Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Nasha_1179_orly_1179.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
377 Кб
Скачать
☆

2. Аталған қылмыс құрамдарын ұқсас қылмыстардан өзара ажырату мәселелері.

Есірткі заттарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды ұрлау қылмысын ұрлаудың басқа түрлері үшін жауапкершілік бекітетін нормалардан айыра білген жөн. Меншікке қарсы қылмыс деп - мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып немесе залал келтіру қаупін тудырумен байланысты қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық іс-әрекеттерді айтамыз. Меншікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі меншік иесінің иелену, пайдалану немесе оған билік ету құқығын құрайтын меншікке байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады. Осы топқа кіретін қылмыстардың тікелей объектісі-меншіктің нақты бір нысаны - мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің немесе басқа ұйымдардың, жеке тұлғалардың меншігіне қол сұғу болып табылады. Меншікке қарсы қылмыстардың затына адам еңбегі арқылы жасалған кез келген материалдық дүниелер, заттар жатады. Осыған байланысты адамның ақыл-ойы, идеясы, заттық белгісі болмағандықтан осы қылмыстардың заты болып табылмайды. Сондай-ақ заттық белгісі жоқ болғандықтан электр немесе жылу энергиясы да меншік затына жатпайды. Меншікке қарсы қылмыстардың затына - ақша, бағалы қағаздар, сондай-ақ азаматтық айналымнан алынбаған басқа да қозғалмалы немесе қозғалмайтын мүліктер жатады. Жер қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, республикалық бюджет қаражаты, мемлекеттік қазына, алтын, алмас, валюта қоры, мәдениет және табиғат ескерткіштері меншік затына жатпайды. Меншікке қарсы қылмыстардың объективтік жағы кінәлы адамның бөтеннің мүлкін өзінің немесе басқа адамның пайдасына заңсыз, тегін айналдыру үшін құқыққа қайшы түрде алып қоюы арқылы сипатталады. Меншік иесіне немесе өзге де иеленушіден кінәлы адамның бөтеннің мүлкін өз иелігіне заңсыз алуын алып қою деп білеміз. Меншікке қарсы қылмыстардың объективтік жағы негізінен белсенді әрекеттер арқылы жүзеге асырылады, тек қана бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру құрамының кейбір тәсілдері ғана әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады.

Меншікке қарсы қылмыстардың көпшілігі материалдық қылмыс құрамын құрайды, олардың объективтік жағы заңда көрсетілген үш элементтен: құқыққа қайшы іс-әрекеттерден; қылмыстық құқықтық норма диспозициясында көрсетілген мүліктік зиян ретіндегі зардаптан; сондай-ақ құқыққа қайшы әрекет пен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыстан тұрады.

Меншікке қарсы қылмыстардың субъектісі болып 14-ке толған адамдар танылады. Меншікке қарсы қылмыстар іс-әрекеттің істелу тәсіліне және қылмыстық ниетке қарай бірнеше түрге бөлінеді.

Ал есірткімен байланысты қылмыстардың затына есірткі заттар және психотроптық нәрселер жатады. Қылмыстың негізгі тікелей объектісі халықтың денсаулығын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар, қосымша тікелей объектісі - адамдардың өмірі, денсаулығы немесе меншігі болады. Қылмыстың объективтік жағы екі түрлі нысан арқылы-талан-тараж немесе қорқытып алу арқылы сипатталады.Талан-тараж деп пайдакүнемдік мақсатта есірткі заттарды, психотроптық нәрселерді меншік иесіне немесе өзге иеленушіге залал келтіре отырып кінәлының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз, тегін алып қоюын немесе айналдыруын айтамыз. Есірткі заттарды және психотроптық нәрселерді талан-таражға салу әр түрлі тәсілдер қолданыла отырып істелуі мүмкін. Қылмыстық кодекстің 260-бабындағы қылмыстар талан-тараждың - ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық, иеленіп алу немесе ысырап ету немесе қорқытып алу нысандары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Талан-тараждың алаяқтық нысаны арқылы кейбір реттерде қолдан жасалған рецептер арқылы есірткі заттарды, психотроптық нәрселерді медициналық мекемелерден немесе дәріханалардан заңсыз алады. Наркотикалық заттар немесе психотроптық нәрселерді өзіне сеніп тапсырылған адамның (фармацевтің, провизордың, дәрігердің, медбикелердің және басқа адамдардың) иеленіп алуы немесе ысырап етуі арқылы да осы қылмыс істелуі мүмкін. Есірткі заттарды немесе психотроптық нәрселерді талан-таражға салу қылмысы осы көрсетілген заттарға кінәлының толық нақты, иелік жасаған, яғни осы заттар тиісті адамдардың иелігінен шыққан уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Талданып отырылған қылмыс құрамының объективтік жағының екінші бір белгісі есірткі заттарды немесе психотроптық нәрселерді қорқытып алу болып табылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және пайдакүнемдік мақсатымен істеледі. Қылмыстың субъектісі - 14-ке толған адам.

Есірткі заттармен немесе жүйкеге әсер ететін заттармен байланысты қылмыстарды тергеу ерекшеліктері. 1. Есiрткi және жүйкеге әсер ететiн заттармен байланысты қылмыстарды тергеудiң мақсаты

мен мiндеттерi. 2. Есірткі құралдары мен психотроптық заттармен байланысты қылмыстарды тергеудiң

типтiк ситуациясы. 3. Есірткі құралдарымен байланысты қылмыстарды тергеудегі жекелеген тергеу әрекеттері тактикасының ерекшелігі.

1. Есiрткi және жүйкеге әсер ететiн заттармен байланысты қылмыстарды тергеудiң мақсаты мен мiндеттерi. Қазіргі қоғамдағы маңызды әлеуметтік және құқықтық проблемалардың бірі ретінде танылатын есірткі қылмыстарын анықтау, ашу және тергеу мәселелерімен тікелей байланысты. Ұлттық генофондты сақтау, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатер жайындағы мәселе қайсыбір қоғам мүшесін де толғандырмай қоймайды. Дау-дамайлы, шешімін таппаған қылмыстық істерді қосымша зерттеу және тиімді ұсыныстар жасау мақсатында есірткі заттарының заңсыз айналымымен тікелей байланысты қылмыстарды ашу және тергеу ісінде Орталық Азия өңірі елдерінің құқық қорғау органдарының өзара әрекеттенуін ұйымдастырудың тактикалық ерекшеліктері қарастыру қажет. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау, ашу және тергеу мәселелері қазіргі заман үшін маңызды әлеуметтік және құқықтық проблемалардың бірі. Елбасы нашақорлық және есірткі саудасымен күресті басты стратегиялық мақсаттардың бірі ретінде былайша атап өткен: «...есірткі мәртебесінің анағұрлым биікке көтеріліп кеткенін соңғы жүзжылдық әрі сезінуге, әрі мойындауға мәжбүр етті: есірткі жеке адамның жаны мен тәнінің саулығына қауіп төндіретін «дәрі-дәрмек» болудан асып, енді көптеген мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне тұрақты түрде төнген әлеуметтік қоғамдық қатерге айналды. Соңғы уақытта есірткіге қатысты Қазақстандағы ахуал ұдайы күрделене түсуде, әрі жуық арада ұлттық және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысындағы проблемалардың біріне айналатыны күмәнсіз. Бүгіннің өзінде, есірткі бизнесі Қазақстанда әлеуметтік мәні зор проблемаға айналғанын, қоғамның азаматтық жай-жапсарына кері әсер етуде екенін, оның экономикалық даму және әлеуметтік прогреске де деструктивті ықпал етіп отырғанын атап өту қажет. Қалыптасқан жағдайдың күрделілігін және халықаралық есірткі индустриясынан туындап отырған Қазақстанға да қатысты қатердің деңгейін ескергенде, есірткіге қарсы күрес және оны бұғаулау әдістері біз үшін кезек күттірмейтін әрі өмірлік маңызы бар мәселелердің бірі болып табылады». Бұл жағдайлар есірткіге қарсы мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған саяси іс шаралардың әлі де әлсіздігін көрсетеді. Осы орайда, есірткінің заңсыз айналымы мен нашақорлыққа қарсы күресті тиімді әрі ұтымды деңгейде жүргізу шарасы қалыптасқан күрделі жағдайдың одан әрі шиеленісуіне жол бермеудің бірден бір амалы болып табылады. Бірақ бұл жайт та бүгінгі күрделі ахуалдың толықтай шешімін табу үшін жеткіліксіз. Оның басты себептерінің бірі құқық қорғау қызметі субъектілерінің анықтамалық, аналитикалық және реттеушілік жұмысын ұйымдастыру ісінің қажетті деңгейде болмауында. Есірткілердің контрабандасы мен оларды саудалау әлемдік бизнеске айналды. Есірткілермен сауданы ұйымдастырушы корпорацияның жылдық кірісі шамамен 400 миллиард АҚШ долларын құрайды. Соңғы жылдары елімізге көп мөлшерде есірткілер әкелінуде. Жағдайды есірткілік шикізат марихуананың базасы болып табылатын Шу даласының еліміздің аумағында болуы күрделендіреді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сәйкес есіртке заттарының зансыз айналымына байланысты қылмыстарға: есірткі заттарың немесе психотроптық заттарды дайындау, алу, сақтау, тасымалдау, жолдау немесе еткізу (259-бап); есірткі заттарын немесе психотроптық заттарды ұрлау немесе болжаушылық (260-бап); есірткі затгарын немесе психотроптық заттарды қолдануға бейімдеу (261- бап); өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру (262-бап); есірткі заттарын немесе психотроптық заттарды дайындау үшін қолданылатын кұралдардың, құрал-жабдықтардың, заттардың заңсыз айналымы (230-бап); есірткі заттарын немесе психотроптық заттарды қолдану үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау (264-бап); есірткі заттарын, психотроптық, күшті әсер етуші немесе улы заттарды ұстау ережелерін бұзу (265-бап) жатады. Есірткілер — бұл оларды қолданғанда ерекше психикалык жағдайды (есірткілік мас болу) туғызатын заттар. Адам ол жағдайға өте тез әдеттенеді және оны үнемі қолдануға душар болады, нәтижесінде ол әдет нашақорлық ауруына және орталық жүйке жүйесінің езгеруіне әкеліп соғуы мүмкін. Осыған байланысты есірткі заттарын медициналық емес және ғылыми мақсаттарда пайдалануға заңмен тыйым салынған. Ол заттардың тізімі 1961 жылғы Есірткі заттары туралы бірегей Конвенцияға сәйкес Есірткілерді бақылау бойынша тұрақты комитетімен белгіленген. Ол заттар үш тізімге бәлінген: 1) күшті әсер етуші есірткі заттары; 2) улы заттар; 3) есірткі заттары мен психотроптык затгардың зансыз айналымына қарсы күресу. Жаратылысы бойынша есірткілерді екі топқа бөлуге болады: өсімдік (табиғи) және синтетикалық (жартылай синтетикалык) есірткі заттары. Біздің елде апиынды мак пен құрамында есірткі бар сора түрлерінен колдан жасалған есірткілер мен апиын тобына жататын медициналық дәрі-дәрмектер кең тараған. Сорадан қолдан жасалатын есірткі заттарының негізгі түрлері: Марихуана (каннабис) — түрлі сортты сораның кептірілген гүлденген ұшар басы мен жоғары жағындағы жапырақтары. Гашиш (анаша) — түрлі сортты сораның гүлденген ұшар басының аталығын (пыльца) ұнтақтау, себу, суға қайнату, сығу арқылы дайындалған қоспа. Дайындау тәсіліне байланысты ол ұнтақ, таблетка, әр түрлі түйір, қысып нығыздалған (спрессованный) тақта түрінде болады, түсі — сұрғылт-жасыл, қоңыр болады. Гашишмайы — есірткі әсері бар заттарды алу мақсатымен сора бөліктерін әр түрлі еріткіштермен өңдеп, кейін сол еріткіштерді қайнатып, бумен шығару арқылы дайындалады. Ол қара-қоңыр түсті, сораның иісі бар қою ерітінді түрінде болады. Мактан қолдан жасалатын есірткілердің негізгі түрлерінің бірі — шикі апиын, ол мактың қауашағынан ағатын қоюланған сүт шырыны, әдетте қара-қоныр түсті болады. Оны қайнату немесе баска тәсілдермен де өндеуге болады (түсі қара-қоңырдан қара-сұрға дейінгі түйірлер, ерітінділер және т.б.). Оларға мак шөбі - мактың қауашақтары мен сабақтары (тұтас, бөлшектенген, престелген); экстрациялык апиын (а) есірткі алкалоидтарын су немесе еріткіш арқылы алып, кейін қайнатып шайырландыру арқылы дайындалады); мак шөбінің суы немес тұнбасы (көкнар) жатады.

Кокаин (көкнар) — «кока» атты оңтүстік америкалық өсімдігі жапырақтарынан алынатын табиғи алкалоид. Әдетте ол ақ немесе сарғыш түсті таза ұнтақ түрінде, кейде қосынды түрінде, ал кейде ақ, сары және қоңыр түсті жартылай мөлдір қатты гранулалар болып табылатын «крэктың» негізі ретінде кездеседі. Құрамында есірткі бар медициналық түрінде болады. Қазақстан Республикасында соңғы уақытта бұрын кездеспеген жаңа есірткі заттары заңсыз айналымда пайда болды. Бұл синтетикалык есірткі заттары және препараттарға түрінде кездеседі. Героин заңсыз айналымда глюкоза, қант, крахмал, ұн, тальк, кальций карбонаты сияқты апиын тұнбасы, морфин, кофеин, ноксирок, т.б. жатады. Олар флакон, ампула, ұнтақ, таблетка өсірілетін жаңа есірткілер. Героин — ацетилендіру арқылы алынатын морфинның туындысы, түсі ақтан қара-қоңыр түске дейін, ұнтақ инертті толықтырғыштар қосындысында, сонымен қатар фармацевтикалық препараттар қосындысында кездеседі. Әсері морфиинен 5-6 есе белсенді, ол аса қауіпті есірткілердің бірі болып табылады, өйткені адам оған өте тез әдеттенеді. Героинды медициналық мақсатпен колдануға тыйым салынған. Лизергин кышқылы және оның туындылары — қара бидай күйесінің түтік кеспесінде болады. Таза күйінде қолданбайды, себебі ол өте күшті галюциногендік әсері бар лизергин қышқылының тобына жататын есірткі заттарының негізгі компоненті ретінде қолданылады. Бұл есірткі түрін өндіруге және адамдарға қатысты қолдануға тыйым салынған әдетте оны қайталанатын суреті бар (жүрек, әріп, ою, аңдар суреті түрінде) перфо қағазға салынады. Соңғы жылдары заңсыз айналымда амфетаминдер кең етек жайып келеді. Амфетамин тобына химиялық құрылысы бойынша амфетаминнің туындысы болып табылатын және орталық нерв жүйесінің стимуляторы болып табылатын синтетикалық заттар жатады. Олардың кейбіреулерінің психотроптық және галюциногендік әсері бар. Аталған қылмысты жасаудың негізгі түрлері: 1. Есірткі заттарын дәрі қоймаларынан, өндіріс кәсіпорындарынан, сондай-ақ аптекалардан, медициналық, ғылыми-зерттеу және т.б. мекемелерден ұрлау. 2. Есірткі заттарын аптекалардан және емдеу мекемелерінен жалған және заңсыз берілген рецепттермен алу. 3. Есірткі заттарды артынан жасап, өндеу мақсатымен макты, сораны егу. 4. Есірткіні жасау мақсатымен мак пен сора өсірілетін немесе олар жабайы өсетін аймақтарға бару. 5. Құрамында есірткі бар дәріден есірткі заттарын жасау. 6. Есірткі контрабандасы. 7. Есірткіні сатып алу, айырбастау, қарызға алу және баска тәсілдермен алу. Есірткіні алу және еткізудіи ең кең тараған түрі — оны әдетте бір рет қолдану үшін кішкене доза ретінде бөлшектеп сату. Әдеттегі есірткіні өткізу орындары - адамдар көп жиналатын жерлер: базар, саяжайлар, метро станциялары, қонақ үйлері, түнгі клубтар, сауық орындары, притондар. Есірткі өткізушілер топ құрамында жұмыс істейді: біреуі есірткі ұсынады, екіншісі сырттан бақылап тұрады, үшіншісінде есріткі заттары сақталады. Кейбір есірткі өткізушілер өздерін қауіпсіздендіру үшін есірткі сатуға балаларды және кәмелетке толмағандарды жұмсайды. Сонымен катар есірткіні тікелей байланыссыз өткізу тәсілі де бар. Ол жағдайда есірткі өткізуші дайын есірткі заттарын әр түрлі жерлерге (тастың астына, дуалдың тесіктеріне, пошта жәшігіне, ағаштың үңгірлеріне, т.б.) тығып кояды. Ақшаны алғаннан кейін, ол сатып алушыға есірткінің жатқан жерін айтады. Есірткі заттарын қолданудың негізгі тәсілдері: оларды тарту, иіскеу (вдыхание), жұту, тамырға, етке, терінің астына инъекция салу, сонымен қатар әр түрлі төсілдерді үйлестіріп қолдану кездеседі. Есірткі заттарын автокөлікпен тасымалдағанда, оларды жасыру үшін бензобакты, радиаторды, бамперді, көліктің артқы дөңгелектерін, жүк салатын бөлімін және автокөліктің басқа да жерлерін пайдаланады. Соңғы кездері есірткіні түбі екі кабат сөмкелерде жәшіктерде, чемодандарда тасымалдау жиі кездеседі. Есірткі заттарына байланысты істер бойынша анықтауга жататын мән-жайлар: есірткіні заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, өткізу, ұрлау, себу және өсіру, сонымен қатар оларды пайдалану үшін притон ұстау фактісі орын алған-алмағанын анықтау; сезікті тұлғалардың әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің қай бабына сәйкес келетінін анықтау; есірткімен байланысты қылмыстың қайда, қашан, қандай жағдайда болғанын; қылмысты кім жасағанын; ол бұрын осындай әрекеттері үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған-тартылмағанын; жазаны ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайлардың бар-жокқығын; қылмысты бір адам немесе топ жасағанын, топтың әр мүшесінің рөлін және қылмысты ұйымдастырушы кім екенін; қанша есірткі заттары тәркіленді және олар есірткінің қай түріне жататындығын; есірткі қайдан алынғанын; есірткі заттары қандай тәсілмен дайындалғанын, қандай құрал- жабдықтар қолданғанын; есірткі заттарын дайындау үшін қандай шикізат қолданғанын және ол қайдан алынғанын; қылмыстың мақсаты мен себептерін; есірткіні заңсыз айналымға салу барысында түскен пайданың көлемін; есірткі заттарын заңсыз айналымға салуға кімнің қандай көмек көрсеткенін; аталған кылмыстың жасалуына мүмкіндік берген себептер мен жағдайларды анықтау. 2. Есірткі құралдары мен психотроптық заттармен байланысты қылмыстарды тергеудiң типтiк ситуациясы. Тергеудің алғашқы сатысындагы әдеттегі жағдайлар және тергеушінің іс-әрекеттері. Есірткімен байланысты қылмыстар бойынша қылмыстық іс қозғаудың себептері — полиция қызметкерлерінің аталған қылмыстың жасалғанын дәлелдейтін фактілерді табуы; азаматтардың ұйымдар мен мекемелердің хаттарымен арыздары; емдеу мекемелерінің мәлімдемелері; басылымдардағы ақпараттар; өз кінәсін мойындап келу. Келіп түскен барлық, ақпарат мұқият тексерілуі тиіс. Тексеру барысында қылмысқа қатысы бар заттар алынады. Осы заттарды тауып, алуға бағытталған әрекеттерді міндетті түрде құжаттау қажет. Нашақорды (есірткі өткізушіні, тасымалдаушыны, жасаушыны) ұстаған полиция қызметкері баянхат жазады және заттарды тексеру туралы. Есірткінін, заңсыз айналымымен байланысты істерді тергеудін бастапқы сатысында әдетте келесі жагдайлар қалыптасады: 1) сезікті тұлға қылмыс үстінде немесе тәркіленген есірткі заттарымен байланысты қылмысты жасағаннан кейін ұсталады; 2) тұлға есірткіні заңсыз айналымға салды деген сезікпен ұсталады, бірақ ол заттар онда табылмайды. Бірінші жағдайда келесі тергеу әрекеттері, ұйымдастыру және жедел іздестіру шаралары жүргізіледі: сезіктіні ұстау және жеке тінту;тұлға ұсталған мекенді (жерді); құрамында есірткі бар өсімдік есірілген жерді; есірткі немесе оларды дайындау үшін шикізат сақталған жайларды қарау; құрамында есірткі бар заттарды, құжаттарды қарау; киімді қарау; ұсталған тұлғаны медициналық құжаттандыру; сот-медициналық, сот-химиялық және т.б. сараптамаларды тағайындау; тұрғын орнын, жұмыс орнын тінту немесе сол жерлерден есірткіні алу; сезіктіні тергеу; куәгерлерді тергеу; қылмыстық байланыстарды, есірткіні сақтау орнын, еткізу жолдарын, т.б. анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізу. Екінші жағдайда келесі шаралар тән: есірткіге мастығын немесе ашықканын айқындау үшін сезіктіні медициналық куәландыру; тұрғын және жұмыс орнын тінту; сезіктіні тергеу; куәгерлерді тергеу; сезіктінің құжаттарын, заттарын, киімін кару; сот-медициналық, сот-химиялық сараптама тағайындау; есірткі заттарын заңсыз айналымы фактісін, олардың сақталу орнын, қылмысқа катысушыларды, т.б. анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізу. Тергеудің бастапқы сатысындағы нақты жағдайға байланысты келесі болжамдар ұсынылуы мүмкін: табылған затты сезікті өзі танымайтын есірткі сатушыдан сатып алған; сезіктіесірткі сатушы түлғаның тұрақты түтынушысы; есірткі тұтынушы есірткі заттарын өзі сатып алған, өсірген шикізаттан жасап алады; есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмысқа қатысты деген сезікпен ұсталған тұлға қылмыстық топ мүшесі; сезіктіден табылған немесе ол қолданған есірткі (әсіресе құрамында есірткі дәрі-дәрмектерді емдеу мекемесінен, дәріханадан, т.б. жерлерден өзі немесе басқа біреу ұрлаған. Сонымен қатар есірткі дайындау тәсілі, қылмысқа катысушы тұлғалардың, тұрғын орындары, есірткі сактау орны, есірткі өсімдіктерін өсіру жерлері туралы болжамдар ұсынылуы мүмкін жоспарлау барысында әр түрлі қызметтерінің өзара әрекеттесу мәселелеріне ашу және тергеу кешенді тергеу әрекетгерін жүргізуді, оларды әр түрлі ЖІШ араларымен үйлестіруді талап етеді, себебі бұл қылмыстар республиканың әр түрлі аймақтарында жасырын жасалады. Окиға орнын қарау есірткінің дәріханалардан, емдеу мекемелерінен, химиялык-фармацевтикалық кәсіпорындардан ұрланып тергеуде аса маңызды қарау барысында табылған заттарды (бумалар, шприцтер, ампулалар) ұрланған есірткі түрін анықтау үшін қылмыскердің қолымен қалдырған іздерін айқындау үшін қарайды. Сонымен қатар дабыл жүйесі, оның түрі қалпы және келтірілген зақымдары тексеріледі. Қарау барысында темір есіктердің, терезелерде темір торлардың, есірткі заттарды сақтау үшін қажет сейфтердің, басқа да құрал-жабдықтардың бар-жоқтығы тексеріледі. Сондай-ак, өлшеуіш кұралдар мен таразыларды қарайды, есірткі заттарын сақтау ережелерін тексеру үшін оның сақтау орындарын қарайды. Құрамында есірткі заттары бар дәрілерді қарағанда, олардың зауыттың буып-түйілу жағдайын хаттамада көрсетіп, қажетті жағдайда оларды алу қажет. Оқиға орнын қарау хаттамасында келесі жағдайлар көрсетіледі: дәрілердін, жалпы түрі; олардың олар не үшін қолданады, салмағы, саны; дәрі туралы негізгі деректерді шифр түрінде қамтитын дәрінің сан түріндегі белгілері (пайдалану мерзімі, дайындаушы кәсіпорын, дәріні дайындаған топтын, немірі, дәрінің стандартқа сәйкестігін талдау деректері, т.б. сипаттамалар). Оқиға орнын қарау барысында сақтау орындарынан есірткі заттарының үлгілері, өлшеп оралған дәрілер, ауруларға сату үшін дайындалған ампулалар, ұнтақтар, таблеткалар алынады. Дайын дәрі-дәрмек үлгілерін зерделеп, есірткі заттарын артылту тәсілдері туралы, дайындау технологиясын өзгерту аркылы олардың жетіспеушілігін жасыру туралы болжауларды тексеруге болады. Притондарды қарау барысында хаттамада оқиға орнындағы карау кезінде табылған жағдай, есірткі заттарын пайдалану іздері, аталған жайда накты тұлғалардың болғаны туралы іздер көрсетіледі. Құрамында есірткі бар өсімдіктер егісін қарау барысында хаттамада келесі мән-жайларды анықтап, сипаттау қажет: егіс көлемі және өсірілген шөптердің саны; олардың бүркеленуі; себілген және өсірілген мәдени дақылдардың түрі; сезіктінің плантацияда болғандығын дөлелдейтін іздері (қолдарының, аяқтарының іздері, автокеліктің, оттың іздері, үйшіктердің болуы, т.б.); жерге егін еккенде, өндегенде, егін жинағанда, жерді егін егуге дайындағанда қолданған құралдардың іздері (ормандағы ағаштарды, талдарды кесу; жер қопару, тыңайтқыш себу т.б.); учаскенің сезіктінің үйіне қатысты орналасуы, оған бару жолдары. Маманның кемегімен егістіктің үлгілері алынады. Оларды кейін зерттеу үшін буып-түйеді, ал егістікті жояды, оны оқиға орнын қарау хаттамасында көрсетеді. Қылмыскерді қылмыс ұстау көп жағдайда қылмыскерді әшкерелейтін есірткі заттарын, кұжаттарды, тағы да басқа объектілерді табуға мүмкіндік береді. Ұстау әдетте мынадай жағдайда жүзеге асырылады: 1. Тұрғын жайында ұстау есірткі заттарын сақтау, сатып алу-сату, дайындау немесе қолдану кезінде. 2. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер егілген учаскеде ұстау — онда нақты жұмыстар жүргізу барысында (егу, тыңайту, өндеу немесе жинау). Ол тыйым салынған дақылды нақты тұлғалардың кылмысты жасағанына мүмкіндік береді. 3. Көлікте ұстау — есірткіні тасу барысында. Ол үшін тасымалдаушылардың маршрутын алдын ала анықтау қажет және олардың айлаларын білу кажет. Олар есірткіні тасымалдау үшін екі қабат түбі бар чемодандарды, іші қуыс заттарды (іші бос кітаптар, консервілердің ыдысын, термостарды, музыка аспаптарын, ойыншықтарды, т.б.) пайдалануы мүмкін. Есірткіні әр түрлі азық-түлікте жиі жасырады. Есірткіні авиакөлікпен тасымалдағанда қылмыскерді нақ ұшаққа отыру алдында немесе ұшақтан түсу кезінде немесе қолжүгін алу не тапсыру кезінде ұстайды. 4. Көшеде ұстау — есірткіні сату-сатып алу кезінде, сондай-ақ оны тасымалдау, сақтау немесе өткізу үшін беру кезінде. 5. Кәсіпорында ұстау — ұрланған немесе заңсыз алынған есірткіні алып шығу кезінде. 6. Дәріханада немесе емдеу мекемесінде ұстау — жалған рецепт бойынша есірткі затын алып жатқан кезде. Сезіктіні заттармен ұстау алдында оны суретке немесе бейнетаспаға түсіріп алу қажет. Сезіктіні ұстаған орынды егжей-тегжейлі қараған жөн. Хаттамада ұсталған тұлғадан табылып, алынған заттар — есірткі, бумалар, ақша, құжаттар көрсетіледі. Бумамен ұсталғанның, басқа да тұлғалардың қолдарының іздерін және киімдерінің талшықтарын іздеу қажет. Сезіктіні жеке тінту және киімін қарау. Алдымен сезіктіден, ол лақтырып тастауы мүмкін заттарды, бумаларды, ақшаны немесе ол қорғану үшін пайдалануы мүмкін заттарды алу қажет. Одан кейін оның киімі мұқият тексеріледі. Жеке тінту барысында дәлелдеме ретінде қолдануға болатын заттар мен құжаттарды, есірткі заттарын олардың бумаларын, қойын дәптерлерін, хаттарды, қонақүй шоттарын, билеттерді, ақшаны, поштамен аударылған акша туралы мәлімдемелерді, жалған рецептерді, шприцтерді, т.б. іздеу қажет. Есірткілер киімде, аяқкиімде, протездің астында, косметика бұйымдарында, фотоапараттарда, шашта, дененің табиғи қуыстарында сақталуы мүмкін. Хаттамада жалпы деректермен қатар есірткі түрі, нақты салмағы, бумасы, нысаны және бумада табылған барлық белгілер керсетіледі. Сезіктіні куәландыру оның денесінде есірткі заттарының микробелшектерін табуға мүмкіндік береді. Сезіктінің бетіне (мұрнының үстін, ерінінің жан-жағынан), алақанын, саусақтарын, сумен шайып үлгілер алынады және тырнақ астынан үлгілер алынады. Куәландыру барысында денесіндегі уколдың орындары анықталып, белгіленеді. Тінту. Тінтуді жүзеге асыру үшін маманды (мәселен химикті, криминалисті) тартқан жөн, өйткені ол әр түрлі есірткі заттарының ерекшеліктері мен оларды қолдан жасау тәсілдерін жақсы біледі, маман тергеушіге табылған заттарды реттеуге көмектеседі, оларды дайындау үшін қандай кұралдар заттар қолданғанын айтады. Арнайы даярлықтан өткен иті бар кинологтің қатысуы да жақсы нәтиже береді. Тінту барысында: — есірткі заттары, олардың бумаларын; — кұрамында есірткі бар есімдіктердің бөлшектерін; — есірткінің ізі бар заттарды; — есірткінің өткізілгенін көрсететін заттарды; — кылмыс жолымен табылған ақша мен құнды заттарды; — кінәлі түлғалар, кылмыстык операциялар туралы, кылмысқа қатысушылардың бір-бірімен есеп айырысуы туралы, олардың байланысы туралы ақпарат алуға болатын құжаттарды; — есірткі заттарын дайындау, сақтау, қолдану үшін қажет кұралдары; Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктердің өсу аймақтары көрсетілген географиялық карталарды, автокөлік және темір жолдарының сызбаларды, әр түрлі құжаттарды табуды көздеу қажет. Нашақорлар есірткіні сол үшін арнайы жабдыкдлған құпия жерлерде жасыратынын ескерген жен. Есірткілердің көбінің ерекше иісі болады, сондықтан оларды полиэтилен, целофан пакеттерінде, тығындалып жабылатын ыдыста немесе катты иісі заттардың қасында сақталады, кейде оларды азық-түліктің астында көмеді, үстіне қаймак, май құяды. Куәгерлерден жауап алуды шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады. Бірінші топқа сезіктіні қылмыс үстінде ұстағанын өз көзімен көрген куәгерлер жатады. Әдетте олардан сезіктіні ұстау мән-жайлары туралы және оның ұстаудың алдындағы, ұстау кезіндегі және ұстаудан кейінгі тәртібі туралы жауап алады. Екінші топқа аталған тұлғаның, есірткі заттарын дайындауы, өткізуі, алуы немесе ұрлады деген фактісін, сондай-ақ есірткімен байланысты басқа да қылмыстарды жасады деген фактісін растайтын куәгерлер жатады. Куәгерлердің үшінші тобына — есірткіні тасымалдау фактісі немесе сезіктілер (жолсерік, такси жүргізушілері) пайдаланған басқа да қызметтер туралы жауап беретін тұлғалар жатады. Куәгерлердің төртінші тобы — сезіктілермен жұмыс істеген тұлғалар, олардың туыстары, көршілері. Әдетте олардан сезіктінің жеке тұлғасы туралы, оның тәртібі, өмір салты туралы, таныстары туралы, кездесулері мен іс-сапарлары туралы жауап алады. Бесінші топ — нашақор-куәгерлер. Бірінші тергеуде олар әдетте жалған жауап береді. Белгілі бір емдеу курсын еткеннен кейін нашақорлар ез жағдайын сезініп, өкініп, келесі тергеуде шын жауап беріп, есірткі өткізушілерді әшкерелеуі мүмкін. Сондықтан олардан қайтадан жауап алған жөн. Сезіктілерден (айыпкерлерден) жауап алу. Сезіктілердің (айыпкерлердің) жауаптары іс бойынша айқындауға жататын мән-жайларды анықтау үшін аса маңызы, себебі бұл адамдар қылмыстың мән-жайларын жақсы біледі. Әдетте ұсталған тұлғалар оларда табылған есірткі жайлы ғана көрсетпе береді, ал басқа қылмысқа қатысушыларды, байланыстары мен қылмыстық әрекеттерін жасырады. Қылмыс үстіне ұсталған сезіктілер олардан алынған есірткі деп бас тартуға тырысады (мәселен, белгісіз адамдар, кейін ішінде есірткі табылған заттарын қарап қоюға тастап кетті дейді). Жауапкершіліктен құтылып, қылмыстық топтағы өзінің шын ролін жасыру үшін ұсталған тұлға өзін белгісіз біреулер есірткі өткізген нашақор деп көрсетеді. Бұл жағдайда оның денесінен тыртық немесе уколдың іздерін табу үшін оны куөландыру керек немесе нашақорлықпен ауыратынын не ауырмайтынын анықтау үшін наркологиялық сараптама еткізу кажет. Бір салым мөлшерге бөлшектенген есірткі, оны қабылдайтын құралдардың болмауы ұсталған адамның нашақор еместігін дәләлдейді. Ұсталған тұлға есірткіден мас болған жағдайда оның қалыпқа келуін күту керек. Оны хаттамада және наркологтің қайта куәландыру туралы кұжатында көрсетеді. Егер жауап беруші есірткінің тапшылығынан денсаулығының нашарлауына байланысты жауап бере алмаған жағдайда абстиненттік синдромды жою үшін наркологті шақырған жөн. Содан кейін ғана жауап алуды бастау керек немесе жалғастыру керек. Егер үсталған тұлғадан есірткіден мас болған жағдайда жауап алса, жауап алуды кайталаған жөн. Сараптама тағайындау. Әдетте аталған қылмыстар бойынша сот сараптамаларын тағайындауы: химиялық, ботаникалық, наркологиялық, криминалистік сараптама. Сот-химилық сараптаманың объектілері: Қолдан және кәсіпорында өндірілген есірткі заттары, олардың шикізаты, өлшеу құралдарындағы (таразыда, қасықтарда, ыдыста) және қабылдау құралдарындағы (шприцтер, түтіктер), сақтау және буып-түю заттарындағы, киімдегі іздері. Сараптамаға алынған есірткі заттары; есірткі өсімдіктерінің бөлшектері; есірткі затының ізі бар заттар; есірткіні қабылдау кұралдары; сезіктіден алынған киім, шылымдар; оның қолынан алынған шайынды, т.б. жіберіледі. Сараптамаға өсімдікті жібергенде оның барлық бөлшектерінің сакталуын қамтамасыз ету қажет. Сот-химиялық сараптама келесі мәселелерді шешеді: — зерттеуге ұсынылған зат есірткі заты немесе күшті әсері бар фармацевтік препарат екендігін жөне кандай зат екендігін айқындау; — зерттеуге ұсынылған затгың кұрамындағы белсенді есірткі компоненттерінің құрамы қандай; — сезіктіден алынған зат қандай тәсілмен (қолдан немесе кәсіптік жолмен) дайындалғанын; — ұсынылған заттарда есірткі немесе әсері күшті заттардың іздерінін бар-жоқтығы, егер бар болса, қандай заттың ізі екендігін айқындау; — зерттеуге ұсынылған темекі заттарының (сигарет, шылым, оның ішінде тартылған шылым, темекі қоқымы, т.б.) құрамында есірткі заттарының бар болуын анықтау. Сот-ботаникалық сараптаманың міндеттері: — сараптамаға ұсынылған тұқымдар апиын, майлы көкнәр немесе сора тұкымы екендігін, егер сондай болса, қандай түрі екендігін айқындау; — тінту кезінде алынған апиын немесе майлы көкнәр (сора) тұқымдарының егістен алынған үлгілерімен ұксастығын айқындау; — егістен алынған өсімдіктер үлгілері апиын, майлы кекнәр немесе сора екендігін, егер олай болса, қай түріне жататынын айқындау; — аталған сораны (апиын немесе майлы көкнәрдің басын) есірткі затын дайындау үшін қолдануға болатын-болмайтындығын айқындау; — аталған өсімдік қайда өсетіндігін айқындау; — сараптамаға ұсынылған есімдіктер үлгілерінің көбею дәрежесі қандай екендігін айқындау. Сот-биологиялық сараптаманы нақты түлғаның есірткіні қабылдайтының анықтау үшін жүргізеді. Ол үшін адамның қанын, шашын жөне әр түрлі ағзаларын зерттейді. Сарапшы зерттеуге ұсынылған қанда, шашта, зәр мен түкірікте есірткі затының бар-жоқтығын, егер бар болса, қандай зат екендігін аныктайды. Сот-психиатршлык, сараптаманың міндеттері: — тексерудегі тұлғанын қылмыстық әрекет жасау дұрыс болғанын анықтау; — психикасының қылмыс жасағаннан кейін бұзылған-бұзылмағандығын айқындау; — оған медициналық мәжбүрлеу шараларын және қандай шараларды қолданудың қажеттілігін айқындау; — есі дұрыстығын және іс жүргізу өрекетке қабілетгілігін жоққа шығармайтын психикалық ауытқушылықтың бар-жоқтығын, ол неден көрінетінін және оған өзін-өзі қорғауын қиындататынын немесе қиындатпайтынын айқындау; — егер айыпкердің психикасы бұзылған болса, ол оған нақты мән-жайларды дұрыс қабылдауға кедергі жасамайтынын немесе жасайтынын және ол туралы дқрыс жауап бере алатынын немесе бере алмайтынын анықтау. Бұл сараптаманың алдында оның қажеттілігі айқындалатын сот-наркологиялық сараптама жүргізіледі. Жүргізілген зерттеу қорытындылары бойынша қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: 1. Есірткі қылмыстылығының заттық сипатын анықтай отырып, оның криминалистикалық сипаттамасы құрылымындағы алатын орнына қатысты қылмыстық заңдарды унификациялауды ұсынып отырмыз. Қарастырылып отырған заттардың ерекшеліктерін ескере отырып, олардың сапалық қасиеттері негізінде оларды нақты топтастырып, қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларын қолданған жөн. 2. Тергеу әрекеттерінің, жедел-іздестіру шараларының, версиялар құрудың және тактикалық шешімдер ұсынудың кешенді үйлесімін құрайтын трансұлттық есірткі қылмыстылығын тергеудің алгоритмдері берілді. 3. Трансұлттық есірткі қылмыстарын ашуды және тергеуді криминалистикалық қамтамасыз ету тұрғысынан Орталық Азия өңірі елдерінің құқық қорғау органдарының өзара әрекеттену құралдары көрсетілген. 4. Есірткі және психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымын бақылау бойынша Орталық Азия өңірлік ақпараттық-үйлестіру орталығы (ОАӨАҮО) секілді трансұлттық есірткі қылмыстарын ашу мен тергеу ісіне ықпал ететін бақылау және ақпарат қызметтері жүктелген жеке ұйым құру қажеттілігі негізделген. Сонымен қатар, Орталық Азия өңірі бойынша ақпараттық-үйлестіру орталығының қызметі қажет. Бұл орталық келесі көмекші құрылымдарды қамтығаны тиімді: а) Орталық Азия өңіріндегі трансұлттық есірткі қылмыстарын ашу мен тергеудің криминалистикалық қамтамасыз ету бөлімі; ә) барлық есірткілер бойынша мәліметтер банкі бар химия-биологиялық лаборатория (өсімдік есірткілері үшін: құрамы, өсу жерлері, жинау науқаны және дайындау уақыты және с.с.) б) Ақпараттық-аналитикалық бағыттағы бөлім (ақпараттарды жинақтау мен өңдеу, Орталық Азия өңіріндегі құрамында есірткісі бар өсімдіктер өсетін жерлерді жерлерін жасанды жер серіктерін қолдану арқылы бақылауға алу және суретке түсіру, мемлекеттердің сыртқы барлау бөлімдерімен өзара әрекетте болу және т.б.). 5. Есірткі бұйымдарын, психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын тасымалдау жолын кесу бойынша жүргізілетін жедел-іздестіру шараларының бір-бірімен кешенді үйлесімі мен өзара үндесімін жақсартуға мүмкіндік беретін, Орталық Азия өңірінде трансұлттық есірткі қылмыстылығымен күрестің жағдайы мен тиімділігіне ықпал ететін негізгі факторлар анықталып талданды. Есірткінің Қазақстан генофондына тигізген кері әсеріне дәлел ретінде келесі мәліметтер нақты дәлел бола алады. 1990 жылы ауыр есірткі заттары тәркіленбеген, келесі жылы ол көрсеткіш 10 граммды құраған. Ал 2005 жылы 300-400 килограмм героин тәркіленген. Жалпы жыл сайын Қазақстанда 20 тоннадан астам есірткі тәркіленеді. Мәселен, егер 2005 жылы 24 тонна есірткі заттар мен психотропты заттар тәркіленсе, 2006 жылы оның саны 25 тоннадан асады, яғни осы қылмыс түрінің 5,7%-ға өскендігінің айғағы болмақ. Есірткіні ішкі тұтынудың өсуі Ауғаныстаннан төнген экспанцияны үдетті. БҰҰ-ның ақпараттары бойынша осы Орталық Азия елінде биылғы опий түсімі 5 мың тонна шамасында болды. Дайын героин қоры – 500 тоннадан астам, оның үштен бір бөлігі Қазақстан арқылы Ресей мен Еуропа мемлекеттеріне шығаруға арналған. Біздің ел ауған героин трафигінің соңғы нүктесі емес. Транзит ел екендігіміз қауіпті азайтпайды. Біздің ел арқылы өтетін есірткі заттардың кем дегенде 11% осы жерде қалады. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп Комитетінің мәліметтері бойынша трансұлттық есірткі қылмыстары уақыт өткен сайын арта түсуде. Сондықтан, Орталық Азия өңіріндегі қалыптасқан қиын жағдайларды ескере отырып, қылмыстық заңды унификациялау мақсатында есірткі заттардың заңсыз айналымының алдын алуға мемлекетаралық интеграцияның қажеттігі туралы мәселе қарастырылып отыр. Одан әрі диссертацияда трансұлттық есірткі қылмыстылығына қарсы тұру мәселелері бойынша қылмыстық заңнамаларды унификациялау үрдісі қылмыстық қол сұғу затын, атап айтқанда есірткілік заттарды, психотропты заттарды және олардың прекурсорларын, сондай-ақ заңсыз әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылықты қарастыратыны көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 259 бабының ұсынылып отырған редакциясы негізделеді. Есірткі қылмыстарының қылмыстық қол сұғушылық затын анықтау мәселесі бойынша қылмыстық заңнамаларды унификациялаудың және оның криминалистикалық сипаттама құрылымындағы орны жайлы өзіндік нұсқамызды ұсындық. Қарастырылып отырған қылмыстық заттардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оларды анық ажыратудың тиімділігі мен қылмыстық құқықтық әсер ету шараларын жеке алынған заттың сапалық ерекшеліктеріне қарай қолдану тиімділігі көрсетіледі. Біздің пікірімізше, Орталық Азия өңіріндегі елдердегі трансұлттық есірткі қылмысына ықпал ету жүйесінде құқықтық, функционалдық және материалдық техникалық шаралар ерекше маңызды. Сонымен қатар, есірткі қылмысы трансұлттық сипатқа ие болғандықтан, есірткі ахуалының өршу қарқынына жалаң, республика ішіндегі әдістермен, бір жақты іс-шаралармен төтеп беру мүмкін емес. Сондықтан, Орталық Азия өңірі елдерінің біріге отырып есірткі трафигіне тиімді бақылау орнату саясатын жүргізу қажет деген шешім орынды деп есептейміз. Орталық Азия елдерінің субөңірде біріккен, неғұрлым келісілген, реттелген есірткі трафигін тиімді бақылау саясатын жүзеге асыруды осы жайттармен түсіндіруге болады. Трансұлттық есірткі қылымыстылығына қатысты әрекеттер шаралары құқықпен шектеліп қалмайды, бірақ ол оның негізгі жүйелік-құрылымдық бөлігі. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, құқықтық шаралардың көбісі ұйымдастырушылық шаралар үшін әдістемелік, кәсіптік негіз ретінде қызмет етеді. Ол үшін басты маңызға ие қарсы тұру шаралар жүйесіне сүйенбесе, Орталық Азия өңірі елдерінің құқық қорғау органдары жүзеге асырылған өзара әрекеттесуін ұйымдастыру шаралары конструктивті бола алмайды және кем дегенде ұсынылған мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін ешқандай пайда әкелмейді. Яғни барлық Орталық Азия өңірі үшін ақталмайтын бос шығындарға әкеледі. Бүгінде есірткілердің заңсыз айналымына және оларды тұтынуға қарсы әрекет ету бойынша арнайы бағыттағы жұмыстар жүргізілуде. Тиімді күрес жүргізу жүйесін жасау мақсатында мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесу механизмі ұдайы жетілдірілуде. Орталық Азия өңірі елдеріндегі құқық қорғау органдарының трансұлттық есірткі қылмыстарын ашу және тергеу бойынша ұйымдасқан шаралар құрамдас елдер үшін маңызды болып табылатын адекватты негіздегі жүйеге негізделмесе, алға қойылған мақсаттардың орындалуы екіталай, өйткені жалпы Орталық Азия өңірі бұл жолда көп шығындалады. Трансұлттық сипаттағы есірткі қылмысын тудыратын елеулі факторларға мыналар жатады: арнайы бөлімдердің қазіргі заман талабына сай техникамен жабдықталмауы, сол себепті анықтамалық техникалық қамтамасыз етудің әлсіздігі, қоғам мүшелерінің құқықтық сауатсыздығы, жабайы өсіп жатқан конопля мен эфедраның кең алқапты жерлерде өсуі, халықтың есірткіден келетін зардаптарды өз дәрежесінде түйсіне білмеуі, заңнаманың шикілігі, есірткі заттарды пайдаланатын адамдардың көптігі, ТМД және Орталық Азия өңірі елдерінің құқық қорғау органдарының арасындағы байланыстың жоқтығы, тіпті Қазақстан Республикасының өз ішіндегі құқық қорғау органдарының арасындағы қажетті байланыстың болмауы, республикадағы кинологиялық бөлім қызметінің әлсіздігі, кадрлық қамтамасыз етудегі кемшіліктер және өзге де себептер. Трансұлттық есірткі қылмыстары бойынша криминалистикалық сипаттамаға қатысты қол сұғылатын қылмыс затын анықтау қылмыстық заңнамаларды бір тәртіпке кетіреді және оның осы саладағы орнын анықтайды. Есірткі қылмыстарының ерекшеліктерін ескере отырып, оларды ажыратудың тиімділігі мен қылмыстық құқықтық әсер ету шараларын жеке алынған заттың сапалық ерекшеліктеріне қарай қолдану тиімділігі көрсетілді. Жұмыстың өн бойында трансұлттық есірткі қылмыстарын тергеу алгоритмі құрастырылып, алынған нәтижелер бойынша трансұлттық есірткі қылмысын ашу және тергеуге криминалистикалық қамтамасыз ету құралдары мен Орталық Азия өңірі елдерінің құқық қорғау органдарының өзара әрекеттену инструменттері анықталды. Трансұлттық есірткі қылмысы туралы істер бойынша ұстау, қарау және тінту кезінде арнайы үйретілген қызметтік іздеу иттерін пайдалануды қамтамасыз ету үшін кинологиялық қызметті одан әрі дамытуға бағытталған шараларды жүзеге асыру қажет. Аталған фактілер Орталық Азия өңірі елдеріндегі трансұлттық есірткі қылмыстылығын ашу мен тергеудің, алдын алудың ескі әдіс-тәсілдерін мен құралдарын реформалап, жаңаша сападағы іздеу мен тергеу қажеттелігін көрсетеді. Орталық Азия өңірі елдерінің құқық қорғау органдарындағы тергеушілер мен жедел-іздестіру органдарының арасындағы өзара әрекет есірткі заттарының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық іс бойынша немесе жеке тергеу әрекеті барысында болуы мүмкін. Күрделі және аса қауіпті трансұлттық есірткі қылмыстарын ашу үшін жедел-тергеу құрылады, оларды құрудың негізгі қағидалары: дер кезінде өзара әрекеттенуді уақытылы бастау, трансұлттық сипатта болуы, жұмысты өзара бөлудің нақты жақтарының анық болуы, тек тергеліп жатқан нақты іс бойынша өзара әрекеттенуді ұйымдастыру ғана емес, өзге де трансұлттық қылмыстардың алдын алуға бағытталады. Біздің ойымызша, трансұлттық есірткі қылмыстылығын тергеу біртектес ахуалдары бойынша ғана емес, қалыптасқан негізгі әдістемелер бойынша да ерекшеленеді. Қазірдің өзінде белгілі бір дәрежеде осы санаттағы қылмыстарды тергеудің трансұлттық, криминалистикалық әдістемесі қалыптаса бастады. Оның бастау арналарына тергеу әдістемелерінің дәстүрлі дерек көздерімен қатар халықаралық келісімшарттарда көрсетілген тұстар да жатады. Осы халықаралық криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелерін құрастыру, оның жекелеген ережелерінің сан алуан халықаралық келісімдер ішінде араласып кеткендігімен күрделене түседі. Олардың көбісі бір біріне сәйкес келмейді немесе немесе мүлде өзара қарама-қайшы. Осы зерттеу барысында біз әртүрлі трансұлттық есірткі қылмыстылығын ашу мен тергеудің Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен жасасқан халықаралық келісімдерінде қамтылған әртүрлі әдістемелерін жүйеленуге тырыстық. Мұнда Орталық Азия өңіріндегі трансұлттық есірткі қылмыстарын ашу және тергеу бойынша байланыс барысында жүргізілетін жедел іздестіру шараларының тиімділігін арттыру үшін тактикалық операциялардың жекелеген ерекшеліктері сөз етілді. Біз өзге де зерттеушілер мен осы мәселені арнайы тақырып еткен авторлардың пікірлерін талдай отырып, осындай тактикалық операцияларды дайындау және өткізу ерекшеліктерін ашып көрсетуге тырыстық.

Трансұлттық есірткі қылмыстылығына қатысты қылмыстық іс жүргізушілік ерекшеліктерін қарастыра отырып, есірткі заттарына қатысты қылмыстық істер бойынша дәлелденуге тиіс мән-жайларға баса назар аудару керек. Барлық қылмыстар секілді трансұлттық есірткі заттарының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды тергеу барысында Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 117 бабына сәйкес келесі мән-жайлар дәлелдеуді қажет етеді: 1) оқиға және қылмыстық заңмен қарастырылған қылмыс құрамының белгілері (уақыты, орны, қылмыс жасау тәсілі және басқа да жағдайлар); 2) қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті кімнің жасағандығы; 3) қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған тұлғаның кінәсі, оның кінәсінің түрі, жасалынған әрекет уәждері, заңды және нақты қателер; 4) айыпталушы жауапкершілігінің сипатына және деңгейіне әсер ететін жағдайлар; 5) айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар; 6) жасалған қылмыс салдары; 7) қылмыспен келтірілген зиян мөлшері мен сипаты; 8) қылмыстық әрекетті жоққа шығаратын мән-жайлар; 9) қылмыстық жауаптылық және жазадан босатуға мүмкіндік беретін мән-жайлар. Жоғарыда айтылған мән-жайлар қылмыстарды тергеудің алғашқы кезеңінде, соның ішінде трансұлттық есірткі қылмыстарын тергеуде де анықталуы және құжат түрінде бекітілуі тиіс. Сонымен бірге, құқық қорғау органдарының өзара әрекеттенуіне жататындары: халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстау, сезіктіні жеке тінту, куәландыру, тұрғылықты жайы мен жұмыс орнында тінту жүргізу, тергеулік қарау, жауап алу, сараптама тағайындау, криминалистикалық есеп және басқа да тіркеулерді пайдалану. Бірнеше мемлекет территорияларын қамтитын қылмыстың трансұлттық ерекшеліктері басқа қылмыс түрлеріне қарағанда айтарлықтай қиындық туғызады. Мұндай қиындықтың туындау себебі тергеу әрекеті кезінде ұстау көп мөлшерде ақпарат жинау мақсатында жүргізілгендіктен, оны өңдеу бастамашысы жүргізгені жөн. Осы жылы шетелдік әріптестермен арнайы бірлесіп жүргізген 19 операция жүзеге асырылып, бірсыпыра халықаралық есірткі трафигі арналарына тосқауыл қойылды. Бұл жетістіктерді Ресей, Тәжікстан және Қырғыз Республикасының арнайы ұйымдарының өзара тиімді әрекеттерінің нәтижесі деп бағалауға болады. Сөзсіз мұндай ұстау сол өткізілетін мемлекеттік құқық қорғау орган қызметкерлерінің қатысуынсыз өз нәтижесін толық бере алмайды. Сондай-ақ, Орталық Азия өңірі елдерінің аумағында трансұлттық есірткі қылмыстылығын тергеу барысында дәлелдемелерді жинақтау, зерттеу, бағалау мен қолдану бойынша процессуалды сипаттағы мәселелерді бөле-жара қарастыруға және Орталық Азия өңірі елдерінің ұлттық заңдарын жағдайға икемдеу бойынша ұсыныстар жасау қажеттігі де туындайды. Орталық Азия өңірі елдеріндегі трансұлттық есірткі қылмыстарын тергеу әдістемесі бойынша жекелеген ұсыныстар берілді. Жүргізілген зерттеу жұмысы бойынша Орталық Азия өңірі елдеріндегі трансұлттық есірткі заттарымен күресуді жетілдіруге септігін тигізер негізгі факторлар анықталып, жеке-жеке талданды. Көршілес елдер өзара байланыса отырып, кешенді түрде жүргізілген жедел іздестіру шараларын есірткі заттардың, психотропты заттардың және олардың прекурсорларының жолын кесуге бағытталған өзара әрекеттер ұйымдастыруды тиімді, әрі сапалы түрде жүзеге асырады.

Трансұлттық есірткі қылмыстарының алдын алу, ашу және тергеуді орындаумен байланысты ұлттық және халықаралық сипаттағы заңдарға сәйкес нормативтік актілерге негізделген. Құқық қорғау органдарының мақсаты, орны және уақыты бойынша қызметі ретінде Орталық Азия өңірі елдеріндегі трансұлттық есірткі қылмыстарын ашу мен тергеу бойынша арнайы субъектілерімен байланысы қарастырылған. Әрекеттену механизмдегі көптеген құқықтық мәселелердің реттелмеуі, соның ішінде трансұлттық есірткі қылмыстылығын ашуда және тергеуде Орталық Азия өңірі елдерінің құқық қорғау органдарының ұйымдастыру-тактикалық тұрғысынан өзара байланысының жеткіліксіздігі, мәселенің толық зерттелмеуі және тәжірибе қызметкерлеріне толымды ғылыми ұсыныстардың болмауы ғылыми тұрғыдан да, тәжірибе жағынан да трансұлттық есірткі қылмысын ашу мен тергеуде тергеушілердің, жедел қызметкерлердің және мамандардың өзара әрекет проблемалары да өз алдына бір мәселе. Ұлттық және халықаралық тәжірибені талдау негізінде трансұлттық есірткі қылмыстарын ашу және тергеу бойынша шаралардың тиімділігін төмендететін факторлар анықталды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Шанхай қаласында 15 маусым 2006 жылы өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) отырысында мемлекеттердегі қауіпсіздік және экономикалық өзара байланыс мәселелеріне ерекше тоқталып, есірткі тарату мәселесінің ШЫҰ үшін әлі де маңызды мәселелердің бірі болып қала беретіндігін атап өтті. Діни-лаңкестік топтардың қылмыстық әрекеттеріне есірткі сату да өз үлесін тигізіп отырғанын ескеру қажет. Өкінішке орай, ШЫҰ аумағында іргелес көршіміз – Ауғанстан есірткі тарату орталығы болып табылады. Өткен жылы Пәкістанның, Иранның және Үндістанның ШЫҰ қараушы ретінде қатысуы Ауғанстаннан төнген қауіпке қарсы тұруға кедергі келтіруде. Бұл өзге де елдердің есірткі бизнесімен күрестегі әрекетіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Көптеген ұсыныстардың ішінде Қазақстан ШЫҰ-ның Орталық Азиядағы өз қызметін атқарып жатқан есірткіге қарсы құрылымдармен қатар, Алматыда БҰҰ қолдауымен құрылған Орталық Азия Өңірлік Ақпараттық Үйлестіру Орталығымен (ОАӨАҮО) байланыс орнатудың маңызы айрықша. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша Орталық Азия өңірі трансұлттық есірткі қылмыстарын ашу, тергеу және алдын алу бойынша құқықтық және ұйымдастырушылық тактикалық сипаттағы шаралар мен ұсыныстар құрастырылды. Дегенмен, «бұл маңызды мәселелерді шешуде халықаралық қауымдастықта жұмыстың жинақталған белгілі тәжірибесі мен жеткілікті кеңейтілген құқықтық базасы бар». Мемлекет тарапынан жүргізілген трансұлттық есірткі қылмыстарына жол бермеу шаралардың ішіндегі заңды және нормативтік құқықтық реттеу шаралары ең маңыздылары болып табылады. Осы қатарға қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын дамыту шаралары, трансұлттық есірткі қылмыстарына жол бермеудің арнайы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды қосуға болады. Өз кезегінде ақпараттық жиынтық нақты бір салада ұлттық саясатты қалыптастыру үшін тікелей базаны құру керек және оларды жүзеге асырудың басты бағыттары мен стратегиясын анықтауға тікелей әсер етуі қажет. Біздің ойымызша, проблема мен оны заманауи жағдайда жою жолдары арасында өзара байланыстың жалпы логикасы осындай болмақ. Шаралардың келесі бір тобына өкілетті органдардың трансұлттық есірткі қылмыстарын ашу және тергеуге байланысты ұйымдастырушылық тактикалық, техникалық, ұйымдастырушылық кадрлық және функционалдық қамтамасыз ету қызметін жатқызуға болады. Олар: трансұлттық есірткі қылмыстарын ашу және тергеуде Орталық Азия өңірі елдеріндегі құқық қорғау органдарының тиісті анықтамалық техникалық қамтамасыздандыру; трансұлттық есірткі қылмыстарымен күресу саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің кәсіптік деңгейін арттыру, соның ішінде шетелдік мамандарды қатыстыра отырып, шет мемлекеттерінің тәжірибесін зерттеу және іс жүзінде қолдану; есірткі қылмыстарымен күресу бөлімінің штаттық санын көбейту; кәсіптік кинологиялық қызметті құру; трансұлттық есірткі қылмыстарымен күресу саласындағы қызметкерлердің ұстаған есірткі заттарының мөлшеріне қарай, сонымен бірге трансұлтты есірткі қылмыстарын ашу мен тергеуге көмегін көрсеткен азаматтарға жеке материалды түрде марапаттау жүйесін заңды құру және енгізу; Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының арасындағы байланысты жақсарту; шет мемлекеттердің, әсіресе Орталық Азия өңіріндегі құқық қорғау органдарымен байланысты оңтайландыру. Қадағалау және ақпараттық функцияны жүзеге асыратын, трансұлтты есірткі қылмыстарын ашу мен тергеу процесіне септігін тигізетін жеке ұйымды құру қарастырылған, мысал ретінде есірткі заттардың, психотропты заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымын қадағалау бойынша Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы секілді трансұлттық есірткі қылмыстарын ашу мен тергеу барысына ықпал ететін бақылау және ақпарат қызметтері жүктелген жеке ұйым құру қажеттігі қарастырылған. Орталық Азиядағы есірткі ахуалы сыртқы факторлардың әсерінен әлі де болса қауіпті. Өзге елдермен қатар Қазақстан да қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық, кадрлық, анықтамалық-аналитикалық негіздің болмау себебінен есірткінің сауда-саттығына қарсы тұра алмай отыр. Осыған орай, 2007 жылы Алматы қаласында Орталық Азия арқылы есірткі трафигі туралы ең мықты ақпараттық база – есірткіге қарсы күрес бойынша Бірегей Аналитикалық Орталық құру туралы жоспарды жүзеге асыру Елбасының басты назарындағы мәселелердің бірі ретінде танылып жүр. Тек осындай ұжымдасудың нәтижесінде ғана Орталық Азия өңірі есірткінің заңсыз айналымына төтеп бере алмақшы. Мемлекеттік және құқық қорғау органдарына тәуелсіз мұндай сипаттағы Орталық құру бастамасы Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғыз, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан Республикалары және Ресей Федерациясы президенттері тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Ресей Федерациясы мен Түркіменстан Республикасының президенттері қол қойған сәттен бастап-ақ бұл жоба мүше елдердің парламенттеріне бекітуге ұсынылмақшы. Әрине аталмыш жоба белгілі материалдық салымдарды қажет ететіні де белгілі. Мамандардың бұған қатысты айтулары бойынша, өз қызметінің алғашқы қадамында жобаны БҰҰ-ның есірткімен күрес жүргізу бойынша басқармасы қаржыландырмақ. Құрылатын Орталықта жеті мемлекеттің: Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғыз, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан Республикаларының және Ресей Федерациясының жедел қызметкерлері мен ішкі істер органдарының өкілдері жұмыс жасайтын болады. Бұл жедел қызметкерлердің бәрі бір басшылыққа бағынышты қызмет ететін, «бақылаулық жеткізілім» әдісі бойынша арнайы операциялар ұйымдастырып жүргізбекші және аталған елдердің құқық қорғау органдарының есірткі транзитін тойтару бойынша әрекеттерін үйлестіру міндеттерін алға қояды. Өңірлік орталық трансұлттық есірткі топтарға байланысты мемлекетаралық жедел ақпарат алмасу және есірткі заттардың трафигінің алдын алу бойынша біріккен операциялар жүргізу мақсатында құрылады. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде даму кезеңінде криминалистикалық зерттеулердің нәтижелерінсіз, шынайы криминогендік жағдайдың заңдылығы мен тенденциясын терең зерттеуінсіз құқықтық және ұйымдастырушылық-тактикалық мәселелерді толықтай шешу мүмкін емес. Сондай-ақ, есірткі қылмыстарын ашу мен тергеу кезіндегі құқық қолдану тәжірибесінің тиімділігін арттыру мен заңнамалық базаны жетілдірудің заманауи кезеңінде есірткілердің заңсыз айналымымен күресу және құқық қорғау органдарына өңірдегі трансұлттық қылмыстық топтарды жоюда ақпараттық-техникалық көмек көрсету үшін қашықтан бақылаудың бүгінгі кездің технологиясымен гео-ақпараттық жүйені пайдалану ұсынылады. Бұдан басқа оның ішінен көмекші құрылымдар құру қажет. Орталық Азия өңірінде трансұлттық есірткі қылмыстылығын тергеуді криминалистикалық қамтамасыз ететін бөлім сияқты барлық есірткілер бойынша мәліметтер базалары бар химия-биологиялық лаборатория (өсімдіктектес есірткілер үшін: құрамы, өсетін жерлері, жинау және дайындау уақыттары, т.б. анықтау) құру; ақпараттық аналитикалық бағыттағы бөлім (ақпаратты жинақтау, өңдеу, аэроспутниктік фото түсіру, мемлекеттердің сыртқы барлау бөлімшелерінің өзара әрекеттесуін қарастыратын) ашу мәселелері алға қойылады. Криминалистикалық қамтамасыз ету және Орталық Азия өңірінде трансұлттық есірткі қылмыстар Қазақстанның, өзге де Орталық Азия мемлекеттеріндегі заңнамалардағы трансұлттық есірткі қылмыстарын дәрежелеу мәселелері құрылмағандығын ескере отырып, өз жұмысымызда есірткі заттар мен психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымы үшін жауаптылықты реттейтін қылмыстық заңнаманы унификациялау нұсқамасын ұсындық. Біздің ойымызша, трансұлттық есірткі қылмысына қарсы әрекеттердің сәйкес шаралары көбінесе соған байланысты жеткілікті шарттар болған жағдайда, ең алдымен саяси, құқықтық және қаржылық сипатта іс жүзіндег жүзеге асырылу жолынан өтіп, жақсы нәтижеге әкелуі мүмкін. Бұл жерде олардың әрқайсысын жеке-жеке жүзеге асыру тек қана ұйымдастыру шараларының жүйесі арқылы ғана мүмкін. Кезек күттірмейтін шаралар қатарында, біздің пікірімізше бұрыннан шешімін күтіп келе жатқан нағыз тәуелсіз ОАӨАҮО түріндегі нашақорлық және есірткі саудасымен күрес саласындағы тұрақты жұмыс жасайтын Үйлестіруші орган құру туралы сұрақтың шешімін табу қажет. Ол есірткілердің барлық қозғалыс бағытын бақылау саласында нақты қадамдарды, оның ішінде саяси мәнге ие қадамдарды жүзеге асырып, республикалық, субөңірлік және халықаралық органдар және ұйымдармен өзара сәтті әрекеттесе алар еді. Мұндай ұйымды құру қажеттілігі елімізде есірткі ахуалының өршуіне байланысты өзекті бола түсуде. Сондай-ақ, бұл Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне де жауап береді. Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының құрылуы есірткі заттарының қозғалуын қадағалауға республикалардың, субөңірлік, халықаралық ұйымдармен және мекемелермен сәтті байланыс жасауға септігін тигізері анық. Трансұлттық есірткіге қарсы орталық құру туралы ұсыныс Қазақстан Республикасының перспективалық бастамаларының бірі болып табылады, ал оның басты идеясы - өзара әрекеттестік пен ынтымақтастықтың мүлдем жаңаша жүйесін қалыптастыру. Осы жағдайда тек Орталық Азия немесе ТМД елдерінің ғана емес, Еуразияның жаһандық кеңістігіндегі барлық мүдделі елдердің күштерін біріктіру ұсынылуда. Мұндай нақты мақсатқа негізделген әрекеттерге мүдделі елдердің күштерін толықтай жұмылдыруға болар еді және мемлекеттердің қайсыбір интеграциялық бірлестіктерге тек пассивті мүше ретінде ғана салғырт қатысу жағдайларын дұрыс жолға қоюға болар еді. Бұл халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен әрекеттердің тиімділігін бірталай арттыруға мүмкіндік берер еді. Ең алдымен, әрекеттегі есірткі трафиктерін жою міндеттерін шешуге және олардың туындауының алдын алуға практикалық көңіл аудару тағы да бір ерекшелік болып табылады. Оған Батыс елдерінің қатысуы Азиядағы өндіріс нарықтарын Еуропадағы сату және тұтыну нарықтарымен байланыстыратын, соның ішінде донорлар тарапынан қаржылық және өзге де материалдық қолдау көрсетілген шақта есірткілердің заңсыз тасымалдарының бөлімшелерін түбегейлі жоюға мүмкіншілік туар еді. Трансұлттық есірткіге қарсы орталыққа қатысушы мемлекеттердің құзырлы органдарының халықаралық есірткі бизнесі саласындағы өзара әрекеттестіктерін қамтамасыз ететін үйлестіруші орган ретінде қарау ұсынылуда. Халықаралық есірткіге қарсы орталықтың қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және профилактикалық бағыттарға жұмылдыру қажет. Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының басты бағыттарының бірі осы саладағы әртүрлі субъектілі әсер ету жүйесін құру болып есептеледі. Мұндай функционалды жүйені құруға Орталық Азия өңірі елдерінің өкілетті министрліктері мен ведомстволарының дәрежесі мен мәртебесіне қатысты шаралар сәйкестендірілуі керек. Олар: тұрақты ақпаратты аналитикалық қамтамасыз ету, шетел тәжірибесін зерттеу және қолдану; республика территориясы арқылы есірткі және психотропты заттарды заңсыз тасымалдануын тежеу, транзитпен күресуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жүйелі қызметтеріне құрылымдық функционалды өзгерістер енгізу; республикалық құқық қорғау органдарымен арнайы органдардың арасындағы тиімді байланыс орнату; шетел мемлекеттеріндегі, әсіресе Орталық Азия өңіріндегі елдердегі құқық қорғау органдарының арнайы қызметтерімен тиімді байланыс орнату. Орталық Азия елдерінің құқық қорғау органдарының трансұлттық есірткі қылмыстылығын ашу мен тергеу барысында өзара әрекеттесуінің ұйымдастырушылық-тактикалық ерекшеліктерін зерттеу тақырып бойынша теориялық және тәжірибелік маңызы бар келесі негізгі тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді: Осыған қатысты қойылған проблеманы шешу жолдары алға қойған нақты міндеттерге байланысты. Біріншісі – әлеуметтік есірткі иммунитетінің қалыптасуы, екіншісі – заңсыз есірткінің елімізге әкелінуіне жол бермеу, үшіншісі – есірткіге әуес адамдарды сауықтырып, қалыпты өмір жағдайына қайтару. Трансұлттық есірткі қылмысымен күресу шаралары толық және өзара байланысты жүйені құрайды, оны құқықтық және ұйымдастырушылық деп шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Дегенмен, ол жүйелі түрде қабылдау мен бағалауға және қалыптасқан саясатты жүзеге асыруға септігін тигізеді. Құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар жалпы қылмыстармен, соның ішінде Орталық Азия өңірі елдеріндегі трансұлттық есірткі қылмыстарымен күресуге бағытталған негізгі күш есебінде танылады. Құқықтық және ұйымдастыру тактикалық шаралары жалпы трансұлттық есірткі қылмыстылығына қарсы тұрудың, ал жекелеп алғанда Орталық Азия өңірі елдерінің жеке блогын құрайды. Орталық Азия өңірі елдеріндегі трансұлттық есірткі қылмыстарымен күресу осы саладағы Қазақстан Республикасы үшін басты стратегиялық басымдылық болып табылады. Бүгінде бұл іске бағытталған заң және өзге де құқықтық базалар жасақталуда. Осы негізде ауқымды ғылыми зерттеулер де жүргізілу үстінде. Зерттеліп отырған тақырып Қазақстандағы трансұлттық есірткі қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алу үшін құқық қорғау органдарының қызметін дамытуға септігін тигізбек, сол сияқты Орталық Азия өңіріндегі кейбір мемлекеттер үшін де айтарлықтай маңызды. Орталық Азия өңірі елдерінің құқық қорғау органдарының өзара байланысы саласындағы қызмет тәжірибесі Қазақстанда қолдануға болатын негізгі және адекватты шараларды құруға мүмкіндік береді. Заңсыз есірткі айналымына әсер етуде анықтамалық, аналитикалық және реттеушілік жұмыс – заңсыз есірткі айналымына әсер етумен байланысты анықтама жинақтау, талдау, оны бағалау және жалпылаудағы ұйымдастырушылық, аналитикалық-ойлаушылық, аналитикалық-анықтамалық шара болып табылады. Үстем тәжірибелік нәтиже ерекше ақпараттық-аналитикалық блок қызметін орнатумен және оның субъектілерімен елімізге есірткі әкелу немесе оның Қазақстан арқылы тасымалдануы халықаралық жеткізілім арналарын анықтау мен жою бойынша біріккен операцияларды жүзеге асырумен байланысты болуы шарт. Бірлесе жасалған әрекеттер бүгінгі күн тәртібіндегі проблемалардың көбісін шешуге қабілетті және мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берер еді: астыртын жүйе субъектілердің потенциалын және олардың күштерін біріктіру; олардың қызметіндегі бірауыздылық; өз бетінше шешім қабылдау жағдайына мүдделі елдердің ведомстволары мен қызметтерге қиынға соғатын міндеттерді шешу, т.б. Бұл аталған шаралардың жүзеге асырылуы ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені ол қаржы жағынан көлемді, көп шығынды талап етеді. Ал оны жүзеге асырмайынша, Орталық Азия өңірі елдерінің трансұлттық есірткі қылмыстылығына қарсы әрекеттерінде оңды нәтижелерге қол жеткізу мүмкін болмайды. Айта кететін жағдай – осы күнге дейін қабылданып келген аталмыш саланы реформалауға қатысты талпыныстардың көпшілігі жүйелік деңгейдегі функционалды кесте жасау әрекетімен тікелей байланысты. Бірақ олардың барлығы айтарлықтай нәтиже бермеді. Бұл салада жүйелік негіз басшылыққа алынбағандықтан, аталмыш мәселе осы зерттеуде ұсынылып отырған теориялық платформаның негізін құрайды. Өзара әрекеттесу бағытындағы қабылданып жатқан шаралар әзірше тұрақтылық көрсетіп отырған жоқ және көп жағдайда эпизодтық сипатта болып келеді. Дегенмен, бұл шараның неғұрлым оңтайлы деңгейде жүзеге асуы саяси шешімдер блогын іске асыру мен қажетті құқықтық базаны талап етеді. Осы тұрғыда бүгінгі кезде Қазақстан жартылай тәжірибеге қол жеткізуде. Оған мысал ретінде Қазақстан қол қойған келісімдер мен хаттамалар, сондай-ақ мүдделі елдердің 2007 жылдан бастап Алматы қаласында ОАӨАҮО құру туралы шешімін айтуға болады. Тәжірибеде есірткімен байланысты қылмыстық істер бойынша көптеген тактикалық және қылмыстық іс жүргізу міндеттері нормативтік құқықтық базаның жеткіліксіз болуына байланысты қажетті деңгейде өз шешімін таппай отыр. Солардың бірі ретінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259 бабына «Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату» диспозициясы мен санкциясын, ал ең бастысы, қылмыстық әсер ету затына қатысты сол есірткі заттар, психотропты заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауаптылықты бөлуге қатысты мәселе бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет деп санаймыз. Сонымен, Қазақстан Респубикасының Қылмыстық кодексіне, сондай-ақ Орталық Азияның бірқатар мемлекеттерінің (Қырғыз Республикасы, Өзбекстан) Қылмыстық кодекстеріне есірткі заттар, психотропты заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауаптылық туралы қылмыстық құқықтық норманың жаңа редакциясы ұсынылды. Сонымен, есірткіге қарсы саясат үш деңгейде жүзеге асуы қажет, олар: халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық деңгейлер. Өйткені мұндай саясат тек бір мемлекет шеңберінде ғана емес, сонымен қатар трансұлттық деңгейде де жүзеге асырылады. Есірткілердің заңсыз айналымымен күреске тартылған құқық қорғау органдардың өзара әрекет тиімділігін арттыру мәселесі қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, криминалистика, криминология, жедел-іздестіру қызметі ғылымдарының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Өзара әрекетке қатысушылардың қызметін дұрыс қамтамасыз ету дер кезінде қажетті ақпараттарды анықтауға, қылмыскерлерді анықтауға және ұстауға, есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қатысты кез-келген қылмыстарды үздік тергеуге, қылмыстардың әрбір құрамын дұрыс дәрежелеуге, соған сәйкес қылмыстық жауаптылық шарасын және қылмыстық жазаның тиісті түрін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. ҚР ҚІЖК-нің 65-бабына сәйкес, анықтау органдарына қылмыстық іс жүргізу әрекеттерімен қатар ҚР ҚК-нің 259-265-б.б. қарастырылған қылмыстар туралы істер бойынша жедел-іздестіру әрекеттерін орындау жүктелген. Жедел-іздестіру бөлімдерінің қызметі, ҚР ҚІЖК мен 1994 жылдың 15 қыркүйегінде шыққан ҚР “Жедел-іздестіру қызметі туралы” Заңымен қатар, тиісті құқық қорғау органдарынан шығарылған мекемелік бұйрықтармен және нұсқаулармен реттеледі. Соңғылар заң асты актілері болып табылады, ал ондағы жедел-іздестіру шараларын жүргізу туралы нұсқауларды заң негізінде шыққан нормалар ретінде қарастыру керек. Профессор Н.М.Әбдіров зерттеулерінің бірінде есірткі саласындағы қылмыстарды тергеу бойынша тергеу бөлімдерін құру ұсынылған. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл пікір назар аударуға тұрарлық, әсіресе практикалық тұрғыдан қарағанда. Есірткілерге қатысты қылмыстардың ерекшелігі ескеріліп, қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін әрі қарай жетілдіру бойынша шаралар туралы” Жарлығына сәйкес ҚР ІІМ Есірткілердің заңсыз айналымын бақылау және есірткі бизнесімен күрес бойынша комитет құрылды. Бұрынғы ҚР Әділет министрлінің Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу бойынша комитетінің қызметін зерттеу орын алған кемшіліктер туралы куәлайды. Енді оның қызметтері мен өкілеттіліктері жаңадан құрылған ҚР ІІМ Есірткілердің заңсыз айналымын бақылау және есірткі бизнесімен күрес бойынша комитетке өтеді. Бұл шара бұрынғы Комитет мәртебесінің төмендігіне сәйкес, тиісті өкілеттіліктерінің болмауына және құрамы аз санды болуына байланысты есірткілердің қауіпті таралуына тиімді қарсы тұруды ұйымдастыра алмады. ІІМ құрылымында құрылған Комитет құқық қорғау органдарының қызметтері мен өкілеттіліктеріне ие болады және жергілікті жерлерде құрылымдық бөлімдері болады. Оның қызметі есірткі трафигінің және республика территориясындағы есірткілердің заңсыз саудасының алдын кесуге бағытталады. Бұл жұмысқа Комитет орталық және жергілікті атқарушы органдарды, әр түрлі жіктегі халықты кеңінен тартады. Сонымен бірге, жергілікті жерлердегі осы бөлімдер қызметінің негізгі бағыттары келесі шаралардың жүргізілуін қамтуы мүмкін: әр жақтардан түсіп жатқан ақпараттарды талдау мен жүйелендіру; тиісті жедел-іздестіру және криминалистикалық санақтар құру; жедел шараларды жүзеге асыру; қозғалған қылмыстық істер бойынша тергеуді жедел қамтамасыз ету; есірткілердің заңды айналымын бақылау және т.б. Құқық қорғау органдары өзара әрекеттерінің негізгі міндеттері болып мыналар табылады: қылмыстарды ескерту, ашу мен тергеу, оларды жасаған тұлғаларды заңда көрсетілген жауаптылыққа тарту; қылмыскерлерді іздестіру бойынша біріккен қызмет; олармен келтірілген материалдық зардаптың орнын толтыру. Құқық қорғау органдарының өзара әрекеттерінің мәні заңға және қылмыстарды ескертудегі мінтердің ортақтығымен негізделген аталған органдардың бәріне тән есірткі бизнесімен және есірткі мен жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстарды ескертуге бағытталған тәсілдері мен нышандарын, өкілеттерін тиімді қолданумен және дұрыс үйлесімімен анықталады. Өзара әрекет сипаты ізгілік пен талаптылық үйлесімдегі толық өзара түсінікпен ерекшелінеді. Есірткілердің заңсыз айналымымен күрес проблемаларының шешімі, ғалымдардың кейбір зерттеулері куәландырғандай, бірнеше мемлекет күштерінің әрі қарай интеграциясынан табылуы мүмкін. Есірткі бизнесімен күрес есірткілердің таратылуымен күрестегі халықаралық қызметтесуді ұйымдастыруды және ТМД елдерінің белсенді өзара әрекетін талап етеді. Бұл, біріншіден, халықаралық сипаттағы қылмыстармен күрестің келісілген бағдарламаларын әзірлеу, екіншіден, қылмыстылықпен күресте қызметтесу және құқықтық көмек туралы тиісті келісімдерді (конвенцияларды) дайындау және оларға қол қою; үшіншіден, осы елдердің құқық қорғау органдарының өзара әрекетін қамтамасыз ететін мемлекет аралық үйлестіруші орган құру. Есірткі бизнесімен күрес саласындағы ТМД елдерінің құқық қорғау органдарының басқа елдермен өзара әрекеттеріне қатысты проблемалар ерекше көп. Есірткі бизнесімен күрес тиімділігін арттыру қажеттілігі транснационалдық сипаттағы қылмыстармен күрестің келісілген бағдарламасын әзірлеуді көздейді. Бірақ, құқық қорғау органдары, халықаралық есірткі бизнесімен күресу үшін құрылған бай құқықтық базаны толық деңгейде қолданбайды . БҰҰ шеңберінде қылмыстық-құқықтық сала бойынша қабылданған негізгі халықаралық келісім – “1961 жылғы Есірткі заттары туралы ортақ конвенцияға өзгертулер туралы 1972 жылғы хаттама”. ТМД шеңберінде “Қылмыстылықпен күрес саласындағы тәуелсіз мемлекеттердің ішкі істер министрліктерінің өзара әрекеті туралы келісім” қызмет етеді. Бірінші бапта тараптар өз мемлекеттерінің заңдары негізінде есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен күреске қатысты бағыттар бойынша да қызметтесуді жүзеге асырады. Транснационалдық ұйымдасқан қылмыстылықпен күрестегі Қазақстан Республикасының басқа елдермен өзара әрекет келесілер шеңберінде жүзеге асырылады: 1) халықаралық ұйымдар (Интерпол); 2) ТМД мемлекеттерінің көп тараптық қызметтесуі; 3) екі тараптық келісімдер деңгейінде. 1992 жылдың 8 қазанында Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы прокуратуралары арасында құқықтық көмек пен қызметтесу туралы көп тараптық келісім қабылданды. 1992 жылдың 21 қазанында Киев қаласында Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен күрестегі ішкі істер министрліктері арасында қызметтесу туралы келісім қабылданды. Онда есірткілердің заңсыз айналымы саласында әрекеттенетін ұйымдасқан қылмыстық топтармен күрес барысындағы өзара әрекет нышандары анықталған. 1993 жылғы 9 қаңтарда ҚР ІІМ мен РФ ІІМ арасындағы өзара әрекетті жақсартуға бағытталған келісімге қол жетті. Есірткілердің заңсыз айналымына қатысты қылмыстардың алдын алу шараларын тиімдірек ұйымдастыру үшін ақпараттарды тез жіберуге мүмкіндік беретін, тергеушінің жедел және тергеу әрекеттері туралы тапсырмаларды орындайтын, біріккен әрекеттерді атқаратын ТМД елдерінің құқық қорғау органдары арасында үнемі байланыс керек. Есірткілердің заңсыз айналымына қатысты қылмыстардың алды алудың үйлестірілген превентивтік шаралары белгілі ғалымдармен, атап айтқанда Н.М.Әбдіровпен, В.С.Бурдановамен, С.Е.Еркіновпен, Г.С.Оспановамен берілген. Халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топтармен күрес ТМД елдері құқық қорғау органдары арасындағы өзара әрекетті ұйымдастырудың жоғарғы деңгейін көздейді. Осыған байланысты екі тараптық негіздегі өзара әрекетке қызығушылық танытады. ТМД елдерінің ынтымақтастығы мен өзара әрекеттері үшін құқықтық базаны құру мақсатында ТМД мемлекеттері басшыларымен азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға, сонымен қатар Достастыққа мүше мемлекеттердің ішкі істер министрліктері қабылдаған келісімге қол қойылды. Есірткілердің заңсыз айналымымен күресті құқықтық қамтамасыз ету құқық қорғау органдарының тікелей практикалық қызметі қазірден талап етуде. Мәселен, сол немесе басқа сұрақтардың шешілуі ескертудегі (жалпы, жеке) проблемалардан құтылуға көмектесер еді. Атап айтқанда, біз кейбір авторлардың /8/ алкоголизм мен нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеу тағайындалған, сонымен қатар жыныстық жұқпалы аурудан емнің толық курсын өтпеген әйелдерге жазаны кейінге қалдыруды қолданбау туралы көзқарастарын ұстанамыз.

Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 - 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы. 1. Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есiрткiнің заңсыз айналымына қарсы мемлекеттік және қоғамдық іс-қимылдардың жүйесі. 2. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл тетігін нығайту. 3. Нашақорлықтың алдын алу, емдеу жүйесін жетілдіру және есірткіге тәуелді адамдарды оңалту жүйесін дамыту. 4. Есірткінің заңсыз айналымын және оларды теріс пайдалануды бақылау саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің шараларын күшейту қажеттілігене орай ҚРҮкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 451 Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 – 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірленді. Бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есiрткiнің заңсыз айналымына қарсы мемлекеттік және қоғамдық іс-қимылдың қалыптастырылып жатқан жүйесін жетілдіру. Бағдарламаның міндеттері: 1. Нашақорлықтың алдын алу, емдеу жүйесін жетілдіру және есірткіге тәуелді адамдарды оңалту жүйесін дамыту. 2. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл тетігін нығайту арқылы есірткі құралдарының заңсыз айналымының жолын кесу. 3. Есірткінің заңсыз айналымын және оларды теріс пайдалануды бақылау саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Іске асыру кезеңдері: 2012 - 2016 жылдар; I кезең: 2012 - 2014 жылдар; II кезең: 2015 - 2016 жылдар. Бағдарлама «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» ҚР Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығының негізгі ережелеріне сай келеді, онда есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрес орта мерзімді перспективалардың компоненттері болып табылатын ҚР-ның даму жоспарының басым мақсаттарының бірі болып белгіленген, мұнда халықаралық терроризмге, діни экстремизмге, халықаралық есірткі бизнесі мен заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылатын болады. Орта мерзімді перспективада қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында маңызды басымдық есірткі трафигінің жолын кесуді, сондай-ақ 2015 жылға нашақорлықты 15 % төмендетуді қоса алғанда Ауғанстанға байланысты кешенді проблемаларды шешуге қатысу болып қала береді. Бағдарламаның бенефициарлары: 1) халық, оның ішінде жастар, балалар мен жасөспірімдер; 2) есірткіге сұранысты төмендету саласында жұмыс істейтін мамандар; 3) есірткінің заңсыз айналымының жолын кесуге қатысатын құқық қорғау органдарының мамандары; 4) әлеуметтік блок мамандары болып табылады. Құқық қорғау органдары бойынша 2011 жылы тіркелген есірткі қылмыстарының негізгі бөлігі, бірінші кезекте, ішкі істер органдарына келеді 93,25 % (1-кесте).

1-кесте

Анықталғаны

2010 жылы

+/- (%)

2011 жылы

+/- (%)

Есірткі қылмыстарының барлығы:

8795

100%

4360

100%

ІІМ

8322

94,6

4066

93,25

ҰҚК

308

3,5

185

4,24

Қаржымині КБК

159

1,8

103

2,36

Есірткі қылмыстарының ең көп саны Қостанай (421), Қарағанды (396), Шығыс Қазақстан (330) облыстарында, сондай-ақ Алматы (491) қаласында тіркелген. Есірткі қылмыстарының құрылымында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы ҚК) «Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату» деген 259-бабында көзделген қылмыстар басым екенін атап өту қажет. Талдау жасалып отырған кезеңде көрсетілген бап бойынша 2009 жылы барлығы 9230 қылмыс, 2010 жылы 8380 қылмыс, 2011 жылы 4034 қылмыс тіркелді. Тіркелген есірткі қылмыстарының жалпы санынан Қазақстан Республикасы ҚК-нің 259-бабы бойынша қылмыстардың үлес салмағы 2009 жылы – 95,3%, 2010 жылы - 95,3%, ал 2011 жылы – 92,5 % құрады. Осы кезеңдерде тіркелген есірткі қылмыстарының санынан қалған тиісінше 4,7 %, 4,7 % және 7,5 % Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің « Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандысы» деген 250-бабына, сондай-ақ «Есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды талан-таражға салу немесе бопсалау» деген 260-бабына, «Есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды тұтынуға тарту» деген 261-бабына, «Құрамында есірткі заты бар өңдеуге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» деген 262-бабына, «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды тұтыну үшін притондарды ұйымдастыру және ұстау немесе осы мақсаттар үшін үй-жайды ұсыну» деген 264-бабына келеді. Есірткіге тәуелділіктің пайда болуы жеке субъект сияқты, жалпы қоғамның да өмір сүру салтын қалыптастыруға айтарлықтай әсер ететін қазіргі заманғы қоғамның елеулі проблемаларының бірі болып табылады, ол бүгінде халықтың кейбір топтарында, әсіресе жастар арасында кең таралған. Есірткі патологиясының өсуімен қатар АИТВ жұқтырған контингенттің, гепатит, туберкулез диагнозы бар есірткіге тәуелділер санының өскенін атап өту қажет, бұл қалыптасқан ахуалды объективті бағалаудың жаңа тәсілдерін іздеуге мәжбүрлейді. Еліміздің әлеуметтік өмір деңгейі төмен бірқатар өңірлерінде тәуекел топтардың, мысалы, коммерциялық секс жұмыскерлерінің, есірткіні инъекциялық тұтынушылардың, гомосексуалистер арасында шоғырланған АИТВ эпидемиясы байқалады. 2011 жылдың соңында елімізде АИТВ жұқтырудың 15771 фактісі тіркелген, оның ішінде ЖИТС-мен ауыратындар 1178 адам. Қазіргі уақытта Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары ЖИТС/АИТВ таралуының негізгі ошақтары болып табылады, оларда 100 мың тұрғынға 95,2 оқиға тіркелген. 2009 жылы денсаулық сақтау органдарында есірткіге тәуелді 54 081 адам (2008 жылы – 54 669, төмендеу 1,1%) есепке қойылған. 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы есірткіні теріс пайдаланатын адамдар саны 7,9 % (54081-ден 49795-ке дейін) азайды. 2011 жылы да осыған ұқсас ахуал сақталды: есірткіні теріс пайдаланатын адамдар санының азаюы жалғасуда. 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылдың ұқсас кезеңінде 6,1% төмендеу (49795-тен 46766-ға дейін) болды. Сонымен бірге есепке қойылғандардың жалпы санының төмендеуі аясында психотроптық заттарды тұтынатындар санының өсуі жалғасуда (2009 жылы 3846-дан адамнан 2010 жылы 4029 адамға дейін және 2011 жылы 4313 адамға дейін, яғни тиісінше 4,8% және 6,6%). 2011 жылдың соңындағы жағдай бойынша тіркелген есірткіге тәуелді адамдардың жалпы санынан психотроптық заттарды тұтынушылардың үлес салмағы 9,2 %, 2010 жылы 8,1 %, 2009 жылы 7,1 % құрады. Тіркелген есірткіге тәуелді адамдардың жалпы санынан 2009 жылы - 12602, 2010 жылы - 12632, 2011 жылы 12688 адам каннабиноидтерді (марихуана және одан жасалатындар) тұтынушы болып табылады. Героинді тұтынушылар санының 2010 жылы 10,3 % (27852-ден 24970-ке дейін), 2011 жылы 9,7 % (24970-тен 22545-ке дейін) азайғаны байқалады. Осылайша, тіркелген есірткіге тәуелділердің жалпы санынан 24970 адам (50,1%) героин тұтынушылар болып табылады (2009 жылы 27852, бұл 51,5% құрады). 2010 және 2009 жылдармен (тиісінше 22545 адам, 24970 адам және 27852 адам) салыстырғанда 2011 жылы героинге тәуелді адамдар санының азаюы алдымен қайтыс болуына байланысты есептен алынған адамдар санының 2010 жылы 10,8% азаюына (1031-ден 920-ға дейін) және 2011 жылы 2,1 % (920-дан 940-қа дейін) шамалы өсуіне әкеп соқты. Еліміздің өңірлері бойынша 2010 және 2011 жылдары өлім деңгейі Алматы қаласында (тиісінше 247 және 275 оқиға, олардың ішінде есірткі дозасын шамадан тыс арттырудан 17 және 18 оқиға), Павлодар (93 және 87 оқиға, олардың ішінде есірткі дозасын шамадан тыс арттырудан тиісінше 12 және 8 жағдай), Шығыс Қазақстан (83 және 118 оқиға, олардың ішінде есірткі дозасын шамадан тыс арттырудан тиісінше 10 және 18 оқиға) облыстарында жоғары болып қалуда. 2011 жылдың қорытындысы бойынша есірткіге тәуелді адамдар арасындағы өлім деңгейінің Жамбыл (62 оқиға), Қостанай (59), Алматы (49 оқиға), Солтүстік Қазақстан (36 оқиға) облыстарында жоғары күйінде қалуы жалғасуда. 2009 және 2010 жылдармен салыстырғанда есірткіге тәуелді жастар санының төмендегені байқалады, мәселен 2009 жылға қарағанда 2010 жылы төмендеу 21,3% (34867-ден 27427 адамға дейін), 2010 жылға қарағанда 2011 жылы 17,27% (27427-ден 22690 адамға дейін) құрады. 2009 - 2011 жылдар ішінде есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға тәуелді анықталған 14 жасты қоса алғанда оған дейінгі және 15-тен 17 жасқа дейінгі есепте тұрған кәмелетке толмағандар санының азайғаны байқалады (2009 жылы – 346, 2010 – 231, 2011 – 54), 2009 жылға қарағанда 2011 жылы төмендеу 44,5% құрады. Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды теріс пайдаланатын адамдар санының азаюы медициналық ұйымдардың, ішкі істер органдарының есірткі теріс пайдаланатын адамдарды анықтау үрдісінің төмендеуіне, оқу орындарының беделін, мәртебесін түсірмеу үшін білім беру органдарының орын алған проблемаға назар аударуға ниеттенбеуіне, ата-аналардың тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығына байланысты болуы ықтимал. Бұл тұжырым 2-кестеде көрсетілген жас шамаларының топтары бойынша есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды теріс пайдаланатын адамдарды есепке қоюдың нәтижелері туралы мәліметтерді салыстырумен расталады. 2-кесте.

жыл

Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды теріс пайдаланатын адамдардың барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

14 жасты қоса алғанда оған дейін

15-17 жас

14 жасқа дейін және 15-17 жас

олардың ішінде тәуелділері

18-30 жас

олардың ішінде тәуелділері

Барлық өсуі (6-бағанға қарағанда 4-баған)

олардың ішіндегі тәуелділері (7-бағанға қарағанда 5-баған)

2009

605

3076

3681

346

25175

16136

85,30%

97,85%

2010

523

2416

2939

231

24077

15342

87,80%

98,40%

2011

442

2171

2613

153

20423

13111

87,20%

98,80%

ҚК-нің «Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату» деген 259-бабының «Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды өткiзу мақсатында заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау, дайындау, өңдеу, жөнелту не өткiзу» деген 2-бөлігінде көзделген қылмыстардың саны 2010 жылы 378-ден 2011 жылы 494-ке дейін 30,7% өсті, 2009 жылы 396 қылмыс тіркелсе, 2010 жылы 378 қылмыс тіркелді (4,5% төмендеді). 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ҚК-нің «Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату» деген 259-бабының «Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды өткiзу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық жасаған заңсыз иемденiп алу, тасымалдау немесе сақтау не өткiзу» деген төртінші бөлігінде көзделген тіркелген және құқық қорғау органдары анықтаған қылмыстар санының азайғаны байқалады - 82,2 %, бірақ осы баптың төртінші бөлігінің «а» тармақшасына (ұйымдасқан топ және қылмыстық қоғамдастық жасаған есірткі қылмыстары) қатысты 2009 жылы 100% өскені байқалады (50-ден 100 қылмысқа дейін, олардың 67-і ІІМ-нің үлесіне келеді). Алайда осы санаттағы қылмыстарды анықтау ахуалы тұрақты емес, 2010 және 2011 жылдары 43,28 % (67-ден 38-ге дейін) төмендеу байқалады. Қазақстан аумағы арқылы өтетін есірткі транзитінің арналарын жабу бойынша жүйелі шараларды әзірлеу мәселелері 2010 жылы Үкімет отырыстарында бірнеше рет қаралды. Қабылданған шешімдерді іске асыру есірткі контрабандасына байланысты қылмыстардың көп санын анықтауға мүмкіндік берді. Бұл ретте Мемлекеттік шекарада бақылауды тікелей жүзеге асыратын ҰҚК Шекара қызметі мен кеден органдары бөліністерінің есірткі контрабандасының жолын кесу жөніндегі іс-шараларды орындау басымдығына назар аударылды. Республика бойынша барлық есірткі қылмыстарынан есірткі контрабандасы фактілерін анықтаудың үлес салмағы 2009 жылы 2,8 % (273), 2010 жылы 2,75 % (242), 2011 жылы 4,54 % (198) құрады. Алайда, қазіргі уақытта 2009 жылға қарағанда есірткі контрабандасына байланысты қылмыстардың саны 27,5 % төмендеп отыр (2009 жылғы 273-тен 2011 жылы 198-ге дейін). Есірткі тұтыну салдарынан 2009 жылғы 352 қылмыс жасалса, 2010 жылы 499 қылмыс жасалған, бұл 41,8 % артық, бірақ осы санаттағы қылмыстың 2010 жылға қарағанда 25,5 % азайғаны байқалады, 2011 жылы 372 қылмыс жасалған. 2009 жылға қарағанда 2010 жылы есірткі қылмыстарын жасаған әйелдер саны 11,4% (761-ден 674-ке) төмендеген, 2011 жылы әйелдер жасаған есірткі қылмысы 58,2 % азайып, 674-тен 282 қылмысқа дейін төмендеді. Алайда есірткі тұтыну салдарынан қылмыс жасаған әйелдер саны 2010 жылы 19,2% (26-дан 31-ге) өсті, бірақ 2011 жылы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 259-бабының 1-бөлігін декриминализациялаудың нәтижесінде 22,6 % (31-ден 24-ке дейін) төмендеді. Кәмелетке толмағандар 2009 жылғы 8 қылмыс жасаса, 2010 және 2011 жылдары 11 және 8 есірткі қылмысын жасады. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар есірткі тұтынудың салдарынан 2009 жылғы 5 қылмыс жасаса, 2011 жылы 3 қылмыс жасады. Есірткі құралдарының заңсыз айналымымен байланысты есірткі қылмыстарын жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдардың контингенті арасында, әдетте, 20-дан 35 жасқа дейінгі ер адамдар басым. Ішкі істер органдары «бақыланатын жеткізілім» әдісі бойынша 2009 жылы 24 арнайы іс-шара, оның ішінде 7 сыртқы (Қырғызстан – 3, Ресей – 4), 2010 жылы 29 бақыланатын жеткізілім, оның ішінде 3 сыртқы (Ресей Федерациясының ЕБФҚ және ІІМ), 2011 жылы 23 «бақыланатын жеткізілім», оның ішінде 3 сыртқы (Қырғызстан) арнайы іс-шара өткізді. Тиісті қылмыстық санкцияларды қолданысқа енгізген сәттен бастап 100-ден астам есірткі қылмыскері 12 жылдан 20 жылға дейін және 1 адам өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталды. 3-кесте.

Көрсеткіштердің атауы

ІІМ

ҰҚК

Қаржымині КБК

2009 ж. 12 айы

2010 ж. 12 айы

2011 ж. 12 айы

2009 ж. 12 айы

2010 ж. 12 айы

2011 ж. 12 айы

2009 ж. 12 айы

2010 ж. 12 айы

2011 ж. 12 айы

Анықталған есірткі қылмыстары

9126

8322

4066

363

308

185

203

159

103

Есірткі өткізу

2313

2338

2292

274

228

101

22

16

17

ҚР ҚК 259-бабының 4-бөлігі бойынша

67

51

38

33

16

-51,5

0

0

Сонымен бірге соңғы жедел деректер Түрікменстан арқылы: Ауғанстаннан Иранға, одан әрі Түрікменстанға, Қазақстанға, Ресейге және ТМД елдеріне, Еуропаға өтетін жаңа бағыттың пайда болғанын көрсетеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыстың алдын алу басқармасының (бұдан әрі – БҰҰ-ның ЕҚБ) және ТМД-дағы әріптестердің ақпараты бойынша «Каспий» бағыты деп аталатын тағы бір жаңа бағыттың пайда болғаны туралы деректер бар. Бұл бағыт бойынша ауған героинінің Ираннан теңіз жолымен Әзірбайжан порттарына және одан әрі Кавказ өңірінің елдеріне, Украинаға, Ресейге және Еуропаға транзиті жүзеге асырылады, Ресеймен бірлескен шекараларды ескерсек, бұл болашақта Қазақстан үшін қауіп тудыруы мүмкін. Нашақорлық психикалық белсенді заттарды теріс пайдаланудың алдын алуды ұйымдастыруда шешуші және белсенді әрекеттердің өткір қажеттілігін тудыратын біздің қоғамымыздың ең маңызды проблемаларының бірі болып табылады.

Шетелдік оң тәжірибеге шолу.

Қазіргі уақытта шетелдердің практикалық тәжірибесін зерделеуге ерекше қызығушылық байқалады. Осы мақсатта Германия, Қытай, Малайзия, АҚШ, Чехия сияқты елдердің тәжірибесі талданды. Чехия. Чех Республикасында нашақорлықты емдеу көбіне мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарда, аз дәрежеде жеке меншік мекемелерде жүзеге асырылады. Бұл ұйымдар емдеу бойынша үш негізгі қызметті ұсынады: детоксикация, амбулаторлық ем және институциялық көмек. Стационарлық емдеу қысқа мерзімді (4-8 апта); орта мерзімді (3-6 ай) және ұзақ мерзімді (7 ай және одан көп) болуы мүмкін. Чехияда алмастыру терапиясын қолдануға рұқсат етілген. 2008 жылы алмастыру терапиясының мамандандырылған 40 орталығы тіркелген, оның ішінде 7 орталық түрмелерде тіркелген. 2000 жылы екі алмастыру агенті қолданылған: метадон және бупренорфин. 2008 жылдан бастап құрамында бупренорфин және налоксан бар тіл астына қоятын препарат енгізілді. 2008 жылғы деректер бойынша 5000 жуық адам алмастыру терапиясынан өткен, оның 700-і метадон және шамамен 4200-4500-і бупренорфин қабылдаған. 2008 жылғы деректер бойынша жалпы алғанда есірткіге тәуелді шамамен 8000 адам емдеуден өткен, оның 4000-ға жуығы емделуге бірінші рет өтініш білдірген. Бұл ретте емдеуден өткен барлық пациенттердің 48 %-ының жасы 25-тен төмен. Чех Республикасындағы профилактикалық қызметті білім министрлігі үйлестіреді, негізінен оны мектептер мен үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырады. 2007 жылдан бастап нашақорлықтың алдын алу мектеп бағдарламасына енгізілген. Министрліктің деңгейінде мектептер үшін ұсынымдарды қамтитын барынша аз алдын алу бағдарламасы әзірленген. Польша. Халықаралық сарапшылардың пікірі бойынша, Польша ауған героинін Еуропаға апаратын басты транзиттік елдердің бірі және халықаралық нарықта амфетаминдердің негізгі өндірушісі болып табылады. Польшаның есірткіге тәуелді халқының басым бөлігі 15-24 жастағылар. Нашақорлыққа қарсы іс-қимылдың институциялық негіздері 2005 жылғы 29 шілдедегі «Нашақорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда және Нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2016 жылдарға арналған ұлттық бағдарламада баяндалған. Бағдарламаның негізгі мақсаты есірткі тұтынуды азайту және онымен байланысты әлеуметтік және медициналық проблемаларды барынша тиімді шешу болып табылады. Бағдарлама бес негізгі саланы қамтиды: нашақорлықты ескерту; емдеу, оңалту, зиянын азайту және әлеуметтік қайта біріктіру; ұсынысты қысқарту; халықаралық ынтымақтастық; зерттеу және мониторинг. Польшада есірткіге тәуелділікті медикаментоздық емдеу амбулаторлық және стационарлық емдеу мен детоксикацияны қамтиды. Амбулаторлық емдеу ірі қалаларда орналасқан наркологиялық консультациялау орталықтары мен консультациялық психикалық денсаулық орталықтарының желісі арқылы қамтамасыз етіледі. Детоксикация палаталарында детоксикация жүргізіледі. Есірткіге тәуелділерді амбулаторлық және стационарлық емдеуді үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік қызметтер және жеке меншік ұйымдар жүзеге асырады. Детоксикацияны негізінен мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ жеке меншік клиникалар қамтамасыз етеді. Шығыс және Орталық Еуропаның барлық елдері ішінде Польшада есірткіге тәуелділерді оңалтуға және ұзақ уақыт тежеуге бағытталған терапиялық қоғамдастықтардың ең көне дәстүрлерінің бірі бар. Бағыт «Жастар есірткіге қарсы» (МОНАР) атауын алған. Бұл терапиялық қоғамдастықтардың идеяларына негізделген көмектің бүкіл жүйесін құру үшін іргетас болды. Қазіргі уақытта МОНАР түрлі типтегі 160-тан астам бағдарламаны іске асырады, қауымдастық жыл сайын қиын өмір жағдайында қалған 75 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді. МОНАР емдік бағдарламасы 7 кезеңді қамтиды; клиенттер, әдетте, барлық кезеңдерді 12-16 айда өтеді. Жұмыстың негізіне еңбекке үйретуді, жеке және топтық психотерапияны, мәдени және этикалық бағдарламаларды жүзеге асыруды, дене шынықтырумен үнемі айналысуды, алкогольден және басқа да писхикалық белсенді субстанциялардан толық бас тартуды, оңалту курсын аяқтаған азаматтарды оңалтудан кейін қолдауды қамтитын кешенді бағдарлама қойылған. Бағдарлама діни және сиқырмен әсер ету элементтерін, сондай-ақ пациенттердің санасын манипуляциялаудың түрлі әдістерін қамтымайды. Польшада ұсақ құқық бұзушылық үшін айыппұл, бір жылға дейін мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген. Бұл ретте сот нашақорды емделуге міндеттеуі мүмкін. Есірткі сату айыппұлмен және 6 айдан 8 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады. Польшада емделу ерікті сипатта екеніне қарамастан, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді сот емдеу курсынан өтуге міндеттейді. Заңнамаға сәйкес Польшада әрбір білім беру мекемесінде өзінің нашақорлықтың алдын алу бағдарламасы болуы тиіс, ол нақты ахуалға жауап ретінде құрылады. Бағдарламаны әзірлеумен заңнама бойынша мұғалімдер ата-аналармен ынтымақтаса отырып айналысуы тиіс. Осыған байланысты ата-аналар мен өтпелі жастағы балалар мақсатты топтары болып табылатын «Отбасына жақын, есірткіден алыс» ақпараттық кампаниялар («әке-ұл» ұстанымына ерекше назар аударылады) өте танымал. Ақпараттық кампаниялардың ортақ мақсаты есірткі қабылдағанға дейін қорғау факторы ретінде отбасында және есірткіге тәуелділіктің алдын алуда жағымды коммуникацияның мәнін күшейту болып табылады. Коммуникация инструменттері телевидение, радио, интернет, кинотеатрлар, баспа басылымдары (брошюралар, плакаттар және тағы басқалар), есірткіге қарсы сенім телефонының әрекетін танымал ету және интернет-консультациялар болуы мүмкін. Бұл кампанияларды өткізу есірткіге және онымен байланысты проблемаларға қарсы күресте қатысушы мекемелерге өз әлеуетін нығайту және осы салада өзінің ақпаратты басқаруын арттыру мүмкіндігін береді. Қытай. ҚХР-дың есірткіге қарсы саясатының маңызды бағыты – нашақорларды емдеу және құтқару. Қытайда 2010 жылғы маусымда 1,437 млн. нашақор тіркелген. Тіркелеген нашақорлардың 1,05 млн. жуығы апиын, морфий, героин және кокоин сияқты есірткілерді тұтынады. Олардың үлесіне елдегі нашақорлардың жалпы санының 72,7% келеді. Есірткіге тәуелділерді емдеу кезінде ҚХР-да бір жағынан наркологиялық диспансерлерде мәжбүрлеп емдеуді, ал екінші жағынан зиянды құмарлықтан емделгісі келетіндерге қоғамдық құрылымдардың көмек көрсетуін білдіретін кешенді тәсіл қолданылады. Мәжбүрлеп емдеу курсынан өтіп, диспансерден шыққаннан кейін есірткі тұтынуды қайта бастағандарды, әдетте, құқықтық атқарушы құрылымдарға ведомстволық бағынысты еңбекпен түзеу мекемелеріне жібереді, ол жерде еңбекке қатысумен қатар нашақор-рецидивистерді мәжбүрлеу тәртібімен емдейді. Қандай да бір себептермен наркологиялық диспансерлерде болуға қарсы көрсетімдері бар есірткіге тәуелділерге қатысты олар үй жағдайында туыстарының қамқорлығымен және жергілікті милиция бөлімшесінің қадағалауымен емделуге барады, осы ретте есірткі тұтынушы емделіп шығуы тиіс мерзім белгіленеді. Бұдан басқа кейбір аудандарда медициналық мекемелер арнайы курстар құрған, оларға есірткіге құмарлықтан ерікті түрде емделгісі келетін адамдар қабылданады. Кейбір аудандарда қоғамдық ұйымдар қамқорлыққа алып, есірткіге тәуелділерге есірткіден бас тартуға көмектеседі. Малайзия. Малайзия есірткіні таратуға және тұтынуға қарсы күрес бойынша қатаң саясат жүргізеді. 1975 жылы Малайзияда есірткі контрабандасы және оны сақтағаны үшін дарға асу арқылы өлім жазасын көздейтін заң қабылданған. 1983 жылы заңды қолдану саласы айтарлықтай кеңейтілді. 15 грамнан артық героин немесе 200 грамм марихуана сақтағаны үшін, сондай-ақ күшті әсер ететін есірткі заттарын елге әкелгені үшін қылмыскердің азаматтығына қарамастан, ерекше жазалау шарасы – өлім жазасы ұйғарылады. Есірткіге қарсы күрестің жалпыұлттық науқаны шеңберінде 2005 жылдың қыркүйегінен бастап малайзиялық студенттердің есірткі тұтыну тестлеуінен өту практикасы енгізілген. Орталық Малайзияның түнгі клубтары мен дискотекаларын ғимаратқа келушілер арасынан нашақорларды анықтауға қабілетті жаңа детекторлық құрылғылармен жарақтау туралы шешім қабылданды. Детекторлық аппаратураның жұмыс тәсілі есірткі тұтынуға бейімділігі күдіктелетін келушілердің көзінің торшасын сканерлеуге негізделген. Малайзиялық биліктің бұл бастамасына Азияда ұқсас келетіні жоқ. Мектеп оқушыларының көз торшаларынан ақпаратты оқитын биосканерлер оқушылардың арасынан нашақорларды анықтау үшін Малайзияның көптеген орта мектептерінде орнатылған. Биосканер есірткі тұтыну фактісін тіркеп қана қоймай, оның түрін тануға да қабілетті. Тиісті ақпарат экранға шығарылады және басылып шығарылуы мүмкін. Аппараттың оң қорытындысын алған мектеп оқушылары зертханалық жағдайда несеп талдауын тапсыру үшін жіберіледі. Анықталған нашақорлар құқық қорғау органдарының өкілдеріне берілмей, есірткіге тәуелділікпен ауыратын мектеп оқушыларын емдеу және бейімдеу жөніндегі арнайы курстарға жіберіледі. Малайзияның солтүстік-батысындағы Кедах (Kedah) штатының билігі есірткі заттарының айналымына қарсы күрестің өзіндік бірегей жүйесін енгізіп, практикада сәтті қолдануда. Қолданыстағы кеден заңнамасына сәйкес кез келген азамат шекара арқылы есірткіні заңсыз алып өтудің өзіне белгілі болған фактісі туралы хабарлаған әрбір азамат тәркіленген препараттың «нарықтық» құнының 50 % өтемақы ретінде алады. АҚШ. Құрама Штаттарда есірткі соттары жаза шығарудың балама тәсілі болды және есірткімен байланысты шамалы құқық бұзушылықтарға жол берген адамдармен жұмыс істеуге арналған. Есірткі соттары есірткі тұтынатын қылмыскерлерді анағұрлым жан-жақты және тиімді бақылауды қамтамасыз етеді. Түрмеге қамаудың баламасы ретінде олар есірткіге байланысты құқық бұзушылық жасаған адамдарға тиімді емделу, есірткі тұтынуына тестілеуден өту, оларға қоғамдық бақылауды, сондай-ақ құрылымды мониторинг мүмкіндігін ұсынады. Болжам бойынша нашақорлықтың негізінде болған зорлық-зомбылықсыз қылмыстарға байланысты істер бойынша тыңдауларда соттың дәстүрлі қатысушыларынан басқа дәрігер болып табылмайтын, бірақ емделу және қоғамға алдағы уақытта кіріктіру бағдарламасына қатысуға сотталушының әзірлігін бағалау құқығына лицензиясы бар «консультант» (assessor) деп аталған адам қатысады. АҚШ-та профилактика бойынша өзінің қолданылу тиімділігін дәлелдеген шаралардың бірі скрининг – қысқа мерзімді интервенция және емделуге жіберу (SBIRT) болып табылады. Бұл есірткі проблемасын басынан кешірген адамдарды анықтау және көмек көрсету үшін денсаулық сақтау мекемелерінде қолданылатын профилактика және емдеу бағдарламасы. Бүкіл ел бойынша госпитальдарда, ауруханаларда және университеттік кампустарда іске асырылады. Тәуелділік проблемасы диагностикаға берілетін деңгейден шығып кеткен адамдардың басым бөлігі дәрігерлер үшін белгісіз болып қалуда. Бұл адамдар көп жағдайда өзінің тәуелділік проблемасының даму дәрежесін сезінбейді және емделуге бармайды. Медициналық қоғамдастық АҚШ үкіметімен бірлесіп осы бағдарламаны әзірледі. Егер проблема анықталса, білікті дәрігер дереу қысқа мерзімді интервенция жүргізеді. АҚШ-та және басқа елдерде оң нәтижелерді ескере отырып, «Балалар есірткі мен қылмысқа қарсы» (DARE) бағдарламасы белсенді енгізілуде. Бағдарлама сыныптастары тарапынан қысымға қарсы тұру дағдыларын қалыптастыру, есірткісіз және зорлық-зомблықсыз өмірді насихаттау, сондай-ақ суицидке әкеп соғатын психологиялық проблемаларды шешу мақсатында әртүрлі жастағы (5-6 жастан бастап) балалар үшін полицейлер өткізетін оқу сабақтарының сериясын ұсынады. Оқу курсында Нашақорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясы жобасының (DRS) шеңберінде 20 жыл бойы жүргізілген зерттеулердің нәтижелері жинақталған және жастардың есірткі тұтыну салдарларының себептерін анықтауға бағытталған. Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде 2010 жылы Қазақстандағы АҚШ Елшілігі осы «Балалар есірткі мен қылмысқа қарсы» DARE мектеп бағдарламасын республиканың оқу орындарында енгізу туралы ұсыныс жасады және Астана қаласы оқу орындарының базасында оны енгізуге кірісті. Өткізілген оқыту тренингтерінің қорытындысы бойынша Астана қаласының ІІД КТИ-дің 27 мектеп инспекторы дайындалды. Көрсетілген бағдарламаға білім және ішкі істер министрліктерінің басшылығы тарапынан қолдау көрсетті және одан әрі ынтымақтастық шеңберінде мектеп оқушылары арасында нашақорлықтың алдын алу жөніндегі бағдарламаның шеңберінде енгізілетін болады. Отбасы дағдыларын дамыту арқылы алкоголь мен есірткіні тұтынудың алдын алу жөніндегі АҚШ тәжірибесі (бұдан әрі – FAST бағдарламасы) қызықты. FAST бағдарламасын Мидлсекс университетінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі зерттеулер профессоры доктор Линн МакДональд әзірлеген және ол бала дамуының әлеуметтік-экологиялық теориясына негізделген. FAST бағдарламасы ата-аналар мен балалар, ата-аналар мен мектеп арасындағы, сондай-ақ ата-аналар мен жергілікті қоғамдастық арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыруға арналған әмбебап және сегіз апталық практикалық оқу жоспарын қамтиды. Бағдарлама табысты аяқталғаннан кейін ата-аналар әрбір ай сайын кездесуді жалғастырады. Бұл қарым-қатынастың жалғасуын және сегіз апталық сабаққа қатысудың пайдасын көрсетеді. Осы бағдарламаның тиімділігіне жасалған талдау БҰҰ ЕҚБ-ның қолдауымен пилоттық жоба ретінде 2010 жылы Шымкент және Павлодар қалаларында Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен FAST бағдарламасын енгізуді бастауға мүмкіндік берді. 2010 жылы Павлодар мен Шымкент қалаларында іске асырыла бастаған пилоттық жобаның шеңберінде осы бағдарлама барлығы 50 отбасын қамтыды. Германия. Германияның есірткіге қарсы саясаты кешенді сипатта және профилактиканы, консультациялауды және емдеуді, зиянды төмендетуді және ұсынысты қысқартуды қамтиды. Профилактикалық іс-шаралар негізінен мектеп ортасына бағдарланған. Нашақорлықты болдырмау жөніндегі инновациялық жобалар арасында Интернет-консультациялар, телефон арқылы консультациялар және этникалық аз топтарға арнайы бағдарланған жобалар бар. Германия заңнамасына сәйкес есірткіні рұқсатсыз сақтау қылмыс болып табылады. Егер есірткіні тұтыну оны сатумен, ауырлататын мән-жайлармен байланысты болмаса, құқықтық тәртіп органдары қылмыстық қудалауды бастауға және қорытындысы бойынша әкімшілік, медициналық және қоғамдық сипаттағы шараларға артықшылық бере отырып, жауапқа тартылған адамды түрмеге қамауға үкім шығаруға бейім емес. Неміс заңнамасына сәйкес есірткіге мас күйінде ауыр емес қылмыс жасаған адамдар (ұрлық, вандализм және басқа) есірткіге тәуелділіктен емделуден ерікті түрде өткен жағдайда қылмыстық жазадан құтылуы мүмкін. Осы норма егер жасалған қылмыс үшін күтілетін түрме мерзімі кемінде екі жыл болған жағдайда ғана қолданылады. Литва. Өткен жылы Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа қылмыстық құқықтық ықпал ету шарасы – мүлікті кеңінен тәркілеу туралы Литваның құқық қорғау органдарының тәжірибесі қызық. Қолданыстағы заңнама контексінде егер мүлік қылмыстық жолмен алынды деп есептеуге негіз бар болса, бұл шара кінәлінің заңды кірістеріне пропорционал емес болып табылатын кінәлінің мүлкіне немесе мүлкінің бір бөлігіне қолданылады. Бұл жағдайда: 1) қылмыстық жолмен алынған ақша немесе мүлікті заңдастыру; 2) заңсыз баю; 3) қылмыстық жолмен алынған мүлікті сатып алу немесе сату қылмыстық әрекет болып табылады. Меншік құқығында құны 500 АЕК-тен асатын мүлкі бар адам, егер бұл ретте осы мүлік заңды кірістерге сатып алынуы алынуы мүмкін емес екенін білсе немесе білуі тиіс және білуі мүмкін болған жағдайда жазаға тартылады. Заңда мүлікті үшінші тұлғалардан алған адам, егер ол күдік туралы хабарламаға алғанға дейін бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарласа және осы мүліктің шығу тегін анықтау кезінде олармен белсенді ынтымақтасса, онда заңсыз байығаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылады деген түсінідіру бар. Осы шарада көзделген іс-әрекет үшін заңды тұлға да жауапкершілікте болады. Мүлікті кеңейтілген тәркілеу мүліктік пайда алған немесе алуы мүмкін ауырлығы орташа, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағанына кінәлі деп танылған адамдарға қолданылады. Сондай-ақ кінәлі заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасау кезінде алынған мүлікті иемденген жағдайда оны жасағаннан кейін немесе оны жасағанға дейінгі бес жыл ішінде құны оның заңды кірістеріне сәйкес келмейтін және айырмашылығы 250 ең төменгі күнкөріс мөлшерінің сомасынан асатын болса не кінәлі осы тармақта көрсетілген кезең ішінде мұндай мүлікті басқа адамға берген және қылмыстық процесс барысында кінәлі осы мүлікті сатып алуының заңдылығын негіздей алмаса, онда көрсетілген жаза қолданылады. Латвия. 2005 жылдан бастап жаңа қылмыстық іс жүргізу заңы күшіне енген Латвияның да тәжірибесі назар аударуға тұрарлық. Осы заңға сәйкес сот қылмыстық іс бойынша айыпталушының мүлкіне тыйым салуға және оның мүлкіне қатысты істі жеке өндіріске бөлуге құқылы. Қазақстан Республикасы үшін осы проблеманың өзектілігін ескере отырып, Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу шеңберінде ықпал етудің қосымша нормасы ретінде мүлікті кеңінен тәркілеуді қарастыру қажет деп ұйғарамыз. Шетелдердің тәжірибесін талдау нәтижелері нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жұмысына оң әсерін тигізуі мүмкін төмендегі шараларды анықтауға мүмкіндік берді: 1) республиканың Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу шеңберінде ықпал етудің қосымша нормасы ретінде мүлікті кеңінен тәркілеуді көздеу; 2) республиканың оқу орындарында «Балалар есірткі мен қылмысқа қарсы» DARE мектеп бағдарламасын енгізу; 3) отбасы дағдыларын дамыту арқылы алкоголь мен есірткіні тұтынудың алдын алу іс-шараларын кеңейту, FAST бағдарламасын енгізу; 4) «Отбасына жақын, есірткіден алыс» қағидаты бойынша (әке-ұл ұстанымына ерекше назар аудара отырып) ақпараттық кампаниялар ұйымдастыру, оның мақсатты топтары ата-аналар мен өтпелі жастағы балалар болуы тиіс; Осы бағдарламаларды енгізу еліміздің қолданыстағы заңнамасын ескере отырып, бейімделуі тиіс. 5) есірткіге тәуелділіктен ерікті түрде емделген жағдайда қылмыстық жазадан құтылу мүмкіндігін бере отырып, есірткіге мас күйде ауыр емес қылмыстар жасаған (ұрлық, вандализм және басқа) есірткіге тәуелді адамдарды оңалтудың кешенді тәсілін қолдану; 6) түнгі клубтар мен дискотекаларды ғимаратқа келушілердің арасынан нашақорларды анықтауға қабілетті жаңа детекторлық құрылғылармен жарақтау.