әзірленді. Нашақорлық пен уытқұмарлықтан емдеуден 2006 жылы 9816 адам (немесе тіркелген есірткі тұтынушылардың жалпы санынан 18,4 %), 2007 жылы 9728 (17,6 %), 2008 жылы 8360 (немесе 15,3 %), 2009 жылы 6737 (немесе 12,4 %), 2010 жылы 5326 (немесе 10,7 %) өткен. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – НМӘП РҒПО) Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен бірлесіп, апиындарға тәуелді, сондай-ақ пенитинциарлық мекемелерде 6 айдан 24 айға дейінгі мерзімде емдеу жағдайларында психикалық белсенді заттарды үйлестіріп пайдалануға тәуелді адамдарға мамандандырылған медициналық көмектің бірқатар хаттамаларын әзірлеп, бекітті. НМӘП РҒПО қызметкерлері екінші профилактика, үшінші профилактика, рецидивке қарсы және қолдау терапиясы кезеңдерінде мотивациялық ақпараттандыру және наркологоиялық консультациялау тақырыбы бойынша бейнеқұралдар әзірледі. Профилактиканы нақты іске асыру белсенді профилактика мен оңалтудың кешенді бағдарламасы шеңберінде ғана мүмкін болады. Осы бағдарлама тек «тәуекел топтарымен» жұмыс істеуге және оңалту бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп қана қоймай, терапия және оңалту курсынан өткен адамдармен жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар белсенді профилактика мен оңалту бағдарламасы кешенді тәсілді және ауырғандарды белсенді анықтауды, сондай-ақ оңалту үдерісін динамикалық бақылауды қамтамасыз етеді, бұл профилактикалық бағдарламалардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Есірткіні тұтыну профилактикасының мақсаты есірткіні медициналық емес тұтыну ауқымын қысқарту, есірткі тұтынуға теріс қарым-қатынасты қалыптастыру және оған сұранысты айтарлықтай төмендету болып табылады. Осыған байланысты тиісті проблемаларды шешуге жасөспірімдер мен жастарды тарту емес, есірткіге сұранысты төмендетуге баса назар аудара отырып, нашақорлық профилактикасының жүйесін одан әрі құру қажет, өйткені соңғы жағдайда араласуды қажет ететін фокустық топ іс-шаралармен қамтудан тыс қалады. Сонымен қатар орын алған проблемалар мен олардың өзектілігі нашақорлықтың алдын алуды және есірткі мен оның прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұтымды және қолданыстағы шаралар жүйесін одан әрі іске асыру қажет екенін көрсетуге мүмкіндік береді, министрліктер мен ведомстволардың анағұрлым белсенді ұстанымдарын қажет етеді. Осы кешеннің барлығы профилактика, есіртікіге тәуелді адамдарды ерте анықтау, медициналық және әлеуметтік оңалту жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыруға әкеледі. Қазақстанда ағымдағы есірткі ахуалына жүргізілген талдау осы саланы дамытудың күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктер мен сала үшін қатерлерді анықтауға мүмкіндік берді.

Есірткі заттардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстарды саралау мәселелері. 1. Нашақорлықпен байланысты қылмыстарды саралаудың ұғымы мен түрлері. 2. Аталған қылмыс құрамдарын ұқсас қылмыстардан өзара ажырату мәселелері.

1. Нашақорлықпен байланысты қылмыстарды саралаудың ұғымы мен түрлері. Қылмыстық құқықтың негізгі міндеттерінің бірі қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді анықтау, оларға жазаның түрі мен көлемін белгілеу болып табылады. Бірақ қылмыстық құқық осы міндеттерді іске асырып ғана қоймай, қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесін, кінәні ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайларды, жаза тағайындау және жазадан босату кезінде ескерілуге тиісті қажеттіліктерді т.б. анықтаумен айналысады. Сонымен бірге қылмыстық құқық ғылымының көлемінде әр түрлі іс-әрекеттерге әлеуметтік-құқықтық бағалау жасалып, олардың қоғамға қауіптілігі байқалғанда қылмыс қатарына жатқызылып, ал қауіптілік дәрежесі елеусіз деп бағаланғанда қылмыс қатарынан шығарылу мәселесі де қарастырылады.

Қылмыстық заң нормаларын іс-жүзінде қолдану немесе қылмысты іс-әрекеттерді бағалау, ол қылмыстық заңның міндеттерінен туындайды. Саралау ұғымы латын тілінің gualіs деген сөзінен шығады және мағынасы сапа деген сөзді білдіреді.

Саралау кезінде болған уақиғаға бағалау беріледі, ал қылмысты квалификациялау кезінде заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға, заңды мүдделерге, құқықтарға және қоғамның құндылықтарына қауіп төндірген, саналы түрде жасалған іс-әрекетке құқықтық бағалау жасалады. Құқықтық бағалау, оның ішінде қылмыстық құқықтық бағалау кезінде болған қылмыстық уақиғаны басқа құқық бұзушылықтардан ажыратып, қылмыстық құрамы бар немесе жоқтығын анықтап, бар болған жағдайда оны ҚК ереже бөлімінің белгілі бір бабына сәйкес анықтау керек.

Қылмысты саралау кезінде екі маңызды категорияның ара-қатынасы, яғни ұғыстық дәрежесі өлшенеді.

Бірінші қоғамның мүддесіне қайшы жасалған әрекет назарға ілігіп, оған қарсы шара қолдану қажеттілігі туындайды. Мұндай әрекеттер қоғамға қарсы сипатымен, әдетте сол ортадағы әлеуметтің назарлығын тудырып, жалып адамгершілік тұрғысынан бағалауға ұшырайды. Адамгершілік бағалау мұндай әрекеттерге тиым салу бағытын ұстанғанда, ғана, оны қылмыстың заңда қылмыс ретінде бағалау орын алады. Демек әлеуметтік-қоғамдық ортада адамгершілікке жатпайтындығына байланысты құқық тұрғысынан қылмыс деп бағаланған құбылыстар өмір сүреді.

Екінші категория, ол заң шығарушының ой жұмысының жемісі емес, әлеуметтік-қоғамдық ортада, сол қоғамда кездесе алатын зиянды іс-әрекеттерді анықтаудың нәтижесінде дүниеге келген қылмыстық заң. Заң шығарушының зиянды іс-әрекеттерді қылмысты деп белгілеуінде де адамгершілік бағылау бар. Ол бағалау әлеуметтік ортаның бағалауына, яғни сол қоғамдағы адамзаттың ортақ бағалауына негізделген болуы немесе сәйкес болуы қажет. Міне осындай себептен қылмыстық құқық өмір сүріп, өзінің өмір сүру себептеріне байланысты басты міндетті, яғни қылмыстық құралдарды анықтаумен және оларға жазаның түрі мен көлемін белгілеумен айналады. Сонымен қатар қылмысты саралау дегеніміз, жасаған қылмысты іс-әрекеттердің белгілері мен қылмыстық құқық нормаларымен қарастырылған қылмыс құрамдары белгілерінің бір-біріне сәйкестігін табу бөліп табылады.

Қылмысты саралау туралы оқулық әдебиеттерде бір-біріне ұқсас, бірақ өзара айырмашылығын да байқауға болатын бірнеше анықтамалар кездеседі. Мысалы, Б.А.Куринов “Қылмысты саралау – бұл жасалған қылмыстың белгілері мен қылмыстық нормаларының арасындағы ұқсастығы ұқсастықты табу болып табылады”, – дейді. Ал В.Н.Кудрявцев “Қылмысты саралау ретінде қылмыстық құқық нормасымен қарастырылған қылмыс құрамының белгілерімен дәл сәйкестікті табу және заң құжаттарында бекіту” алынады дейді. Осы анықтамаға ұқсас түрде қылмысты саралаудыды Гаухман былай анықтайды. “Қылмысты саралауды жасалған іс-әрекеттің нақты белгілері мен қылмыстық заңмен қарастырылған қылмыс құрамының белгілерінің, сонымен қатар басқа да заңдармен және РФҚК Ереже бөлімі бабтарының бланкеттік диспозициялары сілтеме жасайтын өзге де нормативтік құқықтық актілердің арасындағы дәл сәйкестікті табу және заң құжаттарында бекіту ретінде түсіну керек”, – дейді.

Бұл анықтамаларға ұқсамайтын өзгеше анықтаманы С.М.Рахметов және Сергиевский келтіреді. Олар қылмысты саралауды жасалған қылмыстық іс-әрекетке құқықтық баға беру немесе құқықтық бағалау ретінде түсінеді.

Б.А.Куриновтың анықтамасындағы “жасалған қылмыстың белгілері мен қылмыстық заң нормаларының арасындағы ұқсастықты табу” деген сөзде ұқсастық ретінде бұл жерде “аналогияны” қолдану туралы сөз болып отырған жоқ. “Ұқсастықты табу” ретінде де Б.А.Куринов жасалған іс-әрекетке заңдағы қылмыстық құрам элементтерінің толық сәйкес келуін ұсынады. “Ұқсастықты табу” деген ұғымды қолдану себебі, заңдағы бір қылмыстық құрамға жататын қылмысты іс-әрекеттер өмірде әр түрлі жағдайда, орында, уақытта жасалып, әр қылмыстық өзіндік ерекшеліктері болатынын ескерген. Бірақ бұл ерекшеліктер қылмыстық заңның бір бабы бойынша квалификациялау жүргізуге кедергі жасай алмайды. Мысалы жасалған бірнеше ұрлық қылмысының әрқайсысын басқа ұрлыққа сәйкес келмейтін ерекшеліктері болуы мүмкін. Бірақ заң нормасы мұқият елеусіз ерекшеліктерді өзіне қамтып алады және барлық меншікке тікелей бағытталған ұрлық әрекеттері қылмыстық кодекстің 175 бабы бойынша сараланады. “Ұқсастықты табу” және “дәл сәйкестігін табу” ұғымдарының бұл жерде айырмашылығы жоқ, бұл ұғымдарды синоним ретінде қабылдау керек.

Сондықтан іс-әрекетке саралау бергенде немесе қылмыстық-құқықтық саралауда тек қылмыстық кодесктің Еоекше бөлімінің нормаларына сілтеме жасау міндетті емес. Мысалы, шектен шықпаған қажетті қорғануда, қылмыскерді ұстау шараларын шегінен шықпай зиян келтіруде тек жалпы бөлім нормаларына сілтеме жасалына отырып,іс-әрекет ақталады. Мұндай жалпы бөлім нормаларын қолданумен шектелетін жағдайларды құқық нормаларын қолданумен байланыстыруға болады.

Қылмыстық заңды практикада дұрыс, тиімді қолдау және қателіктерді азайту үшін қылмыстық құқық ғылымында қылмыстарды саралау мәселесі де қарастырылады. Сонымен бұл курстық қылмысты саралаудың ғылыми негіздері деп аталу есебі, саралау жұмысын ғылыми тұрғыда ойластырылған, негізделген түрде қолдану керектігін білдіреді.

Қылмыстарды саралау кезінде қылмыстық құқықтың көптеген мәселелері қамтылып, кейбір кезде анық саралау жүргізуге қиындық кездеседі, оның ішінде қылмыстық заңның қалып кеткен тұстары және теориялық концепциялардың көмескілігі, ал кейде мәселенің даулылығы әсер етеді. Сондықтан практикада саралау жүргізу кезінде қылмыстық құқық ғылымында әлі жетілмеген мәселелер бойынша қиындық кездесіп, нәтижесінде әр тергеу, сот ісін жүргізу мәселелерінде әр қилы квалификациялау кездеседі.

Қылмысты саралаудың екі түрі бар: ресми және ғылыми. Ресми саралу қылмыстық заңның іс-жүзінде қоланылуын білдіреді және көрінісі бойынша міндетті түрде ҚК Ерекше бөлімінің бабтарына сілтеме жасау түрінде іске асырылады. Ресми саралау қылмыстық істі жүргізу қызметтік атқаратын органдардың, яғни сот, тергеу, прокуратура қызметкерлерінің шығарған сот-тергеу құжаттарында көрініс табады. Сонымен бірге саралауды бұл түрінің тергеуде және сотта қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша міндетті күші болады.

Ал ғылыми саралау қылмыстық істер немесе қылмыстық құқық ғылымына жататын кейбір мәселелер бойынша саралау жүргізу туралы ғалымдардың оқулықтарда немесе басқа да басылымдарда ұсынған пікірлері болып табылады. Ғылыми саралау ұғымына қылмыстық істер бойынша жұмыс істемейтін немесе оның ғылымына қатысы жоқ жекелеген азаматтардың жасаған саралауы жатпайды. Себебі, жекелеген азаматтардың өз бетінше жасаған қылмыстық іс-әрекетке бағалауы қылмыстық құқық ғылымының дәрежесінде бола алмайды.

Бұл екі саралау түрінің бір-бірінен айырмашылығы ол, біріншіден қолданылу орнына және міндеттілігіне байланысты, яғни ресми саралаудың қылмыстық істер бойынша қолданылу күші болады және тек құқық қорғау органдары қызметкерлерімен жүргізіледі. Екіншіден ресми саралау ғылыми квалификацияға негізделген болуы керек. Яғни ғылыми тұрғыда қылмысты саралауда қылмыстық құқықтың қағидалары, ережелері ескеріле отырып талданған, жан-жақты зерттелген, саралау тәртібі ұсынылады. Сондықтан ғылыми саралау қателіктер аз кездеседі. Практика қызметкерлерінің қылмысты әрекеттерге саралау жүргізуінің моделі, қылмыстық құқық ғылымының дұрыс шешімдерін қолдану болып табылады.

Қылмысты дұрыс саралауда, яғни қылмыстық заң нормаларын дұрыс қолданылғанда заңдылық қағидасы сақталады. Заңдылық қағидасы қылмыстық құқық саласында заңды дұрыс түсініп, дұрыс қолдана білуді міндет етеді.

Қылмысқа дұрыс, әрі толық саралау беру дұрыс жазаны белгілеуге жағдай жасайды және қылмыстық жауаптылықтың салдары да дұрыс шешіледі, яғни жаза өтеу мекемесінің түрі, жазадан шартты түрде ерте босату, сотталған адамға түзеу құралдарының түрлерін дұрыс қолдану, соттылық мерзімінің аяқталуы дұрыс қолданылады.

Қылмысты дұрыс саралаудың келесі маңыздылығы, ол елдегі қылмыстылық туралы статистикалық ақпараттың дұрыс берілуіне әсер етеді. Егер құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмысқа дұрыс баға бермей және қате саралау жасаса, онда қылмыстылық туралы статистикалық мәліметтер бұрмаланысы беріледі, нәтижесінде қылмыстардың ауырлығы, түрлері бойынша объективтік өмірдің шындығына сәйкес келмейтін, қате ақпараттар жарияланады.

Қылмысты дұрыс саралаудың келесі маңыздылығы – бұл мемлекеттің қылмыстылықпен күрес шараларын жүргізуіне кері әсер етуі болып табылады. Практика қызметкері қылмыстың түрін дұрыс анықтамаса, онда ол қылмыс өз тобына жатқызылмай, басқа қылмыстың көбеюін білдіруі мүмкін. Мемлекет қылмыстылықтың түрінің көрсеткіштеріне қарай күрес шараларын белгілейді.

Сот-тергеу практикасының материалдарына назар аударсақ, өкінішке орай, қылмысты саралау субъектілерінің қате жұмыс істеуі жиі кездеседі. Құқық қолдану органдарының жұмысына баға бергенде “құқықтық нигилизм” деген ұғым кейде қолданылады. Мағынасы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жағымсыз әрекеттер жасауын салдыр-салақ, қате жұмыс істеуін білдіреді. Құқықтық нигилистік әрекеттер сот-тергеу органдары қызметкерлерінің құқықтық сауатсызудығына, жеткілікті деңгейде білімінің болмауына байланысты абайсыздықта қате жіберуіне немесе өздері қылмыстық іске мүдделі болғанда қасақана да құқық нормаларын дұрыс қолданбауына байланысты болады.

Осындай нигилистік әрекеттердің алдын-алу үшін қылмыстық заң 52 бабтың барлық бөлімдерінде соттарға жаза тағайындау кезінде ескерілуге тиісті жағдайларды тізбелейді.

Жаза тағайындау кезіндегі бұл ереженің сақталуын ҚР Жоғарғы Сотының да 2001 жылғы 19 қазандағы “Бас бойындығынан айыру жазасын тағайындаудың кейбір мәселелері туралы” нормативтік қаулысы талап етеді. Бұл заулының 1 пунктінде “Әр бір қылмыс бойынша ҚК 52 бабында белгіленген жазаны тағайындаудың жалпы негіздерінің сөзсіз сақталуын соттар ескеріп, тым қатал немесе тым жеңіл белгіленген әділетсіз жазалар жазаның мақсатына жетуге жағдай жасай алмайтынына көңіл аудару керек” деп сот қызметіне талап қояды.

Сот-тереу практикасының материалдарынан қылмыстық жиынтығын қолдан жасауды жиі кездестіруге болады. Тергеушілер қылмысты саралау кезінде жасалған қылмысқа ұқсас өзге де қылмыстарды қоса отырып саралайды. Мысалы бір бандитизм қылмысына саралау кезінде оған ұқсас қылмыстарды, мысалы ұйымдасқан топпен жасалған қарақшылықты, атылатын қору жарықты алып жүру немесе сақтауды, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастықты құру және оған қатысу тәрізді қылмыстарды қосып, жиынтық түрінде бағалайды. Осылай ете отырып сот-тергеу қызметкерлері қылмыстық құқықта кейде бір қылмыстың белгілері бірнеше қылмыстардың қоспасынан құралатынын, яғни күрделі қылмыстық құрамдардың ерекшелігін немесе мұндай қылмыстарды саралау ережесін естен шығарады. Ал аудандық, қалалық соттарда бұл қателіктер көбінесе соттардың жеткілікті дейгейде білімді болмауы себебінен түзелмей, тек қылмыстық іске сотталушы, адвокат т.б. тарапынан аппеляциялық арыздың болғанда жоғағы соттың қылмыстық істер туралы алқал мәжілісінде түзеліп жатады. Мұндай кезде жоғарғы соттың алқасы артық тағылған айыптауларды, яғни қылмыстарды алып тастап, оның себебін өз анықтамаларында түсіндіреді.

Тергеушілердің, соттардың қылмысты саралау кезінде негіздеп келтіруін, яғни неге осы бабты қолданып отырғанын түйіндіре кетуін Жоғарғы Сот Пленумдарының қаулылары ертеден талап етуде. Мысалы “Сот үкімі туралы” 1969 ж. 30 маусымдағы КСРО Жоғарғы Соты Пленумының қаулысында “қылмыстық заңның белгілі бір бабы немесе бабтың бөлімдері пунктері бойынша қылмысты саралады үкімде түсіндіріліп көрсетіле кетуі керек” дейді.

Сол сияқты 2001 жылғы 19 қазандағы “Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысы 5 пункте “Соттар жаза тағайындау кезінде қылмыстық іс жүргізу кезеңінің 379 бабының 2 бөліміне сәйкес, қылмыс жасағандығы үшін кінәлі деп танылған адамға үкім шығарғанда жазаның түрін, көлемін немесе мерзімін белгілеу себебін көрсетуге міндетті. Мұндай кезде соттар жазаны белгілеуге әсер еткен жағдайларды ғана тізбелеумен шектелмей, сонымен бірге қылмыстық қоғамға қауіптілігін дәрежесі мен сипатын және қылмысты жасаған адамның және басының қауіптілік дәрежесін қалай бейнелейтінін көрсетуі керек”, – дейді.

Бірақ бұл талап әлі күнге дейін сот-тергеу қызметінде көпшілік жағдайда сақталмауда.

Қылмысты дұрыс саралау болғанда қылмысты іс-әрекет ғана дәл анықталып ғана қоймай, заңмен қорғалатын қатынас, зардап т.б. құрам элементтерінің белгілері, яғни әрекеттің сипаты мен бағыты, кінә нысаны дұрыс анықталады. Сондықтан қылмысты дұрыс саралау бірнеше талаптарға жауап беріп, мынандай мағыналарда анықталады: 1) әділ сотты іске асыруда заңдылық қағидасының сақталуын білдіреді; 2) қылмысқа берілген әлеуметтік-саяси және құқықтық бағаны бұзбай іс жүзінде көрсетеді; 3) кінәлінің жазасы мен жауапкершілігін дұрыс белгілеуге, яғни ҚК Ерекше бөлімінің бабтары бойынша айыпталып, сол бабтар көлемінде жаза белгіленеді; 4) қылмыстық іс-жүзінде заңында қарастырылған істі тергеу тәртібін белгілеуге жағдай жасайды; 5) қылмыстылық түрлерінің дұрыс көрсеткіштерін келтіреді, яғни қылмыстықтың жағдайы мен күйін анықтайды.

Сонымен қылмысты іс-әрекеттерге дұрыс баға беру құқықтық құбылыс ретінде құқықтың маңызға ғана иеленбей әлеуметтік-саяси маңызға да ие болып, құқық қорғау органдары қызметінде көрініс табады және олардың жұмыс сапасын анықтаудың басты құрамы болып табылады. Сондықтан қылмысқа дұрыс квалификация жүргізу-қылмыстық заңды сот-тергеу қызметінде дұрыс қолдану арқылы көрінісін беріп, ол тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әлеуметтік-қоғамдық ортаның да ортақ тілегін іске асыратын қызмет түрі болып табылады.