Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прак.тапсыр отбасы психол дәрістер жинағы.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
497 Кб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары

  1. «Ынтымақтастық» және «өзара әрекет» түсініктерінің мәнін ашыңыз?

  2. «Мектепке дейінгі мекеменің ашылуы» принципі нені білдіреді?

  3. Педагогтың ата-анамен қарым-қатынаста типтілік қиындықтарды қалыпқа келуі.

  4. Ата-аналар балаларды бала-бақшаға берудің, себептерін талдаңыз?

  5. Мектепке дейінгі мекеме шарттарына баланың қалыптасуына қандай факторлардың әсер етеді?

  6. Баланы мектепке дайындаудың түрлеріне сипаттама?

  7. Мектепке барған балалардың ата-аналарының негізгі міндеттері қандай?

Тапсырма

1. Балалық шақтарыңыздың ретроспективті негізде талдау жасаңыз, жанұя - адамзат дамуының тәуелсіз факторы екенін дәлелдеңіз.

2. «Жанұяны тәрбиелеу потенциалды компонентіне» кесте құрыңыз.

3.«Бірлесіп баланың бейімделуіне күш салайық» бала бақша жаңа келген балалардың ата-аналары үшін жандама-хат құрастырыңыз. Тапсырманы орындауға Т. В.Антонова, Е.М.Волкова, Н.М. Мишина «Баланың жанұясы мен бала бақша педагогтарының ынтымақтастықтың қазіргі формаларын қарастыру және проблемалары» атты мақалаларына көңіл бөліңіз (Дошкольное воспитание. - 1998. - N 6).

4. Жанұялық аналық орталықты ұйымдастыру, шетелдік тәжірбиелерді оқыңыз (ФРГ. Материнские Центры / / Мектепке дейінгі тәрбие. ­1990. - N 11).

Практикалық сабақ №9

Тақырыбы: Ағалы-әпкелі қарым-қатынас оның психологиясы.

Мақсаты: Ағалы-әпкелі қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктерін анықтау.

Жоспары:

1.Сиблингті орын және оның балалар мен үлкендердің өзіндік ерекшеліктеріне әсері.

2.Қарым-қатынас психологиясы және көп балалалы отбасыда балалардың психологиялық дамуы.

1.Баланың тұлғасы оның ағалар мен әпкелерінің арасындағы ұстанымына байланысты деген 1-ші ойлар А.Адлердікі. Қазіргі уақытта ағылшын тілі әдебиетінде сиблингті орынның көптеген зерттеулері пайда болды және олардың барлығы эмперикалық мінезді иеленеді. Мұндай қарым-қарытанасты үлкен жанұяның балалары сезінеді.Мұның өзі белгілі бір әдеттің, жағдайдың және қасиеттің пайда болуына әкеледі.

Сонымен сиблингті ұстаным (ағылшын сөзінен, siblings, sibs-ағалар мен әпкелер бір жанұяда)-бұл өзіне берілген адамның туылу жағдайының формальды суреттелуі, туылу реттілігі, жыныс және туылу арасындағы ұзақтылық. Сиблингті ұстанымның өзіндік ерекшеліктерімен байланысы мүмкіншілікті мінездеме иеленеді. Дегенмен көптеген зерттеулер (Ричардсон Р. 1994, Дрисколл Р,Икстейнд, 2003. Бразингтон Р, 2003). Сиблингті ұстанымның тұлғаға әсер ететіндігін көрсетті. Мысалы, ерлі-зайыптылар және ата-аналар әрекеті, достар арасындағы қарым-қатынас, басшылар мен әріптестер арасындағы қатынастар. Эмпирикалық берілгендер сиблингті ұстанымның 4 түрін суреттеуге мүмкіндік береді.

Үлкен бала, ата-аналар олардан көп үміт күтеді және олар көбінесе сол үмітті орындайды, оның жетістіктерінің мотивациялары, академиялық үлгерімі және кәсіби жетістіктері жоғары.Олардың үлгерімдері тек ата-аналардың үмітімен ғана байланысты емес, сонымен қатар детронизацияның тәжірибесімен де байланысты. Бұл терминді Адлер кіші бала туылғанда үлкен баланың үлкен қобалжуын суреттеуге арналған. Мұндай жағдайда үлкен бала ата-ананың жаңа туған сәбиге көшкен назарына түседі. Сонымен қатар бұл тәжірибе баланың когнитті және мотивациялық дамуын жоғарлатады, өйткені үлкен бала ата-анасының назарын өзіне қайта аудару үшін жақсы, ақылды және сәтті болуға тырысады.

Алайда үлкен баланың эмоционалды жабығуы өте қатты болып шықса, ал оның қоры шектелген болса, ол баланың құрылып қойған дағдысын бұзатын регрессивті жанжаулар болуы мүмкін. Мысалы, ол өз бетімен тамақ ішуді, ұйқыға жатуды, істей алмауы мүмкін. Сонымен қатар оның вербальды дағдысы және «әжетханаға» бар дағдысы нашарлауы мүмкін.

«Детронизация» тәжірибесінің күшінде бала кейінірек үлкендер беделді мүсінді бұзуға және қателік жіберуге қорқады. Ол өзінің ата-ананың эмоциясы арқылы ерте оқуға үйренетіндіктен басқа адамдардың эмоциясына сезімтал. Ол ата-ананың мүсінімен тенестірілген. Сондықтан ата-ананың орнатуларды басқа да қатынастарға кірістір еді. Үлкен балада өте манызды басқа балаға қамқорлық жасау, шешім қабылдау, жауаптылық және басшылық тәжірибелері ерте қалыптасады.

Нәтижесінде Сиблингті ұстанымдағы үлкен адамдардың ішінде үлкен балаларды, біз әлеуметтік саяси және ғылыми қоғамдастықты басқаратын адамдардың ішінен таба аламыз. Американың президенттерінің жартысынан көбі және 23 -астронавтын ішінде 21-і үиінің үлкен немесе жалғыз балалары болғаны белгілі (Ричардсон Ф,1994). Ұл балалардың ішіндегі үлкен ағасы еркектік (әскерлік,елшілік,саяси қоғамдастық), ал қыз балалардың ішіндегі үлкен ағасы әйелдік қоғамдастықтарды (мектеп,аурухана) басқарады. Жанұялық жағдайда үлкен бала ерлі-зайыпты ролдерге қарағанда ата-аналық рольдерге тартынады. Сиблингі ұстанымдардың ішінде ортаншы некеде жемісті болды. Тұңғыш балалар проблемалы деп айта кеткен жөн, мүмкін бұл ата-аналардың шексіз үміт артуынан немесе «детронизация» тәжірибесінің сәтсіз нәтижесінен болатын шығар.

Екінші бала (ортаншы бала) көбінесе үлкендер мен беделді мүсіндерге тәуелді болады, көп көмекті сұранады, көп жағдайда басқалардың қолдауын іздейді, оған қатысты істелінген әділетсіздіктер мен қателіктерге сезімтал болады. Жасына байланысты үлкен балаға қарағанда өзін көп нәрсені білмейтіндей сезініп үлкеннің көленкесінде қалып қояды,алайда үлкен балалар өзін көрсете алмайтын, спорт пен өнерде өздерін көрсетулері мүмкін. Ортаншы балалар коммунибельді, дипломатты және топ ішіндегі жұмыста сәтті болады.

Кіші бала (кенже бала) сиблингті ұстанымда (уникальді) артынан eшкім ермейтінімен уникальді. Ол әр уақытта кіші болып қалады және көп жағдайда өзін барлығының сүйіктісі болып сезінеді. Бұл бала қамқорлықпен қоршағандықтан, оның қауіпсіз, қорғалғандық сезімі үлкен өмірде де қалып қояды. Сиблингті ұстанымда бала, ал кейінірек үлкендер-яғни оң эмоцианалды,қалжынбас, мүмкін, кішілердің манипуляциясына еретін адамдар.(өз айтқанына жету үшін ернін бұртитып,өкпелеу). Сәттілік және ортақ мотивациялық жетістіктерді айтатын болсақ, әдебиетте 2 сценарий көрсетілген. Көп балалалы жанұядағы кіші балада өз айтқанына жету мақсатында үлкендермен сайыста алдыңғы қатарда тұру қажеттілігі болады. Ал егер ол өзін бәрінің сүйіктісі болып толық сезінсе, онда жұмыстық қасиеті қалыптаспауы мүмкін және үлкен өмірмен бетпе-бет келгенде қиындықтарға төзе алмай, ол сәтсіз адам болып кетуі мүмкін. Сиблингті ұстанымдағы адамдар (кішілер) көбінесе некеде сәтсіз болады, үйлену немесе тұрмысқа шығу мүмкіндіктері сирек болады, ал жанұяны құрғанның өзінде де ол ұзаққа созылмайды.

Жалғыз бала сиблингті ұстанымды үлкен баласы ретінде ата-аналар үлкен үміт артады , ал кіші баласы ретінде бар назарын қамқорлығын соған аударады. Көп жағдайда ол интеллектуалды қабілеттілікте сәтті, ал коммуникативті жағдайда нашар дамыған -өзімшіл. Сонымен қатар қамқорлық сезімі де нашар дамыған болады.

Бұл ұстанымдағы адамдар қателік жіберуден қорықпайды және басқалар оны қалай қабылдайтынына назар аудармайды. Сиблингтердің арпалыстағы Г.Т.Хоментаускийдің (1989) әдебиеттерінде жақсы суреттелген.Өмірде сиблингтердің қарым қатынастардың зерттеулері өте аз. Үлкен ағалар мен әпкелер кәрі және ауру ата-аналарына қатысты отбасылық күйзеліс кезінде ғана жиналады.

2. Қарым-қатынас психологиясы және көп балалалы отбасыда балалардың психологиялық дамуы. Құрамында 5 не одан да көп балалары бар жанұя, көп балалалы отбасы деп аталады. Кеңес одағы кезінде көп балалылық символды түрде (награда, орден,медаль) және практикалы түрде (ақшалай пособие және баспана беру) мадақталады. Қазіргі таңда көп балалылық сирек кездеседі. Көп балалы жанұяларды зерттеулер, басқа 1 балалы не 2 балалы жанұямен салыстырғанда олардың психодиагностикалық тесттерінің көрсеткіші төмен екенін көрсетті. Яғни бұл интеллект, өнер қабілеттілігі, әлеуметтік адаптациясы, тілінің дамуы және психологиялық денсаулығы. Бұл алынған нәтижелерді түсіндіру үшін экономикалық гипотеза, физиологиялық, генетикалық мінез шығарылды, алайда олар арқылы да фактілерді толық растау іске аспады. Американдық авторлар Р.Зайонц пен Х.Маркустің және жанұялардың тәрбиелік және интеллектуалдық ресурстары көп назарды қажетсінеді. Жанұяның интеллектуалдық ресурстары жанұяның мүшелері теңдей бөлінеді. Осыған орай жанұяның интеллектуалдық ресурсы әр бала туылған сайын төмендей береді. Әрине бұл екі ата-анасы бар нуклеарды жанұя, егерде жанұя басқа да адамдармен байытылған болса, онда бұл заңдылық жүрмейді